Материалдар / Туған жердің жәдігерлері.

Туған жердің жәдігерлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шараны өткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
946
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Туған жердің жәдігерлері.Мақсаты: Өзіміз өмір сүріп отырған өлке, туған жер тарихын біліп, түсініп, оған қандай құрмет көрсетіп жүрміз, туған жерге арналған әндер мен өлеңдердің мағынасын түсініп, ойға түйіп, түсінікті жинақтауға үйрету.Алдағы уақытта өлке тарихын біліп, кез - келген ортада қолдана білуге үйрету.Туған өлке тарихы ғылымда зерттелетінін, ары қарай алып жүру осы оқушылар арқасында жүзеге асатынын түсініп жүруге үйрету.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,сөзжұмбақ т. б материалдар.Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды топтастыру: «Жәдігерлер» «Руханият»«Жәдігерлер» сөзжұмбағын шешу,тақырыпты ашу.Жүргізуші:Жер жаһанға мәлім аты,Алыс кетсем сағынатын.Айналайын, атамекен,Жүрегімнен табылатын.Ән жоқ шығар арналмаған,Жан жоқ шығар толғанбаған.Айналайын туған елім,Бақыт болып қонған маған. Қазақтың кең байтақ жерінің әр төбесі, ескі көң жұртында тарих жатыр. Әлемде жанды-жансыздың бәрінің рухы бар. Рухта тіл жоқ. Бедер, белгі бар. Сол белгінің кілтін тап та, сөйлете біл. Осы орайда өңірдегі тарихшылар да туған өлкенің құндылықтарын дәріптеуді көздейді. Олар өскелең ұрпаққа әр нысан жайында  нақты әрі толыққанды ақпарат қалдыруды мақсат етіп отыр. «Байтақ дала – туған жердің, қымбат маған әр тасы» деп ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов жырлағандай, әр адам өз өлкесіне асқан жанашырлық танытып, тарихын тануға құлшыныс білдіруі керек. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасының  басты мазмұны да осыған сияды. Жəдігер дегеніміз атадан балаға баладан немереге мұра болып келе жатқан дүние.Ол мейлі бір зат болсын,немесе кітап болсын,не болмаса ашекей болуы мүмкін ,бабасынан мұраға қалған затты немесе басқалай затты жəдігер дейдіТарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, адамзат баласының өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді.Олай болса қыздар мына суреттерге назар аударыңдаршы, қашан және қай кезде көрдіңдер.«Батыр» сөзіне постер қорғау .1.Батыр деген кім?2.Батырға тән қасиет?(сырт келбеті,мінезі т.б.) Бізге дейін жеткен көне жәдігерлер өте көп. Қазіргі кезде өзіміздің елімізде ғана желгі кесенелер, мазарлар, ескеткіштер,мешіттер бар. Осындай танымал ескерткіштер көне замандардан біздің заманымызға дейін жетті. Біздің мақсатымыз ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жәдігерлерді сақтап қалу, және одан ары қарай өзіміздің де ұрпақтарымызға жеткізу  деп ойлаймын. Меркі ауданы — Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.Туған өлкеміз,Меркі ауданында орналасқан «Жауғуш батыр» және «Қара кемпір» сияқты ескерткіштері орналасқан.Осы ескерткіштер туралы қыздардың ой-пікірлері тыңдалса.1-оқушы:НазгүлКонец формыЖауғаш Қырбасұлы (1738-1787 ж.ж)Қырбасұлы Жауғаш -1738 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келіп, Жамбыл облысы, Меркі ауданында қайтыс болған.2-оқушы:Жауғаш Абылай ханның әскери қолбасшысы, елшісі болған, белгілі мәмілегерінің бірі, атақты батыр, қолбасшы, өз дәуірінің көрнекті қайраткері. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Оның ер-тұрманы, қару-жарағы қазіргі таңда Меркедегі өлкетану мұражайында тұр.3-оқушы: НұргүлЖауғаш та өз замандастары секілді, ерте есейіп, қолына ерте қару алған. Ол қырғыздардың Сарыбағыш руынан шыққан Есенқұл, Садыр деген батырлардың өз еліне жасаған зорлық-зомбылығына кектеніп,19 жасында Арқаға Абылай ханды іздеп барады. Сонда жүріп Абылайдың сынынан өтеді. 21 жасынан бастап қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан тазарту жорықтарына қатысады. 1755 жылы Жауғаш Абылай ханнан бата алып, Алатауға келіп, қырғыз елінің ру басыларымен ортақ тіл табысып, солардың жасақтарымен бірігіп, Қорғаты мен Шу бойындағы, Меркі мен Кемін өзендері аралығындағы, Алатаудан Балхашқа дейінгі жерлерді қалмақтардан тазартып, оларды Ілеге дейін қуады.4-оқушы:БалаусаХан тапсырмасын ойдағыдай орындап келгеннен кейін Жауғаш Абылай ханның қасында болып, талай шайқастарға қатысады. Осындай шайқастардың бірінде Жауғаш бастаған сарбаздар жанқиярлық ерлік көрсетіп, жараланған Абылай ханды қан майданның ортасынан суырып алып шығады. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш деп атап кеткен. Әкесі Қырбас XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған, Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған.5-оқушы:АидаЖауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктермен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған.1754–56 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұхар жырау жырларында Абылай хан «Іздесем де табылмас Жауғашжан, сендей құбаша ұл» деп мадақтаған осы Жауғаш батыр болған.6-оқушы:АлтынайЖауғаш қандай жағдай боласа да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дұшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сұрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалаған.7-оқушы:ДиянаЖауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болған. Халқы аяулы батырын арулап жуып, сүйегін Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішіне, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына қояды. Жамбыл облысының Меркі ауданының бір ауылына Жауғаш батырдың есімі берілген.Жүргізуші: Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Қара кемпір» толғауын кешегі күрең күндерге әнмен қойылған ескерткіш деуге болады. Қазақ даласында осынау қасірет күйіне елтімеген, қайғы зарына егілмеген көңіл жоқ шығар. «Сағындым Жексенқұлым, Қосшығұлым, өзекті жарып шыққан қос шыбығым» деп басталатын қайғылы әуен іздеу-сұраусыз кеткен талай тағдырды жоқтау. Қырық бірдің қасіретінде қайғы құшағында болғанмен үміт жетегінде де әр үйден аттанған Жексенқұлдар мен Қосшығұлдардың жат жерді жастанған жайы. Ал ақ жаулығының ұшымен жанарын сүртіп, жылауды жаман ырымға балап, «кебенек киген келеді» деген үміттің жетегінде алты қырдың астынан қара көрінсе, қарағымнан хабар бар ма деп елеңдеген ардақты аналардың аңыраған дауысы. Өзегін жарып шыққан перзентінің өкініші өзегін өртемей қойсын ба...9-оқушы:Еркеайым «Қара кемпір» әні Меркі ауданы, Қызылсай ауылындағы Қали ананың тағдырынан туған туынды. Отты жылдары қос ұлынан қатар айырылған ананың зар күйі, жүрек жоқтауы бұл. Енді бұл ән қоңыр домбыраның қос ішегінен тағдыр толғанысы болып төгілгенде, сол отты жылдар елес береді. Ән авторы Алтынбек Қоразбаевтың туынды турасында да айтары бар екен... – Бұл ән 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай жазылды. 10-оқушы:ДианаҚызылсай ауылындағы Қали кемпірдің Жексенқұл, Қосшығұл деген жасы жиырмаға толмаған екі ұлы соғысқа қатар аттанып, ақыры келмей қалады Қызылсай ауылындағы «Қара кемпір» ескерткіші 1994 жылы бой көтерген. Сол монументте ұлдарын жоқтаған қамкөңіл ананың атынан бір ауыз өлең жазылған. Қараймын Батыс жаққа келе ме деп, Анасын ғаріп болған көре ме деп. Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де, Хабарын қос қозымның бере ме деп. Бұл өлеңді Алтынбек Қоразбаевтың өзі жазған екен. Автор осы бір жолдарды Фариза Оңғарсыноваға бір қаратып алыпты. 11-оқушы:Фатима«Сонда Фариза апамыз «Алтынбек, сен ақын екенсің ғой» деп жоғары бағасын беріп еді», дейді ол. Қали ананың қасіреті ән болмысынан бөлек, ескерткіш тұғырында да тұнып тұрғандай. Қызылсай бауырында қос ұлын өмір бойы жоқтап, арманда кеткен ананың көз жасындай. Жалған дүниенің жалғандығын жазып қойғандай.  Ойын: мақалдың жалғасын тапШарты: тақтадағы мақалдың жалғасын тауып, оқу.1.Отансыз адам… (ормансыз бұлбұл)2.Отан…(оттанда ыстық)3.Отан үшін отқа түс…(күймейсің)4.Отан елдің анасы…(Ел ердің анасы)5.Ердің көркі-ерімен…(Отан көркі-жерімен)Туған жер туралы тақпақтар айтылады.«Үш бақытым» 4 сынптың қыздары: Айгерім,Аружан,Айсұлу.М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу. Қалмұратова Н.«Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқу. Гапарова Қ.Бейнеролик «Қазақстан» көрсету, талқылау.Қорытынды: Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат - мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Б- білімімді арнайтынО- отанымды қорғайтынЛ- лаңкестікті даттайтынА- адалдықты жақтайтынШ- шуағымды шашатынА- асулардан асатынҒ- ғарыш сырын меңгергенЫ- ынтымақты тең көргенМ- менмендікті жек көргенҚ- қазаққа қызмет ететінА- арманына жететінЗ- заңды жақсы білетінА- алға қарай жүретінҚ- қайырымды елімніңС- салтанатты жерімніңТ- толықтырам сенімінА- абыройын,жігерінН- намысын қолдан бермейтінБәрі: Мен боламын еңбекқор ,Болашағы елімнің! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ