Материалдар / Туған өлке табиғаты: кешегі, бүгінгі, ертеңі

Туған өлке табиғаты: кешегі, бүгінгі, ертеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
туған өлкені дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі










Жоба тақырыбы: «Туған өлке табиғаты: кешегі,бүгінгі,ертеңі»




















Жетекшісі:Джумалиева С.Ж.

Зерттеуші: Негметова А.











Жаңақазан ауылы- 2021 жыл




Зерттеу жоспары:

I. Кіріспе: Жаңақазан ауылының тарихы

II. Негізгі бөлім:

а) Жаңақазан ауылына территориялық сипаттама

ә) Ауыл топырағы

б) Өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі

в) Су кешендері  

III. Қорытынды.

 

Бұл туристік-экологиялық жобаның басты мақсаты - туған жерді,туған өлкені сүю,өз өлкесінің экологиясымен (топырағы,суы,жан-жануары,өсімдігі)танысу. Табиғаттың алуан сырларын білуге,туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға баулу.

І.Кіріспе бөлім.

Жаңақазан дегенің Жаңақала,

Қызықтырса архивтерді ашып қара.

Жаңақазан Жәңгірден бермен қарай,

Статус берілмеген ескі қала,-деп ауыз толтырып айтуға болатын тарихи шежірелі сырға толы қасиетті өңір,қазіргі жас буын жеткіншектерге үлгі етерлік дәстүрлері тарихи мол өлке.

Халық ертеден-ақ өзінің арман мұңының бесігі болған ерлік салтпен дәстүрге бай,табиғи сыры мол әсем жерлерді жырға қосып мадақтаған,мұңдай жыр-аңыздарда мадақтау жалаң күйде емес,халық тарихынан жарқын бір көріністерімен байланыстырады.Қазақ даласында ақын-жазушыларымыздың шығармаларына арқау болған,осындай жерлердің бірі Жаңақазан өңірі.Ауылымыздың тарихын айтпай кету мүмкін емес, сондықтан бұл жобамды Жаңақазан ауылының шағын тарихымен бастағалы отырмын.Әр ауылдың өзіне тән тағдыры мен ерекшелігі болады.Біздің туған ауылымыз Жаңақазан (Новая-Казанка) ауылы тарихи табиғат байлығы мол өлке.Жаңақазан қонысы – Ескі әңгіме бойынша алғаш 1750 жылдардың басында сонау Қазан губерниясынан бас сауғалаған татар ағайындар қоныстың қадағын қағып,көше түзеп үй салып,отырықшы мекенге айналдырып,оған, «Новая Казанка» деген,ат қояды.Оны жергілікті қазақтар қазақшаға аударып «Жаңақазан» деп,атаған екен.Кейін,қоныс Қамыс-Самар уезі (1801-1920) мен Жаңақала ауданың орталығы болды.


Ескі ауыл көрінісі Жаңа ауыл көрінісі



ІІ.Негізгі бөлім.

Ұлан байтақ Қазақстанның бір бөлігі – Жер ана төсінде көсіле жатқан даласы-Жаңақазан ауылы.Жаңақазан - Жаңақала ауданының оңтүстігінде 64 шақырым жерде орналасқан.Жаңақазан аулының оңтүстік-батысы Нарын құмдарымен,шығысы Атырау облысымен,батысы Саралжын ауданымен шектесіп жатыр.

Ауыл климаты жартылай шөлді,континентті.Жаз айлары өте ыстық.Жауын көп болмайды.Кейде алты ай жаз бойына бір тамшы тамбай өтетін кездер де болады.Ауа райы жазда +280С,+300С; қыста -280С,-350С. Топырағы сұр-қоңыр беткі қабатында шірінді мөлшері 2-3%, сондықтан шөлейттік өсімдіктер түрі басым.

Жайылымы керемет.Жерлері емдік шөптерге (томарбояу, дәрмене, жусан, адыраспан, мия т.б) бай.Жабайы аңдар да көптеп кездеседі (борсық, қоян, киік, қабан, қасқыр, түлкі т.б).

Құрғақ даланың жер топырағын көбіне 20 см-лік тереңдіктен сор басады.Ауа райы құрғақ болған кездерде су жаз бойы буланады.Сол уақытта сумен бірге шыққан тұз топырақтың барлық қабатына сіңеді.Топырақта тұз көбеймегендіктен далалы жерлерді бозғылт майда жапырақтарымен реңсіз жасыл гүлдері бар ұсақ бұталар алып жатыр.


Жан-жануарларды зерттеу мақсатында ауылымызда орналасқан «Обаға қарсы күрес» мекемесіне бару сәтінен фотосуреттер.

Ұзақ уақыт М.Жүнісов атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып,Жаңақазан ауылын жасыл баққа айналдырған, сол үшін де аты ардақтауға лайық ардагер ұстаздардың бірі, марқұм Ғұмар Салықов еді.Жаңақала (Новая Казанка) ауылы оның қасиетті мекені болатын. Ештеңемен бағаланбайтын жалынды жастық шағы өтіп,алғаш еңбектің дәмін татқанда маңдай тері тамған да осы жер. «Ғұмар бағында» емен, қарағай, жылауық тал, шетен, асау терек, итмұрын, қарақат тағы басқа жай ағаш және жеміс сабақтарының неше түрі болған.Ал бақша дақылдарынан малқауын, дақылдан түйе жапыраққа тыққан кәдімгі қарбыз, ол кездегі қазақтар түсінбеген «кабачок» (ағай оны қазақтың майлы қабаны дейтін) секілді өсімдіктерді бірнеше жыл мәпелеген.Әсіресе, Ғұмар селекционердің Жаңақазан жеріне ақ мақта егуі және бірнеше жыл тұрақты өнім алуы- Ақжайық өміріндегі «Американың» ашылуымен пара-пар болыпты.

«Мақтаның египеттік сортын Жаңақаланың құмайт даласына жерсіндіріп өсіруі, биолог ұстаздың ерекше табыстарының бірі болатын.Кабинеттегі кейбір ағаштарда өсіп тұратын сап-сары лимон әлі күнге көз алдымда» - дейді ұстаз алдын көрген шәкірттері.

Мектепте 450 ағаш өсірді, оның 36 – сы – жеміс ағашы.Жаңақазанның жаны жасыл орман болды.Еңбегін ел көрді.Сонау тоқырау жылдарында ұстаз Ғ.Салықовтың дәстүрі солғын тартып, «Ғұмар бағы» күтімсіздіктен ағып, құрып кетті.Даңқты, дарынды педагог Ғұмар Салықовтың игілікті істері кеңінен насихатталып,оның кезінде өсірген бағы да, рекорд өнімдері де, жерімізге мақта өсірген жаңашылдығы да кейінгілерге сабақ болуы тиіс.Бұл біздің аймақ шежіресін жазушылардың құлағына таққан «алтын сырғамыз».Жалпы ұстаз Ғ.Салықовтың дәстүріне тереңірек үніліп,ұлағат алу керек.

Біздің Жаңақазан (Новая-Казанка) ауылы жартылай аралда тұрады деуге болады.Ауылдың іргетасында «Тұщы құлақ» деп аталатын үлкен айдын, одан әрі шығыс жағында үш шақырымдай «Шолақ өзен» , «Сор өзен» , «Сары айдын» көлдері басталады.Күн шығысында «Жалаңаш» оңтүстік бетте «Қанат көлдері» бар.Ауылдың түстік жағында «Райым», «Меңдәлі» көлдері болатын, бірақ оларда су жоқ, құрғап қалды.Көлдерінде жасыл құрақ, жергілікті тұрғындар құрақты қыста мал азығына және отынға,жазда құрылысқа пайдаланады.Бұған қоса жыңғылы мен талы бар.Су бар жерде өмір бар дегендей балығы мен құстары және бар.Ұлы Отан соғысы кезінде Жаңақала өңірінің халқын осы өзендердегі балығы азық болып, қамысы отын болып, халықты ашаршылдық, қиын кезеңдерден құтқарған.Қазір о дүниелік, дербес зейнеткер Еслям Мұхамбетов былай деп жырлаған екен.

Туып едік Жаңақала елінде

Сейтек деген Қара самар көлінде

Бала шағым Жаңғалада өткенде

Сағынышым оның жылы желінде

Көз алдымда елестейді,Қара самар көлдері

Сайраған құс, жануарлар,төлдері

Құмаршық пен қияқ дәнін жинайтын

Таудай болып көрінеді қызылқұмның белдері

Әлі есімде шулаған көп балалар

Жиналып көлде ау салып, балық аулап.


Жер-су атауларына құлақ түріп,мән беріп қарайтын болсақ, олардың әр қайсысының жеке өз алдына бір төбе шежіресі бар.Туған өлкедегі атауларды ғана емес олардың аталу себебін де білу біз үшін өте маңызды.Мәселен, кезінде пешке тас соғып, оны күйдіретін жерді қазір «Күйгентас» деп атайды.Оның арғы жағында ауылымыздың екі шақырым жердегі «қаражолдың» топырағының түсі қара,бауырмал болып әрі үнемі батпақты болып жатады.

Ауыл іргесіндегі «Тұщы құлақ»үлкен сулы айдындардың бірі.Балығы мол, жағасы құрақты мекен.Жергілікті халық суының мөлдір және тұнығына қарап «Тұщықұлақ» атап кеткен.

Ауылымыздың үш шақырымдай жерде Сары өзеннің Тұщы құлақ көліне құятын жерін «Шапошников» деп атайды.Көне көз қариялардың айтуы бойынша «Шапошников» деген Ресей жерінен келген орыс осы өзенді сүйіп, ауылда қалып, осы өзен жағасынан үнемі балық аулап,сатып, күн көріс жасаған.Сол орыс өзеннің Тұщы құлаққа құятын жерінде суға кеткен, содан кейін, осы жер «Шапошников» деген орыстың фамилиясымен мәңгі аталып қалған.Келесі бір ауылымыздың іргесіндегі қазір кеуіп кеткен «Райым» көлінің атауы осы көлде шомылып алмақшы болып суға батып кеткен Райым атты татар қызының есімімен байланыстырады.

Сарыөзен- ауыл маңындағы айдынды су.Суы өзгелерге қарағанда едәуір үлкен болғандықтан жергілікті халық «өзенге» теңейді. «Сары» сөзі түстің ғана емес, таяз судың лайлығын да білдіреді.Содан, «Сарыөзен» атауы шыққан.

Айдын- ауыл маңындағы су алқап. Әсіресе, түн тыныштығында жағасына келіп, ай туған сәтте көлдің үсті жарқырап, айналаға айдынын шашып тұрғандай әсер береді.Содан да жергілікті халық аталған айдын суы «Айдын» деп, атап кеткен.

Шолақөзен- бұл да ауыл маңындағы сулы көлдердің бірі.Суы мол, бірақ та ені мен ұзындығы тапалдау, яғни, қысқа.Көлдің пішіміне орай «Шолақөзен» деп, аталған.

Сорөзен- ауыл маңындағы көп көлдердің бірі.Суы кермекті және сортаңдау. Суының молдығына орай жергілікті жұрт өзен деп атаған.Яғни, суы сортаңды өзенде су дегенді білдіреді.

Меңдәлі – бұл да ауыл маңындағы көлдің атауы.Бұрындары суы терең, балығы мол болған сулардың бірі.Қазірде сусыз құрғап қалған көлдер қатарында.

ІІІ.Қорытынды.

Адам мен табиғат егіз. Табиғат-асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Туған жердің тағдыры біздің ата-бабамызды да ерекше толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты, анталаған жаулардан аман алып қалған. Оның әрбір ағашын, тасын, бұлағын аялай білген. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қарашық керек екендігіне ерекше мән берген.

Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді түрлендіріп, тұрған түкті кілем тәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Барлығымыздың туып өскен, кіндік қанымыз тамған ауылымыз, туған жеріміз бар. Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдыққа да, тәрбиелікке де мәні зор асыл мұраларына ерекше көңіл бөлу қажет.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ