Материалдар / ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған. Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы.Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды. Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді,яғни бос уақытты тыс жерде өткізу. Туризмнің көптеген түрлері болады. Өз бетінше жүзеге асырылатын туризм егер туристер өз саяхатын ұйымдастыруда белгілі бір кәсіби ұйымдастырушыға сұраныс жасамайтын болса ,онда оны әуесқойлық немесе өз бетінше жүзеге асырылған туризм деп атайда. Бұл туризмнің түрін жүзеге асыру барысында турист, туристік маршрутын кез-келген уақытта өз қалауынша айналада қалыптасқан жағдайға байланысты өзгертіп отырады. Әуесқойлық туризмде турист өз қалауынша жасай алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туризм саласының экономикадағы рөлі

Оспанов Мақсат Болатулы

Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Экономика пәні мұғалімі.


Туризмнің негізгі анықтамасы 1963 жылы Рим конференциясында қабылданған.

Турист барған елінде 24 сағаттан астам уақыт болатын уақытша саяхатшы.Егер уақытша саяхатшы барған елінде 24 сағаттан кем болса онда оны экскурсант деп атайды. Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді,яғни бос уақытты тыс жерде өткізу. Туризмнің көптеген түрлері болады.

Өз бетінше жүзеге асырылатын туризм егер туристер өз саяхатын ұйымдастыруда белгілі бір кәсіби ұйымдастырушыға сұраныс жасамайтын болса ,онда оны әуесқойлық немесе өз бетінше жүзеге асырылған туризм деп атайда. Бұл туризмнің түрін жүзеге асыру барысында турист, туристік маршрутын кез-келген уақытта өз қалауынша айналада қалыптасқан жағдайға байланысты өзгертіп отырады. Әуесқойлық туризмде турист өз қалауынша жасай алады.

Соңғы он жыл ішінде қазақстандық саяхатшылардың жағрапиялық ауқымы кеңейе түсті. Сонымен қатар өз еліміздегі де экологиялық, мәдени – танымдық , емдеу- сауықтыру, шытырман туризм, Ұлы Жібек жолы бағыттарына да басқа ел азаматтарының қызығушылығы артып келеді.1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық туристік ұйымға толық мүшесі болып еніп «Ұлы Жібек жолын» Қазақстан территориясында дамыту туралы жоспар қабылданды.Қазақстандық туристік « КИТФ » жәрменкесінің WTO шаралар жоспарына енуі де осыны айғақтайды. WTO Бас хатшысы Ф.Франжиаллидің айтуынша, көрме Қазақстанның туристік күш қуатының молдығын аңғартады.

Қазіргі заман ағымына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.

ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады: «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағының әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің  10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді».

Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.

Туризм қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсетін түсімі бойынша мұнай мен автокөлік экспортынан кейінгі 3-ші орында, ал жұмыс бастылар саны жөнінен бұл саладағы жұмысшылардың жұмылдыру көрсеткіші бойынша туризм көшбасшы орынға ие. Туризм индустриясы қызмет көрсетудің халықаралық саудасында айтарлықтай жылдам дамып жатқан салаларының бірі.

Халықаралық туризм үш ірі экспортты салалар қатарына еніп, әлемдік экспорттағы үлес салмағы 11% және 8,6% құрайтын мұнай алу өндірісі мен автокөлік жасау салаларына ғана жол береді. 2001 жылы әлем елдерінің халықаралық туризмнен түсетін қосынды кірісі әлемдік экспорттың жалпы көлемінен 7%, қызмет көрсетудің әлемдік экспортының 3% құрады. Дүние жүзіндегі туризмнің даму қозғалысын бақылау барысында, біздің еліміздің туристік әлеуетін ескере отырып, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 19 ақпандағы өзінің халыққа Жолдауында туризмді Қазақстан экономикасының болашақтағы саласы ретінде анықтап, ең алдымен дамитын негізгі жеті кластерді ерекшеледі. Болашақ кластерлердің бірі туризм болып табылады, бұл кластер осы заманға сай инфрақұрылымды қалыптастырып, аумақтың тұтастай дамуын көрсетеді.

Туризмнің дүние жүзіндегі орыны үздіксіз өсуде, бұл жеке ел экономикасына туризм әсерінің ұлғайтылуымен байланысты. Жеке елдің экономикасында халықаралық туризм маңызды қызыметтер қатарын атқарады, олар: 

- ел үшін ақшалық түсімдердің көзі және жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету;
- төлем балансы мен елдің ЖІӨ кірістерін кеңейтеді;

- туризм саласына қызмет көрсетуші салаларды жасау арқылы экономиканың диверсификациясын қалыптастырады.

Жұмыс бастылықтың өсуімен туризм саласындағы халық саны өсіп, ұлттың ауқаттылық деңгейі жоғарылайды. Дегенмен халықаралық туризм дүние жүзінде біркелкі таралмаған, бұл ең алдымен елдердің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі деңгейімен сипатталады. Халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дамыған. Бұл аймақтың үлесіне әлемдік туристік нарықтың 70% астамы, ал қаржылық түсімнің 60% тиесілі. Оның шамамен 20% Американың, 10%-нан азы Азияның, Африканың және Австралияның үлесінде.
Халықаралық туристік байланыстың осындай дамуы халықаралық сауда саласындағы бұл жұмысты жақсартуды қамтитын көптеген халықаралық ұйымдарды біріктірді. Швейцария, Австрия, Франция, Түркия сынды Батыстың көптеген экономикасы жоғары дамыған елдері өзінің жақсы тұрмыстық жағдайына туризмнен түскен кірістері арқылы қол жеткізді. Соғыстан кейінгі жылдары қуатты зерттеу базасы мен туризм саласындағы мамандар дайындау жүйесі жасалды.

Туристік сала қосалқы құнның өтімді өлшемін беретін экономикалық көшбасшылар санатына жатады.

Өкінішке орай, Қазақстанда халықаралық туризм көшбасшы орында емес. Бұрын КСРО дағы туристік әрекеттердің негізгі аймақтары Қырым, Кавказ, Балтық жағалауы және Ресейдің, Ортта Азияның тарихи орталықтары болған. Сол уақытта Қазақстандағы көптеген архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи ескерткіштер жарияланбай талап етілмеген күйінде қала берді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуынан кейін туризм индустриясының нақты дамуына мүмкіндік пайда болғанымен, оны бірден пайдалануға қадам жасалмады.
Қазақстан бірегей табиғи, мәдени-тарихи рекреациялық ресурстарға бай мемлекет. Ол биологиялық алуан түрлілігі және табиғи ресурстардың байлықтары бойынша бірегей. Бірақ бұл қуатты әлеуетке деген туристік бизнестің сұранысы өте төмен. 
Өлкедегі туристік-рекреациялық ресурстарды талдай отырып экономиканың дамуы осыған байланысты, туристік саланың тәжірибелік ұсыныстарын теория түрінде қабылдау мен өңдеу мәселесі ерекшеленеді. Қазіргі уақытта туристік саланың берілген секторының болашағы бар, ерекшелігі мен даму биіктігін анықтауға қажетті туристік – рекреациялық ресурстарды дамыта отырып ішкі және сыртқы туризмнің қалыптасып, дамуының әлеуметтік және экономикалық негіздері мәселелерін зерттеу қажеттілігі туады. 

Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады. 

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Орта Азиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. 

Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру маңызды болып саналады.

- Қонақ үйлер жүйесіне, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады. 

- Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11–і 386 млн АҚШ долларына саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді. 

- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көп функционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды. 
Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.

Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектегі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. 

Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бірқатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.

Туризм ел экономикасына елеулі өзгеріс әкелетін негізгі тетіктердің бірі. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымдылығымен сипатталады. 


Қолданылған әдебиеттер тизімі:


1. Ердавлетов, С.Р. Основы туризмологии. Алматы 2009 ж - 240 бет

2 Сейдахметов. А.С. Кәсіпкерлік «Экономика» баспасы, Алматы,2011ж - 340 б

3. Устенова, О. Основы организации туристской деятельности : Учеб.пособие Астана: Фолиант, 2011.- 272 с.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!