Материалдар / «Ұлттық ойындар – Ұлт қазынасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық ойындар – Ұлт қазынасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірибелерімен тиянақталған тарихи мұра іспеттесұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше. Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуд¬а баға жетпес құрал. Себеб¬і бала айналасындағы жағдай- лардың бәрін ойын арқыл¬ы қабылдайды. Сол арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді. Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.
Авторы:
11 Маусым 2024
195
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Ұлттық ойындар – Ұлт қазынасы»


ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.

Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірибелерімен тиянақталған тарихи мұра іспеттесұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың алатын орны ерекше.­ Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа, адамгершілік қағидаларына баулуд­а баға жетпес құрал. Себеб­і бала айналасындағы жағдай- л­ардың бәрін ойын арқыл­ы қабылдайды. Сол ар­қылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді.Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы  іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын  жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

«Ұлттық ойындар – Ұлт қазынасы» жинағын жасау себебім, кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалып барады. Қазіргі күні қиял-ғажайып ертегі кітаптардың орнын компьютер мен ғаламтор алмастырған. Бүгінгі баланың балалық шағы жаңашылдықтың жарсысына көшті. Олардың атыс-шабыс ойындары арқылы қатыгездікке, зұлымдыққа тәрбиеленіп жатқаны қынжылтады.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро- эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. 
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. 

Бала кезімізде әр-түрлі ойын түрлерін ойнап өстік. Бүгінгі күні қала баласын ауызға алмағанда, ауылдағы балалардың өзі мұндай ойынның бар екендігінен де бейхабар.
Расымен де, ұлттық ойындарды біз Наурыз мерекесі қарсаңында ғана еске түсіреміз де, кейін ол келесі жылға дейін ұмыт қалады. Бұл дұрыс емес. Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта тек Наурыз мерекелерінде ғана қолданбай, әр іс-әрекетте көрсетіп, ұлттық тіл өрнектерін пайдалана білсек, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға болар еді.
Ұлттықойынды іс-әрекетте қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойындардың маңызы зор және де осы жинақтың бала денсаулығына, ойлау қабілеттерін дамытып, ұлттық сана-сезімін, патриоттық сезімдерін оятады деп ойлаймын. . Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:
Ұлттық ойындарды аз қимылды және қимылды ойындар қылып ойнауға болады. Ұлттық ойындарды тек серуенде, денешынықтыруда немесе ертеңгіліктерді ғана пайдаланбай, оларды ұйымдастырылған іс-әрекеттерде де пайдалануға болады.

Мынадай ұлттық ойындарды ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдануға болады. ҚМҰҚ –да- «Хан талапай» (асық), «Хан алшы», «Орнын тап», «Теңге ілу » т.б. ойындары. Бұл ойындарды математика іс-әрекетінде асықтарды 1- 10 санауға, асықтарды алу ретімен, берілген тапсырмаларды орындауға болады.

Сауат ашу мен жазу , Тіл дамыту – да- «Соқыр теке», «Сақина жасыру», «Орамал тастамақ», «Ұшты-ұшты», «Сымсыз телефон», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Киіз үй» т.б. ойындары .

Бұл ойындар сауат ашу, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыруды қолдануға болады.
Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:

1.     Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс  қалыптасуына  мүмкіндік туғызады

2.      Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып  қоймайды, сонымен қатар ұйымдастырылған іс-әрекеттен алған білімдерін толықтырады.

3.     Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.

4.     Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
-балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы балалардың адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық  қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын дамыту;

- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

- ұлттық ойындарды ойнай  отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.

- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты : балалардың денсаулығын нығайту, денені шынықтыру; мәдениетін қалыптастыру, тәрбиелеу; өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту,қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

-оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

-мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.


Ұлттық ойындар жинағы «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»

1.«Ақсерек-көксерек»
Мақсаты:Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам. 1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек Бізден сізге кім керек. 2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

2. «Қыз –қуу»

Мақсаты:Балалардыұлттық ойын түрімен таныстыру. Қазақ халқының ойынын ары қарай жетілдіріп дамыту. Икемділікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. Түйілген орамал.

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

3. «Соқыр теке»

Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру.

Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу.

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.


4. «Сақина жасыру»

Мақсаты:Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру.

Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту.

Қызығушылықтарын арттыру.

Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу.

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

5.«Қуыр-қуыр қуырмаш»

Мақсаты:Балаларды саусақ аттарын атауға үйрету.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға:

- ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр , қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!