Материалдар / "Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері" ашық сабақ 8 сынып

"Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері" ашық сабақ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері" ашық сабақ 8 сынып. оқушыларды зеттеу сабағы, сабақ зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ жоспары.



Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:§26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері.Кеуде қуысының механизмі.

Мектеп: «Сәтбаев қаласының № 1 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 23.12.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Алибекова Самал Кадыровна

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар саны:

Пән: Биология

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері.

Оқу мақсаты

8.1.4.2 – тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Барлығы:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тыныс алу және тыныс шығаруға қатысатын мүшелерді біледі, оны реттейтін ми бөлімін айқындайды.


  • Көпшілігі:

Тыныс алу мен тыныс шығару механизмін дәлелдеп береді, көкіректік және құрсақтық тыныс алуды салыстырады, ажыратады.


  • Кейбірі:

Тыныс алу қозғалысын қамтамасыз ететін мүшелердің

жұмысына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті қатемен, тестпен жұмыс)


Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыс

Химия, физика.

Алдыңғы білім

Альвеола мен қан арасындағы газ алмасу. Өкпедегі қанның оттекке қанығуы. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу. Қанның көмірқышқыл газына қанығуы, жасушаның оттекке қанығуы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

минут







































Сабақтың ортасы


мин




І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу

2. Үй тапсырмасын пысықтау


Қатемен жұмыс:

1.Өкпе деп ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісін атайды. (Тыныс алу)

2.Ау өкпеге капиллярлар бойынша енеді (бранхылар)

3.Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және жүрек жатады (өкпе)

4.Өкпеден басқа аталған барлық мүшелер тамыр және бронхы жолдары деп аталады. (ауа)

5.Артерия қанында ұлпа жасушаларына қарағанда көмірқышқыл газы көп болады. (оттек)

Қ.Б.«Ауызша марапаттау» әдісі

(Жарайсың,өте тамаша,)

Жаңа сабақты басьамас бұрын сауықтыру минуты:

Біркелкі тыныс алу

Нұсқау

Мұрын арқылы дем алып, ішіңнен 2-ге дейін сана. Дем шығарып, қайта 2-ге дейін сана. Осылай кезекпен тыныс ал. Құрсақпен тыныс алу

Нұсқау:

Бір қолды кеудеңе, екінші қолыңды ішіңе қой. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңді тік ұста: Минутына 6–10 рет терең тыныс ал.

Кезек тыныс алу

Нұсқау.

Ыңғайлы отырып тыныс ал. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең тыныс ал. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен тыныс шығар. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастыр.

Жаттығу жасай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.



(сабақтың тақырыбы мақсаты айтылады.)

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері

Сабақтың мақсаты

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тыныс алу және тыныс шығаруға қатысатын мүшелерді білу.

  2. Тыныс алу мен тыныс шығару механизмін дәлелдейді, көкіректік және құрсақтық тыныс алуды ажырату.

  3. Тыныс алу қозғалысын қамтамасыз ететін мүшелердің жұмысын білу.

Осы тақырып бойынша оқушылар «БББ» кстесінің «Білемін» бөлімін толтырады.

«Б Б Б» кестесі

Білемін

1 минут

Білдім

1 минут

Білгім келеді

2 минут










1 -тапсырма:

Термин сөздермен жұмыс:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Тыныс алу

Вдох

inhalation

2

Тыныс шығару

Выдох

exhalation

3

Нейрогуморальды

Нейрогуморальный

neurohumoral

4

Гуморальды

Гуморальный

humoral

5

Хеморецепторлар

Хеморецепторы

chemoreceptors

6

Диафрагма

Диафрагма

diaphragm

7

Кеуделік тыныс алу

Грудное дыхание

prenatal respiration

8

Құрсақтық тыныс алу

Брюшное дыхание

abdominal respiration


Миға шабуыл: « Бейнежазба»

Демонстрация арқылы « Тыныс алу жолдары» атты бейнежазба көреді.



Адамның тыныс алу және тыныс шығару жолы.

Тыныс алу жолының бірінші мүшесіне мұрын қуысы жатады.
Одан жұтқыншақ,көмекей,кеңірдек және бронхы арқылы оң және сол жақ өкпеге өтеді.

- Ауа өкпеге бронхылар арқылы енеді.Бронхиолалар өкпе көпіршіктері – альвеолалар арқылы аяқталады.

- Көкет-кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшық ет.
- Егер тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшық еттер едәуір белсенді болса,мұндай тыныс ау типі кеуделік деп аталады.

- Ер адамдарда көбінесе құрсақтық тыныс алу болады.


  1. Топтарға тапсырма

1 топ

Тыныс алудың гуморальдық реттелуі.

2 топ

Тыныс шығарған кезде кеуде қуысы көлемінің өзгеруі.

3 топ

Қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет.

4 топ

Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу шаралары.


Оқулықпен жұмыс:

Дескриптор:

  • Мәтінді толық меңгеріп, тыныс алу және тынысшығару механизмдерін анықтайды.

  • Құрсақтық, көкіректік тыныс алуды сипаттап береалады.

Қ.Б:

«БББ» кестесінің «Білдім» бөлімін толтырады. Жаңа тақырып бойынша нені білдік 1 минут уақытта тездетіп жазып шығады.

Үшінші бөлімі «Білгім келеді» бөлімі бойынша осы тақырыптан тағы нені білгісі келетінін жазып толтырады.

«Б Б Б» кестесі

Білемін

1 минут

Білдім

1 минут

Білгім келеді

2 минут















Сабақты қорытындылап кетемін:

Тыныс алу, тыныс шығару және Диафрагма жұмысының Дондерс моделі арқылы түсіндіремін

























Сабақтың соңы

мин

Қорытынды тест:

1. Қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма жиырылады

А) көмекей

Ә) оттегі

Б) газдар

В) тыныс алғанда

2.Тыныс алғанда қабырға көтеріледі, диафрагма төмен түседі

А) көкет

Ә) қан тамырлар

Б) мұрын қуысы

В) тегістеледі

3. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшық ет қалай аталады?

А) альвеола

Ә) көкет (диафрагма)

Б) көмей

В) оң жақ өкпе

4) Тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшық еттер едәуір белсенді болса, мұндай тыныс алу типі қалай аталады?

А) газ алмасу

Ә) бронхы

Б) кеуделік

В) тыныс алу

5) Ер адамдарда көбінесе тыныс алғанда көкет не себептен белсенді болады?

А) оң жақ үш және сол жақ екі бөліктен тұрады.

Ә) құрсақтық тыныс алу

Б) сыртқы тыныс алу деп атайды

В) ішкі тыныс алу деп атайды


Дескрипторлар:

  • Тынысалужәнетынысшығарумеханизмдерінеқорытындыжасайбіледі.

  • Қабырғааралықбұлшықеттер мен көкеттіңтынысалу мен тынысшығарудағымаңызынабағабереді.



Үйге тапсырма:§26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері.Кеуде қуысының механизмі.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төмендегі тыныс алу мүшелері қалай аталады?

Қабілеті жоғары оқушы: Ойланып, жауап бер:

Терең тыныс ал. Тынысты барынша ұстап тұр. Тыныс алудың еріксіз/непроизвольно/ қалпына келуіне қанша уақыт кеткенін есепте. Тынысшығарғанды да осылайесепте.

  • Неге тынысалуеріксізқалпынакеледі?

Неге тынысалукезіндетыныстытынысшығаруғақарағандаұзағырақұстайаламыз?

1 -тапсырма: қатемен жұмыс

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ