400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкемнің табиғи танымдық маршруттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарасай ауданы аймағының туристік нысандары талданған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Акимбаева Шырын Курмангалиевна, география пәні мұғалімі

Махмуд Іңкәр

«Абай ауылындағы №2 орта мектебі»КММ ,6-сынып оқушысы

Қарасай ауданының туристік мүмкіндіктері

Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттегі экономиканы дамытудың маңызды қадамдарының бірі-туристік әлеуетті арттыру болып табылады. Сондықтан біздің елімізде туризм саласын ілгерілетуге баса мән берілуде. Соның бірі- Алматы облысы, Қарасай ауданы аймағы деп білеміз. Өйткені Алматы шаhарына жақын орналасқан бұл аймақтың әсем табиғатымен көз тоймайтын көрікті жерлерінің Отандық ішкі туризмді дамытуда алғышарттары басым, потенциалы жоғары.

Қарасай ауданы-Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Орталығы –Қаскелең қаласы. Ауданның ең биік жері — Іле Алатауы баурайынан Ақсай өзені бастау алатын Айдатау шыңы (4029 м). Шыңды мәңгі мұз бен қар басқан. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың жылдық орташа температурасы — -6-9°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 300-500 мм. Мұнда таудың қара топырағынан бастап, қуаң даланың бозғылт қоңыр, сұр топырағына дейінгі барлық табиғи белдемге тән топырақ түрлері таарлған. Биік таулы белдеуде алмұрт, шие, алма, өрік, долана, арша, шырша, альпілік, субальпілік шалғын, жазық өңірде бетеге, жусан, ебелек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өседі. Жануарлардан: арқар, таутеке, қасқыр, түлкі, қоян, борсық; құстардан: ұлар, кептер, бүркіт, сұңқар, т.б. мекендейді. Аудан жерімен Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), Ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы өзенідері ағып өтеді. Жалпы туризмнің дамуына үш фактор негізгі құраушы болып табылады. Олар табиғи, әлеуметтік-экономикалық және туристер үшін қолайлы сапар шегу мен уақыт үнемдеу мүмкіндігінің жоғарылығы болып табылады. Қарасай ауданы аумағында табиғи туристік және танымдық-мәдени нысандар да жетерлік. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек, олар келесі нысандар мен орындарды қамтиды.

1. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайыткен ғасырдан сыр шертетін нысан. Бұл музей үйін 1899 жылы казак-орыстар діни мектеп үшін салғызған. 1938 жылы қыркүйекте қазақ орта мектебі ашылды. Ұлы Абай есімі мектепке 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай берілді. Музейдің залдары мен бөлімдері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған.

2. «Анаға құрмет» мұражайы-Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында орналасқан. Музей жанынан қойылған «Анаға тағзым» ескерткіші де орын алған. Мұражай-апа-әжелеріміздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, отбасы құндылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал жасауды мақсат етіп отыр.

3. «Батыр бабалар» мұражайы- Қарасай ауданына қарасты, Қырғауылды ауылында орналасқан. Музей Республика тәуелсіздігінің қалыптасу тарихынан сыр шертеді. Музейдің орталық бөлігінде батыр бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетілген композиция орналасқан.

4. Қарасай батыр ескерткіші — 2006 жылы Қаскелең қаласында Қарасай батыр рухына арналып орнатылған.

Табиғи ескерткіштер. Ақсай шатқалы ең алдымен шіркеуімен (шіркеулік скит) және Ақжар үйіндісімен белгілі. Ақсай көлі 1887 жылы 28 мамырда ең күшті жер сілкінісінің нәтижесінде жойылып, 60 метрге тас қабатымен жабылды.

Тас қамал (Ақсай шатқалы) Шатқалдың тағы бір тартымдылығы - Ақжар үйіндісінен алыс емес, өзеннің сол жағалауында орналасқан "Ваня ағайдың" тас қамалы. 69 жастағы Иван Плотников Іле Алатауының тауларында ерекше құрылым тұрғызды.

Қаскелең шатқалында қазақ тілінен аударғанда "тас үй" деп аударылған Үй-тас бар, ол пішіні бойынша дәстүрлі киіз үйге ұқсайды. Тас шеңбер күйінде салмағы 500 тоннаға жуық биіктігі 6м.

Аудан аумағында бірнеше туристік базалармен орындар да бар. Олардың аймақ экономикасын дамытудағы орны ерекше. Аудан аумағында 20 жуық туристік қызмет көрсетуші мекмелер жұмыс жасайды. Олар алыс жақын шет елге және ел іші аймағында демалушылардың саяхатттауына мүмкіндік жасайды. Ондай туристік фирмалармен агенттіктер қатарына Қазақстан нарығында бірнеше жыл жұмыс істеп тұрған келесі мекемелер болып табылады. Олар: «Ost Travel Agency», «Номад», « Поехали с нами», «Salem Alem Tour», «Жетісу Travel т.б


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Егемен Қазақстан газеті // Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды 2019 жыл, 10 қазан

  2. Vizit Kazakhstan сайты //Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2022 ж

  3. Velotyanshan.narod.ru //Тянь-Шань из седла велосипеда

  4. https://zhetysu.travel/ сайты // Оздоровительный комплекс Алатау Маралы, 2022 ж.

  5. kaz.nur.kz // «Батыр бабалар» рухани-мәдени кешені – ел тарихының алтын 2018ж , 1 қыркүйек

  6. http://kazmuseum.kz// «Анаға құрмет» музейі-Алматы облысының мақтанышы 2015ж , 10 тамыз

  7. http://kurorty.kz сайты// Лечебница Алатау маралы

  8. adrenalinicsilence.kz// Плато Ушконыр и ущелье Шамалган



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.10.2023
268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі