-
Жем өзенінің шығу
тарихы
Ғылыми жұмысымда арқау
еткелі отырған туған жерім – Бірлік ауылы (бұрынғы «Жұрын»
совхозы). Құмжарған ауылдық округінің орталығы. Ол Жем өзені
бойында орналасқан. Жем өзенінің тарихына үңілетін болсақ, бұл атау
Асан Қайғының фольклор-жырларында да кездеседі. Тереңге көз
жүгірткен ғалымдар Жем өзенінің ежелгі атауы – Шат болған деп
тарихқа негізделген болжамнан түйін түйеді.
... Асан Қайғының
баласы Абат батырдың мінез-құлқы мен батырлығына риза болған
Жәнібек хан күндердің бір күні оны ордасына шақырады. Бұл кезде
Асан Қайғы қазіргі Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау өңірін
жайлап отыр екен. Абат жиналып, Жәнібек хан ордасына жол жүргелі
жатқанда, әкесі Асан Қайғы: «Хан не тілегің бар еді?» - деп сұрай
қалса, «Шаттың бойынан жаңа қоныс сұра», деп тапсырып, Шаттың
(Жемнің) қасиетін сөзбен суреттеп жеткізеді:
Көлгірсіген құба
дөң,
Талайдан қалған жер
еді.
Бір жағы оның
сұрасаң,
Түйе менен қойға
жай,
Бір жағы оның тағы
да,
Жылқы, сиыр малға жай
еді.
Анығын оның
сұрасаң,
Ноғайлының
жиналған
Ашы менен
арығы,
Пақыры мен
мүскіні,
Аштарына балық бар
еді.
Ол да соған жай
еді,
Жәнібекке барсаң
сен,
Сұрашы, балам, сол
жерді
(Батырлар жыры.
Алматы, 1990. Том 6. 60-61-б.б.)
Тарихта кейін Асан
Қайғының Жемнің бойын жайлағаны туралы дерек бар. Абаттың тілегін
екі етпей, сұрағанын берген соң, Асан Қайғы жұрты Жемге көшеді.
Бау-бақшасы сыңсыған, балығы тайдай тулаған ырысты өлкені Асан
Қайғы Жем деп атайды. Маңғыстаулық ғалым Серікбол Қондыбай «Есен
қазақ» кітабында «Асан мен Абат Жәнібек ханнан Ащыбас-Шаттың бойын
алады». Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Сарай «Шат деген Жем
өзені. Демек, бұрынғы атауы Шат болған. Асан Қайғы Жемге көшеді.
Жем Асан Қайғыдан қалған тәбәрік іспеттес» деп жазады. Міне, біздің
елді мекеніміз орналасқан – Жем өзенінің тарихы
осындай.
-
Бірлік ауылының
тарихы
Ал ауылдың
тарихына келетін болсақ, қазіргі «Бірлік» ауылы 1940 жылы «Жұрын»
колхозы болып құрылған. 1960 жылы КазССР Жоғарғы
Кеңесінің депутаты, Социалистік Еңбек Ері – Балым Бримова «Жұрын»
совхозының жасақталуына өз үлесін қосқан. Жасақталған кезде
Жем өзенінің оң жақ бетінде орналасқан «Новая жизнь», «Құмжарған»,
«Қазақстанның 30 жылдығы атындағы» колхоздар негізінде «Жұрын»
совхозы қайта құрылады. «Жұрын» ауылының атауының шығуында да үлкен тарихи мән және
бірнеше болжам бар. ХVIII ғасырда қалмақтың Қонон деген баукеспе
ұры, палуан батыры өмір сүрген. Ол қаһарлылығымен, өжеттілігімен
халықты қорқытып, күш көрсетіп, өзіне мыңға тарта қол жинақтап,
өзін хан деп жариялайды. Қонон ханның жинаған сарбаздарының ішінен
Жұрын деген батыры әскербасы болып тағайындалған. Қонон ханның
өмірімен Жұрын батыр бастаған қалмақ қолы қазақ еліне жойқын
шапқыншылықтар ұйымдастырып, күйзеліске ұшыратып
отырған.
Шайқастардың бірінде
Жұрын батыр қазақтың батыры тамалық Есет Көкіұлымен жекпе-жек
шайқасқа шығады. Бұл жекпе-жек Есет батыр қалмақтың атақты ержүрек
батыры Жұрынды жеңіп, ерлігі мен батырлығын тағы бір мәрте паш
етеді. Жеңілген Жұрын енді айтқанына көніп, Қононға қарсы шабуылға
шығатынына уәде берген соң, Есет батыр оны
өлтірмейді.
Жұрын батыр қалмақтарға
тұтқынға түскен Есет батырдың ұлы Ақмаңдайды іздеп, тауып әкелмек
болып, еліне аттанады. Ақмаңдайды іздеп таба алмай ашуланған Жұрын
өз елін шауып, жылқысын айдап, Есет батырмен дос боламын деп қалмақ
елінен қазақ даласына кетіп қалады.
Батырдың ерлігіне,
адалдығы мен әділдігіне тәнті болған Жұрын қайтып келіп, қол
алысып, мәңгі дос боламын деген соң, Есет батыр Жұрынға жер
берген.
Жұрын да қайтпас қайсар батыр әрі ақжарқын жомарт адам
болған. Ал Есет батыр бөліп берген жер «Жұрын» аталып кеткен деген
болжамның біреуі.
Ал
екінші болжам: қазақтар мен қалмақтар
соғысқан, жаугершілік заманда жекпе-жекке шыққан қазақ пен
қалмақтың Жұрын есімді батыры осы жерге дейін шайқасып келеді.Осы
жерде қатты шаршаған екеуі де,демалуды ұйғарды.Ұйқыдан бірінші
болып оянған қазақтың оянуын қасында күтіп отырды.Ұйқыдан оянған
қазақ таң қалын:"Неғып мені өлтірмедің?"-дегенде, қалмақ:"Маған
әділ күрес керек"-деген екен.Сол жерде қалмақтың ісіне риза болған
қазақ қалмақпен достасып,төс түйістіріп,"Жұрынның" есімімен
атаған.
Үшінші болжам:
«Жұрын» топонимі этимологиялық тұрғыдан
географиялық атауларды қалыптастырудың дағдыдағы жүйесінен сырт
тұр. Мұнда елді мекен жөніндегі ақпараттың айқын және типтік
принциптері, метафорлық дискурс, жергілікті жерді көзбен шолып
қабылдау айқын көрсетіліп тұрған жоқ. «Жұрын» сөзі хайуан денесінің
бөлігін, дәлірек айтсақ сол денедегі басуға қиын жүн бөлігін
көрсетеді. Бұл мойындағы, қолтықтағы жүндер. Сөздің екінші
мағынасы: осы жүннен сырт киімнің етегіне немесе жең шетіне жиек
салынады. Көшпелі қазақтың мұндай атау беруі жергілікті жер
ландшафтысының өсімдік әлемі мен су көлемінің , жазық жерді
көлбеумен ұштастыруын, топонимикалық ортаны шолуды
көрсетеді.
1965 жылдың 17
желтоқсанында Ақтөбе облысының құрамында жаңа Мұғаджар ауданы
құрылады. Оның орталығы Ембі қалалық поселкесі болып белгіленеді.
Жаңа ауданның құрамына Темір ауданының Егіндібұлақ, Еңбекші,
Жұрын, Құмжарған,
Орқаш, Шилі және Ембі ауылдық кеңестері мен Шалқар ауданының
Мұғаджар ауылдық кеңесі қосылды.
Құмжарған ауылдық
округі – шығысы Ембі, Жем қалалық округтерімен, оңтүстік-шығысы
«Эмба-5» әскери-полигон аймағымен, батысы Темір ауданымен ,
оңтүстігі Батпақкөл ауылдық округімен, солтүстігі Жұрын ауылдық
округімен шектеседі. Елді мекендері: Бірлік, Құмсай, Құмжарған,
Шеңгелші. Климаты құрғақ болып келеді. Құмжарған кентінің
дәстүрлі атауы сөзбе-сөз аударсақ, «құмды жарған» - «разбивный
песок» мағынасын білдіреді.
«Жұрын» совхозы 1993
жылдан бастап, «Бірлік» ауылы болып
өзгертілді.
«Бірлік» топонимі қазақтар үшін XVIII
ғасырдағы тарихи халықтың бірлесуі аса қажет болып тұрған
тәуелсіздік үшін алауыздықты жоюға бағытталған кездерді көз
алдымызға келтіреді. Шын мәнінде қайта атау және осы атауды алу
туралы шешімді жергілікті жердің тұрғындары 1993 жылы қабылдаған
еді. Топонимнің семантикалық мәні тарихи қатер сипаты алып бара
жатқан бірлікті қажет ететін шашылу мен араздық жағдайының
қайталануына негіз болған 90-жылдар бір уақытта бір елдің таратылуы
салдарынан қатерлі еді, сондықтан да жағдайды осылайынша қабылдау
контекстінде ауыл тұрғындарының осындай шешімінің пайда болуына
алып келді.
-
Елді мекеннің жер-су
аттары.
-
«Қарамола» қыстағы.Бұл
қыстақта белгісіз бір әулиенің моласы бар деп
айтылады.
-
«Жалын» қыстағы. Кеңес
одағы кезінде «Жалын» атты жас шопандар бригадасы мал баққан. Содан
барып жер атауы солай аталып
кетті.
-
Қандыкөл көлі. Бұл көлдің
атауы туралы екі пікір. Бірі:
Ә.М.Мурзаев (Түркі топономиясының кестесін
салған ғалым, профессор) өз еңбегінде «қан» сөзі — от, молшылық
мағынасын береді, шөбі қалың көл деп түсіндіреді. Екіншісі: бұл
қара суға адамдар көп кетіп өлген, сондықтан осылай аталған деген
пікірлер бар.
-
Жайынды көлі. Жайынды —
көл атауы, көлде жайын балығының көптігіне байланысты
қойылған.
-
Сарытоғай. Сарытоғай —
өзен жағалауы, негізінен ши өседі, малға қолайлы
жер.
-
Алкелді төбесі — елді
мекеннің батысында 15 шақырым жерде орналасқан төбе. Ерте
замандарда «Алкелді, Алкелдіге жау келді» деп ұрандатып ұрысқа
кіріскен. Себебі, сол жердегі биік төбеден жауларды
бақылап тұрған.
-
Ащысай сайы. Ащысай –
сортаң топырақ, алайда ол осы топырақта өсетін өсімдік атын да
білдіруі мүмкін.Сәйкесінше, ащысай мағынасы көп мағыналы болып,
топырақ сипатын да, өсімдікті де қатар білдіріп
тұр.
-
Құмсай ауылы. Ауылдың
бұлайша аталуы жерінің құмдылығына , суының молдығына
байланысты.
-
Шолақ өзені. Жем өзенінің
бір саласы. Өзеннің қысқалығына, шолақтығына байланысты
қойылған.
-
Боқай өзені. Жем
өзенінің саласы. Көктемде тасып, жаз ортасында арнасы кеуіп қалады.
Кіші жүздің атақты батыры – Есет Көтібарұлының туған інісі Боқай
батырдың есіміне байланысты қойылған. Боқай батырдың ауылы көктем
кезінде осы өзеннің бойында мекен еткен деген тұжырым
бар.
-
Шеңгелши ауылы – Бірлік
ауылының елді мекені. Шеңгелши деп аталуы сол ауылдың сайларында
шеңгел өсімдігінің көп өскендігіне байланысты қойылуы
мүмкін.
-
Бірлік ауылының
маңында орналасқан тарихи
ескерткіштер.
-
ЖӘЛІМБЕТ
МАЗАРЫ. Ескерткіштің атауы
және мерзімі: Жәлімбет
мавзолейі, ХІХғ.- ХХғ.басы.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылынан батыста 15 шақырым жерде
орналасқан.
Сипаттамасы: Мавзолей
қасбетті-күмбезді, төртбұрышты, күйдірілген, күйдірілмеген
кірпіштен қаланған, іргетасы тұрмыстық тастан, арасы балшықпен
сыланған. Оңтүстік қасбетінде орналасқан бетше босағасында пилондар
сақталған. Ғимараттың қаңқасы нақты бұрышты конструкцияны құрайды.
Ғимараттың сыртқы жағында айқын ойықтардың арасында камералар
орналасқан. Мавзолейдің жарына өріп қалаған жалпақ барабан күмбез
болып жалғасып кеткен. Жар құрылысында бұрыш ойықтарының арасында
терең жебе тәрізді ойықтар бар. Камераның сырты тегістеліп
ақталған, арканың төменгі бөлігінде өсімдік және геометриялық
ою-өрнектердің іздері сары және қара түсте
сақталған.
Сақталған биіктігі - 6,00м,
ауданы 9,70 х 9,70м.
Жәлімбет
батыр қайтыс болғасын балалары, тума-туыстары оның мүрдесін Ащы
өзенінің Жем өзеніне құяр сағасына жерлейді. Мазары кейінірек
салынған, оны салуға Жәлімбеттің алтыншы баласы Есенғұл көп қызмет
етіпті. Өзбекстанның Ташкент қаласынан сарт Алдабергенді алдыртып,
70 бие саудыртып, оның сүтіне балшықты илеттіріп, қызыл кірпіш
соқтыртып, сегіз қанатты орындықты биік там салдыртып, төбесін
темір қаңылтырмен жаптыртып, күміс пен алтыннан оюлар жасатқызып,
дөңгелек күмбезін орналастырған. Ақысына 20 құлынды бие алыпты.
Кірпішті тамның тұрған жерінен күйдірген деген қауесет
бар.
-
ЖАНҚАСҚА
БАТЫР МАЗАРЫ. Мазар ауыл халқы «Мешіт мүйісі» деп атап кеткен
төбенің басында орналасқан. Жағалбайлы тайпасынан шыққан
Жанқасқа — батыр әрі би болған кісі. 1805-1810 жылдары Ор өзенінің
бойында дүниеге келген. ХІХ ғасырдың басында ұлт-азаттық
көтерілістің басшылары Шектіден шыққан Көтібар, Арыстан
батырлармен тізе қосып Ресей патшасының қазақ халқына жасаған
қиянатына төзе алмай, жиі бас көтеріп отырған.
1835 жылы Ресей губернаторы жіберген
жалдамалы қарақшының қолынан қаза табады.
-
ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ КӨК ҮЙІ. Құдайберген деген
белгілі бай Орынбор қаласындағы орыс, татар көпестерінің үйлерінің
үлгісімен өзіне, кенже інісі Қуанышбайға үй салдырады. Өз үйінің
төбесін қаңылтырмен жаптырып, көк бояумен сырлатқан. Сондықтан оны
«Құдайбергеннің көк үйі» деп атап кеткен. Кейін бұл үй орталау
мектеп-интернат болған. 1930-1932 жылдардан кейін бұрынғы Шеңгелши,
Жағабұлақ, Жаркемер елді мекендерінің жоғарғы сыныптағы балалары
оқыған.
-
ҚҰМЖАРҒАНСАЙ. Жаңа тас дәуіріне
жататын қоныс. Құмжарған елді мекенінің солтүстік-батыс жағында 250
м жерде. Қонысты әуесқой археолог В.И. Самодуров қарап шыққан.
Құмжарғансайдан табылған тас қырғыштар, сыртына өрнек салынған көзе
сынықтары оның жаңа тас дәуіріне жататынын
дәлелдейді.
Мазмұны:
-
Кіріспе........................................................................................................................................
1
-
Зерттеу
бөлімі
§1. Жем өзенінің шығу
тарихы.............................................................................................................
3
§2. Бірлік ауылының
тарихы.................................................................................................................
4
§3.
Елді мекеннің жер-су
аттары...........................................................................................................
6
§4.
Бірлік ауылының маңында орналасқан тарихи
ескерткіштер.............................................................................................................................................7
Қорытынды.............................................................................................................................................
11
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Ахметов Н. «Жұрын туралы
аңыз бен шындық» // «Ақтөбе» газеті. 2003 жыл. №12
желтоқсан;
-
Ахмедов Ғ. «Жем бойында»
Алматы. 1993 жыл;
-
«Мұғалжар»
энциклопедиясы. Алматы. 2011 жыл;
-
«Ақтөбе» энциклопедиясы.
Ақтөбе. 2002 жыл;
-
Нұрғазина Д. «Жем
өзенінің топожүйесін зерттеудің тарихи-географиялық
негіздері»;
Аннотация
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп
жылдан астам жазылмай келген ауылымыздың, жеріміздің тарихын, елден
шыққан тарихи тұлғалардың өмірін, олардың ел арасына тараған
мұраларын жинақтауға
арналған.
Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз
Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды
білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз
халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын
білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен
еш айырмашылығы болмайды.
Сондықтан осы еңбегімізді
болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес
екендігін түсінсін деген
сөз.
Бұл зерттеу жұмысында
оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын
арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге
тәрбиелейді.
Осындай мақсатпен жұмыс
істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында
көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар
еді.
Абстракт
Это
исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо
урегулирования, помогла
установить историю нашего
аула,жизнь исторических
деятелей нашего
аула , чтобы получить
их общее наследие нашего
государства .
Известный во всем
мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, "не
зная прошлого , трудно
предсказать будущее".Человек, который не
знает своего прошлого
по роману Чингиза
Айтматова тот и не знает
своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается
из поколения в поколение.
Ученики
, ознакамливаясь с работой данного
исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить
стремление к жизни ,чтобы
воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей
работе школьников
можно сделать много
нового,для получения новых данных
экспонатов.
Abstract
This research work, over many
years, without any settlement, the history of our country, the
lives of historical figures from the country, to gain their arasna
common heritage of the country.
Known throughout
the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, "without
knowing the past history, current knowledge of the situation, it is
difficult to predict the future". What is the history of people's
intelligence. Intelligence, a person who does not know where it
came from that ChingizAitmatovağamızdıñ novel is no different
mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the
future of this work is to understand that it is defective.
Ölkemdistudents
familiar with the work of this study, I knew it would be useful to
increase the longing for meaning. To foster a love of the
Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the
students do a lot of new data tolıqtırılar of the
exhibits.
Кіріспе
Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек – іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
Қадыр Мырза Әлі
Қазақтың қай
ауылына барсаң да, ғасырлардың куәсіндей әр
жерде қадау-қадау боп
қалып қойған саялы бәйтеректерді кездестіресің. Біздің ауылымыздың да
сондай тамыры терең болып , жапырағы жайқалған байтеректер бар. Барлығы да
бұтақтарын кең
жайып , жанға сая
самалымен бауырында өскен балапандарын желпи түсіп, адасқанға жол
көрсетіп, жөн сілтеп отырады.
Тек солармен сырласып өскен үрім
–
бұтақтар ғана
талай сындардан өтіп, адамгершілік пен
азаматтықтың, бауырмалдық пен
достықтың ұлы
мектебінен дәріс алады, дәл солардай еңсесі биіктей түседі. Сөйтеді де
,
ақырын ғана
сылдыр қағып, сандықтың қақпағын ашады, шежіре шомылдырып, тарихқа тоғытып алады.
«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»- деп айқын жол
көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы
жас ұрпақтар, болашақ.
Ар – намысты қорғауға, Отанға тіреу болуға, адамгершілік пен
имандылыққа тәрбиелеу. Ол – елжандылық рухын көтеру. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын
алып, оларды белсенді іс
–
әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта туған елінің, өзімінің ауылымының, жерінмің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер
тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.Зерттеу неәтижесінде туған жерімнің тарихы жайлы біраз мағлұматтар жинақтау. Екпініді ауылының ата
тарихы, әріден басталып келетін, қасиетті мекен. Екпініді ауылынды небір тарихи тұлғалармен талантты ұл
–
қыз өрбіткен бұл
мекеннің тарихы мол. Қазіргі кезде өлке
тарихы ауыл
ақсақалдары мен
бірен – саранды жазбаларда ғана
кездеседі. Ал осы
еліміз жайлы сыр
шертетін кітаптар жоқтың қасы.
Өзі мекен етіп отырған елі мен
жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Бүгінгі
таңда нарықтың қыспағына ұшырап ауылдар мен елді мекендерін, кіндік
кескен туған жерін тастап, жұмыс іздеп қалаларды сағалап көшіп
кетуде.
Қала сағалағасын, туған елі
жайлы жастар ұмыт қалдыруы
мүмкін.
Қазірден бастап олардың
санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте
олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасыуна уақтылы үлес
қосамыз.
Қорытынды
Міне , менің аулым – нұр
мекенім,
Әлдилеп, бесігімді
тербеткенің
Сезбеппін – ау сезімнің
менде екенін,
Білмеппін – ау , бақыттың
сенде екенін.
Би билеуді үйреткен тал –
тірегің,
Бір өзіңмен сезіндім –
дерегін,
Жер бетінің жұмағы сен
екенсің,
Сенен артық мекенім бар ма
менің!
Ауданнын, ауылымның бұл тарихи шежіресі
«Бірлігім, Жем
бойы жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел
болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз
қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие
болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер
жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз ойлап , жылдап емес күндер көркеюде.
Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам,
дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық
таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін.
Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз
шежіре.
Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз
жылдан жылға жақындап , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік
жағдайы жақсарып , жан
сүйсіндіруде...
«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы
ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне
өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертен кім боламыз демек. Бұл
әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де
олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы
қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған
осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген
сөз» Н.Ә.Назарбаев
Құмжарған орта
мектебі
Ғылыми жобаның
атауы:
«Менің ауылым – үздік ауыл
Әлемдегі!»
Жобаның
авторы: Байтақов
Мерей
Бірлік ауылы. 2017
жыл.