Материалдар / үйірме жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

үйірме жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолдануға болатын әдістер тізбегі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
5623
86 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түсінік хат Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Бұл жұмыс түрі 2-сыныптағы баланың бағдарламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді, әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық білімді жүйелейді «Математика ақыл-ойды биік шыңға жеткізеді. Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы әрі пән мұғаліміне көмекші құрал болады деп құрастырылып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, меңгеру деңгейін ескеріп, 2-сыныпты қамти отыра математикадан терең ойлау қабілеттерін арттыру барысында  «Ғажайып математика » атты факультативтік курс аптасына 1 сағат көлемінде алынып, 2 -сыныпқа 34 сағатты қамтиды. Математика пәнінің негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдаарлама оқушылардың білім-білік деңгейлері, танымдық қабілеттерін арттырады. Оқушының қисынды ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық-ойын тапсырмалар беру. Бастауыш сыныпта өтілетін бірақ шығарылу қиын есептер мен тапқырлықты талап ететін қисынды есептер астарлап келеді.Есеп зерделілікке, қиялдауға, қисынды ойлауға, тапқырлыққа үйретеді.Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығуларды орындауға машықтандырады.Математикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін арттырып, зейінін, есте сақтау процестерін дамытады. Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Тапсырмадағы тірек сызбалар ұсынылып, оқушының өтілген тақырыпты игеруін, пысықтауын, ой қорытуын жеңілдетеді. Математика пәні шыдымдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді.































Мақсаты:- математикалықбілімдерін игеру;- танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;- пәнге қызығушылығын арттыру;- қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде қалыптастыру;- игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында қолдана білуге дайындау;- математикалық ұғымдар мен іс - әрекет тәсілдерін оқып үйрету және білім, білік дағдыларын қалыптастыру.





Міндеті:- ақыл ой іс әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;- кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;- практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;- ауызша және жазбаша кестелік қосу, азайтуды үйрету;- кестелер, тірек сызбалар арқылы жұмыс істеуді меңгерту;- шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың логикалық ойын дамыту;





Күтілетін нәтиже:

- Бағдарламаны оқыту барысында заттарды санауды игеру;- Қосу, азайтуды, жазуды, оқуды, салыстыра отырып талдау;- Геометриыялық фигураларды бір – бірінен ажырату;- Қосу мен азайтудың қасиеттерін дәлелдеу;- Логикалық есептерді шешудің жолын табу;-Оқушылардың логикалық ойлау, еске сақтау қабілеттері, зейіні, заттар мен құбылыстарды талдауы, салыстыра алу дағдылары дамиды.-Оқушылардың математикалық түсініктері, есептеу дағдылары, есептің белгілі бір түрін шығара білу дағдылары қалыптасада.













Мазмұндық бөлім
р/сТақырыбыМазмұны
1Геометриялық фигуралар, оларды еркін өлшеммен сызуӨткен сыныптағы тақырыптарды еске түсіру мақсатында алынған.Демалыс кезіндегі ұмытылған кейбір материалдарды қайталап, қайта жаңғырту.
2Бөліктерге бөлу және құрастырусәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.
31-ден 20-ға дейінгі сан атауларыЖаттқа санай білу, жаза білу
4Екі таңбалы сандар нумерациясыматематикалық жұмбақтар, Көңілді жаттығулар
5Санамақ түрлері

6Екі таңбалы сандарды салыстыру Бос орындарды толықтырады. Теңдік, теңсіздік суретті сызық арқылы қос
7Дөңгелек сандарСандарды ажырата білу
8Ойлан тап «Сиқырлы үшбұрыш»өз беттерімен ұқсасырып сандар арқылы санамақ құру. Кері санау, оң санау;
9«Тізбектер»

10Түзулердің қиылысуыТақырыптар бойынша оқушыларға сөз есептерді шығару жолдарын меңгерту; Есеп құрастыру жолдарын түсіндіру;
11«Көңілді санау»тақырыптары бойыншасәйкестендіру тапсырмаларын орындап,дүкеншілік мамандығы бойынша ойыншық сатып,теңгенің мағынасын түсінуге машықтанады.
12Математикалық өлең есептер

13Бағыт сызықтары.ЖолСандардың қосындыларын тауып, есептің мәндерін дұрыс табуды игерту;
14Нүкте.Түзутүзу сызу арқылы, қиынды парақшаларды құрастыру арқылы топ болып,бірлестікке тәрбиелену.
15Математикалықжұмбақтар құрастыруБелгісіз санды тауып, есепті дұрыс шығару;
16Амалдардың орындалу тәртібіауызша есептеу дағдыларына бағытталып берілген тапсырмалармен жұмыстар жүргізуге үйрету.
17Екі таңбалы сандарды қосу және азайту

18Есеп ойындар «Қасқыр, қой, шөп. Торғай мен бұтақ»

Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
19«Есеп ертегі» ауған ертегісі

20Ұзындық өлшемдері.МетрҰзыңдық өлшемдерін салыстыруды үйренеді
21Ауызша есептеу тәсілдеріЕсеп шығару жолдарын
22Жүз.Жүзбен санауфигуралармен жұмыстар жасап,түзу сызу арқылы, қиынды парақшаларды құрастыру арқылы топ болып,бірлестікке тәрбиелену.
23Үш таңбалы сандарды оқу, жазуоқушының білім, білік, дағдыларын тексеру мақсатында тест жұмысымен бақыланады.
24Үш таңбалы сандарды салыстыруБерілген есептердің қателерін тауып, теңдеудің дұрыс құрастырылуын игерту;
25Теңдеу және оны шешуалдымен дайын ребус пен кроссворд шешеді. Сол үлгі бойнша өздері құрастырады
26Экономикалық мазмұнды есептер

27«Танграм» ойынытақырыптары бойыншасәйкестендіру тапсырмаларын орындап,дүкеншілік мамандығы бойынша ойыншық сатып,теңгенің мағынасын түсінуге машықтанады.
28Қызықты квадрат құрастыру

29Санды және әріпті өрнектертақырып кезінде топтық жұмыстар орындап,жәй ғана есепті шығарып қана қоймай, берілген тапсырмаларының шешілу жолдарын дәлелдеуге машықтанады.
30Тең бөлу.Шытырман есептер

31Есепті әртүрлі тәсілмен шығарубілім, білік, дағдыларын тексеру мақсатында тест жұмысымен бақыланады.Сонан соң жұмысты тексеріп сынып ішінде дәлелдеп,талқыға салынады.
32Көпбұрыштардың периметрін есептеу

33Құрылымы күрделі теңдеулер

34Тест. Қорытынды



















































Нормативтік бөлімБарлығы 34 сағат, аптасын 1 сағаттан
Сабақтың тақырыптарыПайдаланған әдебиеттерСағат саныУақыты
1Геометриялық фигуралар, оларды еркін өлшеммен сызуБалалар журналы. «Балдырған»1

2Бөліктерге бөлу және құрастыруБалалар журналы. «Балдырған»1

31-ден 20-ға дейінгі сан атауларыБалалар журналы. «Айгөлек»1

4Екі таңбалы сандар нумерациясыМатематикалық жазулар1

5Санамақ түрлеріМатематикалық жазулар, 2012ж1

6Екі таңбалы сандарды салыстыруБастауыш мектеп, журналы 2008ж1

7Дөңгелек сандарБастауыш мектеп, журналы 2008ж1

8Ойлан тап «Сиқырлы үшбұрыш»«Математика» 2015ж1

9«Тізбектер»«Математика» 2015ж1

10Түзулердің қиылысуыСиқырлы пішіндер мен сандар 2003ж1

11«Көңілді санау»Балалар журналы. «Балдырған»1

12Математикалық өлең есептер«Математика» Алматы кітап 2016ж1

13Бағыт сызықтары.ЖолМатематикалық жазулар журналы1

14Нүкте.ТүзуБалалар журналы. «Айгөлек» 2000ж1

15Математикалықжұмбақтар құрастыруМатематика әдістемесі1

16Амалдардың орындалу тәртібіБастауыш мектеп журналы1

17Екі таңбалы сандарды қосу және азайтуДидактикалық материалдар1

18Есеп ойындар «Қасқыр, қой, шөп. Торғай мен бұтақ»«Математика» Алматы кітап 2016ж1

19«Есеп ертегі» ауған ертегісіДидактикалық материалдар1

20Ұзындық өлшемдері.Метр«Математика» Алматы кітап 2011ж1

21Ауызша есептеу тәсілдері«ИФМ» журналы 1998-1999жж1

22Жүз.Жүзбен санау«ИФМ» журналы 1998-1999жж1

23Үш таңбалы сандарды оқу, жазуМатематикалық жазулар журналы1

24Үш таңбалы сандарды салыстыруМатематика әдістемесі1

25Теңдеу және оны шешуСиқырлы пішіндер мен сандар 2003ж1

26Экономикалық мазмұнды есептерБастауыш сынып журналы1

27«Танграм» ойыны«Айгөлек» республикалық балаларға арналған журналдары1

28Қызықты квадрат құрастыруМатематика 3сынып, «Алматыкітап»1

29Санды және әріпті өрнектер.«Балақан» республикалық балаларға арналған журналдары 2014,1

30Тең бөлу.Шытырман есептерАқпараттық мәдениет негіздері № 2 дәптер. Е.К.Балапанов,1

31Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруМатематика 3сынып, «Алматыкітап»1

32Көпбұрыштардың периметрін есептеуМатематика 3сынып, «Алматыкітап»1

33Құрылымы күрделі теңдеулерАқпараттық мәдениет негіздері № 2 дәптер. Е.К.Балапанов,1

34Тест. ҚорытындыДидактикалық материалдар1



Ақпараттық-әдістемелік бөлімФакультативтік курсты оқытуда: Білім беруді «ізгелендіру» қазіргі таңда математикадан оқытуда жетістіктерге жету үшін О.В.Алексеевтің 5 блоктан тұратын әдісін қолданамын. Олар: 1-блок: Заттардың белгілерін айыру онымен жұмыс. Белгілері мен сипатын құрастыра білу үшін есептер шығару.2-блок: «Барлығы», «кейбір», «кез-келген», «әрқайсысы», «және», «немесе», «емес» логикалық сөздерін меңгертуге есептер шығару.3-блок: «Жіктеу» арқылы санның құрамын айыру, дұрыс топтауды ажырата білу.4-блок: «Анықтау» арқылы логикалық іс-қимылын қалыптастыруға арналған тапсырмалар.5-блок: Қарапайым ой-қорытынды. Берілген мысалдарды тексере отырып, тұжырымдау дәлелдеу мен теріске шығаруды үйрету. Осы әдістер оқушының білімін жинақтап: әр баланың білім алу үрдісі не белсене қатысуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне өте тиімді. «Миға шабуылдау» әдісі: «Миға шабуыл», «ойға шабуыл», немесе «миға батыл әрекет» әдісі мен термині ең алғашында Сократтың эврестикалық диалогты негізге ала отырып жасалынған. Қазіргі таңда «миға шабуыл» әдісінің бірнеше түрі ойласырылған.Тікелей «Миды шабуылдау» ұжымдық тапсырмаларды шешуде, идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Ол кезде дайын материалды оқушыға айтпай әуелі оларға ой тастау арқылы,сұрақтар қоямын. «Айналмалы бекет» әдісі арқылы теңдеуді шешу тапсырмалырын орындау өте тиімді.Бір теңеуді бір оқушы шешпей топ мүшелерімен бірге эстафеталық ойын секілді орындалады. «Айналмалы бекет» әдісі арқылы теңдеуді шешу тапсырмалырын орындау өте тиімді.Бір теңеуді бір оқушы шешпей топ мүшелерімен бірге эстафеталық ойын секілді орындалады. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы бірнеше өлшем бірліктері мен есеп мәндерән сәйкестендіріп сызық арқылы қосу жұмыстары жүргізіледі.







































Оқушы пайдаланатын әдебиет:1.Қызықты матаматика 3 сынып, «Алматыкітап» 2.Математика 3сынып, «Алматыкітап»3.«Балақан» республикалық балаларға арналған журналдары 2014, 2015 жыл №1-34. «Айгөлек» республикалық балаларға арналған журналдары 2012 2014 жыл №2-65.Математика пәні бойынша тесттер жинағы. 1-4 сынып.6.Математикалық жазулар 3сынып, «Алматыкітап» 2012ж 7.Жұмыс дәптері №1,2,3 «Алматыкітап» 2012ж8.«Санамақтар» «Атамұра» 2005ж 9. « Жұмбақтар» «Атамұра» 2006ж10.«Алтын сандық» республикалық балаларға арналған газет 2013, 2014 жыл №1-3





Мұғалім пайдаланатын әдебиет:1. Ақпараттық мәдениет негіздері № 2 дәптер. Е.К.Балапанов, С.Т.Мұхаметжанова,Г.С.Кабулова2. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Ақтөбе-2005 жыл3. Математикадан дидактикалық материялдар мен ойындар.Ә.Наурызбайқызы,Ә.Әубакірқызы. Алматы-1994 жыл4. Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық білім,білік,дағдыларын тексеруге арналған тест жұмыстары. Ж.Н.Бірімжанқызы5. Қызықты математика Алматы-1987 жыл6. Есептер мен жаттығулар жинағы «Алматыкітап»7.Бастауыш мектепте оқыту журналы № 1-7 2006-2015 жыл8. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Ақтөбе, 2005 ж 9.Математика әдістемесі. Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, В. В. Буровова. Алматыкітап, 2009ж10.Математикалық тапсырмалар мен ойындар ойындар жазылған карточкалар.М.И.Моро. Алматы «Мектеп»-2000ж







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!