Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Ана өмір шырағы" ересектер тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Ана өмір шырағы" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балаларға керек. Балалар музыкалық шығармаларды салыстырады, музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезінеді, әңгімелейді, мимика түрінде көрсете алуға үйренеді. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыланады. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметініңТехнологиялық картасы

Ересектер тобыБілім беру саласы:ШығармашылықБөлім:МузыкаТақырыбы: «Ана – өмір шырағы» Мақсаты: музыкалық шығармаларды салыстыруда талғампаздыққа баулу. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білуге, мимика түрінде көрсете алуға үйрету. Әртүрлі сипаттағы әуенді қимылмен көрсетуге, би қимылдарын есте сақтауға дағдыландыру. Музыкалық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуды жалғастыру. Сөздік жұмыс: мимика, терция, кварта.Билингвалды компонент: қуанышты-радостный, салмақты-уровновешанный, сабырлы-спокойный.
Оқу қызметінің кезеңдеріМузыка жетекшінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылықВальс (Шуберт. «Билеп үйренейік» жинағынан) ойналып, балалар би қимылын қайталап үйренеді. Еске сақтап, биді мәнерлеп орындау шеберліктерін ұштайды. Би элементтерін соңына дейін көрсетіп, бірге мәнерлеп билеулерін қадағалайды. «Гүлдермен би» қимылдары үйретіледі. Балалар мен аналары туралы әңгімен айтып, өз сезімдері, ой-пікірлері туралы сұрайды. Суретшілердің әйел-ананы бейнелейтін суреттерін көрсетеді, әңгімелейді. (А.Дайнека «Ана», Леонардо да Винчи «Мадонна», Д.Жилинский «Қайырлы таң»). Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың бейнелерін атап айтуды сұрайды (қуанышты, салмақты, сабырлы, т.б.)– Ал сендердің аналарың қандай көңіл күйде жүреді?– Қуанғанда қандай болады?– Сендерге ренжігенде не істейді?– Сендерді еркелеткенде, жақсы көріп иіскегенде түрі қандай болады?Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады. Еркелеткен баласын,Аман болшы, анашым.Үйренген би қимылдарын әуенмен мәнерлеп билейді, өз шығармашылықтарын көрсетеді.











Гүлдермен би қимылдарын нәзік, жеңіл орындайды. Гүлдердің әсемдігін қимылмен жеткізуге тырысады.





Атақты суретшілердің еңбектерін тамашалап, эмоциялық бейнелерін салыстырады,, әңгімелейді.





Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мимикамен көрсетіп, бетәлпетті өзгерте көңіл күй түрлерін көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістікМузыка тыңдау: «Аман болшы, анашым!»– Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған.– Әннің көңіл күйі қандай? – Сендерге ұнады ма?Мазмұнын әңгімелеуді сұрайды.Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән», «Анашым». Терең тыныс алып, дыбыстардың біркелкі шығуына көңіл аудару. Таза айтуларын қадағалау. Ән үйрену: «Анашым» (Е.Хасанғалиев, А.Асылбек) орындаллады. Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіледі. Өтпесін әр кеш құр,Ойнаймыз оркестр!





Аспапта ойнау: «Айгөлек» әуеніне қоңырау, үшбұрыш, бірнеше металлофон аспаптарында ойнауды жалғастырады. Әуеннің ырғағын сезіне, өз реттіліктерін сақтауын қадағалау. «Өрнек» биінің элементтері қайталанып, есте сақтауға мәнерлеп айтуға үйрену.

Әнді зейін қойып тыңдап, әсер алады. Нәзік әуенді сезініп, ойға батады.

Алған әсерлерін жеткізе айтып, әңгімелейді.



Жаттығуды көңілді, жайдары орындап, терция (ре I, фа I) ми, ля кварта интервалдарын таза орындауға жаттығады. Әнді тыңдап, нәзік, сазды әуенін сезіне қабылдайды. Әнді орындағанда әннің сипатын түсініп, оны өз эмоцияларымен көрсете біледі.



Металлофонда, қоңырау, үшбұрышта реттілікпен үндестігін сақтай ойнайды. Оркестрде ойнауға қызығушылықтары артып, көңілденеді. Ұлттық би элементтерін үйреніп, мәнерлеп билеуге талпынады.
Рефлексиялық-түзетушілік

















Қимылдық ән-ойын: «Алтын қақпа». Ойын шартын қатаң сақтап, шапшаң қимылдауға, жұптасып, қақпа жасап тұруға дағдыландыру. – Өз аналарыңа қандай тілек айтасыңдар?– «Ана – біздің гүліміз» дегенді қалай түсінесіңдер?– Аналарыңа қандай мерекелік свйлық ұсынасыңдар?«Менің сүйікті анам» тақырыбына өз аналарын бейнелеп, суретін салуға тапсырма беріледі. Көрме ұйымдастырылады.

Ойынды ұйымшылдықпен, тату-бірлікпен белсене ойнайды, қызығушылықтары артады. Ойларын жеткізе әңгімелеп, сұрақтарға жакап береді. Өз аналарына тілектерін, тақпақтарын дайындайжды. Мерекелік көңіл күймен шығады.









Күтілетін нәтиже:Біледі:музыкалық шығармаларды тыңдап, салыстыру. Түрлі сипаттағы көңіл күйді ажырату, әнді таза, тембрін сезіне орындау. Игереді:әртүрлі көңіл күйді мимикамен көрсетуді. Би қимылдарын мәнерлеп көрсетуді, гүлдермен биді жеңіл, бірқалыпты билеуді, аспаптардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнауды.Меңгереді: әнді таза орындап, эмоциясын көрсетуді, түрлі сипаттағы ауыспалы әнді мәнерлеп айтуды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ