«ТУҒАН ЖЕР» Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов шығармашылығының үндестігі» мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ТУҒАН ЖЕР» Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов шығармашылығының үндестігі» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. «ТУҒАН ЖЕР» Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов шығармашылығының үндестігі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТУҒАН ЖЕР»

Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов шығармашылығының үндестігі»






Мухамеджанов Ергали Квайдуллович,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

«Кеңес Одағының Батыры

И.М. Бережной атындағы

Келлер орта мектебі» КММ,

Тайынша ауданы, СҚО

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнері тарихындағы ана тіліміздің ел таныған шебері, әңгіме жазудың майталманы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, академик, Социалистік Еңбек Ері, мемлекеттік және қоғам қайраткері.

Туып-өскен, балалық шағын өткізген жерін кім болса да жақсы көреді, әрқашан мақтан тұтады. Ғабит ата өмірінің соңғы кезіне дейін туған жеріне, ардақты Қызылжарына, кіндік қаны тамған топырағы Елтінжалға жиі келетін еді. Ғабит ағаға туған жерінің нулы орманы, саумалдай сапырылып жатқан күміс көлі, тіпті, шоқ-шок болып өскен көк талы да ыстық, қасиетті еді. 
"Дүниеде, - дейді жазушының кейіпкерлерінің бірі, туған еліңнен артық ел де жоқ, жер де жоқ". 

«Құр кеуде басқанменен «білемінге»,

Көп жайды біз ұғамыз жүре-жүре.

Бақсам мен – Елтінжалға баратын жол

Ғабеннің жатыр екен жүрегінде!» -

деп қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков ақтарыла жырлағандай, ойы түпсіз терең сөз зергері Ғ.Мүсірепов үшін Елтінжалдан асқан, Елтінжалдан қымбат жер болмаған. Бар қызығын үйіп-төгіп, босатпай құшағынан сүйіп-өбіп, ерке құсын сағынып қарсы алатын Елтінжал – нағыз «нар шөккен» киелі жер, шырайлы да шұрайлы өңір.

Бір сапарында Ғ.Мүсірепов Елтінжалға ауылдың екі-үш шалын ертіп барады. Әлгі шалдардан «Не деген сөзден шыққан екен бұл ат?» - деп сұрайды. Сонда ақсақалдардың бірі ертеректе «Елтін деген кісі болса керек», деп жауап қайтарған.

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романында туған жерін былай сипаттайды: - «Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұрғы кең бейіл дүние шыққа малынып, маужырап тұр. Бармақ басындай қара-ала аралар үлбіреген гүлдердің төсіне қонып, солқылдата сорып бал жинап жүр. ... Жал-жал болып біткен қалың орманды, қара топырақты құйқалы жер. Көлдер де көп. Көл бетінде шомылып болып айнаға қаранып, сыланып отырған аққу-қаз су бетіне түскен сәулелерімен сұлулық салыстырып, сырласып отырғандай».



- «Едәуір ұзын орманның күнгей жағы қалың қара шие, жортып өтсең ат шашасын қызылға бояп жіберетін жидек пен бүлдірген. Екі жағындағы екі өзекте де жуа өседі, аралар ұялайды. Шөбі де қалың. Жалдың орта тұсында самаладай жарқырап биік өскен жуан-жуан ақ қайыңдар қарағайдай түзу».

Кімнің болса да туған жерінің жүрекке жылы, санасына әсерлі болатындығы ақиқат. Соның бір дәлелі - қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, академик, жазушы – Сәбит Мұқанов. «Өмір мектебі» романының бірінші кітабында балалық шағын өткізген жері туралы С.Мұқанов: «Біздің ауыл ... «Жаманшұбар» атты мекенді қыстайды да, «Дос» атты көлді жайлайды», - дей келе, ол жердің неге «Жаманшұбар» аталғанын түсіндіреді. Жазушы, әсіресе, Дос көлін тамаша сипаттайды: «Ауыл жайлауға көшкен кезде, Достың дөңіне шығып жан-жағыңа көз салсаң, ұшы-қиырына көз жетпейтін таусыз, ормансыз далада, өртеңде өскен шалғын көктем күндері ол арада дамылсыз есетін майда-қоңыр самалмен теңселе қимылдайды да тұрады... Шіркін, Дос өлкесінің сол бір көркі-ай!» 1957 жылы «Тыңда тұнған байлық» атты очерктер жинағын шығарады. Бұл жинақта да жазушы туған жері туралы көп толғанады. «Күнкөрістің нашарлығы салдарынан 13 жасымда еріксіз тастап кеткен Жаманшұбар мен Досты мен әкем мен шешемнен кем сағынбайтын ем. Әр жерде жалшылықта жүріп, ауыр бейнеттің астында жаншылғанмен, көруге реті келген шақта аңсай кеп құшақтайтын ем оларды, шалғынына аунайтын ем, суына шомылатын ем !» - деп тебіренеді.

Бүкіл Кеңес Одағындағы, тіпті, дүние жүзіндегі оқырмандарға есімдері ерекше ілтипатты қаламгерлеріміз Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің ізін іле-шала дүниеге келген, ұлы ақын-жырауларға бай Жамбыл ауданының тумасы Иван Шухов осы топырақтың киесін арттыра түскені анық. Өңіріміздің шежіресін орыс тілді оқырмандарға толығымен баяндап, тарихын тілмен кестелеп берген Иван Шуховтың шығармашылық күш-қуатын оның әдеби өмірінің бастауының өзінде-ақ А.М.Горький орынды бағалаған еді. «Қасірет белдеуі», «Өшпенділік» сияқты әйгілі романдарымен қазақ әдебиетінің де, кеңес көркемсөзінің де тарихында құрметке бөленген Шуховтың шығармалары, шындығында да, өміршең. Шуховтың тілі ерекше бай, кестелі, көркем де шырайлы. «Преснов хиқаялары» повесінде жазушы өз туған жерін мақтан етіп сипаттайды: «Маған бұйырғаны – ауылдың киіз үйі сияқты тамаша, сәл-пәл құпиясын бүккен, айта қалғандай тап-тұйнақтай шыммен жабылған қос. Айнадай жарқыраған айдынына жағасындағы қайыңдар мен адасқан бұлттардың суретін түсірген тамаша Питерово көлі – менікі. Шалқар көлдің терең тұсында жұптасын жүзген азат, еркіндікті сүйетін, тәкаппар шаңқан аққулар – менікі. Селдір өскен көгілдір жусанның әрбір сабағы – менікі. Танаптардан үйге дейінгі таптаурын болмаған, иір-иір жол – менікі. Іңір қараңғысында ойлы да үрейлі үн шығаратын қалың қамыс та менікі еді...».



Осы үш алыптың алуан шығармаларын қоса қарастырғанда көп үндестігі бар. Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов та бір ауданның тумалары болғасын, бір ғасырда өмір сүргесін – үшеуі де өңіріміздің шежіресін, тарихын өміршең баяндайды. Жерді-мекен атауларының шығу тарихын, туған жердің сұлулығын мақтан тұтып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық саласын суреттейді. Қазақ жерлерінің Ресей қоластына өтуі қарсаңындағы Қазақстандағы тарихи жағдаймен байланыстыра мазмұндайды. Шығармаларының тақырыбы – өмір шындығы, өмір сүрген тұсындағы қазақ халқының тағдыры. Шығармалары туған жерді, Атамекенді сүюге, қайсарлыққа, табандылыққа үндейді, жас ұрпақты ұлттық патриотизмге баулиды. Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, И.Шухов – алыста болса сағынып туған жерін аңсап, туған елін, жерін, тілін өліп-өшіп сүйіп өткен ұлы жазушылар.


2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі