Материалдар / ҰБТ -9, 11 сынып үшін Жетістікке жету қадамдары- Авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰБТ -9, 11 сынып үшін Жетістікке жету қадамдары- Авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Әзірленген бағдарлама ҰБТ-ға дайындық кезінде түлектерге психологиялық көмек көрсететін басқа білім беру мекемелері психологтарының тәжірибесінде қолданыла алады. Бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ-ға психологиялық дайындығы бойынша «Жетістікке жетудің психологиялық амалдары» тренингтік сабақтарының бағдарламасы ретінде ұсынылған. Жоғары сынып оқушыларына (16-18 жас) арналған және педагог-психологтарға көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
56
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

____________________ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

___________________АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

«______________ атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ





АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


«Жетістікке жетудің психологиялық амалдары»

(9- және 11-сынып оқушылары үшін)






Әзірлеген, құрастырушы:


Педагог-психолог _____________________








____________ қаласы, 2024 жыл

МАЗМҰНЫ



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

2

ТҮСІНІК ХАТ

3

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

4

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

5

1.Кіріспе сабақ. «Мен табысты адаммын».

6

2.Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.

6

3.Менің нұсқауларым, бағдарым.

6

4.Мобилизация емтиханды табысты ету кепілі.

7

5.Мүмкіндіктерді ашу.

7

6.Эмоциялар мен мінез-құлық.

8

7.Сабаққа қалай жақсы дайындалу керек

8

8.Есте сақтау және есте қалдырудың тәсілдері.

9

9.Табыстың кілті өзіңде.

9

10.АТА- АНАЛАРҒА КЕҢЕС

11

ҚОРЫТЫНДЫ

13

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

14



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР


ҰБТ - ұлттық біріңғай тестілеу

ОЖСБ - білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау




ТҮСІНІК ХАТ


Бұл бағдарлама жоғары сынып оқушыларының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ-ға психологиялық дайындығы бойынша «Жетістікке жетудің психологиялық амалдары» тренингтік сабақтарының бағдарламасы жоғары сынып оқушыларына (16-18 жас) арналған.

Бағдарлама мектептің 9 және 11 сынып оқушыларына арналған және бір тоқсан кезеңінде жүзеге асырылады.

Жалпы сабақтың өту ұзақтығы – 12 сағат

Апталық сағат саны - 2 сағат.

Бір оқу-жаттығу сабағының ұзақтығы – 45 минут.

Әзірленген бағдарлама ҰБТ-ға дайындық кезінде түлектерге психологиялық көмек көрсететін басқа білім беру мекемелері психологтарының тәжірибесінде қолданыла алады.


Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:

  • Бағдарлама соңында оқушы өзін сыныптастарының арасынан өзінің бірегейлігін көруге, өз мүмкіндіктерінің, идеяларының, ойларының, қиялдарының көріністерінен қорықпауға үйренеді.

  • Құрбы-құрдастарына, сыныптастарына жағымды тұлғалық қатынас орнатып, басқа адамдардың ішкі әлемінің жан-жақтылығын көре және құрметтей алады, кедергісі көп әрі ол сол сәтті қабылдай алмау жағдайларына философиялық тұрғыдан қарап, дұрыс шешім шығаруды меңгереді.

  • Емтиханды тапсыру процесіне оң көзқарас қалыптасып, түлектердің өз қабілеттеріне сенімділігі артады. Емтиханға дайындық кезеңінде жұмыс уақытын жоспарлау тәсілдерін меңгереді.

  • Стресске төзімділікті арттыру мен өзін-өзі реттеу әдістерін игереді.

  • ОЖСБ және ҰБТ қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өзінің танымдық ресурстарын тиімді есте сақтау және жұмылдыру әдістерін игереді.

  • Ішкі ресурстарға, коммуникативтік құзыреттілікке сүйене отырып, өзін-өзі бақылау дағдыларын жеткілікті деңгейде қалыптастырады.


Курстың басты мақсаты: мектеп түлектердің бітіру емтихандары мен ҰБТ-ға психологиялық дайындығын қолдау, психологиялық әлеуетін көтеру.

Қосымша мақсаты: оқушыларға өзінің тұлғасын, күшті жақтарын жақсы білуге, өзін-өзі бағалауды дамытуға, сенімсіздік пен қорқынышты жеңуге көмектесу. Өзін жүріс-тұрыста, іс-әрекетте сәтті және толық жүзеге асыра алуын, өз құқықтары мен өзіндік құндылықтарын бекіту болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық арқылы өзін-өзі көрсету кезінде жағымсыз эмоциялардың шегін төмендету көзделген. Оқушының өз мүмкіндіктерінің, идеяларының, ойларының, қиялдарының көріністеріне үңіліп, қорықпауға үйрету. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу тәсілдерінің тиімді тұстарын байқай алуын жүзеге асыру. Оқушылардың өз ортасында және бейтаныс топ мүшелерінің арасында адекватты өзін-өзі бағалауын арттыру.

Міндеттері:

- бітіруші сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру;

- оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалау мен позитивті ойлауды дамыту;

- өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау, уақытты жоспарлай алуын және бөлу қабілетін дамыту;

-оқушыларды жүйке-психикалық стрессті жеңілдету әдістерімен, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау әдістерімен таныстыру, стресске төзімділікті арттыру;

- өз көзқарастарын, іс-әрекеттері үшін өз жауапкершілігін түсінуге көмектесу;

- емтиханда қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өзінің танымдық ресурстарын, тиімді есте сақтау және жұмылдыру әдістерін үйрету;

- коммуникативтік құзыреттілікті, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.


Бағдарламаның негізгі ұстанатын қағидалары:

Ізгілендіру қағидасы - жасөспірімнің мүмкіндіктері мен ресурстарына, өзін-өзі анықтауға баса назар аудару.

Даралау қағидасы - жұмыс формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру.

Әлеуметтену қағидасы - жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға өзін-өзі анықтауына ықпал ету, әртүрлі әлеуметтік рөлдерді қабылдау арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгеру.


Бұл бағдарлама әртүрлі бақылауларға тиімді дайындалуға және мазасыздық толқуды жеңуге, ҰБТ-дан туындаған жағымсыз үміттер мен уайымдарды жоюға мүмкіндік береді. Мектеп түлектерінің жүйке-психикалық стрессін жеңілдетудің әртүрлі тиімді әдістерін, ерік-жігерді жұмылдыру әдістерін, тиімді есте сақтау әдістерін, емтиханға дайындық кезінде уақытты жоспарлау мен бөлуді үйренеді. Бағдарлама жеке дамуға, шығармашылық әлеуетті іске асыруға, емтихандарды сәтті тапсыруға оң көзқарас пен сенімділікті дамытуға ықпал етеді.

Сабақтарда психогимнастикалық жаттығулар, ойын элементтері бар жаттығулар, топтық пікірталастар, «миға шабуыл», өзін-өзі реттеу әдістері, сыни ойлауды дамыту әдісі, оның ішінде: синквейн, визуализация әдісі, метафоралық астарлы әңгімелер, ассоциативті-метафоралық фотокарталар белсенді қолданылады.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе сабақ. “Мен табысты адаммын”.

1

2

Сәтті сапар алғашқы кадамнан басталады.

1

3

Менің нұсқауларым, бағдарым.

1

4

Мобилизация емтиханды табысты ету кепілі.

1

5

Мүмкіндіктерді ашу.

1

6

Эмоциялар мен мінез-құлық.

2

7

Сабаққа қалай жақсы дайындалу керек

1

8

Есте сақтау және есте қалдырудың тәсілдері.

2

9

Табыстың кілті өзіңде.

1

10

Ата-аналарға кеңес. Сұрақ-жауап алаңы.

1

Барлығы:


12

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Сабақ 1. Кіріспе сабақ. “Мен табысты адаммын”.

Мақсаты: Оқушыларға және оалардың ата-аналарына осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Осы оқу-тренингтік сабақтарының пайдасы және өзектілігі жайында баяндап беру. Оқу-жаттығу жоспарымен таныстыру. Анықтамалық парақшаларды үлестіру, бағдарламаны сәтті жүзеге асыру мақсатында пікірлерін білу және есепке алу.

Сабақ 2. Сәтті сапар алғашқы кадамнан басталады.

Мақсаты: оқушылардың емтиханға нәтижелі дайындыққа және қиындықтарды жеңуге психологиялық көңіл-күйіне ықпал ету; мазасыздықты азайту. Топтың ережелерін әзірлеу.

Ж

аттығу «Ұқсастық пен ерекшелік»

Мақсаты: танысу, әрекетке деген позитивті көзқарас.

Жаттығу «Ассоциации»

Мақсаты: тақырыпқа деген ықпалды көзқарас, алдағы емтихандар туралы өз сезімдерімен бөлісу мүмкіндігі; теріс ойлардың шығуына ықпал ету.

Жаттығу «ҰБТ» тақырыбына «Синквейн»

Мақсаты: емтиханға деген қарым-қатынасты зерттеу; жауапкершілікті және әрбір қатысушының жалпы міндетті шешуге үлесін дамыту.

Жаттығу «Жанды тірі бейне (картина)»

Мақсаты: бірлескен қызметті ұйымдастыру, шиеленісті жою.

Дискуссия- «Көбелек» нақыл сөздерді талқылау

Жаттығу «Мен осы үшін өзімді мадақтаймын...»

Мақсаты: сабақтан кейін шиеленісті жеңілдету, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Рефлексия.


Сабақ 3. Менің нұсқауларым, бағдарым.

Мақсаты: ҰБТ-ға объективті көзқарас қалыптастыру; өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту; эмоциялық шиеленісті және емтихан алдындағы қорқынышты жеңілдетуге ықпал ету.

Ж

аттығу «Мен жақсы көремін

Мен қалаймын

Мен істей аламын …»

Мақсаты: позитивті көзқарас, эмпатия сезімін дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру.

Жаттығу «Жуу машинасы»

Мақсаты: жалпы командалық рухты күшейту, басқаны түсіну және қолдау қабілетін дамыту...

Жаттығу «Он өсиет …»

Мақсаты: емтиханды қалыпты тапсыруға кедергі келтіретін теріс көзқарастармен танысу; өзіне деген оң көзқарасты және емтихандарда табысқа деген сенімді қалыптастыру, жағымсыз көзқарастарды оң көзқарастарға қайта қалыптастыру арқылы өз күшіне деген сенімділікті дамыту.

Жаттығу «Менің жұмыс аптам»

Мақсаты: өз қызметін уақыт бойынша бөлу тиімділігін талдау білігін дамыту; апта ішінде күштерді тиімді бөле отырып, жұмыс аптасының ұсыныстарын жасау.

Жаттығу «Мен шаршадым»

Мақсаты: психофизикалық стрессті жеңілдету, сабақта қабылдау атмосферасын құру.

Жаттығу «10 сөз» (топпен жұмыс)

Мақсаты: ҰБТ тапсыруға жағымды көңіл-күй қалыптастыру; алаңдаушылықты жою.

Жаттығу «Тыныштық ұясы»

Рефлексия.


Сабақ 4. Мобилизация – емтиханды табысты ету кепілі.

Мақсаты: түлектерді жүйке-психикалық ширығуды басудың тиімді тәсілдерімен, ерікті жұмылдыру тәсілдерімен және емтиханға дайындық барысында жұмыс көңіл-күйін сақтаумен таныстыру; күйзеліске төзімділікті арттыру.

Ж

аттығу «…осылай амандас»

Мақсаты: сабақтарға эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру.

Жаттығу «Эксперимент»

Мақсаты: жағдайды модельдеу, зейіннің шоғырлануын дамыту, тақырыпқа және сабақтың мақсатына жетелеу.

Жаттығу «Менің ресурстарым»

Мақсаты: нейропсихикалық стрессті төмендетудің тиімді жолдарын іздеуге қызығушылықты дамыту, емтиханға дайындық кезінде күн тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, өзін-өзі бағдарламалау формулаларын жасау.

Жаттығу «Әуе шары»

Мақсаты: психикалық-жүйке әсерін төмендету.

Жаттығу «Демалу орны, тынышытық орны»

Рефлексия.


Сабақ 5. Мүмкіндіктерді ашу.

Мақсаты: емтиханға қажетті нәтижеге жету үшін өзінің танымдық ресурстарын тиімді есте сақтау және жұмылдыру әдістерін үйрету.

Жаттығу «Энержайзер»

Мақсаты: алдағы іс-шараларға оң эмоционалды көзқарас қалыптастыру.

Жаттығу «Қатып қалу»

Мақсаты: мұқият тыңдау және есте сақтау қабілетін дамыту.

Жаттығу «Визуализация»

Мақсаты: визуализация әдісін қолдана отырып, ерікті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!