Материалдар / Туған өлкені зерттейміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкені зерттейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Туған өлкені зерттейміз»

І – Кіріспе бөлім

«Туған өлкем-Маңғыстау»

Маңғыстау санадайдан тоңазытқан

Жүрегін талай ердің қобалжытқан

(Халық жырынан)

Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды.Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады.1988 жылы қайтадан Атырау облысы қарамағына берілді.1990 жылы Маңғыстау дербес облыс атанды.

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан.Жерінің жалпы қөлемі 16,7 млн га,оның 12,7 млн га-ы жайылымдық жер болып есептелінеді.Экономикалық қатынас,жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді.Өйткені облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса,оңтүстігінде Түрікменстанмен,солтүстігі мен солтүстік –шығысында Атырау,Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп,күнбе-күнгі тығыз байланыс мүмкіндігінде Ақтау форты қазақ мемлекетінің,оның болашақ теңіз флотының дүниежүзілік аренаға теніз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда.

Неше алуан бейнетпен оның зейнетін көре жүріп,қырандар қалықтап,түз тағылары жортқан қатыгездеу өлкеде сұс аңғарта білген,қаҺармандық пен мәрттікке жүгінген айбынды елдің ресми түрде Маңғыстау ауданы атанар тұсы 1928 жылдардың еншісіне тиеді.Аудан 1928 жылы құрылған.Жері-37,8 мың шаршы км,халқы-31 мың адам.Әрине,оның орталықтарына тоқталар болсақ,әр жылдарда Форт-Шевченко,Таушық,Шетпе болғандығы белгілі.

Шетпе-Маңғыстау ауданының орталығы.Ақтаудан 96 км жердегі теміржол станциясы 1965 жылы салынған.Кент аумағында Ескі Шетпе,Қосбұлақ(Кольцовка),Ащыбұлақ ауылдары бар.Халқы-12464 адам.

1966 жылы Гурьев-Маңғыстау темір жолы салынып,пайдалануға берілуіне қарай аудан орталығы Таушық поселкесінен Шетпеге көшірілді.Ауданымыздың бірінші басшылығына сол кезде жоғарыдан талай адамдар келді.Осы аудан басқаруға келген адамдардан ардагер азаматымыз болып кеткен Т.Қағазов Маңғыстауда 30 жылдай қызмет етті.Осы кезеңде ауданымыздың экономикасы иен мәдениетін,ауыл шаруашылығын көтеру жолында көптеген ағаларымыз қолдан келгенше адал еңбек етті.Шетпеде алғашқы жылдары темір жолға қарасты екі қабатты тұрғын үйлер салынып,жұмысшылар игілігіне пайдалануға берілді.Сегіз жылдық мектеп,балабақша,асхана жұмыс істей бастады.Осыдан кейін поселке орталығына құрылыс мекемелері арқылы тұрғын үйлер салына бастады.

1968 жылы Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп пайдалануға берілді.Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға ескерткіш орнатылды.Соңғы жылдар ішінде орталықта 3 аурухана,перзентхана,емхана,мәдениет үйі,спорт кешені,орталық музей,балабақшалар,М.Атымов,Н.Жұбаев,А.Меңдалыұлы,Б.Жұмалиев орта мектептері,Шетпе лицейі,гимназиясы,кәсіптік-техникалық колледж халық талабына сай қызмет етуде.Аудандағы айтулы өзгеріс 2001 жылдан бастап Жетібайдан Шетпеге «көгілдір отын» жеткізіп,халық игілігін көруде.Мұсылмандар үйі-орталық мешіт салынды.

Бүгінде ауданымыз жылдан-жылға көркейіп,сәнді де,сәулетті мекенге айналуда.

ІІ- Негізгі бөлім

«Маңғыстау өлкесіндегі табиғи және жасанды ескерткіштер»

Маңғыстау... Тарих пен табиғаттың бірге толғаған тамаша дастаны,бірге салған таңғажайып суреті,бірге тартқан тағылымды шежіресі...

Ә.Кекілбайұлы

Біздің өлкеміз жалпы тарихи ескерткіштердің мекені десек артық емес.Оның ішінде табиғи және жасанды ескерткіштер ерекше орын алады.Ең алдымен табиғи және жасанды ескерткіштердің қандай ерекшеліктері бар екендігіне тоқталайық.Табиғи ескерткіштер деп әртүрлі табиғи күштердің нәтижесінде пайда болған ескерткіштерді атаймыз.Яғни оның негізін салған адам болмайды,жер бетінде ежелден пайда болған ерекше ескерткіштер.Ал жасанды дегеніміз адам қиялынан немесе қолынан пайда болған ескерткіштер.Толығырақ айтқанда, белгілі бір адамның ойына сүйене отырып,оның өз қолымен жасалған дүниелер.Әрине бұл ескерткіштердің екеуінің айырмашылықтары жер мен көктей.Оны толығырақ аша түсу үшін, біздің өлкеміздегі табиғи және жасанды ескерткіштерге көшейік.Біздің өлкемізде табиғи ескерткішке қарағанда жасанды адам қолымен жасалған ескерткіштер көптеп кездеседі.Оның ішінде табиғи ескерткіштерге: Шерқала тауы,Айрақты тауы,Отпан тау,Ақмыштау,Ақтау,т.б. Яғни байқап отырсаңыздар көбісі таулар.Ал жасанды ескерткіштерге көбінесе қорымдар,яғни:Сейсем-Ата,Шопан-Ата,Қараман ата,Масат ата,Бекет-Ата,Қамысбай зираттары,сол секілді тағы да басқа қорымдар және де батырлардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштер,оның іщінде:Досан батыр,Шотан батыр,Абыл ақын сияқты ескерткіштер кездеседі.Негізі бұлардың ішінен мені ең қызықтырғаны табиғи ескерткіштер болды.Сондықтан,кішкене мәлімет беріп кетуді жөн көрдім.

Отпантау – тарихи-мәдени кешен. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Әуелі кешен жобасына байқау жарияланып, оған бірнеше үміткерлер қатысты; сарапшылар алқасының ұйғарымымен К.Демесіновтің жобасы кешен негізіне таңдалып алынды. Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен «Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрілер мүсіні орнатылған. Тау басына көтерілетін айналма тепкішекті қоршай жаяу және көлік жолдарына тас төселген. Күмбез төбесіне сәуле шашып тұратын қуатты шырақ жағылған; газ, электр желісі мен тұщы су құбыры тартылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған.

Айрақты – Батыс Үстірт кемерінің қиыр солтүстік-батысы және Өліқолтық сорының түйіскен жеріндегі тау.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 148 м. 1931 жылға дейін өзімен аттас айлақ және елді мекен болған. Қазан төңкерісіне дейін Айрақтыдан Қоңырат қаласына (Қарақалпақстан) дейін тұрақты сауда керуені қатынап тұрған. Қазақстандағы ірі ас тұзы және мирабилит тұздарының кен орны ретінде белгілі.

Осы табиғи ескерткіштердің ішінен,яғни таулардың ішінен Шерқала тауының атауына,тарихына,аңыздарына зерттеу жүргіздім.



ШЕРҚАЛА – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға жүретін жол бойындағы тау, қамал аты. Арабша жолбарыс қала деген мағынаны білдіреді. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде  талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп,  дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен. Тау қатпарлары палеоген дәуірінің әктасты, сазбалшықты жыныстарынан түзілген. Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар. Бірақ жергілікті қариялардың айтуынша, онда адамның кіруі қауіпті. Аңыз бойынша ол жерде өлген адамдардың жандары өмір сүреді екен.  Осы жерде әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі келіп пленер жасапты. Төңкерілген кеседей таудың үстіне шығатын жол жоқ. Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида таудың солт.-шығыс бетінен түбіндегі тоннелге жол тартылған. Тауды үңгіп қазылған тоннель жоғарылаған соң екітарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеулерінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар. 1851 ж. геол. Экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б.Залесский: «Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің»-деп жазып, Шерқаланың суретін салып алады. Ол сурет Б.Залесскийдің «Қырғыз даласындағы өмір» атты альбомында 1856 ж. Парижде, 1989 ж. Алматыда қазақ тілінде жарық көрді.


Шерқала тауы жөнінде аңыздар көп,соның бірі мынадай:

Бұл өңірге адамдар әлі мекен ете қоймаған заманда Шер атты арыстан сол жерге түгел билік құрып тұрыпты.Жалған атты бүркіт және жеті қарақұс тауда өмір сүріпті.Жалған жыл сайын жұмыртқалап,балапан шыққан соң жем іздеп кеткен кезде балапандарын әлдебіреулер өлтіріп,жеп кетеді екен.Кімдер екенін біле алмайды,сол жерлердегі айдаһарлардан көреді.Кім де болса,өш алмақ үшін бір күні жем іздеген жағынан ерте қайтады.Қайтып келе жатып,өз ұясындағы балапандарын жұлмалап,бастарын жұлып жатқан жеті қарақұсты көреді.Жыл сайын қастандық жасап,балапандарын өлтіріп жүрген өз туыстары екен.Жалғанның көзі қанталап,ашудан бұрқан-талқан болып,өшін алу үшін сорғалап келіп,ұясының быт-шытын шығарып жатқан жеті қарақұстың үстіне құлап,бәрін тырнақтарымен бүреді.

Жер көз көрсетпейтін ала шаң болып үш күн тұрыпты.Осы көрініске жапан далада жортып бара жатқан Шер арыстан аң-таң күйінде тұрып қалған.Содан аң-таң күйінде тұрып қалған Шер де,ұясын қанатымен жауып сорғалай құлаған Жалған да тасқа айналып кетіпті.Содан бері тау-Шерқала,ал оның алдындағы жайылған құстың қос қанатына ұқсас төбе-Жалған деп аталады.Айтушылар содан бері Маңғыстауға «Жеті жұрт келіп,жеті жұрт кеткен» деген тіркес пайда болғандығын айтады.Осы тіркес аңыздағы жеті қарақұсты меңзеген деген пайымдаулар да бар.

Маңғыстаудың ғылыми тұрғыда зерттеле бастауы ХІХ ғасырдың соңғы кезеңінен күшейе түсті.Осы кезеңде Н.П.Барбот-де Марни (1889), В.П.Семенов (1896), Н.И.Андрусов (1988-89), М.М.Василевский (1908) Маңғыстаудың геологиясын зерттеудің пионерлері болды.Осы салада әсіресе Николай Андрусовтың еңбегі өте зор.





ІІІ-Қорытынды бөлім.

Бұл тақырыпты зерттеген себебім,біріншіден,өлкеміздегі ескеркіштер жайында мәлімет алу үшін,екіншіден,табиғи және жасанды ескерткіштердің ерекшеліктерін білу үшін,табиғи ескерткіштердің географиялық орналасуын,









Ұсыныс:

1.Маңғыстау өлкесіндегі табиғи ескерткіштерді қорғау,жаңартып отыру.

2.Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үнемі өлке тарихы жөнінде айтып,үйрету.

3.Мектепте, музейде бұрыш ұйымдастыру.













Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Маңғыстау энциклопедиясы», 1977 жыл

  2. «Дала» халықаралық журналы, 2009 жыл

  3. «Маңғыстау» газеті, 2006 жыл

  4. «Маңғыстау географиясы», 1997 жыл












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!