Материалдар / "ҰЛТАРАЛЫҚ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫ" тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҰЛТАРАЛЫҚ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫ" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер мен оқушыларға қосымша көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 172.15(574)


Ұлтаралық достық пен ынтымақтастық – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолы



Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жаңа жалпыұлттық мүдделері алға қойылған, олардың бірі – қазақстандық патриотизм болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын [1]. Қазақстандық патриотизм - ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың барлығына қатысты нəрсе. Елін сүю мен отансүйгіштік - əрбір адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны. Жалпы адамның даму процесі отансүйгіштік қасиетін туғаннан бастап бойына сіңіреді. Отбасындағы тəрбие, оқумен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелік тəрбиесі, партиялық жəне түрлі қоғамдық ұйымдар, діни орталықтар отан сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес, бірте-бірте сіңісетін қасиет, яғни, рухани-психологиялық жəне саяси-əлеуметтік құбылыс. Ұлттық патриотизмді жандандыру арқылы ұлтымыздың өзінің мəдениетіне, тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, жалпы өз Отанына деген махаббат қалыптастыруға болады, оларда ұлттық мақтаныш қалыптасады. Менің ойымша, біріншіден, патриотизм тарихи қалыптасатын, ұлттың өмір сүру ізімен жалғасқан дəстүрлі қасиет болғандықтан ұлттан тыс бола алмайды. Екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері туралы жекелеген мысалдар сол ұлтқа бүтіндей мінездеме бере алмайды. Үшіншіден, париоттық сезімді тек биологиялық деп бағалау ғылымға жат нəрсе, оны жануардың инстинктімен шатастыруға əсте болмайды. Ұлттың патриоттық қасиеті-əлеуметтік, идеологиялық дəстүрлі күрделі құрылым.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бар, олардың түрлі бірлестіктері өмір сүруде. 1995 жылы осыған байланысты Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылған. Сол арқылы Қазақстандағы қазақстандық патриотизмнің қалыптасуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:

1 кезең. 1991-1994 жылдар - Тәуелсіздік идеясын жаңғырту, ұлт санасын ояту жылдары.

2 кезең. 1995-1998 жылдары Қазақстан нарықтық экономикаға өту кезеңінен өтті.

3 кезең. 1999-2001 жылдары халықтардың бірлігі және қазақстандық патриотизмнің біршама дамыған кезеңі болды.

Әрине Қазақстанда қазақстандық патриотизмді одан әрі дамыту қажет, бірақ жетекші орында осы кең байтақ жердің иесі - қазақ ұлты және оның ұлттық патриотизмі тұруы тиіс деп есептеймін. Қазірде әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп таниды, сондай-ақ, қазақ ұлтымен сыйластық, Қазақстанның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсінеді, мұның барлығы көңіл қуантады.

Көпұлтты, тағдыры бір, тарихы бір Қазақ ұлтының патриоттары өз ұлтын сүйетіндігін, әрқандай жағдайда ұлтының болашағы үшін күресуге дайын екенін басқаларға мақтана айтуға тиіс.

Бүгінде ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты дамытуды негізгі мақсаты болып табылатын Қазақстан халықтарының Ассамблеясының негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Тарихымызда қандай қиындықтар болғанын түсіну арқылы ғана болашақтың қалай болатынын ұғына аламыз. Мемлекеттің берік орнығуында маңызды орын алатын қазақстандық патриотизмді дамыту мәселесі күн тәртібінен түспеу керек. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін және әлемдегі озық отыз елдің қатарына кіру үшін саналы еңбектенуіміз қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Білім, 2008. – 37 бет.

  2. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық ұғымының кейбір мәселелері //Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007 - №3(19) - 63-69 бб.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!