Материалдар / "Ұлттық ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
1100
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық ойындар



Арқан тартыс — ұлттық ойын.

Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. [1]



















Бес тас (ойын)

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.

Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.

Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.

Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.

Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.

Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.

Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.

Сегізінші тәсіл: Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.

Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.

Оныншы тәсіл: Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасңа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.

Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басңа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлык, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасңа да басқа тастарды тигізуге болмайды.

Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді.

Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады.

Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады.

Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.

Білектесу

Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.



Қазақ күресі

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында ГерманияТүркияГолландияФранция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[1] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер

Жамбы ату

Қазақтың көне ойындарының бірі. Шауып келе жатқан аттың үстіндегі ойынға қатысушы садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген. Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті қатысқан екен.Кей ертегілерде хандар жамбыны атып түсірген жігітке қызын берген делінеді.
Кейінгі жылдары бұл ойын сәл өзгеріп шауып келе жатқан аттың үстіндегі жігіт белгілі сызықтың тұсына келгенде қолындағы найзаны ілулі шығыршықтан өткізуге тырысатын болды. Жезқазған қаласындағы Жамбылдың 150 жылдық тойында осы нұсқа ойнатылған еді.





















Авторлық

бағдарлама





ҚАЗАҚТЫҢ

ҰЛТТЫҚ

ОЙЫНДАРЫ


(Дене тәрбиесі пәнінен 7- сыныпқа арналған)


Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі 

Самаев Айтбек Құрманбекұлы


2011 жыл.




Самаев Айтбек Құрманбекұлы Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Отрадный орта мектебінде 22 жылдан бері 

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Өз ісіне шын берілген ұстаздың шәкірттері көптеген жыл қатарынан аудандық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Мұғалімнің талмай еңбектенуінің арқасында Отрадный орта мектебі жыл сайын аудандық спорттық рейтингте ауылдық мектептердің арасында бірінші орынды иеленуде. 

Айтбек Құрманбекұлы үнемі ізденісте жүреді, әрбір сабағына тиянақты дайындалады және өзінің шәкірттері мен ауылдастарына үлгі бола білетін мұғалім.


Қазақтың ұлттық ойындары

Құрастырушы: Самаев А.Қ., Ақмола облысы Жарқайың ауданы Отрадный орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. – 2011 жыл, --- бет


Бұл авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналған. Құралда оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, ойын ережелерін түсіндіру, салауатты өмір салтын сақтау жолдары қарастырылған. Бағдарлама орта мектептердің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылып отыр.


Пікір жазушы:


Жарқайың аудандық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы әдістемелік кеңесте қаралып бекітілген.

Хаттама № қаңтар, 2011 жыл.












Түсінік хат.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпыэтнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге дамып жетіліп, ендігі кезде өз алдына бір үлкен ғылымның саласына айналып отыр. Ұлттық ойындар Қазақ Совет этнографиясының бір бұтағы бола тұра, кеңестік дәуірде көп қолға алына бермеген шара. XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін қазақ хандықтары өмір сүрген дәуірде ұлттық ойындар жаңа кезең алып, халық арасына біраз таралды. Орыстандыру саясатының нәтижесінде заманның бүркемесінің астында қалып қойды. Бүгінгі күні ұлттық ойындарды Қазақ этнографиялық ғылымының бір саласы ретінде қарайтын заман туып отыр. Ал ғылымның қай саласы болмасын тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар оның одан ары алға басуына мүмкіншіліктер туғызу. Мен бұл бағдарламаны құрғанда ұлттық ойындарға бір жаңалық енгізейін, жаңа ойындар ойлап табайын деп емес, ұлттық мұрамызды жаңғыртып, халқымыздың өткені мен бүгінгісін жалғастырайын деген ойдамын. 

Қазақтың ұлттық және спорттық ойындары өзінің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні зор, денсаулықты нығайтуға көп себін тигізер бір шежіре. Кезінде қазақтың ұлттық ойындарының шығуын, адамға тигізер пайдасын, ережесін зерттеген өте көп ғалымдар болған. Олар Қазақстандық ғалымдар М.Таникеев, әйгілі ғалым-этнограф Ә.Диваев, халық мұғалімі Байтоғайұлы Балқай, орыс ғалымдары И.И.Рычков, А.Алектров, ертеде Қазақстанға саяхат жасаған ағылшын ғалымы Э.Маккей, Венецияның саяхатшысы Марко Поло, неміс ғалымы А.Гумбольт, неміс этнографы Рихтер Каргуц, француздың атақты жазушысы А.Дюма, ұлы Абайдың достары А.Янушкевич пен С.Гросс және тағы көптеген атақты ғалымдар өз еңбектерінде қазақтың ұлттық ойындары туралы шеберлікпен баяндаған. Атақты орыс ғалымы, дәрігер - педагог Покровский А.А.: «ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірдің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» дей келіп, қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене тәрбиесінің халық тәрбиесіндегі алатын орнын жан-жақты зерттеп, дәлелдеген. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Балқайдың айтуынша, «адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істелетін істері бар. Ол ісі – жас уақытындағы ойын».

Спорттық ойындардың көбі адамзат қауымдастық құрып күн көру кезінен басталған. Олар табиғатта кездескен әртүрлі қиыншылықтарды жеңе білу үшін, өз бетінше тіршілікке қалыптасу үшін дене бітімінің мықты, денсаулығының жақсы болуы маңызды болған. Бұл шара адамдардың есейіп, өскен кезінде емес, жас кезінен бастап тәрбиенің нәтижесінде қанына сіңген. Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп, жеке бастың өз бетінше денесін шынықтыру жүйесін тудырады. Ал мұндай дене шынықтырулар өз кезегінде дамып, қалыптасып, әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Осылай ұлттық ойындар пайда болып, бір жүйеге келтіріліп, өз ережесі, шарттары пайда болды. 

Әрбір ұлттық ойын балалардың бойындағы бір қасиетін дамытуға көмегін тигізеді. Олар: аяқ-қолдарының күшті болуы, ойлау қабілетінің жоғары болуы, шапшаңдық, алғырлық, табандылық, күштілік, ұжымшылдық, батылдық, қайраттылық, жігерлілік,мергендік, сезгіштік, т.с.с. адам бойындағы қасиеттердің көбі жас бала бойына ойын арқылы сіңеді. Ойын болғаннан соң оған қажетті құралдар қолда бар нәрселерден жасалған: ағаш, малдың сүйегі, малдың құмалағы, тас, мата, балшық. Халық арасында ұлт мәдениетінің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлттық ойындар әлеуметтік – экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырған.

Қазақ халқында ұлттық ойындардың көбі халық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты болған. Себебі, көптеген ойындардың қимылы өз шартына байланысты сөздермен бірге жүргізіледі. Және ұлттық ойындардың бір ерекшелігі, ойын түрлері тек қана жыл мезгілдеріне байланысты болмай, баланың жасына да байланысты болған. Жас сәбилермен бір ойын ойналса, жасы есейе келе ойын түрлері өзгеріп, шарттары күрделеніп, атқаратын қимылдары да қиындай түседі. Осы дәстүрлі қағиданы ескере отырып ұлт ойындарын төрт топқа бөлуге болады. 

Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестелердің ойынын жатқызуға болады. Ол ойындар көбіне жырлы-қимылды болып келеді. 

Екінші топқа баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады. 

Үшінші топқа жасөспірімдердің қозғалмалы ойындары жатады. 

Төртінші топқа жігіттердің ойындарры мен ұлттық спорт түрлері топталады. Мен өз авторлық бағдарламамды оқушыларды үшінші және төртінші топтағы орта мектептің оқу бағдарламасына кірмеген ұлттық ойын түрлерімен таныстыру үшін алдым. 

Бағдарлама бір жылдық жоспармен 34 сағаттан тұрады. Кіріспе және қорытынды сабақтардан басқа бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр бөлімде әр түрлі қимылдағы ( баяу қимылды, тез қимылды, күшті керек ететін), ойлауды, басқа пәндерден алған білімдерін қажет ететін ойын түрлері бар. Негізінен әдебиет, еңбек, тарих, саз сабақтарымен пәнаралық байланыс жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар Қазақстанның танымал спортшылары туралы деректерден бірнеше сабақ дәріс алады. 

Бағдарламаның мақсаты – қоғамымыздың жастарын өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін бағалай білетін азамат етіп қалыптастыру. Қазақ халқының ұлттық ойындарын үйрете отырып, ойын арқылы әдет-ғұрыпынан деректер беру. Қазақстанның атақты спортшыларымен таныстыру, оларға еліктеу. Бойына адами жақсы қасиеттерді сіңіріп, өз халқын, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеу. Оқушылардың денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын дәріптеу. 

Бағдарламаның міндеттері: 

1.Қазiргi жастарға, өзге ұлт өкілдеріне қазақ ұлттық ойындарынан терең білім берудi жүзеге асыру:

---бағдарламалық материалдарды толықтыру арқылы;

---қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын оқыту арқылы;

---сыныптан тыс жұмыстар,үйiрмелер арқылы қазақтардың мәдениетiмен, тұрмысымен таныстыру. 

2.Оқушылар бойында ұлттық ойындарға қажетті құралдарды өз қолдарымен жасау арқылы еңбексүйгіштік, шеберлік қасиеттерін арттыру.

3. Ұжымшылдық, өзара көмек, жеңіске ұмтылу сияқты қасиеттерді дарыту.


«Айгөлек» бөлімі (7 сағат)

Бұл бөлімде қкамтылған ойындар аз қимылды ойындар қатарына жатады. Ұлттық ойындардың бұл қатары оқушыларды көздеп лақтырып, мешенге тигізуге немесе түсіруге, орнында тұрып белгілі шарт бойынша секіруге, лақтырылған затты қағып алуға, қысқа қашықтықта жүгіруге арналған қимылдарды орындауды үйретеді. Ойын ойналған кезде қатысушылар байқампаз, жылдам, мерген, сергек болуы керек. Ойын ережесімен таныстырғанда оқушыларды өлеңдермен (Айгөлек), тарих деректерімен (Аңшылар-малшылық кәсіп, Қамалды қорғау- соғыс тәсілдері), еңбек тәсілдерімен (ойынға керекті құралдарды дайындау) таныстыра кетеміз.


«Асық ойындары» бөлімі (4 сағат)

Бұл ойындарды ойнату кезінде , негізінен, оқушыларды мергендікке баулимын. Көздеп ату, дәл тигізу сияқты қимылдыр іске асады. «Атбақыл» ойынында ойыншылар бір-бірін белгілі жерге дейін арқаларына көтеріп апаруы тиіс. Бұл тәсіл күштілікке баулиды.Бұл бөлімде тарих сабағынан пәнаралық байланыс жүзеге асады, себебі оқушылар ойын ережесімен танысқанда қазақ халқының ата кәсібі – малшылық туралы білімдерін толықтырады.


«Алтыбақан» бөлімі (7 сағат)

Бұл бөлімде қамтылған ойын түрлерінің көбі көп қимылды және күштілікті талап ететін ойындар. Негізінен қолдың, аяқтың күші болуы керек және мергендік, сергектік қасиеттер алда жүреді. Ойындарды эстафета түрінде де ойнатуға болады («Ақсүйек», «Таяқ жүгірту», «Қарагие»). Бөлім тарих («Таяқ жүгірту», «Қарагие» - соғыс кезінде ұлттық қару – найзаны пайдалану), еңбек (ойынға қажетті құралдарды өздері жасап үйренеді) сабақтарынан пәнаралық байланысты қамтиды.


«Бәйге» бөлімі (7 сағат)

Бөлімге кіргізілген ойындар ұлттық ойын – ат жарыстарыының түрлерінен алынған. Бұл ойындарды мектеп оқушыларымен де, ауылдың шабандоздарымен де өткізуге болады. Мектеп оқушыларымен өткізгенде атпен жарыс түрлерін жаяу жарысқа ауыстыруға болады. Немесе, аттың орнына қолдан жасалған сұлбасын пайдалануға болады. Бөлім тарих және еңбек сабақтарынан пәнаралық байланысты қамтыған. «Аударыспақ» ойынында қазақ батырларының жекпе-жекке шыққандағы қимылдары көрсетілсе, «Жамбы ату» ойынында садақпен соғысу тәсілдері орындалады. Ал керекті құрал-жабдықтарды оқушылардың өз қолдарымен жасауы еңбек сабағының нәтижесі болмақ. Бұл ойын кездері оқушылардан қолдың күші (аударып жығу), аяқтың күші (жылдамдыққа жүгіру), мергендік (көздеп атып, дөп тигізу) сияқты қасиеттерді талап етеді.


«Қазақстанның танымал спортшылары» бөлімі (2 сағат)

Қазақта «Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл» деген өте орынды айтылған мақал бар. Оқушылар Қазақстанда спорттың әр түрінен көптеген спортшылар өз елінің даңқын көтеріп жүргенін естиді, бірақ соларды жүздеп тани алмайтындары, жеткен жетістіктерінен хабары жоқ оқушылар да бар. Сондықтан жылдың аяғында танымал спортшылардың біразымен таныстырып өту мақсатымен бөлім арнайы қосылды. Оқушылар бұл бөлімде Әмин Тұяқов (жеңіл атлетика), Александр Парыгин (бассайыс), Владимир Тихоненко (баскетбол), Нелли Ким (спорттық гимнастика), Дәулет Тұрлыханов (грек-римдік күрес), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Владимир Смирнов (шаңғы тебу), Владимир Вохмянин (тапаншамен ату), Серік Қонақбаев (бокс), Борис Александров (шайбалы хоккей) сияқты атақты спортшылармен танысады. Бұл спорт түрлері қазіргі кезде оқушылар жанына жақын, ауылды жерде жағдай болса, осы спорт түрлерімен шұғылдануға болады. Спортшылардың жеткен жетістіктерімен таныса отырып, өздері де соларға еліктеп, мақтаныш сезімін бойларына ұялатсын деген мақсат алға қойылған.







Бағдарламалық күнтізбелік жоспар



Бөлім атаулары

мен 

сабақтың тақырыбы


Сағат

саны


Орындалатын қимыл 

және 

қажетті құрал


Пәнаралық байланыс


Барлығы


Дәріс


Практика


1.


Кіріспе сабақ


1


1








2.


«Айгөлек» бөлімі - 7 сағат


1.


Айгөлек





1


1


Екі сызық. Жүгіру


Әдебиет,

тарих, еңбек


2.


Аңшылар




Шеңбер, доптар

Лақтыру


3.


Арынды арқан





1


1


Арқан. Секіру


4.


Домалақ ағаш




Қақпа таяқ, домалақ шар (ағаш)

Жермен домалату


5.


Қамалды қорғау





1


1


Көздеу, лақтыру. Доп


6.


Түйілген орамал




Жүгіру, лақтыру, қағып алу

Орамал(тас түйілген)


7.


Ойындарды ойнату






1


Оқушылардың тілегі бойынша үйренген ойындарынан жарыс ұйымдастыруға болады.




3.


«Асық ойындары» бөлімі - 4 сағат


1.


Алшы




1




Асықтар. Көздеп ату


Тарих


2.


Атбақыл




1




Асықтар.

Көздеп ату, көтеру


3.


Хан ату




1




Асықтар.

Көздеп ату.


4.


Асық ойындарынан жарыс өткізу






1


Асықтар.




4.


«Алтыбақан» бөлімі - 7 сағат


1.


Ақсүйек




1




Ақсүйек(ағаштан жасалған болуы мүмкін)

Жүгіру, қуып жету


Тарих, еңбек


2.


Жаяу тартыс




1




Арқан, белдемше.

Күшпен тарту


3.


Арқан тартыс




1




8-10 м. Арқан, меже

Күшпен тарту


4.


Таяқ жүгірту (қыста ойналады)




1




2-3м. таяқшалар, жарқабақ қар.

Көздеп ату, лақтыру


5.


Белбеу тастау




1




Белбеу(екі бүктеліп есілген қол орамал)

Жүгіру, қуып жету


6.


Қарагие




1




2-2,5м. сырық, мешен

Сырықпен ату(лақтыру)


7.


Ойындар ойнату






1


Ойыншылардың қалауы бойынша қажетті заттарды оқушылар өздері дайындайды




5.


«Бәйге» бөлімі - 7 сағат


1.


Аударыспақ




1




Қол күшімен аударып жығу


Тарих, еңбек


2.


Жамбы ату




1




Садақ, жамбы

Көздеп атып тигізу


3.


Күміс алу




1




Орамалға түйілген күміс тиын, 2 көмбе.

Атпен шабу немесе жүгіру


4.


Тұмақ ұру




1




Көмбе, 1-1,5м. қазық,тұмақ, көз байлайтын орамал, қамшы. Дәлдеп тигізу


5.


Жігіт қуу




1




Көмбе, сырық таяқ, тұмақ, белбеу(есілген орамал)

Жылдамдыққа жүгіру


Еңбек


6.


Көкпар (жаяу)




1




Жүні бар теріден жасалған зат, аттың бейнесі. Жүгіру, қолдың-аяқтың күші


7.


Ойындардан жарыс ұйымдастыру






1


Қажетті құралдарды оқушылар өздері дайындайды




6.


«Қазақстанның танымал спортшылары» бөлімі -2 сағат


1.


Д.Тұрлыханов, С.Қонақбаев, Б.Александров, В.Смирнов,

А.Храпатый




1




Кітаптар,

журналдар, слайдтар




2.


Ә.Тұяқов, А.Парыгин, В.Тихоненко, 

Н.Ким, В.Вохмянин




1




Кітаптар, журналдар, слайдтар




7.


«Тоғызқұмалақ» ойыны - 3 сағат


1.


Ойынның шығу тарихы




1




Кітаптар, суреттер, слайдтар


Тарих


2.


Ойынды үйрету




1




Ойын тақтасы


3.


«Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс






1


Ойын тақталары




8


Қорытынды бөлім - 3 сағат


1.


Аз қимылды ойындар ойнату






1


Эстафета




2.


Көп қимылды ойындар ойнату






1


Эстафета




3.


Ұлттық ойындар спартакиадасы






1


Жарыс




Барлығы : 34 сағат.



Ойындардың ережесі.


Айгөлек

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасына ең көп тарағандарының бірі осы айгөлек ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде,күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардыңсаны неғұрлым көп болса, кеш те соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасына кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөпек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізден саған кім керек?-десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөпек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жұгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек, Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қай ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса блгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.


Аңшылар

Атына қарағанда бұл ойынжазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдында,аула ішінде,кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын жүргізуші күні бұрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы тұрғызады. Бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы тоқта деген бұйрық береді. Бұйрық берілген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптраымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.

Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша «үйрек» атып алады. Ойын соңында оқ тигізбей орнында қалған «үйректер» «аңшының» ролін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.


Қамалды қорғау

Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы да ойнай алады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғас береді.


Көтеріспек (Атбақыл)

Халық арасында атбақыл деп аталып кеткен бұл ойынға екі бала қатысады. Олар бұл ойынды өздері келісіп алып ұнатқан жерінде ойнай береді. Ойыншылардың әрқайсысында тек сиырдың асығы болу керек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойыншылардың екеуі өзара келісуімен біреуі сақасын алысырақ иіреді, екіншісі сол сақа иірілген орыннан тұрып иірілген сақаны атады. Бірінші атқан бала қарсыласының сақасына тигізсе, онда қарсыласы сол атқан жерден оның сақасының жатқан жеріне дейін көтеріп апарады да, сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал қарсыласының сақасына тигізе алмаса қарсыласы өз сақасын алып сол орыннан бірінші ойыншының сақасын атады, егер атқан сақасына дәл тигізсе ол да соны істейді, тигізе алмаса қарсыласы қайта атады. Сөйтіп, бірінің сақасын бірі атып екі бала алдыға қарай жылжи береді. Ойынды қанша уақытқа созса да балалардың өз еркінде.


Хан (Хан ату)

Ойынға тек асығы мол 2-4 адам қатысады. Сондықтан да оны үй жағдайында ойнай беруге болады. Ойынның мақсаты-асық ұту.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар стол басына жайғасып отырғаннан кейін, барлығы асықтарын шығарып қосады (айталық 3 адам 10асықтан қосса 30 асық болады). Бір белгілі асықты «хан» етіп тағайындайды да, кезекпенен барлық асықты қос-қолдап алып, еден үстіне иіреді. Ойнаушының мақсаты асық ұту, ол үшін асықпен ханды атады: айталық асықтың бәрін иірген кезде «хан» алшы түссе, онда алшы тұрған асықпен ғана ату керек, бүк түссе бүк түскен асықпен ғана ату керек. Атқан асығын қалтасына салып қойып, ары қарай жалғастыра береді. Егер ойнаушылардың бірі қолындағы асықпен «ханды» атайын деп отырғанда басқа асықты қозғап кетсе немесе «ханды» атқан асығы оған тимесе, «ханның» тұрғысындай тұрған асық жоқ болса, онда ойнаушы атуын тоқтатады. Содан кейін асықты жинап алып келесі кезекткгі ойыншы иіреді, ол да асықты атып ала береді. Бұл ойыншы да жоғарғыдағы тәртіпті бұзғаны үшін ойынды тоқтатады. Келесі кезектегі ойыншы кіреді, сөйтіп асық таусылғаннан кейін ойынды қайта бастайды. Бұл жерде есксртстін мынадай бір жағдай бар. Асықты иірген кезде «хан» асықтардың астында көрінбей қалуы мүмкін, осы кезде асықты иіруші «ханды қарабасты» деп дауыстайды. Мұндай жағдайда байқап отырған ойыншылар бас салып кім қанша ала алады, әйтеуір асықты талап алады.

Осы сәтте күтіп-күтіп, бәрін байқап отырған ойыншылар көндегі асықты бас салып ала бастайды. Кімнің қанша асық алғанында ешкімнің шаруасы болмайды. Әркім неғұрлым көп асық алуға тырысады. Ойын да осынысымен қызықты-ақ. 


Ақсүйек

Ежелгі бұл ойын қазақ жастарының арасына ең көп тараған ойындаодың бірі. Ойын түнде ойналатын болғандықтан ай жарықта шөптесін көгалдарда, ал ай қараңғысында жазық алаңдарда жиналған жөн. Ойын жүгіруді, қол күшті керек ететін болғандықтан көпшілік жағдайда оны ер балалар ойнайды. Әрине,ерте уақытта ойынға қойдың асықты жілігін, ортан жілігін немесе кепкен ақсүйекті пайдаланған, ал қазіргі кезде міндетті түрде ақсүйек лақтыру шарт емес. Оны былай да жасауға болады: ұзындығы 20 сантиметр, диаметрі 5-7 сантиметр ағаш алып, оның сыртын ақ сырмен сырлап қойса да болады. Тіпті болмаса ағаштың сыртына бір қабат дәке орап қойса жеткілікті. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтпек.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ең алдымен ойнаушылар өзара келісіп алып женген топ үшін жүлде тағайындалады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді (немесе ауыл-ауыл болып бөлінеді). Топ басқарушылар сүйекті қайсысы бірінші лақтырулары керек-сол үшін кезектксіп таяқ ұстайды, таяқтыі басына қай бұрын шыққаны бірінші лақтырады. Ақсүйек лақтырған кезде ойнаушылардың теріс қарап тұрғандары дұрыс. Өйткені ақсүйекті лақтырған кезде оның бағыты көпшілікке белгілі болмауы керек және түскен жерін көрмегендері жөн. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойнаушылар іздеугу кіріседі. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей ептеп көмбеге қашуға тырысады, ал қарсыластары сезіп қойса, онда оны қолма-қол тартып алып қаша жөнеледі. Сондықтан сол топтың ойыншылары қарсыластары ақсүйекті тартып алмас үшін біріне-бірі лақтырып, үнемі алдыға, көмбеге қарай жылжып отырады. Сөйтіп, ақсүйекті көмбеге бұрын жеткізген ойыншының тобы (командасы) жеңімпаз атанады да жүлдені иемденеді. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, осылайша кезектксіп отырады.

Ойын шарты бойынша ақсүйекпен кетіп бара жатқан ойыншыны қарсыластарының біреуі қуып жетіп қолын тигізсе болғаны, ол ақсүйекті беруге міндетті. Ал қуып жеткен ойыншыға қарсыласының бас салып алысуына, киімінен тартуына болмайды. Екі топтың ойын жүргізушілері ойын ережесінің бұзылмауын қадағалап тұрады.


Таяқ жүгірту

Бұл ойын 10-15 жігіттің қатысуымен қасат қарлы жерде өтеді. Ойынға қатысушы әр жігіттің өзінің таяқтары болады. Таяқ қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан дайындалған. Ұзындығы 2-3 метрдей өте өңделіп жонылған таяқтың ұшына мұқалмас үшін қаңылтыр кигізіледі.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі белгіленген жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын кезек-кезек лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өтіп, ұшы қар бетінің екінші жағынан көрінуі керек. Әр ойыншының таяқтарының шыққан жеріне белгі қойылады да, содан қай алыс түскен таяқтың иесі жеңімпаз атанады. Ойынды осы ретпен бірнеше рет қайталауға да болады. 


Қарагие

Жастар арасында көп тараған ойындарының бірі. Ойынды көгалдарлда, алаңдарда ойнауға болады. Әдетте бұл ойынды ер балалар ойнайды. Әр ойнаушының қолдарында өзінің ырғайдан немесе қайыңнан жонылған ұзындығы 2-2,5 метр сырықтары бар жуан басы өте үшкірленген ағаштары болады. Егер жас ағаш болса, өткір ұшын отқа ұстап кептіріп алу керек. Сонда ол ағаштың ұшы мұқалмайды. 

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Көмбеден 15-20 метрдей алыстау жерге апарып биіктігі бір метр қазық қағып, басына бірінші ойыншының қалпағын кигізеді. Содан кейін қалпақтың иесінен бастап барлық ойыншы (жүргізушінің өзіне де ойнауға болады) сырықтарының орта белінен ұстап, үшкір жағымен қалпақты көздейді. Сөйтіп барлық ойыншы бір-бір реттен қалпақты атып шығады. Одан кейін келесі ойыншының қалпағын, сөйтіп барлығының қалпағы ілінеді. Осылайша қай ойыншы қалпаққа көп тигізсе, сол ойыншының ұтқаны. Әдетте, балалардың ішінде бұрын ойнап жүргені болса, ол лақтырған сырығының жартысынан көбін қалпаққа тигізіп отырады. Егер қалпақ болмаған жағдайда ескі шыттың ішіне бір кесек зат салып қоюға да болады.

Қазіргі кезеңде ойынды басқаша ойнайды. Қалпақ ату міндет емес, биіктігі бір метрдей ағаштың басына тақтайға мешен жапсырады, таяқтың ұшына үшкір темір қағады. Ал мешенге тисе із қалдыратындай етіп істеу керек. Мешенді бір реттен емес, әр ойыншы үш реттен атады.


Жамбы ату

Бұл жігіттердің ат үстіндегі ойыны. Ойынға әркім өз атымен, өзінің садағымен келеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Өткен заманда ойынға қыздар да қатысқан.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Күні бұрын жамбы ілініп оны ататын жер дайындалады. Жамбыны (дорбаға салынған алтын не күміс) биіктігі 4-5 метрдей ағаштың басына қазылған екі қарыстай көлденеңшеге ұзындығы 3-4 қарыс аттың қылынан қабатталып есілген жіппен байлап салбыратып іледі. Ойнаушылар жамбыдан қашықтығы 50-60 адымдай жердегі көмбеде тұрып кезектесіп әрқайсысы үш реттен жамбыны садақпен көздеп атады. Атқанда жамбының өзін көздемей, оның ілулі тұрған қыл жібіне тигізіп, жерге түсірулері керек. Атып түсірген ойыншы жамбыны өзі алады. Ойын ойыншылардан асқан мергендікті талап етеді. Жамбы қайта тігіледі. Ойын жалғаса береді.


Тұмақ ұру

Тұмақ ұру ойыны көгалды алаңда өткізіледі. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға әркім өз атымен қатысады. Күні бұрын көмбе белгіленіп 20 метр жерге биіктігі ат бойындай қазық қағылады да тұмақ кигізіледі. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойыншылар бір сызықтың бойына қаз-қатар тұрады.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Басқарушы кезектегі тұрған, яғни қатардың өз жағындағы ең шеткі ойыншыны ортаға шақырады. Оның көзін орамалмен байлап, атына мінгізіп, қолына қамшы береді.

Осы көзі орамалмен байланған салт атты жігіт қолындағы қамшысымен тұмақты дәл ұрып түсіруі керек. Ойын ережесі бойынша тұмақты үш рет ұруға еркі бар. Айталық, бір рет ұрғанда тимесе, онда одан ары тұмақты іздеп тағы ұруына болады. Онда таба алмаса тұмақты одан ары іздеп тағы ұрады. Осылайша, барлық ойыншылар бір реттен айналып шыққанда тұмақты кім көп ұрса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.


Көкпар

Ойын көптеген жігіттердің қатысуымен өтетін аттылардың ойыны. Ойынға бауыздалған қозы мен лақтың біреуі пайдаланылады. 

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойынға қатысушы аттылы жігіттер белгіленген сызықтың бойына қатарға тұрады. Аттылы жігіттер тұрған сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады. Ойын жүргізушінің белгісімен салт аттылар тұра шабады, сол-ақ қай бұрын жеткені жолында жатқан көкпарды іліп алып қашады. Оны артынан қуып жетіп, басып озған ойыншы тартып алады, осылайша ара қашықтығы 4-5 шақырымдай белгіленген көмбеге кім бұрын әкелсе сол көкпарды алады. Көкпарды қызықтаушылар бірнеше рет тігеді. Көкпар қанша рет тігілсе ойын сонша рет қайталанады.


Қазақстанның танымал спортшылары.

Дәулет Тұрлыханов

Қа зақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987 жылғы Еуропа, 1989 жылғы және 1987 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанды. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.


Серік Қонақбаев

Қа зақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1979 және 1981 жылдары Еуропа жеңімпазы, 1982 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 1981 жылдары әлем кубогының иегері, 1980 жылғ XXII Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Біздің елімізде бокс өткен ғасырдың 30 жылдары пайда болды. Клубтар мен саябақтарда көрсетілетін ойындар жастарды боксқа баулуда маңызы зор. Қазақстанның боксшылары әлемдік спорт тарихына өз табыстарымен енді. 1980 жылғы Олимпиадада әлемге танылған әдісқой боксшы С.Қонақбаев «кубиндік кедергіні» тойтарды. Жарты мәрелік жекпе-жекте кубалық Хосе Агилараны жеңді. Мәре жекпе жегінде аздаған артықшылығымен Серіктің қарсыласы тәжірибелі италияндық Олива жеіәске жетті. Серік Қонақбаев күміс жүлдегер атанды.


Нелли Ким

КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның, Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы, 1978, 1979 жылдарғы әлем жеңімпазы, XXI және XXII Олимпиадаларының жеңімпазы.

Еп тілік пен қимыл арқылы әсемдікті көрсететін спорт түрі бар. Ол-гимнастика.

Нелли Шымкент өңірінде дүниеге келген. Үшінші сыныптан бастап гимнастикамен айналысқан. Ол бойындағы табиғи дарынымен ерекшеленді. Екі жылдан соң Нелли спорт шебері бағдарламасы бойынша жарысқа түсті. КСРО халықтары Спартакиадасында алтын алқа тақты. Монреалда үш алтын алқаға ие болды: командалық біріншілік, еркін жаттығулар мен секіру. Көпсайыстан күміс алқа алды. Мәскеуде топтық біріншілікте және еркін жаттығуда екі алтын иемденді. Нелли Ким әлем спортының жарық жұлдызы.


Владимир Вохмянин

КС РО халықаралық дәрежедегә спорт шебері, 1982 жылғы Еуропа жеңімпазы, 1982 және 1986 жылдарғы әлем жеңімпазы, әлем кубогының иегері, XXV және XXVI Олимпиадаларының қола жүлдегері.

Теміртаулық Владимир Вохмянин Қазақстаннан бірінші болып, тапаншамен тез атудан Барселонада өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды.

Бәрі де кәдімгідей басталған еді. 1974 жылы тапаншамен ату бөлімінде қабылдау жарияланды. Оны жас бапкер Анатолий Бабушкин жүргізді. Володя-алғашқы жазылған оқушылардың бірі. 1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алып, кейін Еуропа біріншілігіне қатысып, жастар арасында алтын алқаның иесі болды, Олимпиадалық топқа кірді.


Жанды дене үнемі қозғалыста болмаса тіршілік қабілетін жояды. Өзіне өзі тәжірибе жасаған Аристотель де мұны дәлелдеген. Бір жыл бойына күніне белгілі бір уақыт аралығында бір қолына батпан (гирь) іліп ұстап тұрған. Жылдың соңында батпан көтерген қолы жуандап, бұлшық еттері толысып, қолының күші бірнеше есе көбейген. Ал жұмыс істемеген қолы семіп қалған. Міне, адам баласы осылай ықылым заманнан бері ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Терек ағашы 300-400 жыл өмір сүреді, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл өмір сүреді, сағатына бір адым жер қозғалатын тасбақа 200 жыл өмір сүреді. Ал адам баласының орта жасы 50 жыл. Мұның себебі неде ? Кімнің кінәсі ? Әрине, қанша өмір сүрем десе де әркімнің өз қолында. Себебі, адамдардың бәрі бірдей мөлшерде өмір сүріп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта ұзақ өмір сүретіндер де кездеседі, Тек қана ол үшін өз-өзіңе көмсектесу керек. Ұзақ өмір сүрудің бірден бір кепілі – денсаулықты шыңдау, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын сақтау. Бұл бүгінгі таңда ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халық алдына қойып отырған бірден бір тапсырмасы. Қазір Қазақстан халқының орташа жасы 70-тен асуы керек деген қағида бар. Оған мысал ретінде Елбасының өзін алуға болады. Бүгінгі күні сол жастан асып отырса да, уақытының тапшылығына қарамай, спортпен айналысып, өз халқына үлгі бола білді. 

Денсаулықты сақтау – ұзақ өмір сүру үшін күрес. XVIII ғасырда дүние жүзіне әйгілі француз дәрігер Тиссо - «қандай да болмасын ауруға қарсы қолданатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық құралы адамның саналы қозғалысын алмастыра аллмайды»- депті. Осындай ғылыми қағидаға сүйенсек, ұзақ өмір сүру үшін бізге қозғалыс керек екен. Ол үшін әр адам өзінің шама шарқынша дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуы тиіс. Жоғарыдағы айтылған ұлттық ойындарды ойнату адамның еркінен тыс спорттық жаттығулармен айналысу болып табылады. Ал спортпен шұғылдану деген – міндетті түрде бір спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, ағзаны дұрыс қалыптастыру, ұзақ өмір сүру денені шыынықтыру мақсаты болса керек. Сондықтан спортпен шұғылданған кезде ағзаны шегіне жеткізіп, тоздырмай, артық жүктеме бермей, дәрігерлік-биологиялық бақылау жасай отырып, жүктемені уақытында түсіріп, уақытында дем алып, уақытында тамақтанып отыру денсаулықты нығайтудың басты шарты. Егер әр адам денсаулығын нығайтып, мүсін сұлулығын сақтаса, спорттағы жетістік деген осы болар еді.

Ал енді айтпағым мынау: халық айтса, қалып айтпайды. «Ауру адам - тырысқақ» деген мақалға тоқталғым келіп отыр. Себебі адамның жеке басының қасиеттері, көңіл күйі, еңбектегі жетістіктері , өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы – ағзаның, жалпы дененің дамуымен байланысты. Денені жүйелеп шынықтыру, денсаулықты қалыптастыру –адамның ой-санасының жетілуі, шығармашылық күштерінің дамуының негізі.


Пайдаланылған әдебиеттер :


1.Б.Төтенаев. Қазақтың ұлттық ойындары. 

Алматы, «Қайнар» баспасы, 1994

2.Б.Төтенаев. Дене шынықтыру дегенге... 

«Білім және еңбек», 1974. № 4

3.Байпақов Себепбайдың қолжазбаларынан, ШҚО, 

Зайсан ауданы, Қаратал селосының тұқрғыны.

4.Т.Аткинсон. Путешествие в казахские степи, 

«Простор», 1972, № 3.

5. Байтоғайұлы Малқай. Ермек – ңбек. 

«Жаңа м ектеп», 1929, № 11.

6.Қазақ Совет энциклопедиясы. 

Ұлт ойындары. 2,3,5-10 томдары.

7.Б.Төтенаев. Қазақтың ұлттық ойындары – шетел ғалымдарының көзімен. «Зерде», № 10. 

8.С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына, 1,2 кітап. 

«Ана тілі» ЖШС. Алматы – 2002.

9.Жинақ. Дәстүрдің озығы бар... 

Алматы, «Жалын»- 1981.

10. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 

«Сен білесің бе?» кітаптар топтамасы. Л. Антохина. «Қазақстанның танымал спортшылары». 

«Аруна» баспасы, 2003. 


Мазмұны


1.Түсінік хат ...............................................................4

2. Авторлық бағдарламаның мақсаттары ..................7

3. Бағдарламаның күнтізбелік жоспары ....................10

4. Ойындардың ережесі ..............................................13

5. Қазақстанның танымал спортшылары ...................21

6. Пайдаланылған әдебиеттер ....................................25







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!