Материалдар / Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
4209
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді бүгінгі

«Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды шақырамыз.

«Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы)
- Балалар, құрмет - үлкен адамдарға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет - үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сен де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтерсің. «Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің» деген сөздің мағынасы осы.
Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп , кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. 
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла. 
Әке – асқар тау, 
Ана – аққан бұлақ, 
Бала – бауырындағы құрақ. 
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін. 
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!
Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
- Тәртіпті -----------------(болу керек)

Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.

Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық!  (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!

Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз!

Мұғалім:

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дегенді қалай түсінесіздер?

Бүгінгі тәрбие сағатымыз 6 кезеңнен тұрады:

1. «Мен кіммін» тренингі
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3.
Тыйым сөздер сайысы
4. Ойын «Саяхатқа шығу»
5. «
Жағдаяттарға» жауап беру
6. Қорытынды.

1. Оқушыларға сұрақтар.

Мұғалім: 1. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?

Кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?  

І: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш.

ІІ: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

«Мен кіммін» тренингі
Мақсаты: «Мен кіммін? деген сұраққа жауап беру. Өз есімдерін ұнату арқылы өзін бағалауға үйрету.
Бәрімізде адам болғандықтан, есім беріледі. Есімді қоярда бізден ешкім саған осы есім ұнай ма? деп сұрамайды. Сондықтан кей кездері өз есімдеріміз ұнамай қалып жатады.
Көзін жұмып ұнататындықтарын саусақпен көрсету. 1 саусақ - мүлде, 2 саусақ - ұнатпау, 3 саусақ - қанағаттанарлық, 4 саусақ - ұнатамын, 5 саусақ - өте қатты ұнатамын.
Өз есімдеріңді елестетіңдер. Мүмкін сендер оны жазу күйінде немесе сурет күйінде көретін шығарсыңдар. Ол қандай үлкен бе? Кіші ме? Оның түсі қандай? Дыбыс естисіңдер ма?
Біз өзіміздің бағыт - бағдарымызды анықтап, өзімізді ғана емес, қоршаған ортадағы адамдар өміріне де араласып, ұлы адамдар өмірінен, мінез-құлқынан, жүріс - тұрысы, яғни бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерінен үлгі - өнеге алып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Осы мақсатта қазір «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны» атты жаттығуы жүргізіледі.

2. Мақал - мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.  Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен санамайды. 

1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

2. Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

3. Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

4. ...кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.


3. Тыйым сөздер сайысы
Мұғалім: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Ата-анаңа қарсы келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

4. Ойын «Саяхатқа шығу» 

Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет»  көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен,       2. Құрмет,     3. Кіші,     4. Ізет

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды?  Ұнаған қала аты жазылған  қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

5. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» ситуациялық сұрақтар»

(Бұл бөлімде нақты жауап талап етіледі).

  1. Сыныбыңыздағы бір оқушы үшін мектеп әкімшілігі барлық сыныпты ата-аналар жиналысында кінәлады. Сізге бұл ұнамады, себебі сіздің жақсы тәртібіңіз, жақсы оқығаныңыз бәрі текке кеткендей, сізде кінәлі болып шықтыңыз. Сыныптасыңызға деген көзқарасыңыз, сіз не істер едіңіз?

  2. Сіз өзіңізден үлкен мектеп бітіріп кеткен қыз не ұл мен достасып жүрсіз. Ал сіздің мұғаліміңіз жие ескерту беріп «Қазір тек сабақты ойла, махаббат қызық мол жылдар алда» деген. Тіпті досыңызға да ескерткен. Осыдан кейін достығыңыз үзіле бастағандай болды. Бұл жағдайда кімді айыптар едің?

  3. Әпкеңіз мұғалім. Ал сенің досың әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Саған айтып еді, досыңа айтып ескерттің. Аз уақыттан соң әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?

  4. Досыңыз екеуіңіз бір қызды, не бір ұлды ұнатып қалдыңыз. Оны екеуіңізде білесіз. Досыңыз бірде саған ренішті кейіппен «Сен әркез менің жолыма тосқауыл боласың да жүресің» деді. Осы жағдайдан кейін досыңызбен қарым-қатынасыңызды үзер ме едіңіз, әлде достыққа махаббат та тосқауыл емес дер ме едіңіз?

  5. Ағаң екеуіңіздің қарым-қатынасыңыз жақсы. Бірде өзге біреулерден ағаңның жағымсыз қылықтары жөнінде естідіңіз, бірақ еш сенбедің. Уақыт өте әлгі айтқандар шындыққа жанасты. Ағаңа айтып жағдайды түзеуге бел буып едің, саған құлақ аспады. Ағаңа деген көзқарасың.

  6. Құрбы досыңыз математика сабағынан есеп шығарып беруді өтінді. Сен шығарып бердің. Осылайша бірнеше рет қайталанды. Бірде досыңнан география пәнінен көмектесуін сұрадың. Досың «басқалардан сұрасаңшы» деп теріс айналып кетті. Досыңды қалай бағалар едің?

  7. Сыныпта досың екеуіңіз оқу озатысыз. Достықтарың кішкентайларыңнан жалғасып келеді. Бірде мектеп әкімшілігі әр сыныптан бір оқу озаты ғана жолдамамен «Еуразия» демалыс орталығына баратынын ескертті. Осы жағдайда досыңызбен қандай шешімге келер едіңіз?

  8. Мектеп бітіру кешіне сыныптастарың өзара бағалы киімдер алатынын айтып әңгіме етті. Ал сіз ата-анаңызға айтып едіңіз, ыңғай көрмеді. Себебі қаражаттың жоқтығын айтты, сізде олардың жағдайын түсінесіз. Осы жағдайдан қалай шығар едіңіз?-

  9. Сен сабаққа дайындалып жатырсың, орындайтын тапсырмалар көп. Кенеттен анаң сені дүкенге жұмсады. Сен осы уақытқа дейін анаңның тілін қайтарған жоқсың. Сен дүкенге барар ма едің, әлде «қолым тимейді» деп, немесе басқалай жауап қайтарар ма едіңіз?

  10. Мектепте демалыс кеші болғалы жатыр. Ал сізді ата-анаңыз жібермеді. Кенеттен телефон шырылдады да, анаң мен әкең достарының үйіне баратынын айтты. Сіз осы мүмкіндікті қалай пайдаланар едіңіз?


Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
                                                  

Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!