Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Туған өлкем-Қулыкөл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Туған өлкем-Қулыкөл
Кіріспе.
Қулыкөл ауылы да өзіңдік тарихы, өткен жолы бар іргелі ел. Ауыл тұрғындары Арғын руының үлкен бір тармағы Қанжығалы деп аталатын Тобықты, Қарауыл, Атығай руларымен іргелес отырып, өмірдің қызығы мен шыжығын бірге бөліскен ағайын. Кез-келген адам өзінің туып өскен жерін, яғни Отанын жақсы көреді. Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Қулыкөл ауылында тұрамын. Қулыкөл ауылының тарихын білу, тұрып жатқан әрбір азаматтың парызы деп білемін. Еліміздің тәуелсіздік алуы, халқымыздың өзінің өткенін, тарихын, мәдениетін тануға бет бұрыстар жасауы. Яғни тарихты тануға нақты қадам бастық деп айта аламыз.
Ауыл тарихынан бөлек ел тарихы болмайды. Тарихты жасайтын да, оны сақтайтын да сол елдің азаматтары және солардың орасан еңбектері. Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов «Біздің қазақ-жер аты, тау атын әмәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездесетін кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады»,-деген екен. Осы пікірді басшылыққа ала отырып, Қулыкөл атауының шығуы, тарихы, сол жердегі тарихи жерлерді баяндау оны көпшілікке таныту мені қызықтырды. Өлкемнің тарихын тарихи тұрғыда баяндау, зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.
Негізгі бөлім.
Қулыкөл ауылының шығу тарихы.
Қулыкөл ауылы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, Ақмола, Павлодар облыстарымен шектеседі.
Қулыкөл ауылының атауы осы өлкенің табиғи ерекшелігіне байланысты «Қулы» яғни (қу алдамшы) мағынасын білдірген, көл –құстың көп болып, балығының мол болғанын білдіреді. Көлдің айнала жиегінен қамыс, қоға, табиғи талдар өскен, күздің аяқ кезінде, қыстың күндері маңайындағы өскен қамыс пен қоға жасыл желектен, қуға айналған, алыстан қарағанда нағыз қулыкөл екенін білдіреді. Қулыкөл атауы тоқырау кезеңінен кейін қойылды (1997жылы). Ауыл бойымен Селеті өзені ағып өтеді. Өзенің бастауы сонау Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан алатын ең ірі өзен, көктемде су тасығанда Қулыкөл, Қаратал елді-мекендерін айнала қоршап, соңында Сілеті теңізіне құяды. Өзен әртүрлі балықтарға бай сазан, шортан, және т.б. Көлдері Сілеті теңіз көлі, Жалаулы теңіз көлі - жазды күндері ыстық айларда, теңіз түбінен тұз байланған кезде, тұз шығаруға болады, Байқошқар көлі – сілеті өзені тасығанда осы көлге құйып, молайтып өтеді. Көл балыққа бай, айнала қамыс, қоға, талдар өскен, жаз мал жайылымына қолайлы жер. Дөңгелек сор – 1,5 км көлемді алып жатқан тұзды көл, жаз айларында, ыстық кездерде көлде жиналған су кеуіп, ақ сорға айналады.
Сілеті өзені бойындағы, Сілеті топырағының бұрынғы "Чапаев " кеңшары, қазіргі Қулыкөл ауылының ел тарихы бойынша естеліктер.
" Ел санатымен танылады,
өнермен теңеседі, ұрпағымен
жалғасады " –дейді қазақтар.
Сілеті төңірегінің қазақтары 1931 жылғы ашаршылықта Омбы облысына жаппай қоныс аударады. Одес, Тәбіршан, Русскополяна, Саргат аудандарының Сосновка, Қайдауыл, Петровка, Давидовка, Новосанжаровка деген совхоздарына тарап паналайды. Олар өзара қарым – қатынаста болады. Укеев Нұрғали сонда екі жылдай жұмыс істейді. 1933 жылы туыстарын ертіп елге оралады. Қалған ағайындар да елге орала бастайды.
Ол кезде шағын елді мекендер болған - Қулыкөл, Кішкенекөл, Қызылоба, Қаратал, Ақтөбе, Қарасу – Ақтас, Жапалақ – Жалаулы, Атығай- Күйік.
Елге оралғасын Нұрғали Үкеев жанына Усин Қажытайды, інісі Әшімді атқосшы етіп алып, қарамақтарына ал деп бұрынғы Ақмола облысы, Еркіншілік ауданына барады. Онда біз сіздерді алмаймыз деген соң өздері ақылдаса келе Керекуге сапар шегеді. Мұнда да алмаймыз дейді.
Елге қайтып оралса, Омбы жақтан тағы біраз үйлер көшіп келеді. Халық жиналған соң ауылдастар ақылдасып " Қызылжарға " баруды ұйғарады. Оған баруға Үкеев Нұрғалиды басшы қылып, Кенжекеев Фазыл, Усин Кажытай, деген азаматтар барады.
Мұнда оларды жақсы қарсы алады. Қызылту ауданы Саргөл ауыл кеңесіне 3 ауылға мүшелікке қабылдайды.
1934 жылы жан-жаққа шілдей шашылып жүрген 42 үйді өздерінің ата қонысына қайта көшіріп әкеледі. Бас көтерер азаматтар ақылдаса келе, Сілеті өзенінің жанында " Сатан ағашы " деген жерде, елдің басын қосып, жер өндеу серіктестігін (ТОЗ) – коллективтендіру кезеңінде, ұйымдастырады. Оның басқармасы етіп Нұрғали Үкеевті сайлайды. Қызылту ауданының қарамағына қарайды. Аздап егін салып тіршілік жасайды. 1940 жылдары "Папанин", "Большевик" колхозы Кішкенекөл, Ақтөбе жерінде басқарма болып Үкеев Нурғали, Кенжекеев Фазыл болады. "Қызыл обада", "Бірсуат" колхозы Исақаев Сәкен басқарма болып сайланады. Үкеев Нурғали басқарған "Папанин " колхозы егін салып, мал өсіріп алдыңғы қатарда көрініп, миллионер колхоз атанады. Қой өсіруде жақсы көрсеткіштері мен еңбегі үшін Жапаров Шылтынай деген атамыз, ауыл шаруашылығы көрмесіне Москваға барады, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланады, ал колхоз басқармасы Үкеев Нұрғали «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
Соғыстың қайнап тұрған жылдары, осы аталған колхоздар, үкіметке жақсы көмек беріп, атап айтқанда, ет, сүт, май, астық және жылы киім дайындап жіберіп отырған.
1941-1945 жылдардағы, сұрапыл Ұлы Отан соғысына біздің Сілеті өңірінен 150 -дей азаматтар қан майданға аттанды. Асыл азаматтардың 75- сі елге қайтып оралмай, топырақ шет жерден бұйырды. Соғыстан аман сау оралған есіл азаматтарымыз, елге келе сала, білекті сыбанып, тұралаған шаруашылықты көтеруге ат салысты.
Отан соғысының отты жылдарында қар төсеніп мұз жастанып, Отанын қорғауда қаһармандықпен еріліктер жасап, бірнеше рет ауыр жарақат алғанына қарамастан Жеңіс күніне дейін, жаумен шайқасқан аталармыз біздерге үлгі болып, мақтаныш тұтып, әрдайым еске алып отырамыз.
"Ер жігіт елінің ұлы"-демекші ауылымыздан Кеңес әскерінің құрамында Отан алдындағы борышын өтеу жолында Ауған соғысына 6 азамат қатысты.
Қатардағы жауынгерлер:
1. Бекжанов Қабылмәжит Б. – 1961жыл 15 тамызда Көкшетау обл. Қызылту ауд. "Чапаев " совхозында дүниеге келіп, 1980ж 13 сәуірде отан алдыңдағы борышын өтеу жолында қаза тауып, " Ұрыстағы ерілігі үшін "медалімен марапатталады.
Қалған 5 жауынгер елге қайтіп оралды. . 2. Шылтынаев Токтабай Капышкенұлы – 1960 жылы 24 маусымда туған. Қызыл жұлдыз орденімен", алтын сағатпен марапатталған.
3. Балпанов Асқар Қалелұлы – 1961 ж. 13 ақпанда туған.
4. Тайлақов Еренғай – 1960 ж 17мамырда туған.
5. Каримжанов Бекен – 1962 ж 31 мамырда туған.
6. Тапалов Ержан – 1969 ж 19 шілдеде туған.
" Ұрыстағы ерілігі " үшін медалмен марапатталған азаматтар.
1954 ж. наурыз айында – тың игеру науқаны басталып, сырттан басқа ұлт өкілдері келіп, тракторлармен көптеген бос жатқан жерлерді жыртып, егін екті. Сол жылдары колхоз басқарған Нұралин Ахметжан, Жүнісов Зейнолла ақсақалдарымыз еді.
1957 жылы алты колхозды біріктіріп " Чапаев" совхозы болып құрылып, оған Папанин, Больщевик, Қаратал, Бірсуат, Жасқайрат, 15 жылдық елді мекеніндегі колхоздар кірді. " Чапаев " совхозының бірінші директоры болып, тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы екі – үш жылының нәтижесі бойынша, Социалистік Еңбек Ері жоғары атақ алған, Қызылтулық аптал азамат Қажым Мүсіпов еді. Жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын, 1957 жылдың наурыз айында " Чапаев " совхозының директоры болып, Парторг Муханов Естай деген ағамыз бірге істеп, келіп зор жауапкершілік пен табандылық танытып, көпшілік сенімінен шыға білді. 1961 жылы – директор болып Нигматулин Тасжан Даниярұлы, Парторг Нуралин Шарапи 1967ж – 1974ж – директор Шамшинуров Оразбай Ш. 1974-1978ж- директор Сарсенбаев Сейтжан Баймуханович. Парторг Алгазин Тұрғын Ғ. 1978ж октябрь айынан 1988 ж. дейін Бескемпиров Ғалел Ғафурұлы. Парторг – Султанов М. С. 1988ж – Жұмағұлов Рахат Төлегенұлы. Парторг болғандар: Текжанов Қасиет, Нұралин Қазыбек, Бекішев Ерден, Алғазин Тұрғын, Кочубаев Е. Жұмысшылар комитетінің төрағалары: Бердығұлов Кәләп, Омаров Мүтаир, Кихтенко Николай, Исаев Хамзелер болды. Комсомол комитетінің хатшылары: Омаров Бақыт, Каримжанов Бақыт, Сматаев Ахметжан, Алгазина Айгүл, Бөлегенов Ерден, Жексенбаев Ғабит болды.
Білім шаңырағы және ұстаздар, түлектер жөніндегі әр жылдардағы мәлімет
«Ел санатымен танылады, өнерімен теңеседі, ұрпағымен жалғасады» - дейді, қазақта. Нұрғали Үкеев, Фазыл Кенжекеев және Қажытай Усин серіктестік мүшелері бірігіп, күш жинап, бір ескі үйді жөндеп, мектеп ашады. Діни сауаты бар алғашқы мұғалім Ерботин Кәри болып бекиді. Ауданнан бағдарлама, нұсқаулар алып тұрады. Сөйтіп бастауыш мектептің негізінде 5,6,7 класс болып, біртіндеп ұлғайа бастайды. Халықтың саны да өседі. Аудан басшылары кадр мұғалімдерімен көмектеседі, 1940 жылы Папанин атындағы жеті жылдық мектеп болып, толық жұмыс істейді. Мектеп директоры болып Үмітжан Бекбауова бекітіледі. Мұғалімдер: Қапыш Хасенов, Қабыл Орынбаев, Мұфтақ Усин, Ғаббас Бекжигитов, Мұхаметқали Есенеев, Әминаш Батырбекова, Сейілбек Усин, Смағұл Хасенов, Шәкі Ташмағанбетов, Қабиболла Ташмағанбетов, т.б. Соғыстан кейінгі жылдарда Зая Хасенов, Мұхаметжан Фазылов, Хамит Какенов, Талғат Бейсенбаев, Нұрмақ Жүнісов, Зейнолла Кәрімжанов т.б. әр жылдарда мұғалім болып жұмыс істеді.
1958 жылғы мектеп
1958 жылы, Чапаев атындағы сегіз жылдық мектеп ашылды. Жатақхана тәріздес мектеп салынды. 1954 жылдардағы тың жерлерді игеру үшін зор әсер етті, орыс, қазақ кластары қатар жұмыс істеді. Мұғалімдердің саны-сапасы, жауапкершілік артты. Колхоздан совхозға айналды, мал басы, егіс көлемі ұлғайды, техника саны өсті. Өмір талабына байланысты, он жылдық мектеп ашылуын жоғарғы жерден сұралды. 1958 жылы сегізжылдық, он бір жылдық мектепке айналды. Алғашқы түлектер 1961 жылы бітіріп шықты.Мектеп жанындағы мұражай.
Мұражай-халық мұрасы, мектебімізде 1 қыркүйек 1988 жылы ашылды. Мұражайда 200-ге жуық экспонаттар бар, 10 000 жуық адам музей экспонаттарымен танысты. Музейдің жылжымалы экспонаттары 1992 жылы Алматыға Дүниежүзілік қазақтардың I-съезіне апарылды. Қазіргі кеде музей Қулыкөл ауылдық мәдениет үйіне көшірілді. 3 рет Көкшетауға апарылды. Абылайханның 285 тойына, 2 рет Петропавловскге апарылды. Тәуелсіздігімізге 10 жыл тойына тағы да, Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл толуына байланысты. Бәрі де жақсы баға берді. Мұражайдың басты ұйымдастырушысы М.Әутәліпов. Музей экспонаттарын жинау әлі де жалғасуда, 500 экспонат болса халық музейі деген атақ беріледі екен. Былтырғы жылы «Мұражай халық мұрасы» кітап жазып шығарды, авторы М.Әутәліпов. Бұлда жалықпай-талмай көп еңбектің нәтижесі-деуге болады. Мұражай жұмысы жөнінде «Шалқар», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Қазақстан мұғалімі», «Депутат кеңесі», «Ленинская смена» газеттеріне шығарылды. Ата-мұра бағдарламасы бойынша ел басы Н.Ә.Назарбаев үлкен көңіл бөліп отыр.
Қорытынды
Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек – іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Қадыр Мырза әлі
«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру» - деп айқын жол көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы біз жас ұрпақтар, болашақ.
Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдары мен бірен – саранды жазбаларда ғана кездеседі. Ал осы еліміз жайлы сыр шертетін кітаптар жоқтың қасы. Өзін мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп кетуде. Қала сағалағасын, туған елі жайлы жастар ұмыт қалдыруы мүмкін.
Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына уақтылы үлес қосқанымыз. Ғылыми зерттеу жұмысы одан әрі жалғастырылады.