Материалдар / Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге,мектеп психологтарына арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2018
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Маханова Марал Еслямбековна

бастауыш сыныптар мұғалімі, «12ЖББОМ»КММ

Адамның кез келген әрекеті белгілі себептен туып,түрлі мақсатқа жетуге бағытталған.Іс әрекеттің бір түрлі–оқудың да өзіне тән мотивтері

(түрткілері) болады. Білім игеру үлкен саналықты,өз бетімен жұмыс істеп үйренуден,өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді.Оқушы не үшін оқитындығын бар сана –сезіммен ұғынғанша ,оқудың–мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу өмірмен байланыстыра алмау қиындық келтіреді.

Үлгермеушіліктің екі түрлі себепке байланысты туып отыратындығы ғылымға көптен белгілі нәрсе.Ол негізінен,балалардың өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне байланысты туындап отырады.

Психология ғылымында соңғы кезде жүргізілген зерттеулер үлгермеушіліктің оқушының өзіне байланысты туындайтын бес түрін ашып отыр.

Мұның бірінші тобына оқытушы бақылауынан сырт қалған оқушылар кіреді.Мәселен ,5-6 апта бойы ауырып ,сабаққа бара алмаған оқушыға оқытушы тарапынан тиісті жәрдем көрсетілмесе ,оқуға деген енжарлық пайда болады.2)Ми ауруларына шалдыққан балалар жатады.Осындай балалар арнаулы мектептер арқылы білім алуы тиіс.3)Тумысынан мүкіс еститін ,не естуі киіннен нашарлаған балалар жатады. Мұндай балалар да арнаулы мектептер де оқуы тиіс.

4)Үнемі аурудан шықпай ағзасы әлсіреген балалар үлгермейтіндердің төртінші тобын құрайды.

5)Мінезі нашар балалар(сотқар,қасарыспа,қыңыр балаларт.б)

Үлгермеушілердің 1,3,4 тобындағы балалар жетілдірілген әдіс арқылы оқыс,олардың оқуға деген немқұрайлылығы жойылып,ақыл-ой белсенділігі біртіндеп артатын болады.

Оқушылардың сабақ үлгермеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу,сондай-ақ оларға қажетті психологиялық шараларды таңдай білу әр кез оқытушының есінде жүретін негізгі мәселе болып табылады.

Тіпті он екі мүшесі сау оқушылардың бірден оқу жұмысына жаттығып кете алмайтындығы да аз кездеспейді.Осы айтылғанға орай балалардың оқуға бейімділігі де түрліше болатындығын еске алған жөн.Олардың кейбірі сабаққа алғыр келсе,екіншілері оған ұқыпсыз қарайды.Бұл баланың мектепке дейінгі тәрбиесінің жетімсіздігіне де байланысты.

Кейбір оқушылар баланың қабілеттілігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылығымен ғана байланыстырады.Осы мәселеде оқытушы аса сезімталдық көрсетуі тиіс.Өйткені жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін оқушылар да аз емес.

Енді сол балалармен жүргізілген жұмыстарыма тоқталайын.Әр сабақта және сабақтан тыс уақыттарда сауаттылықты арттыруда сөздік диктант,көру диктанты,шығармашылық диктант ,терме ескерту диктанттарын алдым.


Өзіндік жұмыстар бердім.Мысалы орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу

1)жақсы,уәде,оқға,берді,Әбу

2)Иса,әзірледі,сыйлық,анасына.

3)Оюды,Әсия,үйренді,ою,әжесінен

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау,қайталау мақсатында тестілік тапсырмалар алдым

1)Жуан дауысты дыбыстар қатарын тап 2)Сөйлемді тап:

А)а,ә,у,ы А)оқыды

Ә)і,ұ,о,и Ә)кітап оқыды

Б)а,о,ұ,ы Б)Айнұр кітап оқыды

Оқушылар білімін пысықтау үшін бастауыш пен баяндауышты салыстырып венн диограммасының кестесіне түсірдік.

Өзін-өзі және бірін-бірі тексеріп бағалау жақсы нәтиже берді.Мынадай деңгейлік тапсырмалар орындады.І деңгейдегі тапсырма мәтінді оқу,түсінгенін айтуға даярлау.ІІ деңгейдегі тапсырма мәтінді оқу,мазмұны бойынша сурт салу.ІІІ деңгейдегі тапсырмалар кітапханамен байланыс.Сыныптан тыс ертегілер оқып қана қоймай сахналап,шығармашылық жұмыстар,сурет салдық,ермексаздан мүсіндедік.Әсіресе балаларға ұнаған ертегілер: «Екі аяз», «Түйе су ішкенде неге жалтақтап тұрады?.»

Сыныптан тыс оқуға көп көңіл бөлу арқылы кітап оқуға деген құмарлықтары оянды,ертегінің мазмұнын түсіндіруді,сұрақтарға жауап беруді үйренді,дұрыс оқуға жаттықты .

Әдебиеттік оқу сабақтарында оқу шапшаңдықтарын арттыруда жұмыс жасаудың әдіс тәсілдері

Оқушылардың білім,білік дағдыларына қойылатын талаптар


Қол жеткен нәтиже


Проблеманың туу себебі


Проблемадан шығу

Оң нәтиже

Теріс нәтиже

1.Шығармаларды дұрыс оқу:

-орфоэпиялық талаптарға сай оқу

-дыбысты ,буынды ,сөзді түсірмей,анық оқу

2.Түсініп оқу-сөз,сөйлем мәнін ұғынып оқу

-дауыс ырғағын сақтап оқу

3.Шапшаң оқу.1ж/ж минутына 55-65 сөз оқу 2 ж/ж минутына 65-75 сөз оқу

4.Мәнерлеп оқу

-әуезді-сазды ерекшеліктерін сақтап оқу

-сөз екпінін дұрыс қойып оқу.

-жоспар құра алу

Оқу жылдамдықтың стандарт талабына сәйкес қол жеткен нәтижелер: талапқа сай-7,нормадан жоғары -10

Стандарт талабының орындалуы,

нормаға сай болмауы.Мына оқушыларда кездеседі:

1.Зайтов Ә-38 сөз

2.Арзакулова К-45 сөз 3.Рахат А-42 сөз.

Негізгі ойды таба алмайтын,түсінгенін айта алмайтындар:1.Жолдасбекова Ж,Аманов А,Арзакулова К.

Ата-ана тарапынан жүйелі бақылау аздығынан Орыс тіліне бейім,сөздердің мағынасын түсінбеуінен Алғашқы білімдерін басқа мектептерде алған, сол білімдерінде олқылықтар кездесетіндіктен

Мектеп кітапнасымен байланыс орнатылды.Белгілі ғалым Зайцевтің «ызыңдап оқу»әдәсән әр сабақта қолдандым.М.М.Жанпейіованың «Модульдік оқыту технологиясын» пайдаландым

Сын тұрғысынан ойлау

бағдарламасының страегияларын пайдаландым

Қазақ тілі сабағында сауаттылығын арттыруда

жұмыс жасаудың әдіс тәсілдері

Оқушылардың білім,білік дағдыларына қойылатын талаптар


Қол жеткен нәтиже


Проблеманың туу себебтері


Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

Оң нәтиже

Теріс нәтиже

1.Тіл және сөйлеу бойынша;-ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктерін білу.

2.Фонетика бойынша –э,в,ф,ц дыбыстарымен әріптерінің ерекшеліктерін білу.

-ч,щдыбыстары

Мен әріптерінің ерекшеліктерін білу


Жазған диктанттары бойынша: сапа көрсеткіші І тоқсан -65%,ІІ тоқсан -70%,5% пайызға өсу бар.Шығармашылық жұмыстарды орындауға дағдыланды .

Жазу каллиграфиясының төмендігі, сауатты жаза алмауы мысалы:Арзакулова Камиланы алатын болсам 2 сыныпта қате саны -10 болса, 3-сыныпта -4-еу

Алғашқы білімдерінде олқылықтардың байқалуы

1.Сабақ үстінде әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдандым.2.Деңгейлік тапсырмаларбердім.3.Әр сабақта сауаттылықты арттыруға байланысты ойындар,грамматикалық тапсырмалар орындауларына көңіл бөлдім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Б.Бабаев: «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы,2007 ж

2.Қ.Жарықбаев : «Ұстаздық еткен жалықпас» Алматы, «Мектеп»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!