Материалдар / ҰБТ-ға психологиялық кеңес

ҰБТ-ға психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға психологиялық көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
773
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындық: әдістер, психологиялық кеңестер«Дұрыс білім алу» дегеніміз не?Уақытты белгілі бір мақсатқа жету үшін жоспарлы түрде қолдану арқылы жетістікке жету.«Жетістік дегеніміз ғажайып та, сиқыр да емес. Ол бар болғаны істелуі қажет нәрселердің тұрақты түрде іске асырылуы.» Джим Рон.Көп оқу дұрыс білім алуға жата ма?Кейбір оқушылар сабақ оқуға көп уақытын бөлсе де, ойлаған мақсатына жете алмағанын айтып, шағымданып жатады. Оқушы сабақ оқуға кететін уақыттың ұзақтығы мен тынығатын уақыттың ұзақтығын дұрыс реттемегендіктен, ойлау қабілеті шаршайды да, оқуға деген құлшынысы азаяды, сабаққа ынтасы жоғалады. Осыған байланысты психологтар мынаны ұмытпау керектігін айтады: кітап пен дәптердің алдына ұзақ уақыт өткізу сабақ оқуға жатпайды. Көп оқуды емес тиімді дайындала білуді мақсат ету керек. Уақытты барынша тиімді қолдану деп пайдалы және қолайлы білім алу тәсілін айтады.Білім алу неге қиын?1. Оқу керектігін білемін, бірақ бір түрлі оқи алмаймын?2. Мүлдем сабақ оқығым келмейді?3. Сабақ оқып отырып, зерігіп кетемін де, бәрін тастай саламын4. Сабақ оқыған кезде ынта қойып оқи алмаймынБұл сөздер – ҰБТ-ға, ОЖСБ-ға дайындалған көптеген оқушының айтатын шағымдары. Осындай сынаққа дайындалатын оқушылар сабақты қалай оқу керектігін емес көбіне осындай проблемаларды ойлап басын қатырады екен, яғни «сабақ оқуға кірісе алмау» проблемасын бастан кешеді.Жалпы, білім сынақтарына дайындалатын оқушының екі проблемасы болады:-Дайындықты бастай алмау;- Дайындыққа кіріссе де, аяғына жеткізе алмау.Ал, бұл жағдайға душар болудың басты себебі – ынтаның аздығы.Ынтаны арттыру үшін не істеу керек?Сабақ оқитын жерді ретке келтіріңіз;Ағзаның қажеттіліктерін орнына келтіріңіз;Жұмысыңызды түрлендіріп отырыңыз (бір пәнді қайталаудан шаршасаңыз, жалықсаңыз, ойыңыз шашыраса, дереу басқа пәнге ауысыңыз. Осылайша әрі тынығасыз, әрі ойыңызды жинайсыз);Адам бір тақырыпты шамамен 25 минут бас алмай оқи алады, одан әрі миы шаршап, ойы бөліне бастайды. Әрбір 25-30 минутта орныңыздан тұрып, 1-2 минут бірнеше қадам жүріп, терең дем алып, қайтадан сабаққа кірісіңіз, миыңыз серігіп қалады.ОҚО Сарыағаш қаласы Толыбай батыр атындағы №141 жалпы орта мектебінің педагог-психологы Ұ. Садырбаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ