ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ, АҚСУ АУДАНЫ
«Т.ТОҚТАРОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ,
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: _______________ _____________ К.О.Базарбаева М.Н.Махсат
« »________2023жыл « »________2023жыл
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін
«Санау» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Пәні: Санау
Мұғалім: Әбдікәрім С.
Сынып: 8
2023-2024 оқу жылы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 95 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 535 – қосымша
Түсінік хат
(68 сағат, аптасына 2 рет)
1. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Санау» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Санау» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларда тұрмыста барынша жақсы бейімделуге, қолжетімді шаруашылық-еңбектік дағдыларды меңгеруге көмектесетін қарапайым матеметикалық түсініктерді, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.
3. Негізгі міндеттері:
1) сабаққа деген қызығушылықты, басқа балалармен және ересек адамдармен өзара әрекеттене білуді дамыту;
2) заттық-практикалық әрекетті, қимыл-қозғалыстық икемділікті, жағымды эмоциялық-ерік қасиеттерді, танымдық белсенділікті қалыптастыруға
көмектесу;
3) әрбір білім алушыда сандық, кеңістіктік, мезгілдік қолжетімді түсініктерді және санау-есептеу дағдыларын қалыптастыру;
4) алған икемділіктері мен дағдыларды өмірлік жағдаяттарда пайдалануға үйрету;
5) еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, еңбекке қабілеттілікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу, көзбен шамалау қабілетін дамыту.


