Материалдар / Ұлттың ұлы жазушысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттың ұлы жазушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына арналған тəрбие сағаты. М.Əуезов туралы түсінік беріліп, шығармаларының тəрбиелік мəнінен үлгі алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алимбекова Патима Сейтханқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Тел: 8-777-930-32-62



























7-сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлттың ұлы жазушысы

Мақсаты: ұлтымыздың ұлы жазушысы М. Әуезов туралы түсінік беру. Шығармаларының тәрбиелік мәніне үңілу, үлгі алу.

Нәтижесі: танымдары кеңейіп, рухани құндылықтары көркем әдебиет арқылы қалыптасады.

Жабдығы: дәйектеме сөздер, суреттер, баспасөз деректері

Әдісі: рөлдік ойындар, пікір алмасу, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап.

1- жүргізуші:

- Еліміздегі мақтаныш ететін жазушыларымыздың бірі, әдебиетімізге елеулі қазына қосқан адамның бірі – Мұхтар Әуезов табиғатында дарынды туғандықтан ғана қазіргі үлкен Мұхтарлық дәрежеге жетті. Өз заманында өз тұстастарынан шоқтығы биік тұратын Мұхтар Әуезовтің соңына қалдырған мұралары талай ұрпаққа азық болары сөзсіз.

Мұхтар Әуезов қазақтың ұлттық әдебиетіне екі түрлі күрделі үлес қосты: бірі – проза, бірі – драматургия.

Даласындай дархан халық, батыр ел,

Білгің келсе, бізді досым жақын кел.

Қазақ халқы Мұхтарымен жазушы,

Қазақ халқы Мұхтарымен ақын ел.


Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,

Кім Мұқаңша бағындырды уақытты.

Қазақ халқы Мұхтарымен Алатау,

Қазақ халқы Мұхтарымен бақытты, -

деп, ақындарымыз жырлағандай, М. Әуезов соңына елеулі еңбегін қалдырған, өз тұстастарының ішіндегі шоқтығы биік жазушыларымыздың бірі.

(2- жүргізуші жазушыға арналған альбоммен таныстырады)

1-оқушы:

Ғафу Қайырбеков «Мұқаң ескерткішіне»

Көрдім мен кемеңгердің тас денесін,

Өзі емесін және де басқа емесін.

Тап сол күні ауада тұрды қалқып,

Көкірегімде әлдилеп өскен есім.


Бәрі сөйлеп, құндады, құлындады,

Шыққанынша айғайлап шыбын жаны.

Бүркіт маған тастады өз орнын деп

Талай қарға сол күні шуылдады.


Мыс күйінде, тәкаппар құс күйінде,

Өзің тұрдың бос сөз деп мұның бәрі.

Тек қана жақсы күнге алғыс айтып

Қалғандай қалың ернің жыбырлады.




2-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Мұхтар үйі»

Тұр аласа үй сонау бір жол шетінде,

Жолаушыға риза келсе күнде.

Ашылады есіктер сықыр-сықыр

Кімі барын ішінде көрсетуге.


Сол бір үйдің еңсесі биік бірақ,

Сүйдіретін келгенді сүйіктім-ақ.

Мұқаң шыға келердей есігінен

Дәу басына қазақша киіп тұмақ.


Қарай бердім елеңдеп күткен кісі,

Қарсы алардай өзімді жылы түсі.

Қарсы алардай қонақты іздеп келген

Қазағымның мұхтары – сүйіктісі.


Бір көргенге болғанмен өңі суық,

Ағайынға жүрегін көп ұсынып.

Осынау үйде байырғы қазақтардай

Атақ-даңқсыз әуезов өмір сүріп.


Жас Мұхтар тұр алдымда, жас «құдай» тұр,

«Құдайлығы» Тұмашты мас қылмай тұр.

Әулиенің кетті ме пірі басып,

Адымымды қайтейін аштырмай тұр.


3-оқушы: Расул Ғамзатов «Мұхтар аға»

Көргенмін құрмет-сыйыңды,

Қонақ боп, аға, үйіңде.

Бір кезде саған жырымды,

Оқығам авар тілінде.


Түсіндің жанын жырымның,

Қарадың үнсіз асқарға.

«Ұқсайды, дедің, - тілің бір,

Күңгірлеп жатқан тастарға».


Дедім мен: «Теңеу жоқ асқан,

Ұқсайды сондай мүсінге.

Өйткені бұл да о бастан,

Жаралған тастың ішінде»


Тағы да үнсіз тоқталдың...

Өзіңе біткен әдеппен:

«Ұлы ғой Кавказ..., - деп қалдың, -

Кеңістік жоқ-ау... тек әттең».


Қалт етсе қолың тағы бір,

Қайтсаңшы келіп ағаңа.

Арғымақпен, бауырым,

Ақсаңшы мынау далада.


1-жүргізуші:

  • Әдетте, М. Әуезов – дарынды жазушыларымыздың бірі деп жатамыз, алайда Мұхтарды айтқанда Абайды айтпай кету мүмкін емес. Себебі Абайды Абай дегізіп халыққа жеткізген Мұхтар болса, Мұхтарды Мұхтарлық дәрежеге жеткізген, оның барлық дарынын ашып көрсете алған «Абай жолы» эпопеясы, ондағы Абай бейнесі болып табылады. Сондықтан да бүгінгі М. Әуезовке арналған кешімізде Абай әндерін орындауды жөн көрдік.

(«Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындау)

2-жүргізуші:

- Қазақ әдебиетінде драматургия жанры - тек М. Әуезов ашқан жаңалық. Одан бұрын қазақтың ұлттық әдебиетінде пьеса жазу болмаған. М. Әуезов қазақ драматургиясының тарихына 20-дан астам пьеса қосты. Соның ішінде біздің көңілімізге қонып, жүрекке жақын тұтқанымыз – «Абай» пьесасы болды. Сондықтан бүгін М. Әуезовке арналған кешімізде «Абай» пьесасынан шағын үзінді дайындап келген едік. Тамашалайық!

Абай» пьесасы)



Жүргізуші:

  • «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп Абай ақын айтқандай, артына өлмейтін мұраларын қалдырған Абай да, Мұхтар да мәңгі өлмейді. Бізбен бірге жасай бермек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!