Материалдар / Ұлттық ойындар 1- 4 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара

Ұлттық ойындар 1- 4 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1153
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Ұлттық ойындар»сыныптан тыс іс-шара1-4 сыныптар











Дене шынықтыру мұғалімі:   Аубекеров Ренат Бекбулатович Қосымша білім беру педагогі: Насимуллина Назым Нуртаевна















Тақырыбы: « Ұлттық ойындар» сыныптан тыс іс-шараМақсаты: а) Оқушыларға ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет –ғұрпына ,салт –дәстүріне деген қызығушылығын оятып,төл ойындар арқылы білім деңгейін көтеру,тәрбиелік мақсатты орындауды көздеуКөрнекі құрал-жабдықтар: белгілер, белбеу, ысқырық, қаптар,орамал, арқан.Міндеті: Спорттық ойындармен бірге ұлттық ойындарды салауатты өмір салтында қолдана білу.Сайыс бағдарламасы1. Сынып командаларының сапқа тұруы.2. Өтетін ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.3. Әділқазылар алқасын сайлау.4. Жеребе тастау Мұғалім:- Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білеміз?Оқушылар:- Қазақ халқының ұлттық ойындары:«Асық ойнау», «Тоғызқұмалақ» , «Арқан тартысу», «Қол күрес», «Көрші» «Бес тас», «Желке тартыс» т.б. Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Жастайынан баланың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді. Бұл ойындардың еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. О12, рқушыларды команда бойынша сапқа тұрғызу ойын шарттарын түсіндіру «Белбеу тастау» ойын ережесі ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны ойынды жалғастырады

Асық ойыны«Тас қала»Ойынның ережесі:Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.Білектесу: Сыныптың ер балалары арасында ұйымдастырыладыҚырықаяқ ойын ережесі бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады Ұзындығы 8-10 метр жуан кендір арқан керек .Арқанның тең ортасына қызыл шүберек байланады .ойнаушылар екі топқа бөлінеді.Екі қатарға тізіліп тұрады.Белгі бойынша арқанның екі жағына орналасады. Келесі белгі бойынша арқан тарту басталады. «Арқан тарту» ойын ережесі Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан қажет. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арқан бойына қарама-қарсы орналасады. Арқан бойына үш жерден белгі тағылады. Ортаңғы белгі орта сызықпен бір межеде болуы керек.Бастаушының белгісімен екі топ әрқайсысы өз жағына қарай арқанды тарта бастайды. Қай топ қарсыласты орта сызықтан тартып әкете алса, сол топ жеңіске жетеді.

Үй тапсырмасын беру: Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы білімдерін толықтыру. Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық: 1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады 2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады. 3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. 4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңаруына, мазмұны мен сипаты жағынан тиісті өзгерістерге түсіп отырады
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ