Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін
ескеру.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің
қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен
байланыстырып түсіндіру.
ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде
өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың техникалық
құралы: Компьютер, документ камера,
проекциялық
аппарат, интерактивтік тақта,
экран.
Сабақтың
көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі
денелер, электрондық
оқулық, қозғалысқа келтірілген
фото-суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ.Жаңа сабақ;
IV.Бекіту;
V.Үйге
тапсырма;
VI.Сабақты қорытындылау
(бағалау).
І.Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу,
тексеру)
ІІ.Үй тапсырмасын
қайталау
Қозғалысқа келтірілген сурет
арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер
арқылы)
ІІІ.Жаңа
сабақ
Сабақтың барысы:
1)Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты,
күнделікті тұрмыстағы
кездесіп жүрген заңдылықтарға
байланысты бірнеше сұрақтар қою.
2)Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға
шығарып, жеке-жеке
қысқаша
жауап қайтару.
Сұрақтар:
ІІ.Бұл үйкеліс күші қандай
үйкеліс күштермен әрекеттеседі?
Жауап: Тартылыс күші, Ауырлық күші, Серпімділік
күші.
ІІІ.Оқушылар сіздер велосипедпен немесе шанамен
Жер бетінде жүру туралы
мәлімет айтыңдар.
IV.Осы қойылған сұрақтарының
дұрыс жауаптарын әр оқушы әр түрлі жауап
айтып шығады, дұрысына белгі қойып қысқаша атап
өтемін.
Шананы қара жолмен сүйрегенен
гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік-бөлшектері
майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен
жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның
қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында
коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да,
домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл
тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде
қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің
қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын
көрсетеді.
Бір дене екінші дененің
бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс
күші деп аталады.
Fүйк.
әрпімен
белгіленеді.
Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі
бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояық, біреуін
кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылытыр бетке. Бет
аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын
байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір
– біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері
бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен
тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады
екен.
Конкидің
жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конкидің
астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру
тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады.
Сұйық қабаттарының жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен
тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырылық деп
аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің
арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады.
Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің
қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі
қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім
табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, қызыл стрелка, оны кейін қарай
көк стрелка мен көрсетілген бағытта итереді, ал үйкеліс нәтижесінде
пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп
адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр
етеді.
Өзіміздің
тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап
жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық
үйкелісініңінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді.
Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі
жасайды.
Демонстрациялық
лабораториялық жұмыс. (Проекциялық аппарат,
компьютер, экран арқылы көрсетіледі).
Білеушені бірдей күшпен
тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік. Үйкеліс күшінің
жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін
көреміз.
Білеушені басқа кедір-бұдырлы
бетке орналастырайық. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да
көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер
етуші беттерге тәуелді екенін көрсетеді.
Динамометрге бекітілген
білеушені тарту арқылы берілген уақыт моментіндегі денеге әсер
ететін күшті анықтауға болады. Әсер етуші күш белгілі бір шамадан
асқанда білеушенің қозғалатынына назар аударыңдар. Сонымен бірге
білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз
екенін байқаймыз. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып,
бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық. Динамометр үйкеліс
күшінің артқанын көрсетеді.
IV.Бекіту.
Тапсырмалар:
1 .Үш түрлі үйкеліс
күшіне оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма
беремін.
2.Техникада үйкеліс
коэффициентін ескеру тақырыбына үш түрлі жағдайға
байланысты
тапсырма.
1)Құрғақ
асфальтта =0,6. Ылғал
асфальтта =0,4.
Fүйк.
қай
асфальтта артық? Fүйк.құрғақ
.....
Fүйк.ылғал
2)Құрғақ бетонда
=0,95. Ылғал
бетонда =0,85.
Fүйк.
қай
бетонда кем? Fүйк.құрғақ
.....
Fүйк.ылғал
3)Қара жолда
=0,5 (0,3). Құм төселген
жолда =0,7 (0,5). Мұздақ
жолда
=0,15.
Fүйк.
қай жолда
артық немесе кем?
Сабақты қорытындылау
Оқушылар біз бұл себептерде
қандай күш туралы айтып отырмыз? Әрине үйкеліс
күші туралы. Сонымен біз бүгін
үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды
жасаймыз.
Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші
үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау
үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура
пропорционал: Fүйк.=μN
Тәжірибелер
үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің
аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің
қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады.
Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық
артқан сайын үйкеліс
жылдамдыққа тәуелді артады.
Домалау үйкеліс күші де сол
сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға
шартты
түрде бағынады.
V.Үйге
тапсырма: §41,42 оқулық.
18-жаттығу.
VI.Сабақты
қорытындылау (оқушыларды
бағалау).