Материалдар / «Ұлттық ойын түрлері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық ойын түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұлтымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақи қанымызға сіңген, тәрбиелік мәні зор – ойын болса да ойлантатын құндылығымыз жоғалмауы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2020
431
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Еркін Сәния Ерланқызы


«М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ ақтөбе колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы


Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойын түрлері»


Сабақтың мақсаты:







а) балаларды мергендікке, дәлдікке, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

ә) ақыл-ойын, қимыл-қозғалысын, әдіс-айласын дамыту.

б) өмірде, күнделікті тіршілікте саналы, салихалы, заман талабына сай ұрпақтар жалғасын жетілдіру. Ұлттық құндылықтарды ұмытпау.


Көрнекіліктер:

Ақсүйек, теңге ілу, асықтар, көкпар” ойындарынан көріністер, интерактивті тақта, т.б.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

    1. Оқушыларға бүгінгі тәрбие сағатын тақырыбын хабарлап, мақсатын таныстыру.

    2. 4-5 оқушыдан топқа бөліп “Асықтар” “Алтын теңге” “Ақсүйек патшалығы” “Алтын теңге” “Бес тас” сияқты ат беріп топтарға мақсатын, міндеттерін түсіндіру.

1-жүргізуші: - Саламатсыздарма ұлағатты ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Қазақтың ұлттық ойын түрлері” деп аталады. Бұл сабақтың мақсаты сіздермен бірге өзіміздің ұлтқа тән ертеден келе жатқан ойын түрлерін еске түсіріп, олардың ережелері мен шарттарына көңіл бөлу көзделеді.

2-жүргізуші: - Ұлтымыздың ертедегі ойындары сол кезеңдегі өмір сүру ерекшеліктеріне, халықтың күн көріс тіршілігі негізінде қалыптасқан. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы саны 1000 асады. Ойындар жыл маусымына қарай 5-ке бөлінеді: ат үстіндегі, түнде ойнайтын және үй ішінде ойнайтын болып. Мысалы: “Алтыбақан”, “Теңге ілу”, “Бәйгені” жазда ойнаса, “Сақина салу”, “Кім ұшты” деген сияқты ойындарды қыста ермек еткен. Ал жайлаудан күземге көшкенде “Асық”, “Көкпар” сынды ойындар ойналған.

1-жүргізуші: - Ол кездері қазіргідей бөлек-бөлек ойыншық дүкендері жоқ, төрт түлікпен күн көрген ата-бабаларымыз өз балаларын сол төрт түліктің қадір – қасиетіне қарай тәрбиелеген. Ойын баласы қозы бағумен, отын жинаумен үлкендерге көмектесе жүріп асық атып, ақ сүйектен, ләңгі мен шүлдікпен ойын ойнап өскен.

2-жүргізуші: - Атқа шауып – бозбала, бойжеткендер бой түзегенде “Қыз қуу”, “Алтыбақан”, “Ақсүйек” ойындарымен көңіл көтеретін болған.

1-жүргізуші: - Қазір бұл ойындар туралы өте сирек естиміз. Анда – санда кинолардан көріп қаламыз. Біз ата-бабалардан қалған асыл мұра ретінде ұмытпай қайталап отыруымыз керек. Ата-бабамыздан  жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан  біз оларды білуіміз  керек.

2-жүргізуші: - Мысалы қазір “Көкпар” ойыны қолға алынып республикамыздың әр облыстарында “Көкпар” ойынының шеберлері шыңдалып келе жатыр. Біздің Ақтөбе облысында да Көкпаршылар командасы бар. Бұл ат үстіндегі ойындар жастарды ептілікке, жауынгерлікке, төзімділікке тәрбиелейді.

1-жүргізуші: - Ендігі сабағымыздың негізгі бөлімі сайыс түрінеде өтеді. Ең алдымен оқушылар 4 топқа бөлінген. Олар: “Ақсүйек патшалығы”, “Асықтар әлемі”, “Алтын теңге” және де “Бес тас” тобы. Әр топтың топ басшылары өз командаларын таныстырып шықсын.


  1. Негізгі бөлім:

Бірінші топта 5 оқушы болсын. Топбасшысын белгілеп, ол оқушы өз тобын таныстырады (аттарын атап):

  • Біз “Ақсүйек патшалығы” тобы қазақ халқының ертеден келе жатқан Ақ сүйек ойынымен таныстыратын боламыз. (Видеоматериал)

1-оқушы. “Ақ сүйек”- деген аты айтып тұрғандай бұл ойында ауылдың бозбала мен бойжеткен қыздары кешкі жұмыстан қолдары босаған мезгілде, ауыл сыртында, ай жарығымен ойнайтын болған.

2-оқушы. Ол үшін малдың мынадай бір жілігі көбінесе қойдың ортан жілігі алынатын болған. Бұл жілік әбден піскен, еті алынған, таза, аппақ сүйек.

3-оқушы. “Ақ сүйек” – ойынының шарты мынадай болған: ауыл сыртына жиналған жастар екі топқа бөлініп біреуі ақ сүйекті алысқа лақтырады. Оның ұшқан жағын, ара қашықтығын жерге түскен дыбысын тыныштықпен тыңдап, содан соң (көздерін ашып) екінші топ іздейді. Бірінші топ адастыруға айла жасайды, екінші топ табуға әрекет жасайды. Белгіленген уақытта таба алмаған топ айыппұлға ән айтады, добыра тартады.

4-оқушы. Қорытынды. Қазіргі уақытта бұл ойын ойналмайды. Бірақ біз бұны ертедегі кинолардан көреміз, кітаптардан оқимыз. Мысалы: бұл ойын арқылы жастар көңіл көтеріп, демалады. Әрі бірлікке, сақтыққа, тапқырлыққа тәрбиелейтін ойын деп білеміз.


Келесі топ басшысы өзін, топ мүшелерін таныстырады:

  • Біздің тобымыз “Асықтар әлемі” деп аталады. Біз сіздерді ұлтымыздың ұтымды ойыны асық ойынымен, олардың түрлері, қолдану жолдарымен таныстырамыз. (Видеоматериал)

1-оқушы. Асық – міне мына асықтарымыз қойдың асық жілігінен алынған таза, боямасыз асықтар. Асықтар тұрысына, жатысына қарай төрт қалпына қарай төрт түрлі атауы бар: бүк, шік, әлші, тәйке деп аталады. Осылардың ішінде ірі, салмақты, орнықтысын сақа деп атайды. Сақа атуға мықты болу үшін, оған қорғасын құйып ауырлатып қояды. Міне, қорғасынды асықтың ортасын тесіп балқытып тұрып құяды.

2-оқушы. Мен асықтың боялған түрлерімен, бояу әдісі туралы айтамын. Ертеде ойыншықтар көзі аз кезде асық өте кең таралған. Бәсекемен, жарысып жинайтын ойыншық түрі болған. Әжелеріміз қойдың жүнінен киіз, текемет, алаша, т.б. киіз үй құрал жабдықтарын дайындау үшін жүнді жуып, түтіп, иіріп жіп қылып оны түрлі бояуларға салып қазанда қайнатып бояған. Сол бояу кезінде балаларға асықтарын бояуға жол ашылатын болған. Асықтарды қызылды-жасылды бояп, “кімнің асығы көп, әдемі?” деп жарыса жинаған. Қазір ондай қазанға салып бояу жоқ, дегенмен қазір де асық бояп, жинайтындар бар.

3-оқушы. Мен асық ойынының түрлерімен таныстырамын .

  1. а) Ханталапай – ойын шарты: балалар дөңгелене отырып, 20-30 асықты ортаға шашады. Содан соң әлші мен әлшіні, бүк пен бүкті, шік пен шікті, тәйке мен тәйкені атады. Ата алмай қалса келесі бала жалғастыра береді.

ә) “Хан” – белгіленген асық, шашып жібергенде әлші тұрса, “талапай” деп бас салып талап алады. Кім көп асық алса, сол жеңеді. Ең аз алған бала ойыннан шығады.

4-оқушы. Асық ойыны өте қызық, тартымды ойын. Ол мергендікке, шеберлікке, шапшаңдыққа тәрбиелейді. Асыққа байланысты өмірде жолы болған, жеңіске жетіп, арманына қолы жеткен адамға “Асығы әлшісінен түсті” деп мақтап жатады. Ұлтымыздың тәрбиелік мәні зор, ертеден келе жатқан асық ойыны әлі де жалғасын табады, дәстүрімізді келер ұрпақта ұлықтайды деп сенеміз.


Бес тас” – топ басшысы өзін, топтағы мүшелерімен таныстырады.

  • Біз “Бес тас” тобы ертеден келе жатқан “Бес тас” ойынымен таныстыратын боламыз.

1-оқушы. “Бес тас” – өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат, бес асық немесе кішірек бес домалақ тас.

2-оқушы. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатысушылар кезектесіп бес тасты алақандарына саладыда, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпи қағып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады.

3-оқушы. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Бірінші тәсілі – ойыншы бес тасты еденге шашыратып тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасты жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгеру керек. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен екінші сонан соң үшінші, төртінші тастарды қағып алады.

4-оқушы. Тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан татстарды екі-екіден жинап алады.

Тағы бір тәсілі: ойыншы бір тасты жоғарыға серпейді де, жерде жатқан бір тасты қағып алады. Осылайша жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен жинауы керек.


Келесі топ басшысы өзін, топ мүшелерін таныстырады:

  • Біздің “Алтын теңге” тобымыз ертеден келе жатқан “Теңге ілу” ұлттық ойынымен таныстырамыз.

1-оқушы. “Теңге ілу” – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбінесе қыз ұзатылатын және сүндет тойларда ойналатын болған. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, ептілігі сынға алынған. Теңгені іліп ала алмай, аттан құлап қалып жататындар да көп болады.

2-оқушы. Кейде бір ауылға келін түсіп, беті ашылғаннан кейінде ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға былай түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден шауып келіп, шұңқырдағы орамалды іліп алып кетуі тиіс. Шұңқыр қасына тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.

3-оқушы. Біздің дәуірімізге дейінгі 300 жылдары Орта Азияға жорық кезінде жергілікті халықтың теңге ілу ойындарын көрген Александр Македонский таңдайын қағып: «Атты жауынгер үшін қажетті нағыз дайындық міне — осы!» деген екен. Еліміздің Тәуелсіздік алған кезеңінен бастап “Теңге ілу” ойынынан жылда Республикалық чемпионаттар, турнирлер, әртүрлі жарыстар өтіп келеді. (Видеоматериал)

1-жүргізуші:
ІІI кезең: «Білгенге маржан»

Бұл сайыста ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады. Қай топ ойынның атын дұрыс, шапшаң тапса, сол топ жеңімпаз болады.

1) ...- екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Жеңгені жеңімпаз атанады. (қазақша күрес)

2) ...- ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған. (тоғызқұмалақ)

3) ...- ертеден келе жатқан ойындардың бірі.  Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға  ұзын жіп немесе арқан керек. (арқан тарту)

4) ...- қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Бұл – ауылдың сыртында әткеншек құрып, өлең айту. (алтыбақан)

5) ...- ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады.  (ханталапай)

6) ...- шауып келе жатқан атың үстінен белгіленген затты дәл көздеп, атып түсіру. (жамбы ату)

7) ...- белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

8) ...- ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген  уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

9) ...- қызықты ойындардың бірі. Қыз  бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады. (қыз қуу)

10) ...- екі топқа бөлініп, ат үстінде ойналатын күштілер мен ептілердің ойыны. (көкпар)

11) ...- асықпен ойналатын, мергендікті, ептілікті қажет ететін ұлттық ойын. (асық ату)

12) ...- жастар арасында ойын-сауық үшін, бір-бірімен танысып-білісу үшін ойналатын ұлттық ойынның бірі. (ақсүйек).


2-жүргізуші:

ІV кезең: Сергіту сәті

  • Әр топ бір телефон арқылы "Kahoot” программасына кіріп, интерактивті тақтадағы кодты жазып алсын.

  • Бәріміз тіркеліп болсақ, ендігі ойынымызды бастаймыз.


V кезең. Сабақтың қорытынды бөлімі.

Балалар, сонымен бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы қазақ халқымызға тән “Ұлттық ойын түрлері” болатын.

Бұл ұлтымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақи қанымызға сіңген, тәрбиелік мәні зор – ойын болса да ойлантатын құндылығымыз жоғалмауы керек.

Осылай сабағымызды “Атамекен” өлеңімен аяқтаймыз.


  • Бүгінгі сабақтың осылай өтуіне көмектескен, ат салысқан балаларға көп рахмет! Қатысып, көңіл қойып тыңдаған ұстаздарымызға да рахмет! Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!