Материалдар / "Ұлттық ойындар бағдарламасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық ойындар бағдарламасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2018
2080
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаралды: «Бекітемін»:______________ «Келісілді»:______________

Пед.кеңесте Мектеп директоры Әйтеке би аудандық

____ «___»_____2018ж Ж.Д.Қуанышева. білім бөлімінің басшысы

А.Ж.­­­­­Өмірзақова.

«___»_____2018ж











«Ұлттық ойындар бағдарламасы»

(вариативтік компоненті)














Орындаған: Баймаканова Ж.Н.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Хаттама № « »__________ 2018ж.






Түсініктеме хат.


Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»


Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Мысал келтіріп кетсе: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. 

 
 Мақсаты:

Балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу.Халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыру. Балаларды халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктерді үйрету. Балаларға өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы таныту. Балалардың денсаулығын нығайтып,ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәрбиелеу.



Міндеттері:


  • Денсаулықтарын нығайтуда бағытталған ойын түрлерін меңгеруге көмектесу

  • түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артыру


  • Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру;

  • Өмірге көз қарасын ояту;

  • Жақсыға үйретіп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:

  • Ойындарды өз еркімен қолдана алады.

  • Сөздік қоры байыды.

  • Баланыңденекүші,қолықатайып, денесішыңдалатүседі.

  • Баланың зеректілігі, тапқырлығы, ынтасыартыпжетілетүседі.


Ойынмен жұмыс барысында бағдаржолы:

  • 1.Ойын шартымен танысу.

  • 2.Ойын ережелерымен таныстыру.

  • 3.Ойынды жаттау

  • 4.Ойынды өткізу.








Бағдарламаның мазмұны:


Бұл бағдарлама мектепалды даярлық класының балаларының бойында тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік, ойлау қасиеттерін қалыптастырады.

Бағдарламаға қазақ халқының ұлттық ойындар жинағы және халық ауыз әдебиетінен санамақтар,өлеңдер,жаңылтпаш,жұмбақ еңгізілді.

Бағдарлама аптасына 1 рет – 32 сағаттан жоспарланған.

Бұл бағдарлама

- ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.

- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

- дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады деп ойлаймын.

































Мазмұндық бөлім 1жылға 32сағат,аптасына1сағат.

Тақырыбы:

Ұйым-н ойын қызметінің саны

1

Кіріспе. Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұның ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

1

2

Аңға байланысты ойындар.

Аңға байланысты ойындар туралы түсінік беру.Балаларды ойын шартымен,мақсатымен таныстыру.Ойлау, қиялдау ептіліктерін тәрбиелеу.

1

3

Шеберхана

Ойындарға бетбейнелер жасау.жұмысты таза,ұқыпты, жұмысты бірігіп жасауға тәрбиелеу.

1

4

Санамақтар.

Санамақтар туралы түсінік беру. Санамақтар жаттау.

1

5

«Ақсерек-көксерек»

Балалармен ойын сөздерін жаттау. Ойының шартымен таныстыра отырып балаларды шапшандыққа,достыққа тәрбиелеу.

1

6

«Аңшылар мен қояндар»

Ойынның үстінде шартын бұзбай ойнауға,жолдастық көмекке тәрбиелеу.

1

7

«Ордағы қасқыр»

Жыртқыш жануарлар туралы мәлімет беру. Ойынның бөліктерін бекіту. Ойын кезінде шартын бұзбай ойнауды ескерту.

1

8

«Біздің ойындар»

Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру.

1

9

Малға байланысты ойындар.ИКТ.

Малға байланысты ойындармен таныстыру. Үй және дала жануарлар туралы білімдерін бекіту.Балаларды ойын шартымен,мақсатымен таныстыру.Ойлау, қиялдау ептіліктерін тәрбиелеу

1

10

Шеберхана

Ойындарға бетбейнелер жасау.жұмысты таза,ұқыпты, жұмысты бірігіп жасауға тәрбиелеу.

1

11

Санамақтар. Өлеңдер.

Санамақтар туралы түсініктерін әр» қарай бекіту. Санамақтар,ойына кездесетін өлеңері жаттау. Балалардың тілерін амыту,сөздік қорын байыту.

1

12

«Соқыртеке».ИКТ.

Ойын шартымен,мақсатымен таныстыру. Ойынға құралдарды тандап ,ойын өткізу. Балалары шапшандыққа, достыққа тәрбиелеу.

1

13

«Түйе мен бота»

Үй жануарлар туралы балалардың білімдерін бекіту. Түйенің пайдалығы мен керектігі туралы әңгімелесу. Балаларды жылдам қозғалуға тәрбиелеу.

1

14

«Аларман»

Тақпақтарды, жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету.Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу.

1

15

«Біздің ойындар»

Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

1

16

Түрлі заттармен ойналатын ойындар.

Түрлі заттармен ойналатын ойындар туралы түсінік беру. Балалардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамыту.

1

17

«Ағаш аяқ»

Балалардың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттерін қалыптастыру.

1

18

«Ақшамшық» (сақина салу)ИКТ.

Балалардың зейінділік пен тапқырлықтарын дамыту. Өзара қарым-қатынас жасау тәрбиелеу.

1

19

«Бестас».

Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеттерін арттыру.

1

20

«Бестас».

«Бестас» ойны әрі қарай бекіту.Балаларда шапшандық қасиеттерін әрі қарай қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеттеін арттыру.

1

21

«Теңге алу»

Жылдамдықты, белсенділікті, шапшандықты, тапқырлықты , ұйымшылдықты қалыптастыру.

1

22

«Асық ойыны».ИКТ.

Балаларға асық туралы түсінік беру. Төзімділік, икемділік,ептілік қасиеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәрбиелеу.

1

23

«Асық ойыны»

Балаларға асық туралы түсініктерін бекіту. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәрбиелеу.

1

24

«Біздің ойындар»

Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

1

25

«Орамал тастау»

Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

1

26

Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар

Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар туралы түсінік беру. Ойлау,жылдамдық,ептілік қабілетін жетілдіру.Ақыл-ой жетілдіріп,ми қызметін дамыту.

1

27

«Айгөлек»

Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

1

28

«Жаяу көкпар»

Балаларда жылдамдылық, төзімділік, ерік жігерлік, батылдық, шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

1

29

«Қыз қуу»

Балаларда байсалдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік қасиеттерін дамыту.

1

30

«Күміс ілу»

Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

1

31

«Біздің ойындар»

Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

1

32

Қорытынды сабақ. «Құлыншақ»

Балаларда ұлттық ойындар жайлы түсініктерін бекіту, олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұнын ашу.Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

1


Барлығы: 32 сағат






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері: Ұлттық ойындар бағдарламасы

Апталық-1 сағат,жылды, 32 сағат. Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

Мақсаты

1

Кіріспе. Ұлттық ойындар.

1


Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұның ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

2

Аңға байланысты ойындар.

1


Аңға байланысты ойындар туралы түсінік беру.Балаларды ойын шартымен,мақсатымен таныстыру.Ойлау, қиялдау ептіліктерін тәрбиелеу.

3

Шеберхана

1


Ойындарға бетбейнелер жасау.жұмысты таза,ұқыпты, жұмысты бірігіп жасауға тәрбиелеу.

4

Санамақтар.

1


Санамақтар туралы түсінік беру. Санамақтар жаттау.

5

«Ақсерек-көксерек».ИКТ.

1


Балалармен ойын сөздерін жаттау. Ойының шартымен таныстыра отырып балаларды шапшандыққа,достыққа тәрбиелеу.

6

«Аңшылар мен қояндар»

1


Ойынның үстінде шартын бұзбай ойнауға,жолдастық көмекке тәрбиелеу.

7

«Ордағы қасқыр»

1


Жыртқыш жануарлар туралы мәлімет беру. Ойынның бөліктерін бекіту. Ойын кезінде шартын бұзбай ойнауды ескерту.

8

«Біздің ойындар»

1


Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру.

9

Малға байланысты ойындар.ИКТ.

1


Малға байланысты ойындармен таныстыру. Үй және дала жануарлар туралы білімдерін бекіту.Балаларды ойын шартымен,мақсатымен таныстыру.Ойлау, қиялдау ептіліктерін тәрбиелеу

10

Шеберхана

1


Ойындарға бетбейнелер жасау.жұмысты таза,ұқыпты, жұмысты бірігіп жасауға тәрбиелеу.

11

Санамақтар. Өлеңдер.

1


Санамақтар туралы түсініктерін әр» қарай бекіту. Санамақтар,ойына кездесетін өлеңері жаттау. Балалардың тілерін амыту,сөздік қорын байыту.

12

«Соқыртеке».

ИКТ.

1


Ойын шартымен,мақсатымен таныстыру. Ойынға құралдарды тандап ,ойын өткізу. Балалары шапшандыққа, достыққа тәрбиелеу.

13

«Түйе мен бота»

1


Үй жануарлар туралы балалардың білімдерін бекіту. Түйенің пайдалығы мен керектігі туралы әңгімелесу. Балаларды жылдам қозғалуға тәрбиелеу.

14

«Аларман»

1


Тақпақтарды, жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету.Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу.

15

«Біздің ойындар»

1


Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

16

Түрлі заттармен ойналатын ойындар.

1


Түрлі заттармен ойналатын ойындар туралы түсінік беру. Балалардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамыту.

17

«Ағаш аяқ»

1


Балалардың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттерін қалыптастыру.

18

«Ақшамшық» (сақина салу)ИКТ.

1


Балалардың зейінділік пен тапқырлықтарын дамыту. Өзара қарым-қатынас жасау тәрбиелеу.

19

«Бестас».

1


Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеттерін арттыру.

20

«Бестас».

1


«Бестас» ойны әрі қарай бекіту.Балаларда шапшандық қасиеттерін әрі қарай қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеттеін арттыру.

21

«Теңгеалу»

1


Жылдамдықты, белсенділікті, шапшандықты, тапқырлықты , ұйымшылдықты қалыптастыру.

22

«Асықойыны».

ИКТ.

1


Балаларға асық туралы түсінік беру. Төзімділік, икемділік,ептілік қасиеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәрбиелеу.

23

«Асықойыны».

1


Балаларға асық туралы түсініктерін бекіту. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәрбиелеу.

24

«Біздің ойындар»

1


Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

25

«Орамал тастау»

1


Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

26

Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар

1


Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар туралы түсінік беру. Ойлау,жылдамдық,ептілік қабілетін жетілдіру.Ақыл-ой жетілдіріп,ми қызметін дамыту.

27

«Айгөлек»

1


Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

28

«Жаяу көкпар»

1


Балаларда жылдамдылық, төзімділік, ерік жігерлік, батылдық, шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

29


«Қыз қуу»

1


Балаларда байсалдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік қасиеттерін дамыту.

30

«Күміс ілу»

1


Балаларда шапшандық қасиеттерін қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеттерін арттыру.

31

«Біздің ойындар»

1


Балаларды ойнаған ойындар туралы сурет салуға үйрету. Көрме ұйымдастыру. Альбом жасау.

32

Қорытынды сабақ. «Құлыншақ»



Балаларда ұлттық ойындар жайлы түсініктерін бекіту, олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұнын ашу.Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

Барлығы: 32 сағат.



















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

3. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.

4. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
5. «Қазақстанмектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
6. «Қазақтыңұлттықойындары» кітабы авторы: БазарбекТөтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
7. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.

8.Құрманбаева  С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі»,

«Алматы» 2004 жыл, 209 б.

9. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.

10. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл

11. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты»,«Алматы» 1995 жыл

12. http://moodle.nci.kz

13. www.info-tses.kz

14.www.tumba.kz.






























Ақпараттық-әдістемелік бөлім

«Ұлттық ойындар бағдарламасы» бағдарламасы бойынша қызықты ойындар мен түрлі суреттер салып, жабыстырып түрлі тапсырмаларды орындауда ойын ойнайды. Денешынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Әрбір ойын балаларды бір-біріне жақындастырады,қиыншылықты жеңіп, табысқа жетуге баулыйды.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен,олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысуына көмектеседі. Ойындар баланың зейінін,есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талапта жоғары болып келеді.Осы орайды тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
Тәрбиеші мен баланың арасындағы педагогикалық әдеппен ынтымақтастықтың сақталуы;
Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгеру, оның бала зердесіне әсер етуі,қабылдауы,есте сақтауы;
Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын ныңайтуға әсер ететіндей болуы шарт;
Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып, бірнеше компонеттерін құру.
Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын ереже белгілейді.Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастармен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.Жалпы ойынның түрі балаларға адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты-бала бойына нұрын себеді.Ойын арқылы адған тәлім-тәрбие балаға дұрыс жол көрсетеді.

Көрнекілігі: Ойын теропиясы барасында пайдаланылатын құралдар, ойыншықтар, суреттер, текше, әсерлі музыкасы.доп, обручь, скакалка, орамал, асық, таяқ т.б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!