Материалдар / Туған өлкеміздің экологиялық мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкеміздің экологиялық мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
4742
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкеміздің экологиялық мәселелері

Сабақтың мақсаты: Туған өлкенің экологиялық проблемалары , олардың туындау себептері туралы мағлұмат бере отырып,топтық жұмыс негізінде сыни қөзқарастар қалыптастыру.

Табыс критерийлері:

-Экологиялық проблемалар туралы жалпы мағлұмат алады; экологиялық проблемалардың туындау себебін түсіне алады; проблемаларды шешу жолдарын тауып ұсына алады

-Қазақстандағы экологиялық мәселелердің асқынуына әсер етуші факторлар туралы анықтайды.

-Арал теңізінің жағдайы туралы білімдерін толықтырады.

-Атырау облысы мен Каспий теңізінің экологиясы туралы өз ой-пікірлерін толық жеткізе алады.

Пәнаралық байланыс: Тарих пен биология

1. Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушы назарын сабаққа аудартады, топқа бөледі.

2. Үй тапсырмасын сұрайды.

3.Мұғалім оқушыларға ой қозғауға видеоролик ұсынады.

1.Оқушылар мұғалімге құрмет көрсете отырып амандасады.Ынтымақтастық жағдайында топқа біріктіріледі. Оқушылар топ ережесін қайталайды.

2. Оқушылар өздері жазып келген эсселерін оқиды.

3. Видеороликті тамашалайды.

4.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Жоғарыда айтылған қасіреттерді болдырмау үшін

«Табиғатым- тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз.

Туған жеріміз Байзақ ауданы табиғаты мен экологиясы туралы айтып өтер болсам, Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі. Табиғи апаттардың көрінісі қазіргі күнде қатты жел соғуы қаупі төніп тұр, біздің аумақ құмды шөлейтті жер болғандықтан құм көшуі жиі болады .Құм тоқтататын ағаштар мен жеміс ағаштарын отын ретінде шамадан тыс қолдану олардың азаюына әкеп соқтырады, сондықтан ауданымызда жыл сайын ормандар өсімін молайту және ормандарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, сексеуіл және басқа құм тоқтатқыш тұқымдар, жеміс дақылдарын егу жүзеге асырылады.

2. Топтық жұмыс. (Постер қорғау.)

3.Жеке тапсырма. «Не? Қайда? Қашан?»

4.Экологиялық жағдайды жақсарту жолдары туралы топтарға сұрақ береді.

1.Тақырыпты дәптеріне көшіріп жазады

2.Оқушылар топта бірлесе отырып, ойланып ақылдасады, тапсырмаларын орындайды.

3.Интерактивті тақтада берілген тапсырманы орындайды.

4.Сұрақтарға ойлана отырып жауап береді.

5. «Синквейн».

Оқушылар 5 жол өлең шығарады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы видеоролик ұсынылды. Өз пікірлерін ортаға салады.


Мұғалім сабақты қортындылайды.

Табыс критерийлері

Оқушы ______________________________________________________________

Жетістік деңгейі

Нақты мақсаттар көрсеткіштері

Жеттім

Талпындым

0,5

Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы білдім.



1

Экологиялық проблемалардың асқыну себептерін түсіндім



1

Арал теңізінің жағдайы туралы білімімді толықтырдым.



1

Атырау облысы мен Каспий теңізінің экологиясы туралы өз пікірімді толық баяндай аламын.



Венн диаграммасын толтыру.

1.Ауылдағы бір көшені таңдап алып, оның экологиялық жағдайына баға беру.

2.Экологиялық жағдайды бұзып жатқан жағдай болса, ол кімнің әрекеті екендігін анықтау.

3.Жайық өзенінің экологиялық жағдайына баға беру.

Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру.

«Жеттім», «Талпындым» графаларына + немесе - белгілерін қойыңыз

2.Кері байланыс.

- - сабақ маған ұнады,тақырыпты меңгердім

-сабақты түсіндім, әлі білгім келетінім бар, қиындықтар болды.


- Сабақ маған түсініксіз болды

Үйге тапсырма: Қазақстандағы экологиялық мәселелер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!