Материалдар / Түзету-дамыту жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түзету-дамыту жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың мимика, ұсақ қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату. Сабақта ойын әрекеті арқылы ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін түзете-дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар, сабақ жоспары үлгілірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
15149
71 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дамыту - түзету жаттығулары.

№ 1-сабақ
Мақсат: Балалардың мимика, қол – қимылын дамыту, эмоциямен таныстыру, қуаныш эмоциясының түсінігін беру, балаларды бір-бірімен жақындату.

Жоспар: 1. Сабақты бастау рәсімі: «Сүйкімді жануар»
2. Көзіңді жұм да, допты ал!
3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы
4. Эмоциялар
5. Рефлексия

1. «Сүйкімді жануар»
Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады. 
- Балалар, біз үлкен сүйкімді жануармыз,- деп жүргізуші бастайды.
Балалар жүргізушінің артынан қайталайды. 
- Жануардың дем алғанын тыңдайықшы, - деп бір-бірінің дем алғанын тыңдап, терең демалады. 
- Ал, енді жүрегінің соққанын тыңдайық: бір қадам алға - тук-тук, бір қадам артқа – тук-тук. Біздің жануарымыз өте мейірімді, сүйкімді. Ол күннің сәулесінен алған жылулылықты бойына жинап, жақсы көңіл-күймен жүреді.
Жарайсыңдар, балалар!

2. Көзіңді жұмда, допты ал! жаттығуы
Балалар шеңбер құрып отырады. Кезек – кезекпен бір – біріне тез-тез допты беріп отырады. Ойын сайыс түрінде өтеді. Жаттығып болған соң, жаттығуды күрделендіруге болады: балалар көздерін жұмып ойнайды.

3. «Менің артымнан қайтала» жаттығуы.
Балалар шеңбер құрып отырады. Балалар жүргізушінің сөзін, қол - қимылымен, мимикасын қайталау керек. 

Екі аю отырды, Балалар отырады
Жұқа – жұқа бұтақта. 
Біреуі газет оқыды, Қолдарын алға созып, газет оқыған болады
Екіншісі нан жазды. Нанды жазады
Бір,екі; бір, екі; бір, екі,
Екеуі ұнға құлап түсті. Құлап түседі.

«Төмен», «биік», «мен», «ол», «осы жерде», «сен» деген сөздерді, балалар сөзбен айтпай, қол-қимылмен көрсету керек

4. Эмоциялармен танысу.
Балалар, сендер бір күнде әртүрлі көңіл - күйде бола аласыңдар ма? Кейде қуанасыңдар, ренжеп қаласыңдар, солай ма? Осы әртүрлі көңіл – күйімізді эмоция дейміз. Қуанғанда қуаныш эмоциясына бөленеміз, ашуланғанда – ашу эмоциясына, эмоцияның көптеген түрі бар: ашу, реніш, қайғы, қуаныш... Ал, енді балалар айтыңдаршы сендер қай кезде қуанасыңдар? (Балалардың жауабы).

5. Рефлексия.
- Балалар, біз бүгін қандай жаттығулар орындадық, қандай жаттығу ұнады? Қандай эмоцияларды үйрендіңдер? 

№ 2-сабақ

Мақсат : Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен, эмоция түсінігімен таныстыруды жалғастыру.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. Кел, амандасайық!
3. Айтамыз және көрсетеміз.
4. Сынып қалған суреттер. 
5. «Кішкентай маймылдар» ойыны.
6. Рефлексия

1. Сабақты бастау рәсімі «Сүйкімді жануар»

2. Кел, амандасайық!
- Балалар, күнделікті біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Қане кім айтады? (балалар амандасу түрлерін айтады). 
- Өте жақсы! Ал енді, мен сендерге амандасудың басқа да түрлерін үйретейін, біздің ғана балабақшамызда амандасуға болады. Сендер қол алып амандасуды білесіңдер, мен бір рет шапалақтағанымда барлығың бір-біріңмен қол алып амандасыңдар, ал мен екі рет шапалақтағанда иықтарыңмен амандасыңдар, ал үш рет шапалақтағанымда арқаларыңды бір-біріңнің арқаларыңа тигізіп амандасыңдар, жарайды ма? Осылайша біз ерекше амандасып үйренеміз.

3. Айтамыз және көрсетеміз. 
Оң қолымды – иыққа,
Сол қолымды – беліме,
Қолдарымды жан-жаққа 
Түсіремін төменге,
Оңға бұрыламын.

Сол қолымды – иыққа,
Оң қолымды – беліме,
Қолдарымды көтеремін
Түсіремін төменге,
Солға бұрыламын.

4. Сынып қалған суреттер.
- Балалар, үстел үстінде әртүрлі көңіл-күйді суреттейтін, бірақ сынып қалған суреттер жатыр.
Қазір біз осы суреттерді жинап, жөндеп қандай көңіл-күй екенін шешейік. Арқашан көңіліміздің көтеріңкі болып жүргені жақсы емес пе, балалар? Бірақ ол мүмкін емес, бір жағдайларға байланысты көңіліміз болмауы да мүмкін. Топта бір-біріміздің көңілімізді қалай көтеруге болады? (Қызықты ойын ойнауға, жылы сөздер айтып, жылы көзбен қарап)

5. «Кішкентай маймылдар» ойыны.
«Кішкентай маймылдар» ойынын ойнайықшы. Ол үшін барлығың жұпқа бөлініп, біреуің – маймыл, біреуің – айна болу керексіңдер. «Маймыл» бізге түрлі-түрлі қимылдар жасап көрсетеді, ал «айна» қайталау керек. Осылайша өзіміздің көңілімізді де көтеріп қалдық. Жарайсыңдар, балалар!

6. Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Бүгін біз қандай жаттығулар орындадық, қайсысы сендерге қатты ұнады?

№ 3-сабақ

Мақсат : Балалардың өздерінің жақсы қасиеттерін талдауға үйрету, топты үйірлі болуға қалыптастыру, ойлауды, қиялды дамыту. 

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. Мен жақсымын, өйткені...
3. «Түрлі түсті гүл шоғы».
4. «Бір-бірімізге гүл сыйлайық» (сурет салу) 
5. «Керісінше айт»
6. Рефлексия.

1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.

2. Мен жақсымын, өйткені...
Балалар шеңбер құрып отырады. 
- Балалар, қазір сендер менің артымнан қайталап, сөлемді жалғастырып аяқтауларың керек. «Мен жақсымын, өйткені...». Тапсырма түсінікті ма? Бастаймыз.

3. «Түрлі түсті гүл шоғы»
- Балалар, сендер қандай гүлдер білесіңдер, қандай гүлдер жақсы көресіңдер? Қазір бір гүлді таңдап, өздеріңді сол гүлге теңейсіңдер. Неге осы гүлді таңдадыңдар?
Барлығымыз гүл таңдап болдық қой, кім қандай гүл таңдағанын білеміз, енді осы гүлдерден ұнаған гүлді таңдап, гүл шоғын (букет) құрайсыңдар.
Гүлдер шоғының биі.

4. «Бір-бірімізге гүл сыйлайық» (сурет салу)
- Сендерге гүлдер биі ұнады ма? Сендер сурет салғанды жақсы көресіңдер ма?
Олай болса, барлығың үстелге отырыңдар, ақ қағазға бояуларды пайдалана отырып гүлдің суретін салыңдар. (Балалар сурет салады). Салып болған соң, топтағы достарыңа сыйлаңдар.

5. «Керісінше айт»
Сурет салдық, би биледік, енді мен сөздер айтамын, ал сендер керісінше мағынасын айтасыңдар.
Келістік па?
o Үлкен – кішкентай;
o қара – ақ;
o ыстық – салқын;
o жеңіл – ауыр;
o көңілді – көңілсіз;
o қорқақ – батыр;
o күн – түн;
o таза – лас;
o күшті – әлсіз;
o биік – төмен;
o қалың – жұқа; 
o толық – арық.
o


6. Рефлексия 




№ 4-сабақ

Мақсат : Адамдарға, әлемге мейірімді, сыйлы көз қарасты тәрбиелеу, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. «Сүйіспеншілік пирамидасы»
3. «Егер де... не болады?»
4. «Айдаһар құйрығын тістейді»
5. «Жейтін – жемейтін»
6. Рефлексия.

1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.

2. «Сүйіспеншілік пирамидасы»
Балалар шеңбер құрып отырады. 
- Балалар, біз барлығымызда біреуді немесе бір нәрсені жақсы көреміз, солай ма? Мысалы мен өзімнің отбасымды, жұмысысмды және тәті жегенді жақсы көремін, ал сендер? (Балалар допты бір-біріне бере отырып, не жақсы көретінін айтады.) Жарайсыңдар, рахмет.
- Ал енді, қолдарымыздан сүйіспеншілік пирамидасын жасап көрейікші. Қалай жасайтынымызды білесіңдер ма? Ол үшін ортаға қолдарымызды бірінің үстіне бірін қоямыз да, нені жақсы көретінімізді айтамыз. Балалар айтып болған соң, жүргізуші: 
- Қолдарымыздың жылулығын сезіп тұрсыңдар ма? Көрдіңдер ма, біздің пирамидамыз қандай биік болып шыққанын? – деп аяқтайды.

3. «Егер де... не болады?»
- Балалар, сендер армандағанды, ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ертегілерде өмірде болмайтын жағдайларда кездеседі, я? Ал енді, мен сендерге өмірде болмайтын жағдайларды айтамын, сендер болса көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Мысалы, егер де адамдар ұша алатын болса, не болады деп ойлайсыңдар? Немесе мысық мектебін ашса, немесе иттер адамның тілімен сөйлейтін болса не болады?

4. «Айдаһар құйрығын тістейді» ойыны.
Балалар бір сапқа тұрып, айдаһар болады. Ең басында жүргізуші болып тұрған бала – айдаһардың басы болады, ең соңында тұрған бала – құйрығы. Енді айдаһар өзінің құйрығын тістеу керек, яғни бірінші тұрған бала соңында тұрған баланы ұстап алу керек.

5. «Жейтін – жемейтін».
Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші балаларға кезек-кезек доп лақтырып жейтін немесе жемейтін заттарды атайды. Егер жейтін затты атаса, балалар допты қағып алу керек.

6. Рефлексия.











№ 5-сабақ

Мақсат : Балалардың өзін ұстауды қалыптастыру, координациялық қимылдарды дамыту, бой сергіту.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. «Шулау – сыбырлау – үндемеу»
3. Күннің сәулесі
4. Кім шеңберге бірінші секіреді?
5. Асықпа 
6. Рефлексия.

1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.

2. «Шулау – сыбырлау – үндемеу»
Жүргүзуші:
- Балалар, қазір мен сендерге әртүрлі төртбұрыш көрсетемін: біреуі – сары, екіншісі – қызыл, үшіншісі – жасыл. Егер мен қызыл төртбұрышты көрсетсем сендер шулап, секіріп, айхайлауларыңа болады, егер мен сары төртбұрышты көрсетсем сендерге шулап, секіруге болады, бірақ айхайлауға болмайды, сыбырлап сөйлесуге болады, ал егер мен жасыл төртбұрышты көрсетсем сендер үндемей қатып қалу керексіңдер.
Жүргүзуші төртбұрыштарды көрсетеді, ал балалар тапсырманы орындайды.

3. Күннің сәулесі.
Балалар шеңбер құрып отырады. 
- Балалар, біз ойнап – ойнап шаршадық. Ендеше, демалып, тынығып алайық . Ал, көзімізді жұмайық. Бір уақытта күннің сәулесі :
көзімізге түсті – көздерімізді ашамыз;
маңдайымызға түсті – қабақтарымызды қимылдатамыз;
мұрнымызға түсті – мұрнымызды шиіреміз;
ернімізге түсті – еріндерімізді қимылдатамыз;
иегімізге түсті – иегімізді қимылдатамыз;
қолдарымызға түсті – қолдарымызды қимылдатамыз, жоғары көтеріп, төмен түсіреміз.
Өте жақсы біз тынығып қалдық, күн сәулесі бізбен ойнады да, жоқ болып кетті.

4. Кім шеңберге бірінші секіреді.
Арқаннан үлкен шеңбер жасалады, балалар арқанның бойымен тұрады.
- «Үй» деген сөз айтылғаннан кейін, тез бірінші болып секіру керексіздер.
Психолог әртүрлі сөздер айтады. Балалар мұқият тыңдап тұрады, секіруге белгіленген сөз айтылған кезде шеңберге секіреді. Кім бірінші жаңылмай секіреді, сол ұтады.

5. Асықпа 
Балалар орындарында отырады. Олардан 5 – 6 метр қашықтықта орындық қойылады. Балалар кезекпен бір – бірден (жүгірмей!) асықпай айналып орнына қарай арқасымен жүріп барады. 

6. Рефлексия








№ 6-сабақ

Мақсат : Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен, эмоция түсінігімен таныстыруды жалғастыру.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. Кел, амандасайық!
3. «Толқын толқиды» ойыны 
4. Мүсін мен мүсіндеуші
5. «Ине жіп» ойыны
6. «Шалтай – балтай» ойыны

1. Сабақты бастау рәсімі «Сүйкімді жануар»

2. Кел, амандасайық!
- Балалар, күнделікті біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз? Қане кім айтады? (балалар амандасу түрлерін айтады). 
- Өте жақсы! Ал енді, мен сендерге амандасудың басқа да түрлерін үйретейін, біздің ғана балабақшамызда амандасуға болады. Сендер қол алып амандасуды білесіңдер, мен бір рет шапалақтағанымда барлығың бір-біріңмен қол алып амандасыңдар, ал мен екі рет шапалақтағанда иықтарыңмен амандасыңдар, ал үш рет шапалақтағанымда арқаларыңды бір-біріңнің арқаларыңа тигізіп амандасыңдар, жарайды ма? Осылайша біз ерекше амандасып үйренеміз.

3. «Толқын толқиды» ойыны 
Балалар толқынды салып залда жүгіріп жүреді.
- Толқын толқиды бір, толқын толқиды екі, толқын толқиды үш – толқын жануары тыныш! 
«Тыныш» деген сөзді ести сала балалар қатып қалу керек. 
Психолог «толқын жануарларын» қарап, әдемі және ерекше ешкімге ұқсамайтын бейнелерді мақтайды.

4. Мүсін мен мүсіндеуші 
Психолог балаларды екі жұпқа бөледі. Жұптың ішіндегі біреуі мүсін, біреуі мүсіндеуші болады. Мүсін жұмсақ болу керек, мүсіндеуші мүсінді бейнелейді. 
Болғаннан кейін «мүсін» мен «мүсіндеуші» рөльдерімен алмасады. 

5. «Ине жіп» ойыны
Балалар қатарға тұрады. Бір бала – «ине» болады, ал қалған балалар «жіп» болады. Иненің кейіпінде болып жүрген бала залда жүгіріп жүреді, ал «жіп» болып жүрген балалар артынан қалмай жүгіру керек. 
Ине үзілген жағдайда ойын қайтадан басталады. 

6. «Шалтай – балтай» ойыны
Балалар қолдарын бос ұстап, шеңбер құрып тұрады. 
- Шалтай – балтай талда отырды, 
Шалтай – балтай құлап түсті, - деп 
Денесімен оңға – солға бұрылып тұрып, «құлап түсті» деген сөзден кейін құлап түседі.

7. Рефлексия 




Мектепалды даярлық тобына арналған 
дамыту - түзету жаттығулары.

№ 1-сабақ

Мақсат : Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, эмоция түсінігімен таныстыру, балалардың қиялын, эмоцияларды талдау.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі.
2. Адамның көңіл – күйін қалай түсінуге болады?
3. Көңіл – күй неге ұқсайды? 
4. Өзіңнің көңіл – күйіңді салып бер.
5. Рефлексия

1. Сабақты бастау рәсімі «Сүйкімді жануар»

2. Адамның көңіл – күйін қалай түсінуге болады?
- Балалар, біз қай кезде, неге қайғырамыз? 
- Көңілің жоқ кезде не істейсіңдер?
- Ал егер де анаңның, досыңның көңіл – күйі болмаса, қалай байқайсың?
- Көңіл – күйі жоқ адамның бет - әлпеті қандай болады?
- Көңіл – күйін қалай сұрауға болады?
- Қалай ойласыңдар, балалар, ауа – райы біздің көңілімізге әсер ете ма?
- Егер де үйде қонақтар көп болып, олардың көңіл – күйі күшті болса, ал сенің көңілің жоқ , сен үйдегі қонақтарға көрсетесің ба?
- Қалай ойлайсың сенің көңіл – күйің оларға әсер ете ма? 
- Ал қазір барлығымыз қолымызды ұстап бір – бірімізге қараймыз, және жақсы сөздер айтамыз.
Сөйтіп, көңілімізді көтереміз.

3. Көңіл – күй неге ұқсайды?
- Балалар, өздеріңнің көңіл – күйлеріңді қандай ауа – райымен, қай құбылыспен ұқсатасыңдар?
Балалар кезек – кезек айтып шығады, бірақ психологтың өзінің бастаған дұрыс: «Менің көңіл – күйім аппақ, үрпейген аспандағы бұлтқа ұқсайды, ал сенің?»
Соңында психолог қорытындылайды.

4. Өзіңнің көңіл – күйіңді салып бер. 
Ал қазір балалар, алдарыңда тұрған бұлттың ішіне көңіл – күйлеріңді салыңдар.



5. Рефлексия





№ 2-сабақ

Мақсат : Балаларды еңбекқор баулу, әңгімелесу барысында коммуникативтік қабілеттерін дамыту, бой сергіту.

Жоспар: 1. «Сүйкімді жануар»
2. «Күшік Барбос» ертегісі
3. Балалармен әңгімелесу
4. Сынған қуыршақ 
5. Рефлексия

1. «Сүйкімді жануар» сабақты бастау рәсімі

2. «Күшік Барбос» ертегісі
Тимур деген бала ойнағанды қатты жақсы көретін. Тимурдың көп ойыншықтары болды. Оның ішінде ең сүйікті ойыншығы жұмсақ, құлағы үлкен күшік Барбос. Тимур күнде ойыншықтармен ойнап, бірақ жалқау болғандықтан орнына қоймайтын. Барлығының өз орны болып, түнде өз орнына ұйықтау керек болса да, олар жерде жататын. 
Сондай түндердің бңрңнде күшік Барбостың көңіл – күйі болмады. Ол Тимур оны жақсы көрмейді деп ойлады. Сондықтан да өзінің иесінен кетіп, жаңа ие табуға бел буды. Таңертең Тимур оянғанда сүйікті күшігін таба алмады.
- Ол неге менен кетіп қалды екен? Мен оны қатты жақсы көремін ғой – деп ойлап, Тимурдың көңіл – күйі түсті, - мен оны қайтсем де табуым керек.
Тимур жоғалған ойыншықтар тұратын ертегі әлеміне жол тартты. Тимур ол жаққа қарай жолды білмесе де, тіке жүре берді, табатынына күмәні болмады. Міне алдынан үлкен таңғажайып үйді көрді, қорықпай ішіне кірді. Бұл үй сиқыршының үйі еді, жоғалып қалған ойыншықтар өмір сүретін. Тимур сиқыршыдан өзінің күшігін сұрады.
- Ол менің үйімде, - деп жауап берді сиқыршы.
- Сіз оны маған қайтара алмасыз ба? 
- Мен қайтарамын, бірақ сен менімен уақытша тұруың қажет, менің нұсқауымды орындап. Егер де сен күшігің неге кетіп қалғанын түсінсең, оны өзіңмен бірге алып кетесің.
Бұл сиқыршының соңғы сөздері еді. Осы сөздерді айтып болған соң жоқ болып кетті. Балаға мынандай нұсқау берді: 3 күн сиқыршының үйінде өмір сүру және ойыншықтардың арсында тазалық сақтау. Тимур жалқау болғандықтан, сиқыршының тапсырмасы ұнамады. Бірақ ол күшігін үйіне алып кеткісі келді, сол үшін шартты орындауға келісті. Тимур үш күн бойы ойыншықтармен абайлап ойнап, орнына жинап жүрді. Ойыншықтар көп болсада арасында күшігі болмады, ол күшігін күнде ойлап, сағынды. Енді осы ойыншықтардың арасында жүріп Тимур неге олардың сиқырлы әлемге кетітетінін түсінді: олар түнде әрқашанда орындарында жататын, ешкім де бас панасыз, үйсіз өмір сүре алмайды ғой. Ол өзіне сөз берді: күшігін орнына қойып жүруге. 
- Сен өз қатеңді түсініп, менің тапсырмаларымды орындағаның үшін тілегіңді орындаймын. 
Осы сөздермен бірге күшік Барбоста шыға келді. Бала мен күшік бір – біріне өте қатты қуанды. Тапсырманы жақсы орындағаны үшін Сиқыршы Тимурға сыйлық ретінде қоян берді. Тимур рахмет айтты. Сиқыршы сиқырлы сөздер арқылы Тимур мен ойыншықтарын үйіне жеткізді.
Сол кезден бастап Тимур жалқаулықты қойып ойыншықтарын орындарына жинап жүретін боды. Ал ойыншықтар өздерінің иесін одан сайын жақсы көріп кетті.

3. Балалармен әңгімелесу
Балалармен ертегіден алған әсері, сезімдері туралы әңгімелесі.

4. Сынған қуыршақ.
Жүргізуші ойыншықтардың анда – санда сынып қалатынын айтады.
- Ал, қазір біз сынып қалған қуыршақты саламыз. Жайлап ден мүшелерімізді жинаймыз. Абайлап баымыз бен мойнымызды қосамыз. Иық пен қолдарымызды қосамыз, терең дем аламыз да аяқтарымызды тік ұстаймыз.
- Міне болды, қуыршақты өзіміз дұрыстап қойдық, енді ол қайтадан әдемі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!