ҰБТ мақсатқа бағыттау «Алынбайтын асу жоқ»
тренингі
Мақсаты: Мақсат қою дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
Мақсатқа жетудегі еріктің рөлін түсіндіру;
Мақсатқа бағытталудың қажеттілігін айқындау;
Мақсатқа жету дағдысын қалыптастыру.
Ресурстар: ақ парақтар, қаламдар, бор, қобдиша, пластикалық
бөтелке.
Жұмыс барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн, құрметті талапкерлер және мұғалімдер. Бүгін сіздерді
арнайы, ертен болатын байқау тестінің алдында мақсатқа бағыттау
тренингін жүргізу мақсатында жинадым. Бүгінгі тренинг сіздерге
жақсы көңіл – күй сыйлап, ерік – жігеріңізді жоғарылататынына
сенімдімін.
Алдымен бүгінгі тренингтің ережесімен танысайық:
шынайылық;
сөзді өз атынан сөйлеу;
сөйлеушіге сыйластықпен қарау;
психологиялық көңіл – күй: «Кім жылдам?» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ қарама – қарсы тұрады,
қатысушылар қолдарынан ұстап тұрады.
Жүргізуші екі топтың ортасына тұрып, бір қолымен
бір топты, екінші қолымен екінші топтың қатысушысының қолынан ұстап
тұрып импульс жібереді, шеткі қатысушы ортада тұрған пластикалық
бөтелкені қолына импульс келген бойда қағып алуы керек. Қай топ 3
рет жылдам алып үлгерсе сол топ жеңімпаз.
Мінекей көңіл – күйміз жақсарып, сергітілген сияқтымыз, ендеше осы
жаттығудан көріп отырғандай мақсатқа жету үшін, адамға жеңіске
деген ұмтылыс қажет.
«Биіктік» жаттығуы: Келесі жаттығуды орындау үшін маған көмекші
қажет. Осы жаттығуды орындау үшін бір қатысушы, қолына бор алып,
тақтанын қасында тұрып секіреді, секіргеннен кейінгі жеткен жерін
бормен сызып белгілеп қояды. Сонан соң қатысушыға нұсқау беріледі,
«ал енді жоғарыға қарап, төбеге жетемін деп секір» сонан соң жеткен жерін
белгілеу керек.
Сұрақтар:
Екі белгінің арасында айырмашылық бар ма?
Биікке секіру үшін не әсер етті?
Қойылған мақсат нәтижені жақсартты ма, нашарлатты ма?
Мақсат қою үшін адамға не керек?
Екінші жаттығудан көргеніміз,
адамға мақсат қою, көздеген мақсатына жету үшін қажет, оған осы
әрекетті саналы түрде басқару үшін ерік
қажет.
Ерік – бұл саналы түрде мақсат қоя алу қабілеті
мен алда кездесетін ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ішкі
талпыныс.
Сыртқы кедергілер – бұл бізге сыртқы әлеуметтік ортадан келетін
қиындықтар. (әлеуметтік орта, материалдық жағдай, әртүрлі
жағдайлар)
Ішкі кедергілер – бұл өзіміздің ішімізден шығатын қиындықтар.
(қорқыныш, ашу, үрей, жүрексіну, шарасыздық, ыза, жеккөру,қызғаныш,
тәкәпарлық,немқұрайлық, қырсықтық, өзін кінәлі сезінушілік, жанның
ауыртпалығы, ішкі жалғыздық, сараңдық, жалқаулық т.б.
«Өмірде ең үлкен жеңіс – бұл өзін - өзі жеңу» дейді халық даналығы,
сыртқы кедергілерді жеңу алдында, біз өзімізбен күресеміз, өзімізді
бағыттаймыз. Алдымызға қойған мақсатымыз қаншалықты айқын,
қаншалықты нақты болса, соншалықты біздер соған жетудегі
кедергілерді жеңуге дайынбыз.
Табыс қоржыны: Сіздердің барлығыңызда мақсатыңыз бар. Бұл алдағы
ҰБТ жақсы нәтиже көрсету. Бірақ, қаншалықты ол сіз үшін маңызды?
Алдыңнан кедергі тап болса, қойған мақсатыңнан бас тартасын ба?
Шөлдеп келе жатқан екі адамды елестетіңіз, біреуі көшеде келе
жатыр, + 27 градус ыстық, дүкендердің маңайынан келе жатып
шөлдегенін сезінеді, дүкенге кіріп сөрелерді қарап тұрады, не алсам
екен? «Кола» ма? Әлде «Тассай» алайын ба? Өстіп ойланып тұрғанда
дүкенші «Аласыз ба, жоқ па, түскі үзіліске жабамын» дейді, ол ашуланып ешнәрсе алмай
шығып кетеді, енді бірі шөл далада келе жатыр, су ішпегеніне 3 күн
болған, + 45 градус ыстықта келе жатыр, алыста құдық көрінеді.
Қайсысы мақсатына жетеді.
Сұрақтар:
Осы екі адамның тілек күштерінің айырмашылығы бар ма?
Қандай тілек қойған адам мақсатына жетеді?
Ал сіздің қалауыңыз қандай бірінші
адамдыкіндей
ме, әлде екіншісінікіндей ме? Тексеріп көрейік:
Мақсатқа жету жолы әрқашан жеңіл болмайды, кедергілерден өтіп мына
«сиқырлы» қоржынға жетсеңіз, армандарың орындалады. Қатысушылар екі
топқа бөлініп екі қатарға тұрады. Араларына 15 см. арақашақтық
қалдырады. Топтың мақсаты: қол, дене арқылы кедергілер жасау, бірақ
адамның өтуіне мүмкіндік беру. «Жоқ» сөзін хормен айту.
Әр қатысушы кезекпен осы «кедергілер тоннелінен» өтеді, ішінен
өткенде «иә» деп айтып өтуі керек. Барлық қатысушы өз сиқырлы
парақтарын алып болған соң, шеңберге тұрып, парақтардың артындағы
төрт жолды өлеңді хормен айтады.
Мінекей біздер бүгін сіздердің мақсатқа жету үшін өзіңізге не қажет
екенін біліп, мақсатқа жету үшін кедергіге тап болсаңдар табандылық
таныта алатыныңызды байқадық, мінекей осы жаттығуды
орындағандағыдай, жеңіске ұмтылысыңыз бен табандылығыңыз болса,
сіздердің алмайтын асуларыңыз жоқ деп ойлаймын. Сәттілік
тілеймін!
ОҚО Сарыағаш қаласы Толыбай
батыр атындағы №141 жалпы орта мектебінің педагог-психологы: У.
Садырбаева


Краткое описание документа:
«Алынбайтын асу жоқ»
тренингі
Мақсаты:
Мақсат қою дағдысын қалыптастыру.
Міндеттер:
· Мақсатқа жетудегі еріктің рөлін түсіндіру;
· Мақсатқа бағытталудың қажеттілігін айқындау;
· Мақсатқа жету дағдысын қалыптастыру.
Ресурстар: ақ парақтар, қаламдар, бор, қобдиша, пластикалық
бөтелке.
Жұмыс барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Қайырлы күн, құрметті талапкерлер және мұғалімдер. Бүгін сіздерді
арнайы, ертен болатын байқау тестінің алдында мақсатқа бағыттау
тренингін жүргізу мақсатында жинадым. Бүгінгі тренинг сіздерге
жақсы көңіл – күй сыйлап, ерік – жігеріңізді жоғарылататынына
сенімдімін.
Алдымен бүгінгі тренингтің ережесімен танысайық:
1. шынайылық;
2. сөзді өз атынан сөйлеу;
3. сөйлеушіге сыйластықпен қарау;
1. психологиялық көңіл – күй: «Кім жылдам?» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Екі топ қарама – қарсы тұрады,
қатысушылар қолдарынан ұстап тұрады. Жүргізуші екі топтың ортасына
тұрып, бір қолымен бір топты, екінші қолымен екінші топтың
қатысушысының қолынан ұстап тұрып импульс жібереді, шеткі қатысушы
ортада тұрған пластикалық бөтелкені қолына импульс келген бойда
қағып алуы керек. Қай топ 3 рет жылдам алып үлгерсе сол топ
жеңімпаз.
Мінекей көңіл – күйміз жақсарып, сергітілген сияқтымыз, ендеше осы
жаттығудан көріп отырғандай мақсатқа жету үшін, адамға жеңіске
деген ұмтылыс қажет.
2. «Биіктік» жаттығуы: Келесі жаттығуды орындау үшін маған көмекші
қажет. Осы жаттығуды орындау үшін бір қатысушы, қолына бор алып,
тақтанын қасында тұрып секіреді, секіргеннен кейінгі жеткен жерін
бормен сызып белгілеп қояды. Сонан соң қатысушыға нұсқау беріледі,
«ал енді жоғарыға қарап, тобеге жетемін деп секір» сонан соң жеткен
жерін белгілеу керек.
Сұрақтар:
· Екі белгінің арасында айырмашылық бар ма?
· Биікке секіру үшін не әсер етті?
· Қойылған мақсат нәтижені жақсартты ма, нашарлатты ма?
· Мақсат қою үшін адамға не керек?
Екінші жаттығудан көргеніміз, адамға мақсат қою, көздеген мақсатына
жету үшін қажет, оған осы әрекетті саналы түрде басқару үшін ерік
қажет.
Ерік – бұл саналы түрде мақсат қоя алу қабілеті мен алда кездесетін
ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ішкі талпыныс.
Сыртқы кедергілер – бұл бізге сыртқы әлеуметтік ортадан келетін
қиындықтар. (әлеуметтік орта, материалдық жағдай, әртүрлі
жағдайлар)
Ішкі кедергілер – бұл өзіміздің ішімізден шығатын қиындықтар.
(қорқыныш, ашу, үрей, жүрексіну, шарасыздық, ыза, жеккөру,қызғаныш,
тәкәпарлық,немқұрайлық, қырсықтық, өзін кінәлі сезінушілік, жанның
ауыртпалығы, ішкі жалғыздық, сараңдық, жалқаулық т.б.
«Өмірде ең үлкен жеңіс – бұл өзін - өзі жеңу» дейді халық даналығы,
сыртқы кедергілерді жеңу алдында, біз өзімізбен күресеміз, өзімізді
бағыттаймыз. Алдымызға қойған мақсатымыз қаншалықты айқын,
қаншалықты нақты болса, соншалықты біздер соған жетудегі
кедергілерді жеңуге дайынбыз.
3. Табыс қоржыны: Сіздердің барлығыңызда мақсатыңыз бар. Бұл алдағы
ҰБТ жақсы нәтиже көрсету. Бірақ, қаншалықты ол сіз үшін маңызды?
Алдыңнан кедергі тап болса, қойған мақсатыңнан бас тартасын ба?
Шөлдеп келе жатқан екі адамды елестетіңіз, біреуі көшеде келе
жатыр, + 27 градус ыстық, дүкендердің маңайынан келе жатып
шөлдегенін сезінеді, дүкенге кіріп сөрелерді қарап тұрады, не алсам
екен? «Кола» ма? Әлде «Тассай» алайын ба? Өстіп ойланып тұрғанда
дүкенші «Аласыз ба, жоқ па, түскі үшіліске жабамын» дейді, ол
ашуланып ешнәрсе алмай шығып кетеді, енді бірі шөл далада келе
жатыр, су ішпегеніне 3 күн болған, + 45 градус ыстықта келе жатыр,
алыста құдық көрінеді. Қайсысы мақсатына жетеді.
Сұрақтар:
Осы екі адамның тілек күштерінің айырмашылығы бар ма?
Қандай тілек қойған адам мақсатына жетеді?
Ал сіздің қалауыңыз қандай бірінші адамдыкіндец ме, әлде
екіншісінікіндей ме? Тексеріп көрейік: Мақсатқа жету жолы әрқашан
жеңіл болмайды, кедергілерден өтіп мына «сиқырлы» қоржынға
жетсеңіз, армандарың орындалады. Қатысушылар екі топқа бөлініп екі
қатарға тұрады. Араларына 15 см. арақашақтық қалдырады. Топтың
мақсаты: қол, дене арқылы кедергілер жасау, бірақ адамның өтуіне
мүмкіндік беру. «Жоқ» сөзін хормен айту.
Әр қатысушы кезекпен осы «кедергілер тоннелінен» өтеді, ішінен
өткенде «иә» деп айтып өтуі керек. Барлық қатысушы өз сиқырлы
парақтарын алып болған соң, шеңберге тұрып, парақтардың артындағы
төрт жолды өлеңді хормен айтады.
Мінекей біздер бүгін сіздердің мақсатқа жету үшін өзіңізге не қажет
екенін біліп, мақсатқа жету үшін кедергіге тап болсаңдар табандылық
таныта алатыныңызды байқадық, мінекей осы жаттығуды
орындағандағыдай, жеңіске ұмтылысыңыз бен табандылығыңыз болса,
сіздердің алмайтын асуларыңыз жоқ деп ойлаймын. Сәттілік
тілеймін!
4. «Жақсы тілек, жарым ырыс» жаттығуы: Қатысушы мұғалімдер
оқушыларға өз лебіздерін айтады.