Материалдар / Туған жерімнің тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туған жерімнің тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихы тасқа жазылған, даңқты еліміздің өткенімен танысып, өскелең ұрпақты хабардар ету. Болашақ жастарымыздың қолында екенін түсіндіру. Тәуелсіздік-жарқын келешектің кепілі екенін ұмытпау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Шілде 2022
245
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің туған жерім, елім ол - Қазақстан. Еліміз барлығымыз білетіндей
тәуелсіздігін 1991 жылы жариялады. Бірақ, тарихы сонау ежелгі заманнан
басталады. Ежелгі кезде "қазақ" деп аталмасақта, түркі елдері деп бір
шаңырақ астында өмір сүрдік. Оған мысал ретінде, сақ, ғұн, сарматтарды
айтар едім. Олардың тілдері де, дәстүрлері де, тұрған аумақтары да қазіргі
елімізге ұқсас келеді.
Одан кейін ата-бабамыз Керей мен Жәнібек хандар, "қазақ" атын
қолданысқа енгізу үшін, бөлек елдік атымызды шығару үшін, 1465 жылы
Шу, Талас өзендері бойында "Қазақ хандығын" құрады. Бұл тарихи оқиға,
сол заманда есте қалар ерлік пен болашаққа тарих болып қалды.
Одан кейін тағы бір тарих бөлшегі деп 1986 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын
айта аламын. Осы оқиға арқасында қазіргі, елдігіміздің белгісі
егемендігімізге жеттік. Оған себепкер болған сол кездегі "жастарымыз". Одан
бөлек, тұңғыш президентіміздің, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі өте
зор. Бұл кісіні керемет дипломат деп айтуға татырлық. Мемлекет болып
құрылып, жан-жақтан қандастарымызды жинағанда осы кісі десем артықтық
етпес.
Республика деген ат алғаннан кейін біздің "ту", "гимн", "елтаңба" қолданысқа
енді. Мемлекеттік тіл "қазақ тілі" болып қабылданды. Қазіргі оңтүстік астана
аталып кеткен Алматы, елорда дәрежесін Сарырқа төріндегі Нұр-Сұлтанға
берді.
Еліміз егемендік алғаннан кейін көршілес елдермен татулық орнатып,
тереземіз тең бола түсті. Түркі тілдес халықтарымен де байланысымызды
жоғалтпадық. Өйткені Тәуелсіздігімізді алғаш болып мойындаған солар,
оның бірі Түркия болатын. Бұл елмен әлі де көмек сұрасып, берісіп тұрамыз.
Біздің аумағымызға келсек сонау Батыстағы Каспийден басталып,
Шығыстағы Тянь-Шань жоталарымен бітеді. Оңтүстігіміз шырайлы
Шымкент, жер жәннаты Жетісу болса, солтүстігіміз табиғатына көз
тоймайтын, қазақ жеріндегі Швейцария аталып кеткен Көкшетау, Бурабай
деп мақтанышпен жеткізер едім. Осы өңірлерден шыққан белгілі саясат,
өнер, спорт қайраткерлері өте көп. Оған мысал, Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев, кіндік қаны тамған жер "Жеті өзен(су)" жері. Барлық қазақ біліп,
мектеп қабырғасын аттағаннан бастап оқыған Абай атамызға келсек,
шығармашылық майталмандары шыққан, Семей өлкесінде туып-өскен. Тағы
бір Жетісу өңірінің бетке ұстар спортшы қызы, Қазақстанның жеті дүркін
чемпионы Назым Қызайбай. Жасы 28де болса да жеткен жетістіктері көп.
Осы кісілер арқылы біз өз тарихымыз бен әлем тарихында қаламыз дер едім.
Ойымды қорытындылай келе, елімнің тарихы айтса ауыз толтырарлықтай,
көрсе көз қызығарлықтай. Мен туған жеріммен мақтанамын!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!