Материалдар / Ұлттық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды топтарга арналған эстафета. Ұлттық құндылықтарды даріптеу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
232
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Ұлы дала елінің ұлттық ойындары (эстафеталық сайыс)

Ұранымыз: «Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз

Сол елге лайық болу - ұранымыз»

Мақсаты:

Ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу. Ойындар тарихын жандандыру,ұлттық ойындар туралы білу.

Жүргізуші:Құрметті жарысқа қатысушылар! «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары»атты ұлттық ойындар эстафетасына қош келдіңіздер!

Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.
Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б.спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін
таныстыру)
2. Асық ату (топ балалары)

3.Жүн түту (аналар)

4.Ләнгі ойыны (Әкелер)

5. Ханталапай ( балалар)
5.Суретке қарап мақалды тап (топпен)
6. Қамшы иіру( әкелер)
7. Қол күрес (Балалар)

8. Ұршық иіру (аналар)
Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасы.

______________________________________________

 ______________________________________________

_______________________________________________                                               

1. «Шаңырақ» тобы (өздерін таныстырады)

2. «Еркетай» тобы (өздерін таныстырады)

3. «Ботақан» тобы (өздерін таныстырады)

4. «Күншуақ» тобы (өздерін таныстырады)
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 2-туры «Асық ату».  Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, және асықтың бүк, шік, тәйке алшы түсуіне байланысты упай саны беріледі және асықтын санына да байланысты.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі аналарымызға «Жүн түту» деп аталады. Әр топқа бирдей көлемде жүн беріледі. 3 минут уақыт беріледі.Топтың бірінші болуына және дұрыс түтілуіне байланысты балл қойылады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі әкелерімізге байланысты «Ләнгі» деп аталады. «Ләңгі» тебу - денсаулыққа пайдалы, қызықты да, көңілді ойын түрі. Асқан шеберлік пен аяқтың ептілігін талап етеді. Икемділікке, тепе-теңдік ұстауға, өз мақсатына жетуге баулиды.
Ереже бойынша қойдың кесіп алған бір жапырақтай терісіне қорғасыннан құйылған тиын ілініп, теуіп ойнау қажет. Қай топтың қатысушысы ұзақ түсіріп алмай ойнаса сол топ жоғары баллмен есептеледі.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі туры «Ханталапай»

Ханталапай“ ойыны
Ойын жүргізуші: “Талапай – ау талапай, табылды ойын алақай” деп балалармен бірге қайталап, олардың көңілін өзіне баулиды және қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады.
Балалар жарыса “Ханталапай” деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алып, жинаған асықтарын санайды. Және хан асық кімге түседі сол топ жеңімпаз.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі туры «Суретке қарап жасырылған мақалды тап.» Тақтадағы трлі-түсті асықтарды таңдап астында жасырылған мақалды суретке қарап табу.

Жүргізуші: «Қамшы өру».

Нағыз қамшы әбден иленген сиыр терісінен 3 таспадан 40 таспаға дейін өріледі. Таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере береді, әрі ажарлана, күрделене түседі. Бір қызығы, дәл осы өрімге байланысты қамшының бірнеше түрі, яғни, бірнеше атауы бар. Мәселен, ат қамшы, дыр қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, сары ала қамшы, білеу қамшы, орама санды қамшы, мүйіз сапты қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы,  тобылғы санды қамшы, шашақты қамшы

Жүргізуші: Келесі турымыз «Қол күрес» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыешы жеңіліп ойыннан шығады.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі туры «Ұршық иіру»

Жіп қозғалмайтын сақина бойымен сырғанайтын жүгірткі арқылы ұршыққа келеді. Ұршықтың айналуы кезінде шуда жіп тартылады және жүгірткінің сақина бойымен қозғалуын қамтамасыз етеді. 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!