Материалдар / "Тұскиіз жасаймыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тұскиіз жасаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰОҚ. Тұскиіз

жасаймыз

(сәндік аппликация)

мектеп/мұ:Ж.Молдағалиев атындағы №2ЖОББМ


Күні:

Педагогтің аты-жөні:Сейфуллиева А.Т


сынып/топ:МАД

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

оқыту мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру.




0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қию.

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-ою элементтерінен жапсырма құрастыра алады;

-екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады. қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-ою пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыра алады;

-жапсыруда әртүрлі түстерді бейнелілік құралы ретінде қолдана алады;

-түпкі ойын тұрақты сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қиып ала алады;

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерін еске түсіру;

-шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-ұлттық салт-дәстүрлермен және қолөнермен танысқан, халық шығармашылығының бұйымдарын жасаған кезде сөздік қорын байыту;

-тапсырмаларды орындау және проблемалық міндеттерді шешу кезінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын бекіту;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: қайшы – ножницы – scissors.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сәндік жапсыру, тұрмыстық зат, ою, контур бойынша қиып алу, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу.

талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай оюды қолданасың?

Оюдың қандай түсін қолданасың?

Қазақ халқының тұрмыстық заттары неге оюмен безендіріледі?

Оюдың әзірлемесін қандай тәсілмен жапсыру болады?

Алдыңғы білім

Қазақтардың шығармашылығы туралы түсінік. Сәндік композициялар құрастырудың қарапайым біліктері. Қағазды бүктеп, бірнеше пішіндерді қиып алу білігі. Қайшымен жұмыс істеудің техникалық дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут



II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою. 2–5 минут

ҰОҚ-де оң көңіл күй орнату.

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Құрметпенен бас иеп ,

Сәлембердік біз

Балаларды топқа бөлу. (қошқар мүйіз өрнегінің түстеріне қарай бөліну)

ҰОҚ бүгін біз тұскиізді оюлармен әдемілейтін боламыз.

Балаларға қазақтың сәндік-қолданбалы өнері қазақтың киіз үйін түсіндіру.

Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Киіз үй

Киіз үй туралы не білесіңдер?

Ерте кезде ата – бабаларымыз көшпелі халық болған екен. Олар өздеріне көшіп жүргенде ыңғайлы болған соң киіз үйді пайдаланған.

Киіз үйді киізбен қаптаған. Киіз үйді киізбен қаптап қана қоймай оны оюлармен безендірген. Киізді төрт түліктің бірі қойдың жүннен жасаған.















Киізүй

Киізүй туралы білетіндерін айтады.

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы бойынша

жұмыс

6–25 минут

Енді балалар топпен жұптасып тұз киізге қазақтың ұлттық оюын жабыстырайық. Балаларға қошқар мүйіз оюынан тұскиізді безендіру ұсынылады.

Жұмысымызды бастамас бұрын

Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.

Кілейді дұрыс пайдалана білу. Кілейді ауызға салуға болмайды. Кілейді қолданып болған соң қақпағын жауып қою керек.

Балаларға әртүрлі түсті оюлардың мәнімен және кілем жасаудағы түстердің үйлесімімен таныстырамын.

(балалардың назарын қазақтың тұскиізіне аудару)

Балалар қазақ халқы ежелде төсеніш ретінде тұс киізді пайдаланған. Тұс киізді оюлармен әдемілеген. Тұс киізге қошқар мүйіз т.б оюларын жапсырған.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері.



(Ж, ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Тәрбиеленушілердің ұлттық ою-өрнектердің әр алуандығына қызығушылығын оятамын.. Тәрбиеленушілерге аппликациялық бейнелеуде оюдың пішінін, түсін назарға ала отырып, біркелкі орналастыруға көмектесу

Жұмысты бастамас бұрын бейне қандай болатынын, қандай түсті фетр қажеттігін, оюды қандай тәсілмен жапсыру керектігін түсіндіру.

Түрлі түсті фетрдан қиылған оюларды тұскиізге жапсырамыз.

Негізгі бетке жапсырма бөлшектерін барынша дұрыс орналастырамыз.

Балалардың оюларды бүлдірмей, дәл жапсыруын қадағалау.

Жапсырған кезде фетрді бүлдіріп алмауға тырысу керек.

Жапсырманың барлық бөлшектерін топтаса отырып жапсырады.

Рефлексиялық бағалау: Әр топ бір бірінің жұмысын жұмысын смайлек арқылы бағалау.

Сергіту сәті:

Сергіту сәтінде тәрбиеленушілерді дидактикалық ойынға шақыру.

Ойынның шарты: Дөңгелекке қыстырғыш әдісін пайдалану арқылы оюлардың жартысын таптыру.

Ол оюларды батырларға, құстарға, аруларға, қошқардың мүйізіне ұқсайтынын айту.








Түрлі түсті фетр, ПВА желімі сүрткіштер

.

IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут

Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды: Балалар ортаға шыға қояйық.

Бүгінгі ҰОҚ не білдік?

Тұс киізге не жапсырдыңдар?

Қандай ою жапсырдыңдар?

Жарайсыңдар.

Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?

Ендеше оқу қызметімізді жұлдызды от шашумен бағалайық.

Осымен оқу қызыметі аяқталды.

Сау болыңдар.(үш тілде қоштасу).





Тұс киіз жапсыруды.

Ою

Қошқар мүйіз.


иә



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!