400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туристік жабдықтар және оны даярлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады. Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№40 Оқу іс – тәжірибесінің тақырыбы: Туристік жабдықтар және оны даярлау

Оқу іс – тәжірибесінің мақсаты: спорттағы бағдарлау және іріктеу түрлерін, жолдарын, әдістерімен таныстыру.


Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.

Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуі оңай, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.

Палаткалар.

Ұйқыға арналған қаптар(спальные мешки). «Нога».

Рюкзак.

Аяқ киім, киім.

Сақтандыру. Мұзшапқыштар. Айсбайль.Мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер(«айс-фифи»).

«Беседка».Грудная обвязка.

Кошки.Зажим, жумар. Күрек. Ракетница. Каска.Карабин.

Ремнабор.

Вуколов: приложение 9, 171 бет – жеке құрал-жабдықтар тізімі.

Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы(ЗСК) және шлем(каска).

Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығы – адамның бойына(см) оның салмағының жартысын(кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размр үлкен болу керек. Бахилы, ұзындығы 40 см. Жылы киім көп.

Примустар, газ, стеклоткань.

Оммерциялық қиын емес треккинг(10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.

Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі арқан, 10м репшнур, 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница.

Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, ремнабор(приложение 11, 173 бет),безмен, сағат.

Ремнабор құрамы:

1.Сумка
2. Жеңіл пассатижи

3. Әртүрлі жұмсақ сым

4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

5. Қайрақ, үш қырлы егеу

6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка

7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер

9. Тігін материал салатын қорапша

10.Түйреуіштер,рәзіңке


Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар,сал.

Байдарка – жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы(уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір(каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын б. Қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі және қатты.

Қаңқалы байдарка(каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-,2-,3 орынды «Таймень».

Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.

Су слаломы үші каноэ қолданылады. Каноэ тегіс(ағаш діңі емесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ(Қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады.



Катамаран(«бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік к. – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының(поплавок) ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л.

Сал(плот) – бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек емесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став(корпус) алдыңға және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран түйдегі – честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, годоланың диаметрі 0,8, ұзыдығы 3,2м, кеме габариті 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады.

Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі(бросательный конец) жағалаудан сақтадыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.

Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

1) тізім жасау;

2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек(пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.


Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:


1. Жорық кезінде топ мүшелері арасында топтағы міндеттердің болуы маңызды ма?
2. Жорық жетекшісі қандай міндеттерді атқарады?
3. Жетекші орынбасарының атқаратын міндеттері қандай?
4. Жетекшінің мәдениет жөніндегі орынбасары не үшін қажет?
5. Жорық кезінде Дене шынықтырушы болуы манызды ма?
6. Шаруашылық меңгерушісі не үшін қажет?
7. Жорық кезінде қазынашының маңыздылығы қандай?
8. Жорық тілшісі не үшін қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі