Материалдар / «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу,имандылыққа,инабаттылыққа баулу;қазақта қызбаланы қонақ деп сыйлаған.қыздың жолы жіңішке деп құрметтеген.қыздарды ибалы,тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
1801
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы, неке, отбасындағы қыз баланың тәрбиесі»

«Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»

Мақсаты:

Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу,имандылыққа,инабаттылыққа баулу;қазақта қызбаланы қонақ деп сыйлаған.қыздың жолы жіңішке деп құрметтеген.қыздарды ибалы,тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,маркер;

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріппең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады – деген Қазбек бидің нақыл сөдерін ұл балаларға арнай отырып,бүгінгі «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті» деген тақырып.

Әрхалықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елдіқорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге,салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі,ер-азаматата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты, ауылдың көркі,береке-бірлік пен татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп, аялап, ардақтаудың арқасын да, қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп, ру-тайпа басқарған көсем, шешен, би, аты аңызға айналған батыр, әулие аналар, ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті, киелі әжелер көп болған.

ІІ. Жалғасын тап-деп аталады. Ережесі: тәрбие,отбасы туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ........ (әдепсіз бала ата-анасынқақсатар)

  2. Ана сүтін ақтамағанды.....(ешкім жақтамайды)

  3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без......( шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

  4. Қарағайға қарап тал өсер.....(қатарына қарап бала өсер)

  5. Үйінде ұл-қызы бардың....(көгінде сөнбес жұлдызы бар)

  6. Жығылып жатып..........(сүрінгенге күлме)

  7. Күлме досыңа.......(келер басыңа)

  8. Ауру қалса да ........(әдет қалмайды)

  9. Әдепті бала арлы бала.....(әдепсіз бала сорлы бала)

  10. Ұяда не көрсең......(ұшқанда сонны ілерсің)



Имандылық қасиеттерге

  • қарапайымдылық

  • сыпайылық

  • мейірімділік

  • кішіпейілділік

  • ізеттілік

  • адалдық жатады.

Ибалы қыздар

Инабаттылық-әдептіліктің әсем көрінісі.

Инабаттылы қрәсімдері: қарапайымдылық,с ыпайылық, тілалғыштық, адалдық, әділдік,жауапкершілік.

Қорытынды:Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!