Материалдар / Үй құстарымен дала құстары

Үй құстарымен дала құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
құстар тіршілігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
401
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыЕресектер тобы №7 Мерзімі:04.02.14Білім беру саласы:Таным. Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы: Үй құстары мен дала құстары.Мақсаты: Құстардың тіршілігі туралы түсінік беру.Білімділік: Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту. Үй құстары мен дала құстарын ажырату.Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету.Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеуӘдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.Көрнекілік құралдар: Дала құстары мен үй құстарының суреттері, үн таспа.Қостілдік компонент: құстар-птицы, қарға –ворона, қарлығаш-ласточка
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекеттеріБалалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық -қозғаушылықОқу іс-әрекетін бастамас бұрын мына өлең жолдарымен бастау.Табиғатым тамаша,Көз тоймайды қараса,Табиғатты аялапЖүрейікші жараса.





Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастыру -іздестіруБүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз.Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала құстары-қарға, сауысқан, қарлығаш, т. б. Олардың қанаты бар, аспанда ұшып жүреді.Ал, үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.Үй құстарына тауық, қаз,үйрек т.б жатады.Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді.Балалар сендер құстармен таныстыңдар, енді үн таспадағы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме?Неге дала құстары деп ойлайсыңдар?Осы кезде есік қағып топқа«Әтеш» кіреді.Балалар бұл «Әтеш» бізге хат әкеліпті.Ішінде құстардың суреттері бар екен. Қазір сендер сол суреттерді алып дала құстарын бөлек, үй құстарын бөлек атаймыз.Дұрыс айтасыңдар, орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.Сергіту сәті:Қане, қанат жазайық,Қарлығаш боп ұшайық.Ұшып – ұшып алайық,Орнымызға қонайық.Қарлығаш боп ұшайық,Торғай болып қонайық.Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық.Д/ойын: «Не қалай дауыстайды?»Балаларға құстарды көрсету.Құстарды жеке-жеке атап көрсету.Сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?Балалар енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден торғайды құрастыру.



Балалар тәрбиешіні қызыға тыңдайды.



















Балалар ол қай құс екенін айтып дауысын айтады.(Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, аспанда ұшады.)





Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атап отырады.















Балалардың қимыл қозғалысы.



Балалар құстардың үнін тыңдап олардың дала құстарының дыбыстары екенін айтып түсіндіреді.Торғайлар шиқылдап жатыр т. б дала құстарының дыбыстарын айтып береді.
Рефлексивті-түзетушілікҚорытындылау-Балалар сендер үй құстары мен дала құстарының қандай айырмашылығын білдіңдер?-Қыста дала құстары қалай қоректенеді? Оқу іс - әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.



Балалар тәрбиешінің сұрақтарына өз жауаптарын береді.


Күтілетін нәтиже:Білу керек: Балалар толық жауап беруге үйренеді. Үй құстары мен дала құстарымен танысты;Игереді: Үй құстары мен дала құстарының сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы ;Меңгереді: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алу, сұрақтарға толық жауап беру, байланыстыра сөйлей алады. Қарама-қарсы сөздерді айтуға тырысады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ