Материалдар / Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық жолы, қазақ балаларына арналған өлеңдері,Крыловтан аударған 40 мысалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2022
1518
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш

Залдың безендірілуі:

А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, слайд, шарлар

Тақырыбы: «Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы»

Кештің барысы:


Бишілер тобымен ашылады « қазақтың ұлттық биі»


1жүргізуші: Қайырлы күн, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар және оқушылар!

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған, мерейлі жыл.


2жүргізуші : Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

А. Байтұрсынов

А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

1жүргізуші : Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!-деп өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен, жарқын бір сәлем, наз сәлемі осы еді.

2 жүргізуші: Рас, қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын жұмбақ болды

1жүргізуші: Жұмбақ дейсің бе, Әсел? Біз үшін ардақты ақын бұл күнде

2жүргізуші: Ол уақытта заман бұлты бетін бүркеп тұрғанмен, айдың аты ай еді. Біз қазақ әдебиетінің жұмбағы емес, айқын жүзді айдай игі бір - нұры дейміз Ахметті.

1жүргізуші: Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы - көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. Оның «Қырық мысал» дейтін себебі, Крыловтың мысалдар жазған қырық өлеңін аударғаны ғой. Бұл өлеңдерді Ахметтің аударған мезгілдері 1901 жыл мен 1904 жылдың арасында, мұғалім болған кезінде болу керек.

2жүргізуші: Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағында 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Ортада:

«Туған жер» әні. Орындайтын трио

(сахнада «Аққу,шортан Һәм шаян» мысалының және А.Байтұрсынұлының слайдтары көрсетіліп тұрады)

Алуа 5 «а» «Аққу,шортан һәм шаян»

Айғаным 9 «б» «Ат»

Айгерім 5 «а» «Екі шыбын»

Сайлаубек Медина 10 «А» «Қартайған арыстан»

1жүргізуші: 20 ғасырда азаттық пен бостандық жайында сөз болса алдымен ел мақтанышы, еркін ойлы, Ахмет Байтұрсынұлы есімізге түсетіні анық. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, жаңаша анықтамалар беріп, қазақ тілі білімін 20 ғ-ң бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалаған.

2-жүргізуші: иа, дұрыс айтасын Қуаныш. Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері тағылымы зор Ахаң ашқан қазақ мектебі, оның түрлеген ана тілі, қазақ баласына жасаған еңбегі, саясат жолындағы қажымаған қайраты жайында оқушыларымыздың қатысуымен көрініс таппақ. «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек» деген әйгілі сөзіндегі әрекет ұғымы алынып отыр.

Тамашалаңыздар. Көрініс

Көрініс 1 (слайд ескі сынып бөлмесі)

Автор: Қарқаралы 1909 жыл. Күндізгі уақыт. Ахметтің әйелі Бадрисафа, жұмысына шығарып салар алдында

(Үстелде шам, Бадрисафа тігін тігіп отырады, Ахмет қолына қалам алып арлы-берлі жүріп жазу жазып жүреді)

Әйелі: Тағы қандай термин таптыңыз?

Ахан: Главные и второстепенные члены , тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше

Әйелі: Главные и второстепенные деген «басты және қосымша» деп аударылмай ма?

Ахан: Жоооқ, атаулардың бәрін орысшадан тікелей аудара бермейміз ғой, қазақтың ұғымымен ұлы кірігіп кетуі керек.

Әйелі: Ал предложение қалай болад(-ы) сонда қазақша?

Ахан: Предложениеның қазақшасы жоқ. Өзің қалай айтар едің?

Әйелі: Білмеймін, мүмкін, «пред ло жение» «слогать» алдын-ала , алдын-ала құрастырылған (ойланады) алдын-ала құрастырылған, мүмкін ұсыным шығар

Ахан: Сен аударып жатырсың, аудармау керек. Қазақтың өз сөзімен табу керек. Мен «предложениены» .... «сөйлем» деп алдым

Әйелі: Сөйлем?естімеген сөзім ....өзіңіз таптыңыз ба?

Ахан: Қазақтың өзінің қисыны ғой, міне судан алдым да бір ұрттадым (алдында тұрған кеседен су ішеді) «ұрттам» болады. Тұздан бір шымшып алсам, «шымшым» (қолымен көрсетеді) болады

Әйелі: Аааа рас, рас екен. Сөйлейсін «сөйлем» болады

Ахан: Міне

Әйелі: Какой же Вы умный

Ахан : (жымыяды )

Әйелі:Төрем, бүгін ерекше көңілді болдыңыз ғой

Ахан: Көңілді көтеретін жәйт көп болды.

Әйелі: Әсіресе қазақ қыздарының оқуға бет бұрғанына қаттырақ қуанған сияқтысыз. ... Көп сөйлестіңіздер

Ахан: Ааа Нүриланы айтасың ба? Оны да осы термин сөздер қызықтырады. Көп сұрады.

Әйелі: Содан Шабыт алып, тағы да бір әзіл жазып тастаған екенсіз ғой . Мүмкін менің Оралға кеткенім жөн шығар. Не бала таппадым, не сізге шабыт бере алмайм

Ахан: Бадрисафа, сені бала таппадың деп жазғырған жерім болды ма? Сені ренжіткен кезім болса оны айт, «көңіліңді қалдырдым» - деп өзімді өзім кінәлаймын. Болмаса , бұдан былай мұндай сөздің самалында сезбейтін болайын. Ал енді мен сабаққа кеттім, оқушыларым күтіп қалды.


Әуезді ән. Автор: жазу- әрине азап, ауыр. Жазған сызғанның тағдыры не болад?(-ы) оны ойлауда ауыр. Ахан үшін ондай ойлардан арылу, жалғыз амал, тағы да - жазу. Оққа сүйенген арқардай қаламға сүйенеді. Қалам қолдан түссе қаңсырап қалардай. Ұлық мұның бойына қашан дарыған ед құдай-ау?! Аханның оған сүйенгені қашааан ....ол балаларды оқуға, білімге шақырудан ешқашан таймаған


(Көріністің жалғасы. Сахнада парталар, тақта, Ахмет бабаларға сабақ беріп тұрған сәті)

Ахмет: Осы замандағы жан таңқаларлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшырған, суда балықтай жүзгізген ол – ғылым. Дүниенің о шеті мен бұ шетіне жылдам хабар алғызған да –ғылым. Отарба, от кемелерді де жүргізген-ғылым. (оқушы Қаппас қол көтереді) Иа, Қаппас

Қаппас: Мен Ыбырай Алтынсары баласының осы туралы өлеңін білемін

Ахмет: иа, айта ғой

Қаппас: Өлең «Өнер - білім бар жұрттар»

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.

Ахмет: әне, қандай тамаша, көрім айттың балам,отыра ғой. Енді айшылық алыс жерлерге жылдам хабар алғызды деп, Ыбырай мұғалім нені айтып тұр? (осы кезде Ғазымбек қол көтереді) айта ғой Ғазымбек

Ғазымбек: мұнда Ыбырай мұғалім телеграфты айтып тұр.

Ахмет: Дұрыс, отыр. Телеграфтың пайда болуы дүниенің сипатын өзгерткен бір оқиға. Оны тапқырлаған немістің Карл Гаус деген оқымыстысы. Осыдан 50 жыл бұрын Атлант деген алып көлдің арғы беті мен бергі беті телеграф арқылы тіл қатысты. Бұрын Атланттың арғы бетіне жіберілген хабаршыны ай жарым жүріп, 3 айда қайтып оралатын болса, телеграф дүниенің төрт бұрышына әп-сәтте хабар жеткізеді

Қоңырау соғылады. (сахнадан оқушылар, шығып кетеді)


Автор : Ахмет меңгерушілік ететін Қарқаралыдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінеде өзі үміт артатын екі шәкірт болды. Ғазымбек пен Қаппас. Ахан алдағы талай додада осы екеуі қанаттасып қатар шабатындай көрінетін. Солай болды да. Бірақ, сол шабыс әрқайсысының өміріне соқтықпалы соқпақты талай бетбұрыс әкелерін ол кезде бұл үшеуі де болжаған жоқ етін


Ортада бишілер тобы «Орыстың ұлттық биі»


1жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.


2жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда  1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап- сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.


Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Ортада :

Сахнаға оқушылар тізбектей тұрып, кезекпен өлең оқиды (слайд А.Байтұрсынұлы)

Анарбекова Адина 9 «а» «Досыма хат»

Былташ Ұлбибі 5 «а» «Адамдық диқаншысы»

Өсер Саяжан 5 «а» «Жұртыма»

Абибулла Алтынай 5 «а» «Оқуға шақыру»


1жүргізуші:Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Сондай-ақ, 1913-1918жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған, "Қазақ" газеті  қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.


2жүргізуші: 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді.Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.


1жүргізуші: Ендеше тамашалаймыз Көрініс 2 (слайд «қазақ» газеті


Автор: Орынбор 1913 жыл. Бір топ қазақ зиялылары Ахметтің үйіне жиналып, «Қазақ» газеті туралы талқылап отырады.

(сахнада дөңгелек қазақша жер үстелі, қазақша көрпелер, қымыз құйылған ыдыстар, бауырсақ. Бір топ қазақ зиялылары газетті ары да, бері де ашып қарап отырады)


Міржақып: Ал енді мынау маңдайдағы – киіз үй. Қазақ ішіне ауропа ғылым өнері таралсын деп, түндігін батыстан аштық. Ескі тұсында газетаның атауы. «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын деген ниет. Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың өз аты аталсын деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық

Мұхамадияр: Дұрыс екен, әйтпесе «киргиз, киргиз» деп , бұрын арыда ызадан өліп қала жаздаушы ек, осы күні сыртымыздан біреу «ей киргиз» десе ,ешбір ренішсіз «әу» дейтін болдық

Ахмет: бізде ойбой петиция жаздық, ойбай дума құрылды. Енді өкімет айылын жият деп жүргенде , бұлар үзілмек түгілі атымыздан затымыздан айырып, енді шоқыншы қылдырып, тамырымыздан жұлатын түрі бар

Міржақып: Иа, айдауда жүріп те, алаш жұртына осылай қызмет істеуге болады екен. Сол үшін алғыстың көбі Ахаңа.

Ахмет: Жоооқ, жоқ қателесесің Жахантай. Алғысты ....мені Орынборға айдаған Тройницкиге айту керек. (бәрі ду күледі) Қарқаралы да жүріп әрине,60 баланы оқытқан жақсы, бірақ алтын ұяң халыққа арнап , газет шығарып отырған бүгінгі ісіміз артығырақ болар. Оның ішкі мазмұнын айтпағанда, атының өзінің атқаратын қызметі бар. Ең болмаса «Ай айналайын жұртым-ау сенің атын мынау, «қазақ» дегенге не жетсін

Бадрисафа: Төрем, Алихан аға келді

(Осы сәтте үйге Алихан Бөкейханов кіріп келеді, орындарынан бәрі тұрып, амандасуға асығады)

Бәрі: Қош келдіңіз Алихан аға, төрлетіңіз.

Алихан : пай –пай бәріңде жиналып қалыпсыңдар ғой. Бадрисафа қалайсын?бәрі жақсы ма?

Бадрисафа: Бәрі жақсы аға, өзіңіз қалайсыз? (қымыз сапырып құйып отырады)

Алихан: ШҮКІР-ШҮКІР

Мұхамадияр: Әлекең келеді деп, Ахан түнімен ұйықтаған жоқ.

Міржақып: ел бүгін келетіңізді білгенінде басқармамызды дүйім жұрт басып қалар еді. Қалай үй іші аман ба?

Алихан: аа аман –есен.

Ахмет: Үлкен ас келгенше таңдай жібіте отырыңыздар, қымыздан алып отырыңыздар! Әлеке, ықыласыңызды беріңіз

Алихан: Биссмиллахи рахмани рахим, е жаратқам ием, Алаштың бағын аш, ордалы жерде орынды,олжалы елде үлесті болғай! Бірге Әумин!

Алихан: Бәрекелді, не істесеңдер де жарадыңдар! Қозғалы елде газетаны 20-30-ы жабылып шығаратын.

Мұхамадияр: Алихан аға, қәзір осы кісілердің арқасында газетамыз жанданып жатыр. Бәрінен де Бәдірәш жеңгеміз бен Гая келінге обал болды. (күледі бәрі)

Алихан: Иа, рас айтасын Мұхамадияр, мәдени жұрттар, көркем кітап жазып отыратын Ахмет, Міржақып. Газетаның қара жұмысына есіл ғұмырын байлап отыр, бірақ әсте ұрынуға болмайды, ұлттың ісі- ұлы іс. Ірі, ұсақ демей , бәрін істеу ләсім. "Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін" деген екен Абай.

Міржақып: сіз соның басындасыз Алихан аға, осы газетаға ең көп мақала жазған өзіңіз екенсіз.

Ахан: газетамыздың ең көп мақала авторын әбден сағындық

Міржақып: иа

Мұхамадияр : қәне, мен арнайы біздің переселен мекеме суретшісін шақырып едім, осы қауышуды аппарат кәртішкеге түсіріп, тарихқа қалдырайықшы. Қәне үшеуіңіз былай өтіңіздер. Қәне бері өтіңіз , жүріңіз

Міржақып : Алихан аға ортаға тұрсын,

Мұхамадияр: Аға, жақынырақ, міне осылай дұрыс. Қалай дұрыс па?

Суретші: иа,иа дұрыс

(осы кезде суретке түсу үшін өз-өздеріне қарап, қалтадан тарақ шығарып, шашын тарап, дайындап жатады, жақын тұрыңыз деп т.б.)

Алихан: мұның жарамды іс болды, Мұхамадияр жылдам жігіт екен,

Ахмет: ол өзі әр нәрсені хаттап шоқтап жүретін тиянақты азамат.

Суретші: Бәрекелді. Жарайды. 1 2 3 түсіремін (

(сахнада слайдта Алихан,Ахмет,Міржақып үшеуінің түскен суреті слайд көрсетіледі)


Автор: Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б дамытты





1жүргізуші: Әсел, Ахаңның әнді нақышына келтіріп орындап әрі тамаша домбырашы ретінде білетін бе едің?


2жүргізуші: әрине,бұл туралы Александр Затаевичтің «қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» деген кітабының түсініктемелерінде Ахмет Байтұрсынұлының музыкалық қабілеті жөнінде берген құнды мінездемелер бар. «Туған елінің әндерін шын сүйетін және білетін жан ретінде, оларды нақышына келтіріп орындаушы және тамаша домбырашы ретінде Байтұрсыновты отандастары да өте жоғары бағалайды» делінген.


1жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлының әні: «Аққұм».

Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!