Тақырыбы: «Туған жердің патриоттары- ел
тірегі !»
Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттық
тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен болашағын ұстаздар түсінуін
өзектендіру.
Міндеті: Семинарға қатысушы ұстаздармен
өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қыр-сырын танып
білудің жолдарын бірлесе талқылау.
Көрнекі
құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта ,
стикерлер ,ағаш макеті, плакаттар, маркелер, гүл
шоқтары.
«Науалым» әні «Наз
би»ансамбілі.
Салеметсіздер ме құрметті
ұстаздар! Бүгінгі «Туған жердің патриоттары- ел тірегі!»атты
тренингке қош келдіңіздер! Менің аты жөнім Махаббат Борашқызы. Мен
Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі тренингті бастамас
бұрын шаттық шеңберіне шақырамын. Өзіңізді таныстырып, келесі
әріптесіңізге тілек білдірсеңіз!
«Біз Тәуелсіздігіміздің
нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз
керек. Еліміздің әрбір азаматы |Қазақстанның Туын,Елтаңбасын
,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті.Өйткені олар-халқымыздың
мақтанышы, біздің ең киелі
құндылықтарымыз.»
Н.Назарбаев.
(Слайд)
Ойынды бастамас бұрын
орындарыңыздың артында жасырынған стикерлер арқылы топқа
бөлінейік.
Кіріспе
сөз:
Тренингті Бауыржан Момышұлының
сөзімен бастамақпын
«Өз ұлтын сыйламау, оны
мақтаныш етпеу- сатқындық» Б.Момышұлы.
Видеоролик
«Тренинг ережесі құрастыру»
смайлинг арқылы.
Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің
«патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде –
«Отан»,
«Атамекен»
- деген мағынаны
береді.
Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің
тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек
қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті
бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет
етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты
білдіреді.
Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін
ең
бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші -
ұстаздардың тәлімі.
Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі
тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді
патриот болуға тәрбиелей аламыз.
Ал енді Патриот дегеніміз не? Оны қалай
түсінеміз.
Жалпы «Патриот, Патриотизм» - дегеніміз кең
ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе
бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін
емес.
«Уржарым» видеоролик.
Сұрақтар : Видео роликті көріп отырғанда қандай
сезімде болдыныз?
Бір ауыз сөзбен..........
Әлеуметтік
педагог: Туған жерге , Отанға деген
сүйіспеншілік – баланың жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалын
тигізеді деп ойлаймын. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік,
тарихы мен мәдениетіне деген құрмет болмаса, баланы өз елінің
азаматы және патриоты етіп тәрбиелеу мүмкін емес. Біздер ұстаз
қауымы патриоттық тәрбиені қызықтыра отырып жеткізсек, сонда ғана
баланың бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін оята аламыз.
Сондықтанда бүгін мен сіздерді патриоттық тақырыптағы интерактивті
ойынға шақырамын
Даналар айтқандай: « Егер
әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста».
Ойынды бастамас бұрын
орындарыңыздың артында жасырынған стикерлер арқылы топқа
бөлінейік.
Ойын «Сұраққа жауап...» деп
аталады. Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.
І –
тапсырма
1
.Патриотизм деген не?
2.Қазіргі таңда қазақ еліне
патриоттар керек пе?
3.Бәріміз патриотпыз, ал
патриот екенімізді қалай дәлелдеуге болады
?
4.Елімізге жанашыр адам деп
кімдерді мақтанышпен айта аламыз?
5.Қазақстан жастарына
патриоттық сезім тән бе?
6.Тұлға бойында патриоттық
сезімді қалыптастыру үшін ең алдымен не істеу керек деп
ойлайсыз?
7. Отан , жер, ел туралы мақал
– мәтел .
Мінеки, біз сұрақтарға шынайы
жауап беру арқылы өз елімізді мақтан ете алатынымызды және тек біз
ғана оны гүлдендіре алатындығымызға көз
жеткіздік.
Ұлы отан соғысының атақты
барлаушысы ,еңбек ардагері Божан Ақылжан Науалы ауылының
патриоты,мақтанышы.
Вильнюс қаласының № 27 орта
мектебінің оқушылары батыл барлаушының ерліктерімен
танысып, Литва елі қайсарлығы мен ерлігіне
бас иіп, осы мектепті Божан Ақылжанов атымен атағандығы жайлы хат
жолдаған.
Өз ауылымыздың
азаматтарының Туған жерге тағзымы.
Жақсылықтын үлкен кішісі
болмайды.(слайд)
ІІ
-тапсырма
Біздің өмірдегі жолымызды
жарқын көрсетіп, жылуын төгіп тұрған туған жеріміздің күні. Туған
жер – күн сияқты, ол бізге жарық, жылу, қуаныш сыйлайды. Біз
шетелдерде жүрген кезде күн сәулесін шашпай бұлт арасында тұрғандай
сезіледі. Біздің бойымызды тек жақын арада туған жерге қайтамыз
деген ой ғана жылытады. Келесі ойынымыз «Туған жердің күні» деп
аталады. Алдарыңызда туған жердің күні.
І
–топқа мынадай тапсырма: «Отан бізге
не береді?» ( тегін білім, денсаулық сақтау, тыныштық, жұмыс, Ата
заң, Тәуелсіздік, сөздің бостандығы, еңбекке құқық, таңдау
құқығы)
ІІ –
топқа сұрақ «Біз Отанға не береміз?»
( еңбек етеміз, гүлдендіреміз, көркейтеміз, табиғатын қорғаймыз,
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейміз, демография жағынан
)
Психолог: осы ойынның нәтижесі арқылы
біз өз Отанымыздан көпті талап ететінімізді, ал Отанымызға біз не
береміз деген сұраққа ойлана бермейтінімізге көзіміз
жетті.
III
тапсырма
Топтық
: «Бірлік ойыны, қағаз
қиындылары »
Әдісі: Топпен жұмыс. Бұл топпен
атқарылатын жұмыста қатысушылар қағаз қиындыларына адам бойындағы
патриоттық сезімді оятуға кері әсерін тигізетін мінездерін жазады.
Барлық топ мүшелері қағазды умаждап қапқа салады. Осы салынған
қапты қоқыс жәшігіне күрекке байланған жіптен ғана ұстап, қоқыс
жәшігіне салу керек. Топтың жылдамдығы, ауызбіршілігі, бірін бірі
сөзсіз түсінуі тапсырылады.
IY
тапсырма
Өмір ағашы
: Тренинкке қатысушы ұстаздар,
қолдарыңызда қаржы мен билік болса, туған жеріңізге қандай игі
істер атқарар едіңіздер ?
Стиккерлерге әр қатысушы
өзінідк пікірлерін жазып «өмір ағашына»
іледі.
Қорытынды: Қазақ халқының батыр ұлы
Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты шығармасында адамның
жеке психологиясының сырын ашқан. Ол: «Патриотизм – Отанға деген
сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді
екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту
екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет
деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі
күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», – деп
терең, жан - жақты анықтама берген.
Мен сіздерге сәттілік
тілеймін,ол әр кез қажет.
Әрқайсысыңызға денсаулық
тілеймін, ол кей кездері жетпей
жатады.
Сіздерге бақыт тілеймін,
оны біз әркез асыға күтеміз.
Әрқайсымыз туған
жеріміздің патриоты болайық!!!