Материалдар / Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы Алаш үшін қасиетті, қадірлі есім - ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өз ұлтының бағы жану үшін, келешегі үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы атқарған қызметтері дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал, «Тіл-құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2024
414
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы


Алаш үшін қасиетті, қадірлі есім - ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өз ұлтының бағы жану үшін, келешегі үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы атқарған қызметтері дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі.

Ал, «Тіл-құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Алаштың ардақтысы ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл». Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқы­мыздың рухани көсемі бола білді.

Ғылыми-техникалық жаңалықтарға қадам басқан білім ғасырында еліміздің білім беру және қоғамдық- ағарту жұмыстары мәдениет пен тілді дамытуға, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға аса зор мән беруде. Осыған байланысты жаңа қоғамның жалынды ұрпағын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеу үшін ғалымдардың, ақын-жазушылардың қалдырған мұралары маңызды рөл атқарады. Олардың шығармаларына басты арқау болған адамгершілік, Отанға деген махаббат достық сияқты тақырыптары баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратыны айқын. Осындай өз заманының сырын шығармаларына арқау етіп,шындықты жазған, халқының ағартушылық ісіне үлес қосқан алаш қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. «Ғалымның хаты өлмейді»,- деп халық даналығы атап көрсеткендей, сан қырлы санаткердің артына қалдырған мұрасы ұлттық әдебиетіміз бен ғылымымызда алатын орны зор.

А.Байтұрсынұлы – Ыбырай идеяларын жалғастырушы, әрі өз тарапынан оны одан әрі дамытушы.

А.Байтұрсынұлы –қазақ балаларының ана тiлiнде сауатын ашып, ары қарай қазақ тiлiнде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Ол– реалист ақын,сонымен қатар қазақтың тiлi ғана емес, әдебиетiн де мәдениетiн де зерттеген ғалым. Оның «Маса» мен «Қырық мысал» жинақтары, әдебиеттану саласынан жазылған «Әдебиет танытқыш» ғылыми еңбегі, қазақ тiлiн оқыту үйретуге арналған оқулықтары мен хрестоматияларының алар орны ерекше. Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту iсiн жолға қою және халықты жаппай сауаттандырып көзiн ашу арқылы қазақ халқын ұлттық теңсiздiктен құтқаруды мақсат етіп қойды. Ол - қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшiн қазақша сауат ашатын әлiппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шықты. «Тiл - құрал» оқулығы қазақ тiлiнiң фонетикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тiлiнде тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Қазақ тiлiнiң дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердiң септелу, тәуелдену, жiктелу тәртiбiн танытуда да, сөйлем түрлерiн ажыратуда да күнi бүгiнге дейiн А.Байтұрсынұлының оқулықтарының негiзi сақталып келедi. Тiлдiң әр категориясының классификациясынан бастап, бүкiл терминдерiне дейiн қазiргi мектеп грамматикасынан А.Байтұрсыновтың оқулықтарының iзiн табуға болады. Балалардың тiлдерiн ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеп, Т.Ш.Шонановпен бiрiгiп, үлкен хрестоматия құратырған. Бұл оқулықтар тек оқулықтардың басы емес, қазақ тiлiн ана тiлiмiзде танудың баспалдағы,іргетасы болды.

Қазақ тiлiн талдап, тануда А.Байтұрсыновтың еңбегiн ерекше атау керек. Өйткені ғалым қазақ тiлi фонетикасы мен грамматикасына қатысты категорияларына қазақша термин ұсынған. Осы күнi қолданып жүрген сөз таптары атаулары (зат есiм, сын есiм сан есiм, т.б.), сөйлем мүшелерi атаулары (бастауыш, баяндауыш, т.б.), сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, тыныс белгiлерi деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердiң барлығы дерлiк қазақ сөзiнiң, не байырғы мағынасын жаңғырту , не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар. Бұлардың өте сәттi жасалғандығының дәлелі − күнi бүгiнге дейiн дейiн қолданылып келе жатқандығы. А.Байтұрсыновтың ағартушылық еңбегінің алғашқысы- «Қырық мысал» жинағы. Ғалымның педагогикалық мұраларының маңыздылығы- оның ағартушылық, прогрессивті идеялары, халқының кертартпа кесапатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы.

Мысалы: Білмейсің жөнің менен терісіңді

Ел болып іс етпейсің келісімді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,

Шығарсың қолыңа ала керісіңді – дейді.

Бүгінгі заманда А.Байтұрсыновтың осындай мәнді өсиеттері жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеуде әбден қажет.Ол өзінің барлық еңбектерін жамандықты түзетуге, жастарды азамат етіп тәрбиелеу құралы етуге тырысқан. Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегінің де тәлімдік-тәрбиелік мәні зор. Ол ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мұраларды бір жүйеге келтіріп ғылыми негіздеген. Мысал ретінде көбіне Абай, Мағжан, Нысанбай жырау шығармаларынан және «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын» жырларынан үзінділер алған.

Ахмет Байтұрсынов мақал – мәтелдерді оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастыратындай етіп топтастыру арқылы жас ұрпақ бойында жағымды қасиеттер себуді көздеген .

Кезінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов қанат­тас серіктері Ахмет пен Міржақыпқа түрмеден жаз­ған бір хатында: «Алда әлі күнді көре алатын ұрпақ келеді. Сол ұрпақ сендерді үлкен ризашылық­пен, үл­кен құрметпен еске алатын болады. Күрес жолы­на түскендеріңе өкінбеңдер...» десе, Ахаңның өзі де бір өлеңінде:

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»,  десе, келесі бір жүрекжарды жырында:
«Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…»,

деп тол­ғанған екен.

Өзі айтпақшы, 1988 жылдың 4 қара­ша­сында Қазақ КСР-нің Жоғарғы соты ешбір қыл­мысы жоқ деп тауып, Ахмет Байтұрсынұлын толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, біртуар тұлғаның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.
Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың негізгі идеясы- жастар тәрбиесін құрғақ сөз ,ақыл-кеңеске емес, үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеу. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын зерттеп, оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу барысында жас ұрпақтың бойындағы адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек сүйгіштік сезімдерін және жеке мәдениетін қалыптастыруға игі ықпал еткені де анық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!