Материалдар / Ұлттың Ұлы ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттың Ұлы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың –ұлы ұстазы» тақырыбындағы әдеби кеш.Әдеби кештің мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріп,ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу сондай-ақ оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өтілетін орын:Мәжіліс зал

Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. «Ұлттың –ұлы ұстазы»

Мақсаты:1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Көрнекіліктер: Слайд,бейнеролик,өлеңдер жинағы

Кештің өту барысы:


Аяулым:  Жүргізуші:-Армысыздар,құрметті қонақтар,оқушылар,ұстаздар!

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі 1998 жылдан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. 5 қыркүйекте барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.


Шахноз: Яғни,бүгінгі кешіміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.

Ахмет Байтұрсынұлы! Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.


Аяулым: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.


Шахноз:-Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген? Ендеше мына бір бейнебаянға назар аударсақ!


Балауса:9»А». Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келген.

"Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886-1891 жылдары екі кластық Торғай училещесінде оқыдым.1891- 1895 жж.Орынборда оқыдым. 1895 жылдан Торғайдың әр жерінде, бастауыш училищелерде, мектептерде жұмыс істедім",- деп жазған екен.


Шахноз: Аяулым,бүгін қазақ тіл білімінің негізін салушы,халқын «Маса» боп шағып,оятып,оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні бәрімізге аян. Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған –атасы Шошақ.

Аяулым: Ол Пушкин.Лермонтов,Надсон өлеңдерін қазақшаға ауарды.


Шахноз: Байтұрсынұлының хоббиі-қолына фотокамера ұстап,өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз қалпында суретке тарту болған екен.


Аяулым: Ғалым ұстаз Алматыда 3 жерде тұрған: Қазір аэровокзал тұрған Қаскелең көшесі(қазіргі Чайковский көшесі),Красин көшесі (қазір Уалиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй»



Шахноз: Олай болса,бүгінгі кешіміздің дарынды, білімді ,өлеңге жаны құмар оқушыларымызды ортаға Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға шақырамыз.

         Ақынның өлеңдері оқылады

Аяулым 8А: Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.


2. «Адамдық диқаншысы» 

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көгертуге құл халықтың.

 Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым, екiаяқты-

Адамдық айуанға қанша қажет


Айнұр: Жаратқан малды құдай не керекке-

Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.

Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

 Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,

Көкесек қозғалама түрткенге айдап.

Есептен алдағандай болғандар көп,

Жасықты, асылма деп, бiлмей қайрап.


Карина 10А:Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Қарақат 10А: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.


Аяулым: Би. 10а сыныптан құрылған бишілер тобы.


Дильназ:10А

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.


Карина 10А:

1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.

Дильназ:10А

1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.


Шахноз: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. (презентация)


Алиям:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмеспе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?


Әсем 8»А «Емен түбіндегі шошқа»

Мұрағат: «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісі:

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін,

Тартады: ақку көкке, шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.

Əуелі бірлік керек болса жолдас,

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас!

Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отыр. Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды дейді.

Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?

- Бірлік болмай, тірлік болмас.

- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


Аяулым:Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.

...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...

Шахноз:

Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазды.


Мұнар:»Анама хат»

Қарағым, айналайын, қамқор анам

Арнап хат жазайындепалдымқалам.

Сенiонда, менiмұндаамансақтап,

Көругежазғайедiхақтағалам

Бара алмай, өтiрiкшiболыпәбден,

Семейдiңтүрмесiндеотырбалаң.

Мал ұрлап, кiсiөлтiргенайыбыжоқ,

Өкiмет-өрзорлыққа не бар шараң

 «Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдаркөпжәннетке де тарам-тарам.

Оқтиiп он ішiмде ой түсiрiп,

Бiтпегенжүрегiмде бар бiр жарам.

Алданыптамағыма, оны ұмытсам,

Болғандайжегенiмнiңбәрiхарам.

Адамнан туып, адам iсiн етпей,

Ұялмай не бетiммен көрге барам

Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн

Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.

Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»

Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,


Жүргізуші: -Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан

келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.


Ән: «Алғыс» Орындайтын Дүйсенбай Жанель

Шахноз:«Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Не нәрсе жазса да,Абай түбірін,тамырын,ішкі сырын,қасиетін қарамай жазады. Сөздің шырайлы,ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.Ұнамды,орынды,дәмді болуына сыншылық керек.Маңызды,мағыналы болуына білім керек.Абайда осының .шеуі де болған.Бұлардың үстіне Абай көсем,үлгі шығарып,өнеге жайғыш болған.Абай сөздерінің д.ниеде қалғаны қазаққа зор бақ»,-деп Абайдың «ажарын» Ахмет Байтұрсынұлы ашты.

Абайдың өлеңі оқылады.

Аяулым «Жұртыма»

Шахноз: «Замандастар»


Қорытынды: “Сандықша” сұрақтары.

Аяулым:і: сандықшаның ішінде Ахмет атаның мысалында кездесетін зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?

Балалар: Айна

Шахноз: Ал мына затты кейіпкер ем үшін киемін деп алады.

Балалар:Көзілдірік

Аяулым:Мына затты пайдаланған мысал кейіпкері байлыққа құнығып кетеді.

Балалар: Әмиян

Шахноз: Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының “Маса” деп аталуының себебі неде?

(Өлеңдерін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты)

Аяулым:Жас Ахметтің жүрегіне жара түсіріп, “Анама хат” өлеңінің жарық көруіне себеп болған қандай оқиға?(Патша чиновниктерімен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық- зомбылығы)

Шахноз: Ахмет Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған?(Міржақып Дулатовқа арналған)

Аяулым:Неліктен Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса» деп аталған?


Себебі ұйықтап жатқан қазақ халқын маса секілді ызыңдап ояту, білімге, оқуға шақыру.

Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» аударма жинағы.

орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударған

Үлгі аларлық ғибратқа толы мысалдар

Татулыққа

Бірлікке

Ынтымаққа шақыру.


Шахноз: Жарайсыңдар оқушылар! Талаптарыңа нұр жаусын! Берілген сұрақтарымызға,өте керемет,сондай-ақ нақты жауап бере алдыңыздар!

Аяулым: «Білігенге маржан» Балалр,сіздер білесіздер ме-Республикада көптеген мектептер және көшелер Ахмет есімімен аталады

Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды

Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен аталады

1937 жылдың 8 қазанында Алматыда қайтадан тұтқындалып, 1937 жылы желтоқсанның 8 күні жазықсыз атылды

Қорытынды

Шахноз: Осымен құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар, бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың-ұлы ұстазы»атты кешіміз өз мәресіне жетті. Кешімізді Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.

Сөз кезегі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Муналбаева Бижамал Тұрсыналиқызына беріледі.

МДЖТІО: Сөз кезегі Мангатаева Маржан Жанұзаққызына беріледі.
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!