Материалдар / "Ұлт ұстазы – Ахмет 150 жаста" әдеби кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлт ұстазы – Ахмет 150 жаста" әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы бойынша әдеби кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2024
134
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі













«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы»


Әдеби кеш





















Өткізген: А. Тұрсұмбекова

Ж. Сариева





2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы: Ұлт ұстазы – Ахмет 150 жаста.

Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педогог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1. Ахмет Батұрсынұлы портреті, папкасы; 2.Кітап көрмесі: «Ахмет Байтұрсынұлы –зиялылар көсемі».

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының рухани көсемі». ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің,білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетеулеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятатын осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған,ол өзінің алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы

(оқушылар әңгімелейді)

Жүргізуші: Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет деп білеміз. Міне, сол адамдық диқаншысы - Ахмет Байтұрсынұлы еді... Ал, енді Ахмет Байтұрсынұлының отты өлеңдеріне кезек берейік.


«Адамдық диханшысы» өлеңі

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтан шаштым,ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек,бейнет,

Құлдарға құлдақтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер,жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке-

Мінуге,сою, соғу,жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп,қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйреніп қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.


«Анама хат» көрініс

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сені онда,мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді хақ тағалам!

Бара алмай,өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап,кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет- өр зорлыққа не бар шараң?!

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма,оны ұмытпасам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып,адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?!

Көп айтпай,қысқасын сездіретін

Балаңның мінезі бар сөзге сараң.

Кетер деп «суға құлап,отқа түсіп»

Қайғы жеп,менің үшін болма алаң!

Отырамын абақтының бөлмесінде,

Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіне,

Есіктің құлпы мықты,күзетші көп,

Ажалдан басқа ешкім келмесіне.

Қоршаулы,айналасы биік қорған,

Берік қып салған темір терезесіне.

Қалайша мұны көріп көңіл сенбес

Аттанып жау келсе де бермесіне?


Жүргізуші:

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы,қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1912-1918ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы... Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Сондай-ақ ән де шығарған көрінеді. Композиторлық дарынының айғағы ретінде «Аққұм», «Қарагөз» әндері кейінгі ұрпаққа мирас болып қалған.

Жүргізуші:

Ахмет-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахметті өзінің басшысы деп санайды. Ахмет ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны. «Қырық мысалынан» мысал өлеңдерге кезек берейік.

«Егіннің бастары» мысалына көрініс (5-сынып оқушылары)


Жүргізуші:

«Қасқыр мен қозы» мысалына көрініс (8-сынып оқушылары)


Жүргізуші:

Өз халқына бар еңбегін арнаған,

Қоғамының болашағын жалғаған.

Үлгі болған рухани ұлы көсемін,

Еш уақытта ұмытпайды бар ғалам, - дей келе, ұлт ұстазы туралы айтқан пікірлер мен арнау өлеңдерге кезекті берейік.

(пікірлер, арнаулар оқылады)


Жүргізуші:

«Ахмет Байтұрсынұлының Мұхтар Әуезовке айтқан кеңесі» көрініс


Жүргізуші:

Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі әдеби –шығармашылық кешімізді тәмамдаймыз. Келгендеріңізге рахмет, қош, сау болыңыздар!

















Автор:

Ұлт басына үйіріліп келе жатқан нәубетті алдымен сезген Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхандар Алаш қайраткерлерінің болашақ ұрпақтарға аманатын жеткізетін ұлтжанды жас буынның аман қалуының аса қажеттігін ойлағандықтан Мұхтарға кеңес береді.

А. Байтұрсынұлының сөзі

Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы үшін. Алаш қайраткерлерінің болашақ ұрпақтарға аманатын жеткізетін ұлтжанды жас буынның аман қалуы аса қажет, күйсек біз күйейік, сендер өздеріңді сақтаңдар. Елге екі сөз айта алмаймыз. Ал сендер келешек үшін керексіңдер. Сол үшін де қателіктеріңді мойындап, аман қалуларың керек.


М. Әуезовтың сөзі

Осы уақытқа дейін жазған шығармаларым, жазбаларым бәрін қалай жалған деймін, қалай қателік деймін. Олар менің жан дүниемнен шыққан жүрегімнің бір бөлшегі іспетті ғой. Жоқ, олай жасай алмаймын.


А. Байтұрсынұлының сөзі

Жасайсың, елің үшін, ұлтымыздың болашағы үшін жасауға міндеттісің. Біздің аманатымызды болашақ ұрпаққа жеткізуің керек.


М. Әуезовтың сөзі

Менің әдебиет пен саясат жолында бұрын қандай адам болғандығым туралы Қазақстан партиялық кеңестік жұртшылығы өзінің қоғамдық сынын айтқан болатын. Ол сын ашық, нық айтылған дұрыс сын еді. Ондағы берілген баға бойынша мен «байшыл, алашордашы одағындағылардың салт-санасын әдебиет жүзінде іске асырушы кісі» болғам.

Қазақстанда партия мен үкіметтің жүргізіп жатқан ірі төңкерістік шараларына көбіне көзқарасым теріс болды. Ол шаралар өткен заманда езгіде болған Қазақстан еңбекшілерінің пайдасы, игілігі үшін ең қажет шаралар екенін түсінбедім.

Қазір мен өзімнің сол бұрын басып өткен ізімнен қайтып, соны қатты айыптайтынымды білдіремін.


Автор:

Әуезовке осындай хатты жазып беруіне тура келеді. Ең ащы шындық сол – осы қадамы Әуезовтың тірі қалу-қалмауының шешімі еді. Сол бір тарихи шешімнің арқасында қазақ әдебиетінің бір тауы жығылмай қалды, кең арналы алып дариясы суалмады, қайта толықсып-толды, өсіп-өркендеді, әлемдік дәрежеге көтерілді.








4) Көрініс

Автор: 1937 жылы 8 тамызда қайта қамауға алынған Ахмет Байтұрсынұлы тергеуші қабылдауында…

Тергеуші: тергеу ісінде өмірбаяныңызбен толық танысып шықтым, кітаптарыңызды да түгелдерлік оқыдым. Жасыратыны жоқ, әуелгіде пәле іздеп оқығаным рас, бірақ кейін өміріңіз не бетке апарды, айдау, қуғындалу. Енді маған айтыңызшы, осының бәрін қалай, қай кезде жазып үлгердіңіз?

Ахмет: біреу жұмыс қыламын десе тұрған жерім жаман дейді, біреу маңайындағы елім жаман дейді. Бұлардың бәрі бос сөз. Абақтыдан жайсыз орын жоқ, бірақ абақтыда да жұмыс істеуге болады.

Тергеуші: не зорлық, А? Ешкімнің ақы төлемесі анық. Жарайды, қазіргінің кейбір жазушылары ақталатындарын біліп отырып жазар. Ал сіз ше? Сіз ертең сотталатыныңызды біліп отырып жаздыңыз ғой.

Ахмет: балам ақталатын адам да сотталатын адам да өмір сүреді, өледі. Бірақ екеуіндегі мазмұны басқа. Жақын туысың айнала жұртың, тұтас қауымыңнын қорлықтағы өмірі сені тыныш ұйықтап ма?Бұлар үшін қылған еңбегін мақтан емес міндет. Азамат өз міндетін атқарғаны үшін мақтана ма? Соттың жөні бөлек әңгіме, ол біздің еркімізге бағынбай тұр, алайда титтей де өкініш жоқ. Мен де сен де бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Адам өмірі сондай,қысқа ғана. Бірақ елің үшін қылған еңбегің, ту қылып көтерген тура идеяға жалғаса бермек. Ол жалғаса берсе адамның да өлмегені. Міне мазмұн. Сендер өлердей қорқатын Алаш идеясы осы ғана…

Автор: Обвинительное заключение: В соответствии со статьей 58 Уголовного кодекса КазССР Байтурсынов Ахмет Байтурсынович признается “врагом народа” и приговаривается к высшей мере наказания – смертной казни через расстрел. Приговор обжалованию и повторному рассмотрению не подлежит.

1988 жылы 4 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы ресми түрде ақталды.

Қорытынды: Шындығында, туған халқының келешегін ойлап, оның әліпбиін түрлеп-түзеуден бастаған жалпы, ұлт мүддесі үшін қызмет еткен,түркi елiне есiмi мәшһүр бабамыздың ғұмыр жолы – баршамызға үлгі боларлық өнеге.



Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріңдегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсынмен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі-уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде даярлайтын мектепте білім алады. Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, облыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалын елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!