Материалдар / Үйірме мүшелерінің отырысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйірме мүшелерінің отырысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал үйірме жұмысын жүргізетін мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Асыл сөз" үйірмесінің ашық отырысы

Күні: 14.03.18ж

Тақырыбы: Жерлес қаламгерлердің шығармаларындағы туған жер тақырыбы.

Мақсаты:Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бөлімімен байланыстыра отырып,оқушыларды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, жерлес қаламгерлердің шығармаларын тереңірек меңгерту арқылы туған халқына, жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату.

Көрнекілігі және ресурстар: АКТ, кітаптар, стикер, А4 форматы


Барысы:

1. Шаттық шеңбері (4минут) Мұғалім: -Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің үйірмеміздің кезекті ашық отырысы. Сәттілік тілеймін. Т.Жорабаевтың "Туған жер" әнін тыңдату. Ән тыңдаған кезде бір-бірінің қолдарынан ұстап отыруы қажет. Тыңдаған ән негізінде: Ән тыңдау кезіндегі алғашқы сезімің қандай болды? деген сұраққа жауап беру.

Мысалы: 1: Әнді тыңдау барысында жүрегімде бір толқыныс сезімі пайда болды. Осындай әдемі табиғаты бар жерде өмір сүріп жатқанымызға мақтануымыз қажет деп ойлаймын. Біздің ауылдың да табиғаты, Бұқтырма өзені, биік тауларымыз өте көркем. 2: Мен әннің сөзіне мән бердім. Аралап күндіз-түні жүрсем дағы, тыншымай ет жүрегім елжіреген дейді. Әр адам туған жерінің көркеюіне ат салысу қажет.

3: Маған да тура біздің ауылымызды бейнелеп тұрғандай елестеді.

Қорытынды шығару:

Т.Жорабаевтың "Туған жер"



Осы ән негізінде ойларыңды бір мақалмен қорытып көріңдер.

Бүгінгі отырысымыздың ерекшелігі де сол, туған жерге арналуы. Яғни біз туған жер өлеңін текке тыңдаған жоқпыз. Туған жер дегенде әр адамның кіндік қаны тамған, ана әлдиін естіген, уайымсыз балалық шағын өткізген мекені елестейді. Ақын тілімен айтсақ,


Өзіңде менің мұң-қайғым,

Өзіңнен алам нұрлы айбын.

Тебіреніп кеткен кезімде

Туған жер, сені жырлаймын.

Ендеше бүгінгі жұмысымызға сәттілік тілеймін. Бүгін бізде екі топ жұмыс жасайтын болады.

1-топ Жас қаламгерлер (ақын, тілші) Айым, Замира, Назым, Арман, Гүлназ, Айгерім

2-топ Жас таланттар (мәнерлеп оқу, актерлік қабілеті бар) Айдар, Сезім, Надия, Нариман, Эльвира

1-топ Жас қаламгерлер

2-топ Жас таланттар

1-тапсырма (10 минут):

М:Құрметті оқушылар, туған жер тақырыбын сөз қылғанда біз Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласын еске аламыз. НЕГЕ? Біз мақаланы кезекті отырыстардың бірінде талдағанбыз. Елбасы осы мақаласына неге қайта оралып отырмыз? Қалай ойлайсыңдар? Онда туған жер туралы: "Туған жер- әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі"- деген болатын. Алғашқы тапсырмамыз да осы төңіректе болмақ. Қазір аталған мақаладағы Туған жер тақырыбына оралайық.Алғашқы тапсырмамыз да осыған сәйкес болады.

1-топқа: «Менің елім – Мәңгілік ел»

2-топқа: "Елімнің дамуына менің қосар үлесім"

Жақсы.


Елбасымыздың мақаласында: "Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс"деген болатын. Ал біздің өлке ондай азаматтарға кенде емес. Туған жердің дамуына өз үлестерін қосқан, қосып жатқан қандай атақты азаматтарды білесіңдер?

Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз осындай тұлғалар туралы болмақ. Біз бүгін жерлес қаламгерлердің шығармаларындағы туған жер тақырыбы туралы сөз қозғайтын боламыз. Жерлес ақын-жазушылардан кімдерді атар едіңдер?

Оқушылар жерлес ақындар туралы сөйлеу керек.Өлеңдерін оқу. (3минут)

1-тапсырма (10 минут):

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласын еске аламыз.


1-топқа:

«Менің елім – Мәңгілік ел»

2-топқа: "Елімнің дамуына менің қосар үлесім"


Тұжыр-қ карта

ПОСТЕР қорғау


Тақпақтар сұрау

Ендеше экранға назар аударайық. М:


Бейнефильм. (Менің даусым)

М: Мінеки, балалар, біраз мағлұматты қайталадық.


Енді сендерге тапсырма.

2-тапсырма (10 минут):

1-топ Жас қаламгер: Жерлес ақындардың Туған жер тақырыбындағы бір өлеңін алып, өлең құрылысына талдау жасайсыңдар. (шумақ, бунақ, тармақ, ұйқас түрі)

2-топ Жас таланттар:Туған жер тақырыбындағы бір өлеңін алып, өлеңге тілдік талдау жасайсыңдар. (көріктеу құралдары)

Оқушылар талдауы

1-топ: Т.Рақымжанов "Ауылым"

2-топ: Б.Раисова"Туған жерді сағыну"


Сергіту сәті (1минут)

Сергіту сәті

Мұғалім:Таңдауларың маған өте ұнады. Алдарыңда жатқан кітаптардан туған жерге арналған қандай шығармалар бар екен? (Атап шығады). ... Бұл қаламгерлер өз өлең-жырларымен туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдірді. Сендер де болашақта дәл осы аға-апаларың сияқты елдің аялаған перзенті, ақыны мен жазушысы болуларың мүмкін. Өйткені осы үйірмеде жұмыс жасап отырған 2 топтың ішіндегі бірнешеуің болашақта әнші, актер, журналистика, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі сияқты мамандықты таңдап отырсыңдар. Яғни, сендер әдебиетті жан қалауларың бойынша таңдап алып отырсыңдар. Солай ма? Кімдер қане?

Ендеше биылғы оқу жылы бойынша жүргізіп келе жатқан жұмыстарымызға қорытынды жасасақ деймін.

Үйірме мүшелерінің есебі


4. Қорытынды (1 минут).

М: Сонымен бүгін біз жақсы жұмыс атқардық деп ойлаймын.

Рефлексия

Ақылды қалпақ (ортаға шығарып, шеңбер құру). Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол отырыс туралы өз ойын ортаға салады.

Үйге тапсырма: газет жобасын

-Мен осы сабақтан өте жақсы әсер алдым. Өйткені біз

-Мен бүгінгі сабақта




Ақылды

қалпақ





Ендеше экранға назар аударайық. М: Бейнефильм. (Менің даусыммен жазылған)

Мр3: Біздің ауыл- ежелден-ақ от тілді, орақ ауызды шешендер мен кеудесін оққа төсеген батыр ұлдар туғызған.

Төлеген Рақымжанұлы ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 1938 жылы Еңбек ауылында туған. Жыл керуені алға жылжыған сайын Төлеген ағаның артына қалдырған өшпес мұрасы өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, ақын Қайырды Назырбаев та біздің ауылымыздың тумасы.

Әркім-ақ аңсап тұрады,

Биігін шыққан тауының,

Жанымның жылы шуағы

О,менің, туған ауылым,- деп жырлайды ағамыз.

Жұпарлы сезім төктіңдер,

Ұлдардың балғын шын зары,

Алысқа самғап кеттіңдер

Ауылдың ерке қыздар,- физика-математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессоры болса да, жыр маржан жанына жақын көрген Бияров Төлеухан ағамыз да біздің ауылдың топырағында дүниеге келген.

Жас буынға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан апайымыз, талантты ақын Бақытжан Раисова. "Шағылға біткен шынармын" деп жырлаған Бақытжан апайымыз туған жер тақырыбын ешбір ақыннан кем суреттемейді.

"Бақ пен сор", "Біздің ауылдың адамдары", "Тәу етем саған, туған жер" атты еңбектерді дүниеге әкелген, проза мен поэзия жанрын бірдей алып, әдебиетте өз орны бар Ермек Сахариев туған жер жайында:

Үміттің оты алаулап жанып көзінде

Ауылдан ұшқан балапан едім кезінде

Дұрыс қой әркім өзі ұшқан түлеп ұясын

Жадында ұстап, аялап өтсе сезімде.-дейді.

Елбасының сөзімен айтсақ: "Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болатын, есімдері ел есінде сақталар біртуар перзенттері болады. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс". Ендеше көпке үлгі болған аға-апайларымыздың еңбегін бағалап, жадымызда мәңгі сақтайық.

Ауылымды Таңба дейді, Еңбек дейді,

Осынау алып жатқан кең беткейді

Басқаның талғамында жұмысым жоқ

Мен үшін бұл араға жер жетпейді.


Мен үшін аңыз-Еңбек, өлең-Еңбек,

Қашанда осы ауылға бөгелем кеп.

Осы ара дүниеге келген жерім-

Атымды қойған мұнда Төлеген деп.


Өмірдің толқынында билеп кемем

Білмеймін, несі қалды күйретпеген

Алайда жұдырықтай жүрекпенен

Арқалап адамдықты сүйреп келем.

Біздің топ ақылдаса келе, Төлеген Рақымжановтың Ауылым өлеңіне келіп тоқталдық. Алдымен өлеңді мәнерлеп оқып көрейік.

Өлең дегеннің өзі көптеген компоненттерден құралатын шығарма. Оның тақырыбы болады. Біздің таңдаған өлеңнің тақырыбы- Ауылым. Жанры- поэзия. Идеясы- Туған жерге тағзым жасау, оны бағалай білуге, сүюге тәрбиелеу. Бізге бұл өлеңнің 3шумағы берілген. Өлең 11 буынды, әр тармағында 11 буын бар. 3 бунақтан тұрады, әр жолында 3ырғақ бар. Мысалы, Ауылымды/ Таңба дейді/, Еңбек дейді,

Ұйқасқа келетін болсақ, қара өлең ұйқасы. Өйткені, 1,2,4 жолдары өзара үйлесімді, ұйқасып тұр: Еңбек дейді, кең беткейді, жер жетпейді. Енді тармаққа тоқталайық. Тармақ- бұл өлеңнің әрбір жолы. Яғни, мұнда 12 тармақ. Біз осылай талдау жасадық.

Қош, қош саған бұйра бұлт таудан асқан,

Таудан асқан тағдырын ойламастан

Туған жерді іздеймін төмен қарап,

Қош, қош енді құшағын жайған аспан.


Қолын созған найза тас шынарына,

"Шағылдың" шаң түспейді-ау шырайына

Көлеңкесі ұзарып, көп қимылдап

Қарағайлар бір кеңес қылады ма?



Бұйра бұлттар бұйығып көшті ілгері

Жадырата алмады ешкім мені

Тамызығын тұтатқан кешкі ошақтың

Кәрі әжемнің күбірі естілмеді.

Біз Бақытжан.Раисова апамыздың "Туған жерді сағыну" өлеңін алып отырмыз. Талдау жасамас бұрын өлеңді біз де оқып көрейік.

Ең алдымен тақырыбына келер болсақ, ақын туған жерден жырақта жүрген кезінде жазылған өлең болу керек. Сағыныштан пайда болған өлең шумақтары. Ақын өзінің ішкі сағынышын білдіру үшін көркемдегіш құралдарды жақсы пайдаланған. Мысалы, Қош, қош саған бұйра бұлт таудан асқан,

Таудан асқан тағдырын ойламастан, деген өлең жолдарынан ақын өз тағдырын таудан асып бара жатқан бұлтпен салыстыра суреттейді, қайталауды пайдаланады. Бұлт таудан асып бара жатса, адамзат баласының есейе келе туған жерден амалсыз жырақтайтынын айтқысы келген. Қош,қош деп туған жермен еріксіз қоштасады. Қош,қош сөзін қайталап қолданады. Бірінші шумақтың 1 тармағы мен төртінші тармағында да кездестіруге болады.

Бұйра бұлттар бұйығып көшті ілгері

Кәрі әжемнің күбірі естілмеді.-деген жолдардан ақын эпитетті көркем қолдана білген.

Көлеңкесі ұзарып, көп қимылдап

Қарағайлар бір кеңес қылады ма,- деген өлең жолдарынан кейіптеуді байқаймыз және ақын риторикалық сұра қояды. Табиғаттағы қарағайдың қимылын адам бойынша іс-әрекетпен ұштастыра суреттейді. Сонымен қатар өлеңнің басынан аяғына дейін ақынның көңіл күйін байқауға болады деп ойлаймыз. Туған жерді іздеймін төмен қарап,

"Шағылдың" шаң түспейді-ау шырайына

Жадырата алмады ешкім мені,-деген жолдар өлең тақырыбын айқын ашып беріп тұр. Мұнда ақынның жабырқаулы көңіл-күйін көруге болады. Туған жердің қасиетін арттыра түседі. Өлең өте әсерлі шыққан. Тыңдарманына сағыныш сезімін сыйлайды.

Үйірме мүшелерінің есебі

Назым: Әдебиет пәні адамның рухани дүниесін байытады, туған тілімізді сүюге тәрбиелейді. Әдебиет арқылы еліміздің тарихын білеміз. Біз жас әдебиетшілер ретінде осыған өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Өткен оқу жылында да "Асыл сөз" үйірмесінің мүшелері біраз жетістіктерге жеткен болатын. Ал биылғы оқу жылында да біраз жетістіктерге жеттік.Жас қаламгерлер ретінде біздің топтың мүшелері мектепішілік шараларда, тіл мерекелерінде әртүрлі шығармалар сайысына қатысады, ұйымдастырады. Мысалы, "Елін сүйген Елбасы!" шығармалар сайысына Қасымова Айым 1-орын иеленді. Сонымен қатар, аудандық "Арай" газетіне мақала жазып отырамыз. Жас ақындарымыз да әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, орын алуда. Атап айтқанда, Сүлейменова Замира тәуелсіздік күніне арналған облыстық авторлық өлеңдер сайысына қатысып, "Жас талант" номинациясын жеңіп алса, Қақанова Назым ІY республикалық жас ақындар сайысына қатысып, жүлделі 2-орын мен "Ел үміті" төсбелгісімен марапатталды. Жұмысымыздың қорытындысы ретінде мектебіміздің жас тілшілерінің мақалаларын жинақтап, "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік!" атты жинақ етіп шығардық. Бұл үйірме жұмысы бойынша біздің топтың жетістігі деп ойлаймыз. Болашақта мектеп өмірі мен тынысынан хабар беретін мектепішілік газеттің жобасын жасасақ деген жоспарымыз бар. 2018жылдың өзінде-ақ атап өтетін жетістіктеріміз бар. Мысалы, ақпан айында өткен аудандық "Жас қалам" байқауында эссе бағыты бойынша үйірме мүшесі Қасымова Айым 3-орын иеленіп, грамотамен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Төлеген Рақымжанов атындағы дақымжанов атнатындағыРРпыгсрфыс4

сәстүрлі байқауға қатысқа 2 оқушымыз да жүлделі орындардан көріне білді. Сүлейменова Замира 2-орын алып, 15000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, Қасымова Айым Алғыс хатпен марапатталды. Сөзіміздің дәлеле ретінде назарларыңызға Сүлейменова Замираны авторлық өлеңімен ортаға шақырамыз. "Дала тарихынан үзінді".


Эльвира: Менің ойымша, үйірме жұмысы біздің мамандық таңдауымызға да септігін тигізеді. Мысалы, біздің топтың мүшелерінің жартысынан көбі болашақта әдебиет пәнін таңдап, өнер, журналистика факультетіне барсам деп армандайды.Біздің Жас таланттар тобына көркемсөзді, өлеңді мәнерлеп оқу, актерлік қабілеті бар оқушылар жиналған. Біз жыл сайынғы дәстүрлі мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып отырамыз. Жетістіктеріміз де жоқ емес. Атап айтсақ, 2017 жылы аудандық патриоттық байқауда тарихи қойылым байқауында 2-орынды иелендік. Облыстық О.Бөкей оқуларына қатысқан үйірме мүшесі Ниязбекова Сезім мен Замқарқанов Айдар 3-орын иеленіп, грамотамен және 10000 тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.Аудандық "Өркен" жас таланттар байқауында да жүлделі 2-орыннан көріне білдік.Ендеше назарларыңызға О.Бөкейдің "Жылымық" шығармасынан үзіндіні ұсынамыз. Ниязбекова Сезім, Замзарқанов Айдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!