Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұлттық нақыштардың бұйымдарда көрініс табуы" (орамал)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы, Талас ауданы
Көшек батыр ауылы
Жамбыл атындағы орта мектеп
Орынбай Саламат Жеңісханқызы
11 сынып оқушысы
Тақырыбы: «Ұлттық нақыштың бұйымдарда көрініс табуы»
(Орамал)
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: этномәдениеттану
Жетекшісі: Жұмабаева Қалима Ықыласкқызы Жамбыл атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Көшек батыр ауылы
2018 жыл
МАЗМҰНЫ
-
АННОТАЦИЯ _____________________________________________
3
-
КІРІСПЕ ___________________________________________________
4
-
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ __________________________________________
5-8
2.1.ОРАМАЛ ТАҒУ САЛТЫ ____________________________________
8-10
2.2.ОРАМАЛ ТҮРЛЕРІ _________________________________________
10-13
2.3.ОРАМАЛ ТАҒУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ___________________________
14-15
2.4.ОРАМАЛ ТОҚУДЫҢ ӘДІСІ _____________________________
16-18
-
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________
19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР _____________________________
20
ПІКІР ________________________________________________________
21
КҮНДЕЛІК___________________________________________________
22-23
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ______________________________________
24-25
ҚОСЫМШАЛАР______________________________________________
26-33
ФОТОСУРЕТТЕР _____________________________________________
34-40
-
Аннотация
Ғылыми жобада Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттық бас киім орамалдың тоқылуы мен сәндік қолданбалы заман талабына сай орамалға қатысты материалдар жинақтау қарастырылған.
Зерттеудің негізгі мақсаты: қазақ халқының өте ертедегі орамал үлгілерін, олардың өзіндік белгілерін, тоқу әдіс-тәсілдерін, ою-өрнектерін, тарихи-мәдени сабақтастық негіздерін жан-жақты ашып көрсету. Ғылыми жоба үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде тақырыпқа сәйкес қазақ халқының ұзақ жылдар бойы күнделікті өмірде, тұрмыста пайдаланған әжелеріміз бен аналарымыздың қол еңбегін, қолөнері қасиетті бұйымды, сәндік қолданбалы қолөнер туындысымен байланыстыра отырып, рухани ләззат әкелген ұлттық мұраны жас ұрпаққа насихаттау.
Екінші бөлімде тақырыпқа сәйкес қазақ халқының үнемі әдемілікке, әсемдікке ұмтылғанын – орамалдардың түрлеріне қарап білуге болатынын, тоқылу жолдарын ұлттық ою-өрнекті қолдану арқылы жүзеге асырылатынын анықтап көрсету.
Үшінші бөлімде тақырыпқа сәйкес қазіргі таңдағы талаптардың жоғары болуына байланысты, орамал тағу және тоқу үлгісінің өзгерістер әкелуі, сондай-ақ мәдени мұраны әлі де терең зерттеу жастардың ұлттық парызы екенін айқындау
Аннотация
Научно-исследовательский проект Жамбылской, Южно-Казахстан регион, национальная одежда и полотенца вязание применяются современные полотенца накоплением материалов.
Основная цель исследования: Казахи очень рано шарф узоры, их признаки, методы и приемы ткачества, орнаменты, историческая и культурная преемственность основе комплексного раскрытия. Исследовательский проект состоит из трех частей.
Первый раздел, тема казахского народа на протяжении многих лет повседневной жизни ручного труда использовали бабушек и матерей, ремесленных священных предметов, декоративно-прикладного искусства работы, связанные с продвижением национального наследия молодым поколениям, которые пользуются.
Во втором разделе, тема казахского народа всегда старались красотки полотенца вязание , чтобы знать способы смотреть на типы национальных орнаментов - указание осуществляется за счет использования выражения.
В третьем разделе в связи с высокими требованиями действующих в соответствии с темой, приводят к изменениям в модели носить полотенце и ткачество, а также углубленное изучение культурного наследия по-прежнему определяют, что долг национальной молодежи.
Annotation
Research project Zhambyl, South Kazakhstan region, national clothes and towels knitting uses modern towels accumulation of materials.
The main objective of the study: Kazakhs very early scarf patterns, their signs, methods and techniques of weaving, ornaments, historical and cultural continuity through comprehensive disclosure. The research project consists of three parts.
The first section, the theme of the Kazakh people for many years, the daily life of manual labor used grandmothers and mothers sacred handicraft items, arts and crafts work related to the promotion of national heritage to the younger generations, who are.
In the second section, the theme of the Kazakh people have always tried to beauty towels knitting, to know how to look at the types of national ornaments - an indication carried out by the use of expressions.
In the third section, due to the high demands of operating in accordance with the theme, lead to changes in the model wearing a towel and weaving, as well as in-depth study of the cultural heritage is still determined that the duty of the national youth.
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты
Қазақ халқының ұзақ жылдар бойы күнделікті өмірде, тұрмыста пайдаланған әжелеріміз бен аналарымыздың қол еңбегі, қолөнері қасиетті бұйымды, сәндік қолданбалы қолөнер туындысымен байланыстырып, рухани ләззат әкелген ұлттық мұраны жас ұрпаққа насихаттау.
Зерттеудің міндеті
Халқымыздың қастерлеп келген бас киімнің болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани керуеніне ілестіру, келесі ұрпаққа үйрету.
Ғылыми болжамы
Егер мектеп оқушылары салт-дәстүрге сәйкес киім үлгілерін жете зерттесе онда олардың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтейтін ұлтжанды, отаншыл, елін сүйетін тұлға қалыптасады.
Зерттеудің нәтижелері
Қазақ халқы бұрын сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Уақыт талабына сәйкес ұлттық құндылыққа негізделген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеретін орамал тоқу үлгілерін дайындау.
Теориялық міндеті
Зерттеу нәтижелері ұлттық құндылықтар негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеуге негіз болады.
Практикалық мәнділігі
Қыз балаларға, бойжеткендерге арналған орамал тоқу үлгілерін дайындау әдістемесін технология пәні бойынша ұйымдастырылатын таңдау пәндерде, жобада, авторлық бағдарламаларының мазмұнына негіз ретінде алуға болады
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.
Біз баға жетпес білім қорын арттырып,
оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.
Н.Ә.Назарбаев.
Негізгі бөлім мәдениетінің естелігі деп айтуға болады. Олар қазақ халқының эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді. Баскиімдердің тоқылған пішіні, қолданылған материалдары жасалу техникасы арқылы халықтың өмір сүру шарттарын, еңбек ету жолдарын бейнелеуге болады. Қазақ халқының үнемі әдемілікке, әсемдікке ұмтылғанын - баскиімдердің әшекейленуіне қарап білуге болады, әшекейлеу жолдары аппликация, асыл тастар, кестелеу, зерлеу, үкі тағу арқылы жүзеге асырылып отырған.
Қазақ ғұрпында баскиім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғына қарайды, дұшпан басына қарайды» дейтін мақалы осы жайдан шыққан. Баскиім неғұрлым сәнді де әсем болса тіл-көзден сақтайды деген түсінік бар.
Сондай-ақ ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер баскиімсіз жүрмейтін. Оның себебі әйел-ананы немесе болашақ ананы тіл-көзден сақтайтын болған.
Әдетте, ер мен әйелдің баскиімдері әр басқа. Ерлерге тән баскиімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік, қалпақ, шалма, орамал, дулыға, жыға, қырпу, күләпара, жалғабай. Ал әйелдерге тән баскиімдер: тақия, бөрік, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, қасаба, шәлі, бергек т.б. Әйел адамдардың баскиімдерінің өзіндік ерекшелігі бар, яғни қыздар шаштарын көрсетуге тырысқан, ал келіншектер, орта жастағы әйелдер керісінше шаштарын жасырып жүрген. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, тақия киіп, шолпы таққан. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Қазақ баскиімдерін қазақ халқының ұлттық тұрмыс, көркем мәдениетінің естелігі деп айтуға болады. Олар қазақ халқының эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді. Баскиімдердің тігілген пішіні, қолданылған материалдары, әшекей заттары, жасалу техникасы арқылы халықтың өмір сүру шарттарын, еңбек ету жолдарын бейнелеуге болады. Қазақ халқының үнемі әдемілікке, әсемдікке ұмтылғанын - баскиімдердің әшекейленуіне қарап білуге болады, әшекейлеу жолдары аппликация, асыл тастар, кестелеу, зерлеу, үкі тағу арқылы жүзеге асырылып отырған.
Қазақ ғұрпында баскиім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғына қарайды, дұшпан басына қарайды» дейтін мақалы осы жайдан шыққан. Баскиім неғұрлым сәнді де әсем болса тіл-көзден сақтайды деген түсінік бар.
Сондай-ақ ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер баскиімсіз жүрмейтін. Оның себебі әйел-ананы немесе болашақ ананы тіл-көзден сақтайтын болған.
Әдетте, ер мен әйелдің баскиімдері әр басқа. Ерлерге тән баскиімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік, қалпақ, шалма, орамал, дулыға, жыға, қырпу, күләпара, жалғабай. Ал әйелдерге тән баскиімдер: тақия, бөрік, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, қасаба, шәлі, бергек т.б. Әйел адамдардың баскиімдерінің өзіндік ерекшелігі бар, яғни қыздар шаштарын көрсетуге тырысқан, ал келіншектер, орта жастағы әйелдер керісінше шаштарын жасырып жүрген. Қыздар көбі несе құндыз бөрік, тақия киіп, шолпы таққан. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз кимешектер киіп жүре берген. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың баскиімдері-шаршы сарала жақ, торғын шәлі, ал әшекей заттары аз болады. Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінеді. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады, жақтарын оқамалайды, жәй кестелейді.
Қазақ баскиімдерінің түрлері:
жалбағай; кимешек; күндік; орамал; сәукеле бөрік; дөңгелек бөрік;
жыға; жанат, елтірі бөріктері; жаулық; сусар, сілеусін, суыр
бөріктері; сырма, орыс, ши қалпақтары; телпек; кетелі, сырмалы
тақиялары.
Ұлттық киім –бай тарихи –
мәдени мұра,
оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы.
Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады.
Соның бірі,
қазақ халқының ұлттық бас киімі
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп,
біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар
әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат
әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті
ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте
қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін,
жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады.
Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен.
Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер
өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі,
сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз
байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты.
Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол
заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің
қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз
шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім
қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа
қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз
қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен
ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа
үйретіп келген.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының
бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші
халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен,
көркемдігімен көз тартып, эстетикалық
талғамда өркендей
бермек.
Орамал – сүртінуге арналған ұзынша төрт бұрышты мата. Этнолог С.Қасимановтың айтуынша, орамал сөзінің түбірі парсылардың “рой” – бет және “мал” – мата сөздерінен қалыптасқан. Орамал пайдалану мақсатына қарай бет орамал, қол орамал, сулық орамал, майлық орамал деп бөлінеді. Қол орамалды ертеректе қыздар кестелеп ұнатқан жігітіне сыйға тартатын болған. Еуразияны мекен еткен көптеген халықтардың әйел өкілдері орамалдың арнайы жасалған түрлерін басқа да тартқан. Оның көлемі мен түрі әрбір тарихи-мәдени өңірлерде әрқалай болып, оған жергілікті ұлттық ерекшеліктер (калорит) берілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында орамалдың ерекше бағаланғандығын халық арасындағы “Орамал тон болмайды, жол болады” деген мақалдан да аңғаруға болады. Оны адамдар өзара сыйластық пен ықыласты көрсету үшін бір-біріне сыйға да береді. Халық арасында орамалдың басқа тартатын шаршы, қиықша, т.б. түрлері
кең тараған.
Осыған орай қазақ даласының кейбір өңірлерінде «Шарғы салу» деген дәстүр бар. Ұзатылған қыз өзінің жас шамасына жақын сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бүл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. «Шарғы» салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп келіп шай ішеді.
2.1. ОРАМАЛ ТАҒУ САЛТЫ
Қазақтар жаңа түскен келіннің алғаш орамал тағу салтын жасаған. Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын-тойға барғанда сәукелесін де киіп барады. Жас келін перзентті болып,ол қырқынан шыққанда енесі келінді бірінші рет төрге шығарып: «Сен енді санатқа қосылдың. Бұрын бала едің,енді ана болдың. Енді осы үйге толық мүшесің», - деп келінінің маңдайынан сүйіп,мейірім білдіреді. Содан соң ауыл әйелдері,бәйбішелер әдейі жиналып келіп,келінге үйінен келген киелі орамалды өз қолдарымен кигізеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырады. Орамал таққан адам келіннің енесінен сый алады. Арттағы әке-шешелері бұл баскиімді қыздары тез балалы болсын деп сандыққа әдейі ырыммен салады. Бұл киімнің киелі болуы да осы ырымнан. Орамал ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді.
Орамал (парсы, араб.румал) – ерте кезде кестелеп жасалған қол орамалды қыздар жігіттерге сыйлайтын болған. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» дейтін халық мәтелі осыдан шыққан. Орамалдың басқа тартатын шаршы және қиықша түрлері де бар.
Қазақ халқы үшін ақ жаулық –«ана» сөзімен астасып та жататынының бір белгісін ақын Қадыр Мырза-Әлі «Асыл әже» өлеңінде «Сенің жаның жүрегіме ораулы, менің жаным жаулығыңа түюлі» деген өлең жолдарымен білдірген еді. Осы бір ауыз сөзден-ақ, ананың жаулығы жанымен біте қайнасқан егіз ұғым екенін мойындайсың.
Негізі орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да әйелдерге пайдасы бар екен. Бұл жөнінде С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік медицина университеті «Емдік гигиена» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзада гормон жүйесінің бұзылуы етек алып, жыныс мүшелеріндегі қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады» депті.
ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ
1. сәукеле
2. бөрiк
3. қарқара
4. кимешек
5. жаулық
6. күндiк
7. желек
8. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)
9. бүркенiш
10. бергек
11. қасаба
12. тақия
13. шылауыш
14. жаулық
Ал ежелгі Русь елінде «плат» деп аталатын орамалдар әйел киім-кешегінің арасында маңызды рөл атқарыпты. Байырғы заманда орыс әйелдері түрлі үлгідегі, түрлі-түсті бас киімдерді киіп, оған орамал байлаудың тәсілін де алмастырып жүрген. «Развязывание ума» деген салтында, кішкентай қызға орамал мен белдемше сыйға тартылған. Ол жыныстық жетілуіне дейін орамал тағуға міндетті болмаса да, сол жасқа жеткенде шашына жемелек етіп байлап жүруге ниет еткен.
Бір апта бойы мерекеленетін үйлену тойы кезінде қыздың әкесі міндетті түрде қызының басына өз қолымен орамал байлаған. Неке қию рәсімінде (венчание) қалыңдықтың шашы екіге өріліп, басына әшекей кигізіліп, сондай-ақ, тума-туыс та бір біріне сыйлық ретінде орамал берген. Содан кейін тұрмыстағы келіншек көшеге жалаң бас шықпаған екен.
2.2. ОРАМАЛ ТҮРЛЕРІ
Әйелдер жас ерекшелігіне қарай әртүрлі жаулықтар салады. Үй және шаруа жұмыстарына арналған арзанқол және сән-салтанатқа салатын қымбат бағалысы да болады. Орамалдардың қалың-жұқа етіп жібектен, жүннен, мақтадан тоқылған түрлері болады. Оларды жыл мезгілдеріне қарай пайдаланады. Орамалдар пішіміне қарай шаршы және қиықша болып келеді. Жібектен шашақтап тоқығанын “бөртпе” деп атайды. Жібектен және матадан шашақ шығармай тоқыған қалыңдау келген түрін “салы”, торғын тектес , үлпілдек, жұмсақ маталардан немесе ешкі түбітінен тоқылған түрі “шәлі” деп те аталған. Әйелдердің басқа салатын түйе, ешкі түбітінен тоқылған түрін кей жерлерде бөкебай деп атайды. Орамалдарды шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама сияқты көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп, кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарғанда ол әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады. Ер адамдарда да бөкебайға ұқсас ешкі мен түйе түбітінен тоқылған мойынға салатын жылы орамал түрі мойынсалғыш деп аталады. Шамамен бір құлаштан артық ұзын тоқылады, жиегі шашақталады. Бұл бұйымның да атауы әр өңірде әрқалай: Қызылорда мен Ақтөбенің кейбір жерлерінде шалма, Қостанайда мойынша, Орынбор қазақтарында шарқат, басқа өңірде мойынорағыш. Шәлінің бүркеніш, жібек, оюлы, торғын, шілтерлі деген түрлері және ою-өрнек гүлшоқтары сызылған әртүрлі бедерлі немесе шымқай қызыл күлгін өңділері де болады. Шәліні әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті ешкі түбітінен де тоқиды. Қыстық жүн шәлілер түбіт, түйе жүнінен үлпілдек етіліп тоқылған, басқадай да суық өтпейтін қалың, жылы маталардан жасалып, барлығының да шетіне шашақ тігіледі. Бедері барын жастар, бірыңғай өңділерін орта жастан асқан ана, әжелер тартады. Шәлінң құны, сапасы мен қажеттілігі жағынан салы орамалға жетпейді.
Шәлінің бүркеніш, жібек, оялы, торғын, шілтерлі деген түрлері және ою, өрнек гүл шоқтары сызылған әртүрлі бедерлі немесе шымқай қызыл күлгін т.б. өңділері де болады. Шәлiні әйелдер өздерiне шаршылап, кейде үшбұрыштап әртүрлi үлгiде iз салып, ақ немесе күлгiн түстi ешкi түбiтiнен де тоқиды. Қыстық жүн шәлілер түбіт, түйе жүнінен үлпілдек етіліп тоқылған, басқадай да суық өтпейтін қалың, жылы маталардан жасалып, барлығының да шетіне шашақ төгіледі. Бедері барын жастар, бірыңғай, өңділерін орта жастан асқан ана, әжелер тұтынады. Шәлінің құны, сапасы мен қажеттілігі жағынан да салыға жетпейді.
Бір
тартар – үшкіл, кішігірім бас орамал.
Түрме – түре тартатын жеңіл орамал.
Шаршы – кішкене бас орамал.
Байлама – басқа салатын шағын орамал.
Шылауыш – кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы.
Жаулық – ақ матадан, ақ жібектен тігілген. Үлгісі көп.
Желек – келіншектердің сәукеледен кейін басына жамылатын
орамал.
Күндік – кимешектің үстінен сәлде сияқты, бірақ жалпақ етіп орайтын
ақ мата немесе егде әйелдердің ақ жаулығы.
Салы – жібектен, бағалы жіптен шашақсыз тоқылған бөкебай.
Бөртпе – жібектен шашақтап тоқылған орамал, жаулық.
Бөкебай – түбіттен қалың тоқылған қыстық орамал.
Қалы – қымбат бағалы түкті шәлі.
Шарқат – әйелдердің басқа тартатын үлкен жібек орамалы.
Сарапшаң – жұмсақ торғын, жібек пен жылқының қылынан, шуданың
қылшығынан тоқылған, қыздар мен келіншектердің бетін шаң-тозаңнан
қорғайтын бет перде, шаң тимес деп те аталады.
Ақ бүркеншек – алғаш түскен келінге сәукеле сыртынан жабатын
жамылғыш.
Түбіт орамал
Ешкінің түбітінен жасалған орамал иондарды бейтараптандыратын, ерекше қасиетке ие. Иондану бірден бұлшық еттерді ауыртып, үнемі шаршатып, жүйке ауруларын тудырып, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Ешкі түбітінен тоқылған бұйымдар қоршаған орта иондарының күшін адам ағзасына оңтайлы етіп өзгертеді. Сондықтан ешкі түбітнен тоқылған шәлі, мойын орағыштар, орамалдар және басқа да заттар кеңсе ішінде әсіресе, техникалық заттар көп жерде жамылып, киген пайдалы. Түбіт құрамында ланолин деген зат аллергияға және қабынуға қарсы дәрілер құрамында кездеседі. Ешкі түбіті жарақаттың және сынған жердің тез жазылуына, ауырсынуды басатын қасиеті бар.
Қыста көбінесе үйде, кеңседе, жабық жерлерде көп
жүрген уақытта ешкі түбітінен жасалған заттар ағзаға пайдалы және
табиғи жағдай жасайды. Ағзаны қайта қалпына келтіруге, көңіл күйді
көтеруге, жұмысқа деген қабілеттілікті ашып, оң әсер береді. Түбіт
талшықтары адамды босаңсытып айналма магниттік шеңбер жасайды.
Түбітінен жасалған орамал дене температурасын бірқалыпты ұстайды.
Адам ағзасына өте пайдалы. Ешкі түбітінен тоқылған шәліні жамылса
адам тез әрі жақсы ұйықтайды. Ұйқы жеңіл әрі ем болады. Түбіт
заттар ағзаны салқын тию мен тұмаудан ғана қорғамай, барлық дерттен, тезірек
айығуға көмек береді.
Салқын тиіп, тұмау болғанда ешкі түбіті денені құрғақ күйінде
сақтайды, тез тер шығуға көмек береді.Себебі жануардың жүнінің
түбіті өзіне ылғалды тез сіңдіріп, оны тез шығара алады. Түбіт
басқа түбіттермен салыстырғанда өзіне 7 есе жылдам ылғалды
сіңдіреді. Терлегенде қосылып шыққан зиянды заттарды
бейтараптандырып ерекше қасиетке ие.
Тоқылған шұлықтар аяқтағы қан айналымды және микроцеркуляцияны жақсартып, бұлшық еттерге түсетін күштерді жеңілдетеді. Ұйқысыздық пен жүйке ауруларына өте жақсы көмекші болғандықтан егер бала үнемі мазасызданып, жылап, ұйықтай алмаса, ешкі түбітінен жасалған шәліге орауға болады. Сонда бала тез және жақсы ұйықтайды. Уақытынан бұрын туылған бала тез жетілу үшін түбіттен жасалған шәліге орап, шұлық кигізген дұрыс. Түбіттен жасалған кез келген заттар құяң, остеохондроз, ревматизм кеселдеріне пайдалы. Қан қысымын төмендетіп, бастың ауырғанын басатын пайдасын келтіреді.
Бұлшық еттің қабынуын емдейді, аллергияны болдырмайды, дененің жақсы және жеңіл демалуына септігін тигізеді, веналардың түйнеліп кеңеюін емдейді, терінің ұзақ уақыт бойы таза болуын сақтайды.
Түбіттен жасалған заттар табиғи болғандықтан жақсы күтімді қажет етеді. Мұндай заттарды жиі жумау керек. Жуған жағдайда, қолмен, жылы суда сусабын қосып жуу керек. Болған соң, айналдырып, қатты сықпай қатты қағып, жерге таза мата төсеп үстіне жайып кептіреді. Жазда түбіттен жасалған заттарды құрғақ, жылы жерде сақтайды. Пакетке салуға болмайды, иістеніп кетуі мүмкін. Себебі ешкі түбітінен жасалған заттарды ауаны керек етеді. Емдік қасиетін сақтап, ұзақ уақыт қолдану үшін жазда 2 сағат таза ауаға жайып алу керек.
2.3. ОРАМАЛДЫ ТАҒУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бірде көрші әжей «Қазақтың қыздары қызыл түсті
ғана орамал таққан. Ал ақ орамал ол ақ жаулықтың, некелі әйелдің
белгісі» дегені есімде. Сондай-ақ, «Орамал тон болмаса да, жол
болады» деп түйген қазақ халқы орамалды кейде үйіне қонаққа келген
әйел адамның қуыс үйден құр шықпағанын қадағалап сый ретінде
ұсынса, салтанатты кеш, той-томалақтарда «көңілің ағарсын» деген
ниетпен иығына да жапқан. Бұл дәстүр әлі күнге жалғасып келеді.
Орамал тағу жолдары ұмыт болмағанымен, бағзы орамалдардың сан түрлі
атауларын біле бермейтініміз бар. Мысалы:
Баскиімге байланысты жол-жорағылардың танымдық мәні
-
Ақ жаулықты ортаға тастау.
-
Шәлі ,орамал тарту.
-
Керегеге ақ орамал байлау.
-
Орамал тон болмайды, жол болады.
-
Ер адамның баскиімін дәріптеу, ер адамның көйлегінің жағасын тастамау.
-
Киілген баскиімді біреуге беруге, сыйлауға , қалап алуға болмайды.
-
Баскиімді жерге төмен қоймай жоғары іліп қойған жөн.
-
Біреудің орамалын тартуға рұқсат етілмеген.
-
Кимешекті әже, балалы келіншек киген.
-
Беташар-тәрбиелік мәні бар. Қазір де уақыт талабынан қалмай келеді.
-
«Сәукеле - сау келеді» деген мағына беріп, оны тек қалындық киген.
-
Мүшелі жасқа толғанда әйел де, ер адам да, өзіне ниеттес адамға бір киімін сыйға берген.
Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң, сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылған. Жас келіндер үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүріпті, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң, кимешек шылауыш киген. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе – күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе – жесір әйел екендігін білдірген. Шылауышты кимешектің үстінен тартады.
Қазіргі заманауи қоғамда орамалдың сан алуан түрі бар. Әсіресе, мойынға салып, немесе сөмкеге байлап жүру үлгілері көптеп кездеседі. Ал басқа байлау үлгісінде үстіміздегі жылы павлопасадтық орамал үлгілері сәнге айналды. Бұл шашақты орамалдың қыз-келіншектердің сүйікті сән үлгісіне айналып, өмір айналымында қалып қоймай, жылдан-жылға қоғаммен бірге жасасып келе жатқанына 200 жылға жуықтапты. Түрлі-түсті ою-өрнек, қызыл-жасыл гүлдермен көмкерілген әсем әрі үлкен орамалды жамылғы ретінде, кейде суықтан қорғар жаулық ретінде де пайдаланып жүргендер көбіне қыс мезгілінде кездеседі.
2.4. ОРАМАЛ ТОҚУДЫҢ ӘДІСІ
Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің
бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет
нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті
бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап,
түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін,
ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған
орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет
етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген
жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.
Зығыр
Мақта иірімжібі
Мохер
Жүн иірімжібі
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды иірім жіп
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі - 30мм.
Тоқыма тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер алу керек, оның ұшы тым үшкірде тым доғалда болмауға тиіс. Сондай-ақ, пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасалған сымдарда пайдаланылады. Сымның ең тәуірі – никельді болат сым. Әр сымның нөмері диаметрінің милиметріне сәйкес келеді. Мысалы, 3 нөмерлі сымның диаметрі – 3мм, 5 нөмерлінікі – 5 мм. болады. Тоқымашыда 1-10 ға дейінгі нөмерлі сымдардың бәрі болғаны жөн. Өйткені тоқылатын заттың өрнегіне жіптің сипатына қарай әртүрлі нөмерлі сымдар қолданылады. Жұмыс үшін ең қолайлысы 1,5-2,5 мм, ұзындығы 30-40 см сымдар. Сымдар тоқылатын жіптерден екі есе жуан болуы керек.
Бұйымды тоқымас бұрын тоқылатын заттың берілген чертежге сәйкес үлгісін қағазға қиып алу керек.
Тоқыманың оң
және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірмелерде тақ қатарлар
тоқыманың оң жағы, жұп қатарлар терісжағы болып есептеледі.
Бастапқы қатарға қажет шалулар санын есептеп шығу үшін, оны 10см
тоқып көру керек. Ол үшін ұсынылатын өрнекпен 30-40 шалудан 8-10 см
биіктіктегі үлгі тоқып алады. Үлгіні созбай үтіктеп, әрбір 10 см
тоқу үшін қажет шалу санын есептеп шығарып
алады.
Тоқыма
әліппесі
Бастау
Жиекті
шалулар
Оңға
шалу
Теріс
шалу
Қосымша
шалу
Тоқымай
алынатын шалу.
Тоқыма тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер алынады,оның ұшы тым үшкір де ,тым доғал болмауы тиіс. Сондай-ақ пласмассадан, ағаштан, бамбуктан, сүйектен жасалған сымдар да пайдаланылады. Сымның ең тауірі –никель болат сым. Әр сымның номері диаметірінің милиметіріне сәйкес келеді.Мысалы:№3 сымның диаметірі-3мм, №5 сымның диаметірі-5мм болады. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек. Бұйымды тоқымас бұрын заттың үлгісін қағаздан қиып алу керек. Тоқыманың оң және теріс жағы болады.
Қазақ әйелдеріне тән өзіндік ерекше орамал ақ жібектен,кейде ешкінің түбітінен тоқылып,жиегін шашақтармен ,сан алуан түрмен әшекейлеп дайындайды. Тоқылған оарамалды жас келіншектер,орта жастағы әйелдер,кемпірлер таққан. XIX ғасырдың басынан бері оларды тек ақ жіптермен ғана тоқыған, бірақ XVIII ғасырдағы мәліметтер бойынша оған түсі басқа түрлі жіптерді де пайдаланған көрінеді. Орамалды үшбұрыштап, шаршылап тоқиды. Оны басқа тартып,шеттерін кеуде тұстан айқастырған,не желке жағына жіберген. Қазақстанның басқа аймақтарында төменгі бас киім ретінде бет шығатындай алды ашық,иықты,кеудені жауып, арт жағы үшбұрыштанып арқаны жауып,төмен қарай құйрығы жіңішкеленіп кететін орамал таққан.
Орамалдың кеуде жағын,бет жақтауларын әсемдеп,шашақтап тоқыған. Бет жақтауларын тоқуда ашық түсті жіптер таңдалады және тоқу техникасының бірнеше түрлері пайдаланылады. Алғашқы тоқу «шалу» мұны «алқым шалу» деп те атайды. Алқым шалудан кейінгі «бос шалу», «іліп шалу», «таяқша тоқу» деп атайды. Жиын-тойларға киіп баратын шәлі орамал жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тоқылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда мектеп өміріне ақпараттық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа талаптар мен өзгерістер келуде. Солардың бірі технология пәнінің енгізілуі. Оқушы тек қана теориялық білім алып қоймай, жобалай білуді, шешім қабылдауды, жеке шығармашылық, ғылыми жұмыстарды орындай білу шарт. Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабаларымыздың, әжелеріміздің рухани байлықтарымыздың қоры ұлан-теңіз. Бұл асыл қазынаны, мәдени мұраларды зерттеп, тану, білу, дамыту, жетілдіру- қазіргі оқушылардың, жастардың ұлттық парызы.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсең, күнделікті тұрмыс, қажетін өтейтін қолөнерінің жете дамыған түрлі салаларын көреміз. Мысалы, ертеде кесе қаңқа салынған ағаш ыдыстар, бүгінгі таңда әдемі ағаштан жасалған мебельдер.
Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салмаған. Олар осы өнерлерімен бүкіл Еуропалықтарды таң қалдыруда. Сондай-ақ киіз басу, алаша, кілем, сырмақ сыру, кесте тігу, тері илеу қолөнердің тамаша туындылары болды. Қазіргі таңда бірсыпырасы өте маңызды. Ұлттық болмысты ұстап қалу, ұлттық бұйымдарды сақтап қалу керек- деп жауап берер деген сенімдеміз.
Зерттеу жұмысы барысында ұлттық мұраны оқушылардың, жастардың бойына дарытып, одан әрі жалғастыру борышымыз. Орамал тоқудың технологиясын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінсе және насихатталса: қала, аудан, мектепшілік мұражайларда қойылып қалың жұртшылыққа, оқушыларға таныстырылса, халқымыздың өткен мұраларына деген көзқарастарының жоғары деңгейде боларына сенеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
Қазақ халқының ұлттық киімдері. – Алматы, 2010 |
|
Ұ.Әбдіғаппарова Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. – Алматы, |
|
Мектептегі технология. №3, 2011жыл |
4. Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі: ғылыми каталог. 2009ж. 80- бет.
5. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. 1990ж.
6. Ғ.Мүсірепов «Қозы-Көрпеш Баян сұлу» спектакльінен.
7. «Қазақстан-ZAMAN» газеті. 2013ж.
8. Қазақстан әйелдері. №7 1989ж.
9. Қазақтың ою-өрнектері. Авторы: Ұ. Әбдіғаппарова «Өнер» баспасы 1999 жыл.
10. Мектептегі технология №3. 2006ж.
11. Тест. Қазақтың ұлттық киімдері. Мектептегі технология №2. 2006ж.
12. ↑ "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035- 6 (1-й з-д)
13. "Вышивка", альбом. Киев "Веселка" 1986г.
Соңғы рет 2015 ж. қарашаның 3, 15:35 бұрын өзгертілді
Уикипедия® Мобилдік нұсқаКомпьютерлік нұсқаМәлімет CC BY-SA 3.0 лицензиясы аясында жетімді басқа жағдайда белгіленеді.Жеке меншікЖасақтаушылар
14. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
15.Қазақстан сәндік өнері. – Алматы,
2002.
16.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық
музейінің этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі
киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог// Алматы: Өнер,
2009., 1-т. – 344 б.
17.Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.
Талас ауданы, Көшек батыр ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Орынбай Саламат Жеңісханқызы
« Ұлттық нақыштың бұйымдарда көрініс табуы » (орамал)
тақырыбындағы ғылыми жұмысына
ПІКІР
Ұсынылып отырған жоба жұмысы қазақ халқының мәдениетін, өзіне тән әдет-ғұрпымен таныстырып, ұлттық көркем өнердің дәстүрін, оның тарихын жете білуге, әдептілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге тәрбиелейді.
Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде-ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді.
Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Әсіресе, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиімге байланысты қалыптасқан дәстүрлер де бар, мысалы, жаңа түскен келінге тамағы, мойыны, шашы үлкен аталарына көрінбесін деген салтпен, ізеттілік жолмен кигізгені. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар бас киімдер киген. Олардың ішінде, орамал тағу бас киім ғана емес, әйелдің «мінездемесінің» де орнына жүреді. орамалға қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратын алуға да болады екен. Әйел адамдарының ұқыптылығы мен салақтылығы да орамалынан көрінетін.
Бас киімге айрықша мән берген ата-бабаларымыз ұлттық мұрасын зерттеумен ұрпақ жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелері сөзсіз.
Жобада орамал кигізу салты, орамал түрлері, орамал кию ерекшеліктері, орамал формасы, орамал тоқудың әдісіне толық сипаттама берілген.
Жобаны жазудағы басты мақсат қазақ халқының күнделікті өмірдегі қолданбалы бас киім үлгісін зерттеп, ұлттық мұраны қастерлеуге, бағалауға үйрету болып табылады. Жобада мақсатқа толығымен жеткен. Тақырыпқа байланысты қосымшалар мен суреттер тіркелген.
Сондықтан Орынбай Саламаттың дайындаған «Ұлттық нақыштың бұйымдарда көрініс табуы » (орамал) тақырыбындағы жоба жұмысын аудандық байқауда қорғауға ұсынамын.
Пікір беруші: Қ. Ы. Жұмабаева
Жамбыл атындағы орта мектебі 9-сынып оқушысы
Орынбай Саламаттың зерттеу жұмысына арнап жазған күнделігі
15.04.2015 ж.
1. «Ұлттық нақыштың бұйымдарда көрініс табуы »(орамал) тақырыбын алдым
20.04.2015ж.
2. Мен жетекшім екеуміз алған ғылыми тақырыбымыздың жоспарын жасадық. Зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек, нені басшылыққа алу керектігін ойластырдық.
5.05.2015ж.
3. Ғылыми жұмысына қажетті материалдар жинастыруды жоспарладық.
11-13.05.2015ж.
4. Кітапханадан қажетті материалдар дайындадым.
13.06.2015ж.
5. Тоқыма өнерінің шығу тарихын, дамуын оқыдым.
19.06.2015ж.
6. Керекті материалдарды жинақтадым.
24.06.2015ж.
7. Ғаламтор беттерінен орамалдың тоқылу технологиясы материалдарын алдым.
13.07.2015ж
8. Кітапханаларға барып тоқыма өнері жайлы материалдар алдым.
15.07.2015ж.
9. Тараз қаласындағы Ш.Уалиханов кітапханасынан материалдар алдым.
29.07.2015ж.
10. Жинақтаған материалдарды біріктірдім.
15.08.2015ж.
11. Ілмекбізбен орамалды тоқуды бастадым.
20.08.2015
12. Шәлінің тоқылған түрлеріне буклет дайындадым.
25.08.2015ж.
13. Ұлылардың сөздерін жинадым.
5.09.2015ж.
14. Кітапханаларға барып ою-өрнектер жайлы материалдар алдым.
13.10.2015ж
15. Ою-өрнектің сызбасын дәптерге түсірдім
5.11.2015ж.
16. Жинақтаған материалды жетекшіммен бірге сұрыптап алдым.
4.01.2016ж.
17. Қазмойын оюын тоқуды бастадым
14.02.2016ж.
18. Ою-өрнекті орамал шетіне біріктіру жұмысын бастадым.
1-5.03.2016ж.
19. Жетекшіммен бірге жұмысты жүйелеп бастыруға бердім.
16-19.03.2016ж.
20. Жобаның толық мазмұнын реттеп компьютерден шығардым.
Қосымша 1 - Қазақтың ұлттық киімдері тақырыбына арналған тест
-
Қалындық киетін бас киім
а) тақия б) сәукеле в) бөрік
-
«Тоғыз қабат торқадан,тоқты шақтың ... артық» деген халымыз қай киім туралы айтқан. (Көп нүктенің орнын тап).
а) ішік б) тон в) күпі
-
Шекпенді қандай түліктің жүнінен тоқыған?
а) ешкі б) түйе в) қодас
-
Етегі тізеден жоғары келген қысқа тон
а) қаптама б) қамзолша в) сырмалы
-
Қасқыр,түлкі,қарсақ,күзен т.б. аңдар терісінен тігілген тон-
а) ішік б) шапан в) жарғақ
-
Қыз-келіншектерге арналған шапан түрі-
а) қаптал б) сырмалы в) қималы
-
Саптама етіктің ішіне не киеді?
а) шылғау б) байпақ в) шұлық
-
Былғарыдан тігілген қонышсыз кебісті қай аяқкиімнің сыртынан кигізеді?
а) мәсі б) пима в) етік
-
Қазақ халқы қыз баласына арнап кимешек шүберек тіккізген,не үшін?
а) сұлулық үшін б) қызықтыруға в) ана болу үшін
10)Жеңсіз жаздық киім
а) камзол б) бешпент в) жейде
11) Қыз-келіншектерге арнап тігілген етік
а) кебіс б) сапиян етік в) мықшима етік
12) Қой жүнінен тоқылған шекпенді кімдер киген?
а) ауқаттылар б) байлар в) кедейлер
13) Құлын терісінен тігілген тон
а) жарғақ б) қаудырлақ в) сеңсең
14) Ақ киізден тігілетін жаздық бас киім-
а) тақия б) айыр қалпақ в) бөрік
15) Хандар мен батырларға арналған шапанның арқасына қандай ою зерделенген?
а) қошқар мүйіз б) тасбақа в) құс қанаты
16) Қыста киетін ерлердің бас киімі-
а) малақай б) тымақ в) бөрік г) барлығы дұрыс
14) Халықтың көпшілігі тұтынатын бөрік түрі-
а) құндыз б) кәмшат в) түлкі
18) Қазақтар бұл бас киімді аруға лайық деп білген-
а) орамал б) қасаба в) қарқара
19) Қай киім сулық киімге жатады?
а) аба б) кебенек в) кенеп г) сырттық д) барлығы дұрыс
20) Тіл көзден сақтайды деп таққан бұйым-
а) сақина б) сырға в) бой тұмар
21) Әйел адамдардың көйлегінің алдына не тағылған?
а) алқа б) өңір в) түйреуіш
22) Аса қарт бәйбішелер қандай кимешек киген?
а) орама б) бүрмелі в) шалма
23) Қазақ халқы аналарымызға кимешек кигізе отырып, олардың бойынан қандай қасиеттерді байқаған?
а) ұқыптылықты б) сабырлылықты в) тілеулестікті г) бәрі дұрыс
24) Итаяқ кимешекті қай жастағы әйелдер киген?
а) 50 жас б) 40 жас в) 60 жас
25) Аналарымыздың ақ ниетін, кіршіксіз, мөлдір таза ниетін көрсетітін бас киім-
а) берген б) шәлі в) ақ жаулық
Асанәлі Әшімұлы: “Орамал тақпаған әйелдерден қорқамын”
А йдың-күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Қазір қызы да бір, анасы да бір. Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын.
Баяғының адамдарын жұрт «көненің көзі», «ақылдың сарқыты» деп әспеттеп отырмаушы ма еді?! Әрі солардың айтқан ғибратты, өнегелі әңгімелері ауыздан-ауызға тарап, тағылымымен бүкіл ауылды, одан ары бір өңірді тәрбиелеп кете баратын. Осы ретте сол бір жақсы қасиетті, ізгі дүниені ел жадында қайта жаңғырту үшін халық сыйлаған, көп қадірлеген тұлғаларымыздың жан сарайына үңіліп көруді жөн санадық. Сөйттік те, бүгінде жасы жетпістің сегізіне келген аузы дуалы, көкірегі қазыналы қартымыз, Халық әртісі Асанәлі Әшімовке қолқа салған едік.
“Бұларың жөн, қарағым. Үлкеннен өнеге қалмаса, сол үлкеннің несі қазына?! Осындайда әкең мен шешең жайлы, солардың ғибрат қып, өнеге етіп айтқан ұлы әңгімелері жайлы шекең тершіп айтқанға не жетсін?! Өкінішке орай, мен әкемнен төрт жасымда айырылған адаммын. Сұм соғыс бізді әкесіз, балалықсыз өсуге мәжбүрледі. Бүгін айтсам, біреу нанар, біреу нанбас: тұп-тура төрт жасымнан бастап еңбекке жегілдім. Бұғана түгілі буыны толық бекімеген мен үшін бұл да оңай қиыншылық болған жоқ. Сондықтан да риясыз балалықтың таңнан кешке дейін тынымсыз шапқылататын ойнынан емес, кәдімгі «еңбек адамы» атанып, Ананың тәрбиесінде өскендіктен біз ерте есейдік”, – дейді КСРО және Қазақстан Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Асанәлі Әшімұлы.
Баланың барлығы ананың тәрбиесінде болады ғой, дегенмен әкенің тәрбиесі де бір мектеп. Әйел адамдарды ерекше сыйлаймын. «Шешем кетіп қалса, мен не істеймін, қайда барамын?», – деген үрейім болатын. Қазір қарап отырсам, менің 8 жасар балам да: «Ана, сен біреу-ақсың ғой», дейді екен. «Өй, әкең де біреу-ақ емес пе?!», – десе: «Әкем жоқ болса, сен басқа әке тауып бересің ғой», – депті. Өзінің бірге оқитын жолдасының жағдайы сондай екен. Соны көрген баланың санасына түйгені ғой. Көрдіңіз бе, шын мәнінде де бұл әлемде бала үшін ана біреу-ақ! Қазақта «Әкенің жақындығы жездедей-ақ» деген мақалы бар ғой. Мен әкемді көрмегеніммен жетімдік көрмедім. Ал шеше болмай, әкең болса сонда жетімдікті тартар едің. Шешенің берген тәрбиесі өз алдына, біздерді заман тәрбиеледі. Соғыстың қаталдығы, балалықтан ерте айырылған өмір…
Мана жоғарыда айтқанымдай біз төрт жасымыздан бастап еңбекке араластық. Қырманда жүріп есейдік. Шынында да, адам сәулетшісі – Ана ғой. Ойлап қараңызшы, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы да сол ана емес пе?! Осындайда есіме бір қызық жайт оралады. Ғалымдар анасынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылыпты. Бұдан нені аңғаруға болады. Тағы да ана құшағының жұмақ мекен екенін бағамдайсыз. Ал жастайынан шеше бауырында есейген мен үшін ананың орны тіптен бөлек болатын. Сол аналарымыз бір әңгімесінде айтып отырушы еді «Әйел адам – ұлттың айнасы» деп. Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды екен. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласапыран, алмағайып күндерде де біз басымыздан жаулығымызды тастаған емеспіз. Арғы шешелеріміз, тіпті, көненің адамы еді. Алда-жалда шашыңның сәл тұсы ашылып қалса да: «Ашық жерге шайтан ұялағыш дейді, қарғам. Шашыңа мұқият бол» деп отыратын. Бірде қырманға көбіне жалаңбас барып жүрген көрші әйелге сол шешеміз қатты ұрысты. Бірақ кейіннен үндемейтін болды. Сөйтсек, ол байғұс сонда шашына тары сеуіп, содан түспей арасына сіңіп қалған аз бөлігін шиеттей балаларына тасиды екен ғой. Мұндай жағдай сол замандағы көп адамның басында болды ғой.
Ал қазір ше? Айдың, күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Бастағы орамалдың мәнісі де жат жұрттық болып, ана атану еді. Қазір қызы да бір, анасы да бір. Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай», – деп отырушы еді жарықтық. Бұған келгенде ешкімнің айтарға дауы болмаса керек. Шешеміз айтатын осы бір әңгіме мені әр уақыт толғандырып келеді. Айналама қараймын. Қараймын да қамығамын. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқандай. Ертең кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың арасы жер мен көктей алшақ тартып, ежелден ұлы құндылыққа бай біз ұлт ретінде өзімізді жоғалтып аламыз ба деп алаңдаймын. Әйтпесе, адамзаттық тұрғыда даму толастамақ емес. Ол – жаһандану процсесі. Бұл жайлы алатаңға созып әңгіме айтуға болатын еді. Шешей менің жұмысымның жемісін көре бастаған шақта, «Пәленшенің шешесі» деп барған жерінде төрге шығаратын. 87 жасында өмірден озды. Жарты өмірі Алматыда өтті. Жарықтық анама жеңгем секілді еркелеп өстім. Ауылда кәрі шешеміздің қолында өскендіктен «апа» деп атадық. Өз шешемізбен жеңге мен қайны сияқты қалжыңдасып жүретінбіз. Үйге кештетіп, түнделетіп келгенде ұйықтап жатса, төсектен құлатып кеп жіберемін: «Мен келгенде неге ұйықтап жатасың?» деп. Соның барлығы оған да ұнайтын болса керек. Еш уақытта қабақ шытып, өң суытып көрмепті. Дүниеден өтер алды ауырыңқырап жүрді. Сондай күндердің бірінде осы кісі бір естіп қалсыншы деген оймен «Апа!» дедім. Қуанар, сергіп қалар деп айттым. Бірақ ол олай істемеді. Маған ала көзімен қарап, аспанды сұқ саусағымен нұсқады. Онысы «Күнә болады, олай деме. Құдай көріп тұр» дегені еді. Міне, көрдіңіз бе? Қазақ менталитетінің асылдығы соншалық еді. Келіннің ене алдындағы адалдығы. Тап сол жерде шешейге тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен мендей ұлының сүйіспеншілігіне иіп, ессіз күйде қуанып, тасуына болар ма еді?! Бірақ ол өз шешесіндей болған енесіне деген сүйіспеншілікті баласының махаббатынан биік қойды. Ол кездің аналары сонысымен де асқақ еді. Оның үстіне қазақта «Атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар ғой. Осы сөздерден соң менің анамның тұлғасы тіптен биіктеп кетуші еді…
Қамар Қарасаева
Орамалдың үкімі сақалдың үкімінен жоғары. Парыз. Егер бір әйел кісі орамал тақса, оның иманының көтерілгенін байқатады. Қазір біреуге намаз оқытудың өзі қиын. Намаз оқуы мүмкін, бірақ көбі орамал тақпайды. Ал енді намазды оқып қана қоймай, орамал тақса, оның иманы күшейе түседі.
Тұрсын әжей 16 жасында ақ босаға аттап, Махан әулетіне келін болып түскен. Жолдасының тегіне жазылған. Төрт ұл, бес қызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Жолдасымен отауласқанына 19 жыл болғанда, яғни 35 жасында жесір қалады. Тоғыз баланы жеткізу үшін Тұрсын апа қара жұмыстың ешбірінен де тартынбай, еңбектенеді. Бүгінде «Алтын алқа» иегері 33 немере, 10 шөбере сүйіп отыр. Шөберенің тұңғышын 60 жасында көріпті. «Жас балаларға айтатын ақылды өзіңнің ісіңмен көрсетуің керек» деп ұғады кейуана.
– Қасиетті кимешекті 45 жастан асқан соң кигенмін. Халқымыз қыз-келіншектердің жалаңбас жүрмегенін қалайды. Қыздар басына тақия немесе қызыл орамал киген. Ұзатыларында сәукеле киіп, босаға аттағаннан кейін ақ орамал таққан. Орамалдың да тартылу тәсілдері әр түрлі, соған орай әрқилы атаулары да бар. Жас келін балалы болғаннан кейін орамал тартысын өзгертеді. Соған байланысты абысындардың жиын-тойлардағы дастархан басында отыратын өзіне тиесілі орындары болады. Негізінде, орамал артудың, жалпы жалаңбас жүрмеудің астарында әдеппен қатар тазалық жатыр. Мәселен,қыз—келіншектер қазан—ошаққа, үй шаруасына жақын. Ал, шаш айналадағы шаң—тозаң секілді ең ласнәрселерді өз бойына тартқыш келеді. Бұл кейінгі кездері ғылыми түрде дәлелденген де. Ғылым, білім дамымай тұрған сонау ерте замандарда да біздің қазақ көшіп—қонып жүріп—ақ осы гигиеналықтазалықты ұстанған. Сондай—ақ, сау шаштың өзі ортасынан үзілсе де немесе түбінен босаса да түседі.Егер әйел адам әзірлеп тұрған тағамына немесе илеп отырған қамырына шаш түссе не болғаны? – дейді Тұрсын әжей.
Әжейдің айтуынша, халқымыз басқа тағылатын орамалдың түсіне де зор мән берген. Мысалы, көк түсті орамалды күйеуінен жесір қалған әйелдер тақса, қара түстіні қайғыға душар болған қазалылар басына орайды. Ал, қызыл шәлі қыздарға тән.
– Қыз—келіншектердің шашбау тағуының да астарында біраз мән жатыр. Қыз баласы барлық жердеартық сөз айтпай, сыпайылық танытқан. Қыздың келе жатқанын шолпысының сылдыры байқатадыекен. Шолпының сылдыры естілісімен —ақ үй ішіндегілер етек—жеңін жинайды. Оған төрден орын береді. «Қыз отырған жерге құт дариды» деген наным бар ел ішінде. Бағзыдан бабаларымыз ұстанған,тұрмыстық салтқа ендірген барлық бұйымдар, киімдер қандай да бір игілікке негізделеді. Солардың бірі – осы орамал. Ол егде тартқан әйел адамның көркіне ажар қосып, бейнесін беделдендіргеннен өзге ешбір зияны жоқ, – дейді әжей.
Тұрсын әжей әңгіме арасында жасы елуді еңсерсе де жастарға еліктеп, шашын қиып, шалбар киіп жүретін кейбір әжелерге деген ренішін де жасырмады. Артынан өсіп келе жатқан буынға үлгі болар жаста шала бүлінбей, өз келбетіне лайық киінсе дейді.
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата – бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім – бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым – тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.
Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.
Қазақтар үкіні қасиетті құс деп санаған. Үкінің үлпілдеген жүні мен қауырсыны жын – сайттаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадаған.
Қыз басына ақ, қара орамал тақпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді. Орамал салып отыруы керек. Жалаңбас болса, қайызғашын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ қасты етеді деп біледі.
Бас ким айырбастамайды (басындағы бағың кетеді немесе біреудің басындағы бәлесі жұғады) бас киімнің төбесін басып киюге болмайды. Бас киімді басқа адамға сыйлауға, сатуға болмайды. Жаман ырым деп есептеледі. Бас киімін біреуге сыйға берген қыз-жігіттің үй болулары кешігеді. Тұрмысы жақсы адамның ырысы шайқалады деген нанымдар қалыптасқан. Сондай-ақ бас киім сатып алып тұрған адам, ол киімді сатушының қолымен басына кидіріп өлшесе, басындағы бағын сол кісіге береді. Сондықтан бас киімді сатып алушынан өз қолымен өлшеуіне назар аударған.
Бөтен адамға бас киім бермейді, берсе адам басы кемиді деп саналады. Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қастерлегендік.
Орамал
Үнсіздікті тоғытып көмей-тілге,
Бейнеңізді ұрлаттым өгей түнге.
Кешіріңіз,
жүрегіңізге шәлі-жыр жапсам деп ем,
Атам қазақ,
“орамал – жол” демейтін бе?
Сұрау салып жүрейін, сұрай барып,
Мақсат,
мүдде,
міндетім былай қалып,
Ертелі-кеш өрнек сап шәлі-жырға,
Құбылаға бет бұрып – Құдайға анық.
Жанарыңыз шоқ тастап жанарыма,
Күлкіңізден күн түсті қаламыма.
Бұрымыңыздан сипайтын, өбетін кеп,
Алатаудың қызығам самалына.
Үніңізді-ай, әл беріп шынықтырған,
Шын сезімнің шындығын шын ұқтырған.
Арман жоқ-ау, сіз сүйген жігітте бір,
Ал, не дейсіз жүрекке ұғып тұрған?
Кешіріңіз, сіз мені кешіріңіз,
Сәл қаталдау шығар ма кесіміңіз?
Мендік сезім бейкүнә ғой сәби үнді,
Әдеп-ардан аспайық әсілі, біз.
Ғайып бақтан оралған дара қыздай,
Қылығыңыз тек жатпас сал аңыздай.
Дат,
сұлу қыз,
рұхсат етіңізші,
Мәпелейін мен сізді Анаңыздай.
Ғашықтықтың атқызып жаңа таңын,
Сізді көрген түсімді “жаратамын”.
Бәрібір де сенбейсіз ғой,
мендік жүрек,
бір Сіз үшін соғады алақанын.
Уақыт дейтін керуен-көшпен еріп,
Шәлі-жырға шұқшиям дестені егіп.
Кешірерсіз, “былғасам сөз арасын”,
Ғафу, қалқа,
бойымнан көшкен ерік.
Зерлі сөзбен оқалап, жібектеніп,
Шәлі-жырым жабылсын жүрекке еніп.
Тілегім – ақ, ниетім – пәк сізге деген,
Айыптамаңыз,
ақ таңға түнек беріп.
Үнсіздікті тоғытып көмей-тілге,
Бейнеңізді ұрлаттым өгей түнге.
Кешіріңіз,
жүрегіңізге жырдан шәлі жапсам деп ем,
Атам қазақ,
“орамал – жол” демейтін бе...
Еркебұлан ТОЛҚЫНОВ
Орамал тастау
Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.
Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.
Ойын мазмұны
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.
Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.
Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.
Ф отосуреттер
Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» спектакльнен көрініс
Баянның Сұлудың анасы Күнікейдің рөлінде Жатқанбаева Асылайым.
24