Материалдар / "Ұлттық ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық ойындар жинағы балаларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
232
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру оқу қызметінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрым жол,а қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру.

Міндеті: Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру, қызығушылығын қалыптастырып дамыту.

XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтарының бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары.

«Көкпар», «Орамал тастамақ», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек-көксерек», «Айгөлек», «Ақ сандық-көк сандық», т.б.ойындар ойнату арқылы баланф тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету іске асырылады.

Енді балабақшада ойналатын ойындарға кезек берейік.









Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамала тастағанын сезген бала «менің артымда» деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.

Қыз қуу.

Балалар арасынан бір ер бала бір қыз баланы (ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды екі бала да қуады. Қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса, сол бала жеңіске жетеді.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота, бұзау. Қозы, лақ

Қайда кеткеен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені іздеп тап-тап, - деп айқайлайды. Соқыртеке балаларды қуалайды немесе оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыртеке ұстап алған баланың көзі байланады да, ол соқыртеке ролін атқарады.

Осылайша балабақшада ұлттық ойындар ойнала береді. Мысалға: «Қуыр,қуыр,қуырмаш», «Ханталапай», «Аударыспақ», «Асық ату», т.б.

Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып білу талпынысына нышан ретінде өмңрге келген халықтың әлеуметтік-экономикалық айнасы екенін білеміз.





Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны

«Аяла» балабақшасы

Бекітемін: Әдіскер:

Қосқұлақова А.Т.

_______________

«___»_____2017ж.







Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық ойындары»











Тәрбиеші: Аманджанова А.Т.







Мұнайшы ауылы

2016-2017 оқу жылы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!