Мотивациялық-қозғаушылық
|
Көңілді әуенмен
балаларды қарсы алады.
Сәлеметсіздерме
балалар, сендерді көруге өте қуаныштымын! Бізге бүгін сабаққа
қонақтар келді, кәне амандасайық. Сәлеметсіздер
ме.
Валеологиялық
распевка:
Қайырлы
таң!
Бүгін күн
көңілді
Кәне
күлейік
Маңдайымызды
сипайық
Мұрнымызды,
бетімізді,
Бақшадағы
гүлдей
Әдемі
болайық..
Қаттырақ,
қаттырақ
Алақанымызды
ұқалайық
батылдау,
батылдау
Шапалақ
соғайық
Құлақтарымызды
уқалаймыз
Денсаулығымызды
сақтаймыз.
|
Балалар көңілді әуенмен залға
кіреді.
Амандасады.
Қонақтармен амандасады.
Шеңберге тұрып распевка
жасайды.
Сөздерін анық айтуға тырысады, сөздеріне сәйкес эмоционалды
қимыл жасайды.
|
Ұйымдастырушылық
-ізденістік
|
-Балалар, қараңдаршы
бізге хат келіпті! Ашып көрейік, кімнен екен! оқиды: («Құрметті
балалар! Сендерді Қонжықтың туған күніне шақырамыз.Қонжық 4 жасқа
келеді. Сендерді қонаққа күтеміз, келіңдер! Әкесі Михаил Потапович
және анасы Настасья
Петровна»)
-Сендер таныдыңдар
ма, бұл қандай кейіпкерлер қай
ертегіден?
-Ал балалар,қонаққа
туған күніне барамыз ба? Олай болса, музыканы тыңдап, менің
соңымнан көңілді адымдаймыз! ( фонограмма
«Бірге көңілді
адымдау»).
Менімше, біз жартылай келіп қалған сияқтымыз. Арықарай жолымыз
жіңішке және ирек болады, сондықтан ақырын, кішкентай адымен
жүгіріп өтейік. Бір бірлеріңнен қалмаңдар! (педагог соңынан жеңіл
жүгіру, жаттығу «Ирек
жол»)
Міне, ғажайып алаңғада келдік Орманға көктем келіпті, қар еріп, күн
жылынды.
Тыңдау:
«Көктемдегі ормандағы
дыбыстар»
Міне ғажап үй, ойлаймын бұл ертегідегі үш аюдың үйі! Есік қағып
көрейік! (ширма ашылады, артында үстел тұр, үстелдің үстінде
самауыр, кеселер, тәтті тағамдар. Үстел үстінде ойыншықтар отыр: 3
аю, қоян, тиын)
Балалар, бүгін Қонжықтын туған күні, қонжыққа қонақтар келіпті.
Қонжық өте қуанышты, бізді биге шақырып отыр. Кәне бірге шеңберге
тұрып билейік. (жаттығу «Қонжықтың
биі»)
-Балалар! Қараңдаршы, калай әдемі қонжықтың анасы үстел әзірлепті.
Үстелдің үстінде не тұр?
Дұрыс, ал мынау
самауыр!
Ал сендерге мына қасықтар ұнай ма? Олай болса Қонжыққа туған күніне
көңілді ән сыйлайық. «Қасықтармен
ойнау» (фонограмма полька
«Янка» - педагог қасықтар таратады)
.
Балалар, ал сендер байқадыңдар ма, бізден басқа да қонақтар бар
екен. Ол қандай қонақтар?
Ал сендер қоян сияқты секіру білесіңдер
ме?
Кәне
көрейік! (Жаттығу
«Қояндар»)
-Балалар, бізге қоян мен тиын және қонжық ойын ұсынғалы отыр.
Бәріміз шеңберге тұрайық. Музыкалық ойын
«Ойыншығыңды тап»
Жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнаныңдар. Настасья Петровна мен
Михаил Потаповичке де ұнады.
Қонжықтың туған күнінде жаксы көңіл көтердік.Ал енді ән
шырқайық. («Ойыншықтар»
И.Нүсіпбаев)
Қонжық: - Мен ата-анамды бәрінен артық
жақсы көремін.
Мен қонақтарды, балаларды және осы балабақшаны жақсы
көремін.
|
Балалар хатты көреді.
Қызығушылықпен тыңдайды.
Ия, таныдық.
Бұл «Үш аю» ертегідегі
кейіпкерлер.
Ия, барамыз.
Балалар бірі соңынан
бірі марш екпінімен жүреді.
Педагог сигналы
бойынша қимылды ауыстырып, жеңіл
жүгіреді.
Балалар шығарманы
тыңдайды.
Балалар ертегідегі
«Үш аю» үйін көріп, есігін
қағады.
Балалар педагогпен
бірге жаттығу жасайды.
Үстелдің үстінде
ыдыстар тұр.
Ия,
ұнайды.
Балалар қасықтарды
алып, әуенді сүйемелдейді.
Байқадық
Олар: қоян және
тиын.
Ия,
білеміз
(балалар қоян сияқты
секіріп, жаттығу жасайды).
Шеңберге
тұрады.
Балалар ойының
шартын сақтап, ойын ойнайды.
Балалар «Ойыншықтар» әнін
орындайды
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
-Ал міне сендерге тәттілер
әзірленіп тұр.Осы тәттілерді сендерге қонжық сыйлап отыр!
(кәмпиттер таратады)
-Балалар, қонжыққа денсаулық, қуаныш сыйлайық, ал бізге балабақшаға
оралатын кез келді!Сау болыңдар орман тұрғындары!
(Ән «Бірге көңілді
адымдау» балалар залдан
шығады)
|
Балалар қуанып, қонжықтын тәттілерін
қабылдайды.
Көңілденіп, қол бұлғап
қоштасып шығады.
|