Материалдар / "Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар мен тыйымдар" сыныптан тыс іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар мен тыйымдар" сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық киімдердің түрімен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
902
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Надеждин жалпы білім беретін мектебі»КММ





Сыныптан тыс іс- шара



Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар

мен тыйымдар





Мұғалім Баянбаева К.И.























2021-2022 оқу жылы







Ұлттық киімдер, оған қатысты ырымдар мен тыйымдар



Мақсаты:

Қазақ халқының салт-дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық киімдердің түрімен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар.



































Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

II.Қызығушылықты ояту «Ұлттық киімдер» дегенде қандай ой келеді?

IIІ.Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқының киім-кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениетінің бағалы ескерткіштерінің бірі.Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы байқалады. Киімнің тігілуінен халық тұрмысының жай-күйі, мәдениетінің қалыптасуы, ғасырлар бойы жинаған еңбек тәжірибесі көрінеді.Киімді сәндеп кестелеу, зергерлік және басқа әшекей заттармен әдіптеу-сол халықтың сұлулыққа құштарлығының дәлелі. Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналды. Олар қазақ халқының мәдени қазынасы. Киім үлгілерін мемлекеттік мұражайда көруге болады.

Презентация «Ұлттық киімдер» Оқушыларға нақты ұғым беру

Ұлттық киімдерінің түрлері:

Ішкі киім

Сыртқы киім

Сулық киім

Ерлер бас киімі

Әйелдер бас киімі

Аяқ киімдер

IV. Киім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?(слайдта сәйкестендіру)

V. «Жалғасын тап» ойыны 1.Ағаш көркі жапырақ,......... 2.Анасын көріп қызын ал,........... 3.Киіміне қарап қарсы ал,....................

4. Киім бүтін, қарын тоқ,..........................



.......уайым мен қайғы жоқ.

.........адам адам көркі шүберек,

.......ыдыс көріп асын іш

........біліміне қарап шығарып сал





VI. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар:

1.Киім кию оң қолдан басталады.

2.Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.

3. Көпшілік алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды.

4. Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.

5. Киім киер алдында оны сілку керек.

6.Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды

7. Шалбарды және етікті отырып киеді.

8. Киімнің жағасын басуға болмайды.

9.Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.

10.Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

11. Бас киімді босағаға емес, төрге іліп қояды. Қазақтар бас киімді үйдің құты мен берекесі, басқа қонған бақтың "тұрағы" деп есептеген. Сондықтан оған қатысты ырым-тыйымдар құт пен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Сол үшін де қазақ ұғымында: бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, бас киімді қабаттамау сияқты сенімдер бар.

Бас киімге қауырсын тағу барлық халықтарда мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланысты екендігін білдіреді. Сондықтан сыйлыққа тек жаңа бас киім сыйлаған, –

12. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.

VII. Қыздардың әшекейлері видеоматериал көру

VIII.«Азия аруы» Салтанат Камалиева есімі әлемге өте тез тарап кетті.Жас сұлуға даңқ жылдам келді. Салтанат Лондон қаласында 1989 жылы өткізілген Халықаралық сұлулық конкурсына қатысты. «Қазақтың ұлттық киімін киіп барғаным қандай жақсы болған,-деп еске алады жас ару.-Көгілдір жібек көйлек пен ою-өрнекті қамзол киіп, құндыз бөріктен ақ жібекті төгілдіре шыққан сәтімде көрермендер ду қол соғып жіберді.Бүткіл денемді шымырлатып, мақтаныш сезімі жүгіріп өтті. Ол сезім, әрине, өзімнің халқымның, осы ұлттық киім үлгісін дүниеге әкелген, он саусағынан өнері тамған шеберлерге арналған. Көктемде Парижде француз халқына қазақтың ұлттық киімін көрсеткенде де осылай қошемет құшағында қалғанмын,»-дейді ол.Салтанат тайландық құрбысынан кейінгі орынды жеңіп алып, «Азия аруы» атанды.Оның сұлулығына, біздің ұлттық костюміміздің ерекшеліктеріне бәрі де таң қалды, сондықтан «Азия аруы-88» Салтанат Камалиеваның портретін жазған американдық суретші –Лорен Кард.Фотосуретпен жұмыс. Кенептегі майлы бояу, 24x30 дюйм.

IX. Абай Құнанбаев киім туралы.

Кезінде ұлттық өнердің әдемілігіне де үлкен мән берген Абай Құнанбаев өзінің өлеңдерінде айтқан екен:

Қыз туралы:

Дүрия көйлек киінген,

Қыпша беліне,қынай күміс белдік түйінген.

Кәмшат бөрік басында,

Қара қас айдай иілген. Сылдырмақ,шолпы тағынған.

Қызыл қамзол жамылған. Білезік,сырға,сақина Жалтылдап күнге шағ

Келін туралы.

Қынама бешпет киінген,

Мың сәлем беріп,иілген,

Той-думанның көрігі,

Кең пейіл қазақ келіні,

Сен не еткен ибалы ең?!



Жігіт туралы.

Үкілі домбыра өңгерген,

Құндыз бөрік,қияқ мұрт,

Ер жүзіне өң берген.

Мауыты шапан жамылған,

Ата салттан аспаған,

Аталы сөзге тоқтаған,

Әрі батыр,әрі мәрт,

Халықтың сәні,үміті,

Қазақтың сері жігіті,

Сен не еткен кең едің?!


Х.Кері байланыс.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!