Түзету – дамыту сабақтың тақырыбы: "Логикалық ойлауды дамыту".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түзету – дамыту сабақтың тақырыбы: "Логикалық ойлауды дамыту".

Материал туралы қысқаша түсінік
Түзету – дамыту сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауды дамыту. Сабақтың міндеттері: 1) Логикалық ойлауды дамыту 2) Есту арқылы ойлауды дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауды дамыту.

Сабақтың міндеттері:

1) Логикалық ойлауды дамыту

2) Есту арқылы ойлауды дамыту

І.Кіріспе бөлім.

1. Психологиялық дайындық.

Мен мектептемін, қазір сабақ оқуды бастаймын. Мен осыған қуаныштымын. Менің зейінім өсуде. Мен тыңшы секілді бәрін байқаймын. Есте сақтауым мықты, басым ашық. Менің оқығым келеді. Менің қатты оқығым келеді. Мен жұмыс істеуге дайынмын. Мен жұмыс істеймін.

2. Сабақ міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 тапсырма «Төртінші сөзді ата»

Оқушылармен нақты қарым-қатынастағы сөз жұбы айтылады, одан кейін үшінші сөз айтылады. Мағыналы ретін жалғастыру үшін, төртінші сөз қандай екенін табу керек. Мысалы, қарындаш- қағаз, бор... (тақта).

Қажетті сөздер

Шеге-балға, бұранда... (бұрағыш)

Үй-шатыр, кітап...(қап)

Құс-жұмыртқа, өсімдік...(тұқым)

Жақсы-өте жақсы, баяу...(баяулау)

Жалын-өрт, су...(тасқын)

Дән-қамба, ақша...(банк)

Мектеп-оқу, аурухана...(емдеу)

Адам-бала, ит...(күшік)

Құс-ұя, адам...(үй)

Пальто-түйме, бәтіңке... (бау)

Таңртен-түн, қыс...(күз)

2 тапсырма «Бастысын таңда»

Тақтада сөз реттері: бірінші сөз бас әріптермен, басқасы-жақшада жолмен.

Оқушылардан бас әріптермен жазылған сөздерге неғұрлым тығыз байланыста болатын жақшаның ішіндегі екі сөздерді таңдау сұралады.

Мысалы, МҰҒАЛІМ (оқушылар, парта, түсіндіру, бор, тақта) Мұғалім борсыз, партасыз, тақтасыз жұмыс жасай алады, бірақ оқушылар мен түсіндірусіз жұмыс істей алмайды. Яғни, «оқушылар, түсіндіру» сөзін таңдаймыз.

Қажетті сөздер

БАҚША (өсімдіктер, бағбан, ит, жер, қоршау)

ҚАЛА (автокөлік, мекеме, көше, велосипед, көп адамдар)

ҚОРА (шөп жинағыш, жылқылар, шатыр, малдар, қабырғалар)

БӨЛУ (сынып, бөлінгіш, қарындаш, бөлінді, қағаз)

ӘН (дыбыс, дауыс, өнер, әні, аплодисменттер)

ОРМАН (жапырақ, алма ағаштар, ағаш, бұтақтар,

ОЙЫН (шахмат, ойыншылар, ескертулер, ереже, айып пұл)

АУРУХАНА (палата, операция, дәрігер, радио, ауру адамдар)

СҮЙІСПЕНШІЛІК (раушангүлдер, сезім, адам, қала, табиғат)

Сергіту сәті:

Қолыңды соз алға,

Тізеңді бүк жазба

Қайтадан түзеліп,

Қолыңды қой жанға

3 тапсырма Ойын «Жануарлар хоры»

Сынып оқушылары кішкентай топтарға бөлінеді. Оқушылар қандай жануардың дауысын келтіретіндігін өздері таңдайды: мысық, ит т.б. Барлығы бірге барлығына таныс әнді орындайтындықтарын анықтайды. Сөздердің орнына «мяу-мяу», «ап-ап» деген дыбыстарды айтады. Мұғалім екі қолымен белгі бергенде әрқайсысы «өз» дауыстарымен әндетеді. Мұғалім қалай бір ғана топты қолымен көрсеткенде барлығы тынышталып, нақта сол топ қана әндетеді. Содан кейін мұғалім басқа топты көрсетеді, екі қолымен белгі береді. әрі қарай ойын жалғасады. Оқушылар әндету барысында өте зейінді болулары керек.

ІІІ. Сабақ рефлексиясы

1. Біз сабағымызда нені дамыттық?

2. Сендерге ерекше не ұнады?

3.Не ұнамады?

4. Неден қиындық байқадыңдар, неге?

5.Өз әрекеттеріңе сөзбен баға беріңдер.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі