Ақшұқыр
мектеп-лицейі
Ата-анамен ынтымақтастық
- бала тәрбиесінің бастауы
(тренинг)
Дайындаған:
Мусина Айнұр
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы : Ата-анамен ынтымақтастық-бала тәрбиесінің
бастауы
Мақсаты: Бала жанұясы
мүшелерін бір- бірін түсіне білуге және жақсы қасиеттерге
тәрбиелеу. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы
түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге
көмектесу.
Қатысқандар: Ата-
аналар
Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу
қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман, шарлар, қайшы, желім, жаңа
технология, презинтациялар.
Барысы:
Тренер: Қош келдіңіздер, құрметті
ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз
ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің
ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп
пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы
- Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін
алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті
алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның
өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал
сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды
әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет –
балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі
сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы
балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер
демекпіз!
Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, таныспастан бұрын
бір-бірімізбен амандасып алайық.
І. Амандасу
(сәлемдесу жаттығуын
жүргізу)
Бүгінгі тренингіміздің
белсенді қатысушыларын анықтайтын ортаға бақылаушы топты
шақырайық.
ІІ.Танысу.Есімдер аллитерациясы
Мақсаты: Тренингке қатысып отырған ата - аналар мен оқушыларды
таныстыру.
Ата - аналарға қойылатын сұрақтар:
- Есіміңіз кім?
- Қандай мағына береді?
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
- Есімің кім?
- Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы
қасиетті атап өту.
Психологиялық жаттығу :
« Үй »
Қажетті құралдар : А4 парағы, қарандаш
Өтілу барысы: Ата – аналарға ақ парақ пен қарандаштар
беріледі.
Тапсырма: Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6
терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз
отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз. (
Өз отбасыларын таныстырады)
Тренир: сіздердің отбасыларыңызбен біз толық
таныстық
ІІІ. Сергіту
сәті.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап
беру.
- иә
десеңіздер – қолдарыңызды
шапалақтаңыз;
-
жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды
тарсылдатыңыздар.
1) Газет
бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге
байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз
бе?
2) Балаға
тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал
жасай-ма?
-
егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
- Егер
қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға
соғамыз.
3) Бала
тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп
ойлайсыз?
- егер
«әке» десеңіздер, қолды алдымызға
соғамыз.
- Егер
«шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
- Егер
«екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды
шапалақтаңыз.
ІV. Әке тағылымы
«Шегенің ізі»
Видеороликті көре
отырып,негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой,шебер
тілмен әңгімелеп,өз ойларын ортаға
салу.
«Сиқырлы таяқша»
жаттығу.Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе
ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді
айтып шығайық
V.Шынайы
сәйкестік. Мақсаты: Отбасындағы қарым
–қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға
қолдау көмек көрсету.
Тренер ата - аналарға арнап
сұрақ қояды.
Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?Осы
жайды анықтау барысында
балаларыңызды қаншалықты жақсы білетіндеріңізді іс жүзінде тексеріп
көрейік.
«Өз балаңызды жақсы
білесіз бе?»
Мақсаты: Ата - анамен
баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте
оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала
да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара
сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп
отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал,
аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз
байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
VІ Шығармашылық жұмыс «
Ата- ана мейірімі,бала
пейілі».
Ата- аналар ақ параққа
күннің суретін салып, сәулелеріне баласына деген сүйіспеншілігін
жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
-Бала деген кім?
(ізбасарым, болашағым, көмекшім, сүйенішім, өмірімнің
жалғасы,күнім...
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой –өлкесі,
-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек
перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше,
ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер
олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген
екен:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым
көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам.
Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш
берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды.
Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан
атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де
алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға
да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып
тәрбиелейік.
VІ.
Қорытындылау. Бүгінгі тренингімізде қай
сыныптың ата-аналары мен оқушыларының белсенді болғанын айту үшін
сөз кезегін ұстаздар өздеріңізге
береміз.
«Ыстық тілек,жылы
жүрек»
Рефлексия
Тренердің қорытынды
сөзі:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел
бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы
ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала -
ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент
әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік
абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен
тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»
- демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы
керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде
дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана
ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық -
қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа,
парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен
нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап,
оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін
мойындап,бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала
тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере
біліңіздер!
Сіздің өсірген балаларыңыз
сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз
сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау
болыңыздар!