Материалдар / ТУҒАН ӨЛКЕМ- ТАРИХТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТУҒАН ӨЛКЕМ- ТАРИХТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. Әлі де зерттелмеген жерлер қаншама?... «Өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады... Өңір тану – Отан танудың әліппесі»-деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер-су атауларын, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу –біз үшін парыз екенін ұғыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
872
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҮРЖАР АУДАНЫ ЛАЙБҰЛАҚ АУЫЛЫ

ЛАЙБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕП – БАҚША ” КММ

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

ТУҒАН ӨЛКЕМ- ТАРИХТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ.




Жобаның көкейкестілігінің кіріспе негіздемесі:

Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. Әлі де зерттелмеген жерлер қаншама?... «Өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады... Өңір тану – Отан танудың әліппесі»-деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер-су атауларын, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу –біз үшін парыз.

Жобаның объектісі:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Үржар ауданы Лайбұлақ ауылының жер-су атаулары, олардың аталу негіздері, тарихы алынып отыр.


Жоба болжамы:

Егер Лайбұлақ ауданы туралы нақты мәліметтер жинақтап, толықтырып, зерттеу жұмысын ұсынсақ, демек, ауылдың топонимдерінің қалыптасу негіздерін зерттеу туған жеріміздің тарихы мен қоғам қайраткерлері туралы толығырақ мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады.

Жоба мақсаты:

Лайбұлақ ауылының өңіріндегі жер-су атауларының қалыптасу тарихын, негіздерін анықтау.
Жоба міндеттері:

өз өлкеміздегі топонимдер туралы мәліметтер жинақтау;

-өлке тарихымен байланысты жинақталған мәліметтерді мұрағат құжаттарымен салыстыру;


Жоба әдістері:

Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.



Зерттеу жұмысының құрылымы: 

I.Кіріспе бөлім: 

II.Зерттеу бөлімі: 

А) Лайбұлақ ауылының жер - су атаулары. 

Б) Елді - мекендер мен жер - су атауларының топонимдік жіктелуі. 

Антротопоним
ҮШКІР ТАУ – Лайбұлақ ауылының шығысына қақарай 5 км қашықтықта орналасқан жер. Жері жусанды, шөбі шүйгін Лайбұлақ және Жаңа тілек ауылдарының Тарбағатай тауын жалғай жатқан ауылдың биіктіктік нүктесі теіңз деңгейінен 590 км биіктікте жатыр тау атауы қазіргі кезге дейін сақталған. 

КӨБЕЛЕКТІ ерте кезең дәуіріндегі тарихи петроглифтер таңбаланған таңбалы тас мекені және ақ көбелектер мекендейтін жер атауы.

АҚҚОЙ ТАС– Ауылдың солтүстікте орналасқан нүкте. Бұл жер ықтасын терең сайлы жер. Тастарының бірыңғайлығымен және ақ тастармен ерекшеленеді Ерте кезде отарлы қойларды ұстаған жер. 

ЖЕЛДІҚАРА– Лайбұлақ ауылының солтүстігіне қарай 3 км қашықтықта орналасқан. Лайбұлақ өзенінің оң жақ саласы. Жері құнарлы, шөбі шүйгін. Қыстау ретінде пайдаланылады. Маусымдық мал жайылымы. Ерте кезде бай қызы төрелік жүргізгендіктен екінші атауы «Төре қыз» депте аталған. 
АЮТАС –ауылдың беделді азаматтарының басқы әріптерінен құралған жер аты бұлақ. 

Змеика- Шығыс тарихын дүр еткізген 2013 жылда қазба жұмыстар кезінде табылған « Үржар ханшайымы» ескерткіші ауылдың тарихи деректер санын көбейтуде және осы маңайдағы жерлерден қыш ыдыстармен зергерлік бұйымдардың табылуы Лайбұлақ ауылының ежелгі тарихының бір белесі. Үржар ханшайымы-Құлағындағы алтын сырғасына, басындағы алтын сәукелесіне, мүйіз тектес өрнектеріне қа­рап, Семей педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, осындағы қазба жұмысын жүргізген студенттердің жетекшісі Амантай Исин: "Мұны III-V ғасырлардағы қола дәуірге, тіпті ғұн-сарматтар заманына жатқызды"

Гидроним 

Гидронимдер- грек тілінен аударғанда «гидро»-су, «оним»-атау, яғни су атаулары ұғымын береді. Демек, гидроним – өзендер мен көлдердің, көлшіктердің, қайнарлар мен бастаулардың, бұлақтар мен құдықтардың, яғни су нысандарының жиынтық атауы.

Лайбұлақ жеріндегі гидронимдер: 


Тастұма – тау тастарының арасынан жарып шығып ағып жатқан бұлақтар жиынтығы.Тау топырағы құнарлы, қара топырақты болып келеді.Аталған жерде ежелгі дәуір мәдениеті бейналанген таңбалы тастар кездеседі. 

Лайбұлақ- ақтау тауының бұлақтары жиналып тау сулары Суықбұлақтан бастау алады. Таудың қара топырағымен араласқан өзен құрылып ауылға қарай Лайбұлақ өзенін жалғай Аютас арқылы Жұлдыз өзеніне қосылып Сағат көліне құяды

Жер асты сулары.

Антропотопонимдер – есімдер мен әулет есімдерден /фамилия/ жасалған топонимдер. Елді мекеннің басым көпшілігі ел ақсақалдарының, байлар мен билердің, батырлар мен шешендердің, халыққа танымал адамдардың, сол жерді алғаш игерген адамдардың атымен аталды.

Лайбұлақ жеріндегі антропотопонимдер:  Төреқыз, Үржар ханшайымы, Мұсәлі Мұқаш.


Зоотопонимдер- бұл жан- жануарлардың атауымен байланыстырылған топонимдер. Жер су атауларының жан – жануарлармен аталуы Лайбұлақ ауданында да кездесті.

Лайбұлақ жеріндегі зоотопонимдер: Жыланды, Шошқа, Көбелекті, Аютас.

Лайбұлақ ауылында жерінде барлығы 16- тей /бұрынғы атауларын қоспағанда/ жер-су атаулары кездеседі.

Оның үшеуі -гидроним, төртеуі -антропотопоним, үшеуі –зоотопонимдер.

Бұл топонимдер атауларының тарихына орай 3 түрге жіктелінеді.

1/ Патша үкіметі тұсында қалыптасқан атаулар /патша үкіметі кезінде өмір сүрген байлардың аттары мен қоныстарына байланысты/
Төбет,
Қазыбек жайлымы
2/ Кеңес үкіметі тұсында қалыптасқан атаулар: Тасбұлақ совхозы. Лайбұлақ фермасы.  

Осы уақыттағы ауылымыздың ақтаңген азамыты Мұсәлі Мұқаш-ҰОС ардагері еңбек ері ауылдың сыйлы ардагер і болған.Ауылда ардагер атында басты көше берілген.Аудандық мұражайға ардагердің ордин, медальдарымен құжаттары өткізілді. Ұрпақтары осы ауылда тұрады.

3/ Тәуелсіздік алғаннан кейінгі атаулар:  Алтыншоқы округіне қарасты Лайбұлақ ауылы.


III.Қорытынды: 


Түрлі ғылыми әдебиеттерде жер – су атауларына қатысты сан қилы мағлұматтар берілген. Топоним – жер – су атауларын зерттейтін лексиканың салаларының бірі. Халқымыздың ерте кездерде жер - су объектілеріне ат қоюына әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар негіз болған. Осының негізінде белгілі зерттеуші ғалым Нұрбек Уалиев аймақ топонимдерінің қалыптасуына негіз болатын «Туған жер- Тарбағатай» деректер кітабында 1917 жылы төбет, қазыбек руларының жайылымы болған және төмендегідей басты факторларды көрсеттік.









































































































Бекітемін:

Мектеп директор м.а: С.С. Қабдыгалиев

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҮРЖАР АУДАНЫ ЛАЙБҰЛАҚ АУЫЛЫ

«ЛАЙБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕП - БАҚША» КММ







ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:



ТУҒАН ӨЛКЕМ- ТАРИХТЫҢ ТҮП ТАМЫРЫ.










Орындаған:

8-9-10- сынып оқушылары

Жетекші:

География пән мұғалімі

Нуракова А.Б.







2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!