Қазақтың ұлттық
ойындары
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша
білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық
ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге
қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың
ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде
әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін
кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың
туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа
тәрбиелеу.
Қолданылған
көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты
буклет, музыкалық аспап
Сабақтың жүру
барысы:
-Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.
Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге
бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт
ойындары.
Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті
кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де
жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық
қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып,
өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары
осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны
шапшаңдыққа дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл –
ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын
тигізеді. Бұдан көретініміз
ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың
жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын
өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін
атқарған.
-Ал, балалар қандай ұлттық ойын түрлерін
білесіңдер?
Балалар: көкпар, күрес,
теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
-Дұрыс
айтасыңдар. Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет
етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: -өжеттікті,
батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты,
тапқырлықты
-Жарайсындар
балалар.
-Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос
уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың
әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп
жәрдемдеседі.
Ендеше өзімізді сынап ұлттық
ойындарымызды ойнап көрсек?
Сиқырлы
таяқ
Ойнаушылар қол ұстасып,
дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші
шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді.
Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты
бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік
ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір
таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай
құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға
шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен
міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды
жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың
саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
Бес
тас: өте көне дәуірден келе жатқан,
қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас,
сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл
ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін
ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе
кейде бес асық болып келеді. Ойынға қатысушылар кезек бойынша
ойынның реттілігімен, ата тасын тандап ойынды бастайды, ата тасын
түсіріп алған жағдайда келесі ойыншы ойынды
жалғастырады.
Арқан
тартыс ойыны —
ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге
болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол
арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі
жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен
белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың
саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп
тұрады. Қолдарына арқанды шетінен бастап ұстап ойын
басталғанда арқанды өздеріне қарай тартып. Мәресінен өздеріне асыру
керек.
Қол күрес
ойыны. Столдың шетіне қарама – қарсы
екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің
қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім
өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы
мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай
қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыешы
жеңіліп ойыннан шығады.
Жүргізуші:Қазақтың ұлттық ойындары бес
түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі
заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет
ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі
жүзден астам.
1. Аңға байланысты ойындар:
ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу,
қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар:
аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр,
соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын
ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік,
алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан,
асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық,
белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу
көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу,
қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ,
орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы,
таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал,
шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті
және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума,
аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай,
бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу
жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?,
қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ,
тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?,
шымбике.
5. Соңғы кезде қалып-тасқан
ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта,
сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар
спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық
ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да
ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін
талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде
ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қой- дың
жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға
қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа
бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың
ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып
саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден
ағарған болуға тиісті