Материалдар / Ұлттық костюм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық костюм

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшіліктері, олардың түрлері, пайдалану жəне тұтыну ерекшіліктері туралы білімдерін түсінік беру. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2023
408
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А қтөбе облысы, Шалқар аудандық “Оқушылар сарайы” КММ

дизайн үйірмесінің жетекшісі

Алмагамбетова Айгерим Мухамедсадыковна


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық костюм.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшіліктері, олардың түрлері, пайдалану жəне тұтыну ерекшіліктері туралы білімдерін түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тəрбиелік: Өз халқының салт- дəстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тəрбиелеу.

Сабақ түрі: Дəстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар;

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа

дайындығын тексеру, жаңа сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Əр ұлт өкілдерінің ұлттық киімі-мəлімет жинау.

III . Жаңа сабақ

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының жəне орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, əрі əсем, əрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері əлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сəукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сəйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, əрбір əшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мəдениетіміз, тарихымыз. Оның айғағы - ескі қорғаннан табылған əлемді тамсандырған «Алтын киімді адам». Бұл жəдігер біздің жыл санауымыздан бұрын бесінші ғасырда дүниеге келген.

Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шəйі, қырмызы сияқты жұмсақ нəзік маталарды пайдалана отырып бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе. Қыз балалардың, əйел адамдардың киімін жұмсақ, нəзік матадан тігетіні нəзіктігі мен əдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығы, үрімді-бұтақты екендігі, мейірімі, қонақжайлылығы, даладай кең пейілі, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Əйел ұлтты тəрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дəмін ұсынған əйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. Үсіндегі киімі арқылы қай елден келгенін, кім екенін біліп отырған. Енді ұлттық киімдерге тоқтала кетейік

Киімнің негізгі түрлері 4 бөлінеді: бас киім, сырт киім, шалбар, аяқ киім.

Ер адам киімі

Ішік - əр түрлі аң терілерінен тігеді. Олар аң түрлерінің атына сəйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, үш топ барқыт, атлас, манат сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған.

Шапан - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан астарына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар болып келеді.

Тон - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің жəне құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді. Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні мен тігісі ішіне қарайды. Шалбар - барқыт, пүліш, шұға, шибарқыт, шегрен, сияқты ширақы маталардан, қой - ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп - тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған.

Ерлердің бас киімдері

Тақия – шағын сəтен, шұға, барқыт тəрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тəрізді бірнеше түрге бөлінеді.

Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.

Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сəн – салтанатқа киеді.

Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.

Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар-қыт тəрізді қымбат маталардан жа-салатын баскиім. Жиегіне қымбат бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік-тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік дөңге-лек төбелі конус тəрізді биіктеу. Сал-серілер бөріктеріне үкі таққан.

Жалбағай, башлық, далбай, күлəпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы-распайды. Оларды тымақ тəрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір-біріне ұқсас баскиімдер. «Күлə» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күлəпара, қысқа киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.

Əйел киімі

Əр аймақта əр түрлі үлгілермен, əр алуан атаулармен кездестіруге болады. Солардың ішінде қазақ елінің бəріне тəн түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сəукеле, тақия, қамзол, кебіс - мəсі, көкірекше сияқты заттар. Əйел киімдері əшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып

тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы əйелдер мен қарт бəйбішелердің

киімдері. Бұлардың əрқайсысының тігілу мəнері де əшекейі де əр қилы. Қыздар мен жас əйелдердің ең бір сəнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек əдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек əдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады.

Қамзол - əйелдер ұлт киімінің бірі. Ол барқыт, мақпал, пүліш маталарынан тігеді. Қамзолда жең де, жаға да болмайды. Тек тыс пен астардан тұрады. Астарына кобінесе атласты пайдаланады. Түйме орнына əшекейленіп жасалған қаусырма тағылады. Алдынғы бөлігі мен етегін ою - өрнекткрмен əшекейлейді.

Бас киім. Қыздардың тақиялары - шағын сəтен, шұға, барқыт тəрізді маталардан тігіледі де моншақтармен, тастармен əшекеленеді. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тəрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.

Бөрік– қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен жəне жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық жəне қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік əр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кəмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.

Кимешек — қазақ əйелдерінің киелі бас киімі. Əдетте кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап əйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан - алуан. Олар көбіне рулық - тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты. Əйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы — ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.

Сəукеле - əйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең əшекейлісі. Сəукелені ұзатылатын қыздар жəне сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлері киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сəукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сəукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сəукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Сəукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен əшекейлейді. Сəукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тəрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сəукеленің бетмоншағы деп атайды.

Аяқ киім

Саптама етік - қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң - солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, əрі қолайлы.

Мəсі - аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мəсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мəсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Мəсі — əрі жеңіл, əрі жұмсақ аяқ киім. Ол əсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кəсіпорындар мəсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан - жылға көбейе түсуде.

Ендігі кезекте ою - өрнектерге тоқталайық.

Ою - өрнек – халықтық қолөнердің бір түрі. Белгілі тəртіптегі элементтерден құралған өрнек. Ою - өрнек арқылы ата – бабамыз өз ойларын жеткізе білген. Ою - өрнектер мəн – мағынасына қарай мына топтарға жіктелген:

1. Өсімдік тектес

2. Жануар тектес

3. Ғарыш əлеміне байланысты

4. Геометриялық

Ою - өрнектегі элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымы ерекше əсер береді.

Ою түрлері жəне дайындау реттілігі.

Құрал- жабдықтар мен материалдар: парақ, қайшы, қарындаш, желім.

V. Сабақты қорытындылау

VI. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма

Оқу, берілген тапсырманы аяқтап келу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!