Материалдар / Ұлттық құндылық баст.сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық құндылық баст.сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтарды насихаттау үшін әр түрлі құндылықтарды бала бойына сіндіру.Құндылықтың өзі екіге бөлінеді адами және рухани адами сүйіспеншілік рухани ол дәстүр т.б.болып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
171
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



9.  Үлгерімі төмен кіші мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық типологиясы. Оқу әрекетіндегі қиындықтар. Сәтсіздіктің психологиялық себептері


Үлгерімі төмен кіші мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық типологиясы:

Психологиялық:

І категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындықтарының төменгі деңгейі; әртүрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, үйінің мектептен өте алыстығы, ата- ананың қамқорлығы жоқтар); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік), ақыл- ойының дамуының әлсіздігі.

ІІ категорияға: алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер (дұрыс жүйемен оқытылмаған); оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылыының жетіспеушілігі, қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі.

ІІІ категорияның себептері: дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық; сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

Педагогикалық:

1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік – ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәндерден үлгермеу;

2. Жекеленген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі-үш қиын пәндерден (көбінесе, орыс және шет тілдерінен, математикадан);

3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл оқылатын пәннен, бірде екінші пәннен үлгермей қалу.


Оқу әрекетіндегі қиындықтар. Сәтсіздіктің психологиялық себептері.

Үлгермеуші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттай келе, үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің көпшілігін 5 топқа біріктіруге болады:

1-топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшіліктер;

2-топ – таным әрекетіндегі жетіспеушілік;

3-топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;

4-топ – өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;

5-топ – оқуға басқалардың әсері.

Психологтар И.В. Дубровина, М.К.Акимова және В.Т.Козлова зерттеулерінде үлгермеушіліктің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:

1. Балалардың танымдық іс- әрекеттеріндегі кемшіліктер;

2. Балалардың мотивациялық дамуындағы кемшіліктер.

Бірінші топтың себептерін сараптай келе, бұл топтағы себептерді үшке бөліп, соларға байланысты оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ашуға болады:

1. Оқу іс- әрекеттерінің әдістері дұрыс қалыптаспаған оқушылар;

2. Психикалық процестердің дамуындағы кемшіліктері, әсіресе ойлау процесіндегі кемшіліктері бар балалар;

3. Өзінің танымдық іс- әрекеттерінде білінетін жекедара - типологиялық ерекшеліктерін дұрыс қолдана алмауы (жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты).

10)Бастауыш сынып жасындағы балалардың ойлау әрекетінің негізгі түрлері мен формалары. Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлау операцияларының түрлері.

Ойдың бастапқы формасы:

1.Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып бөлінеді.

2.Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

3.Ой қорытындылары бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар:

1) дедукциялық, (Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы)

2) индукциялық, (жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы)

3) аналогиялық ой қорытындысы(ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау)

Ойлаудың ассоциативтік теориялары:

Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі. Бұл бағыттардың психологтардың негізгі қойған міндеті– ойлаудың белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру.

Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген теориялар:

a) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару;

ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау;

б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру.

Ойлаудың когнитивтік психологиясы (У. Найсер).Бұл тұрғы танымдық процестерді жасанды моделбдеу негізінде белгілі бір міндеттерді шешу тәсілдерін табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады. Есептерді шешу механизмдері және оған қажетті жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтік тәжірибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтік құрылымдар болып есептеледі.

Ойлау операциялары:

Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция.

Анализ- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді.

Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету

Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен

ойша бөліп алу.

Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой.Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса,

біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.

11)Қиялдың жалпы сипаттамасы. Қиялдың қызметтері. Қиялдың қасиеттері мен түрлері.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. 

Қиял түрлері:

Қиял активпассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. 

Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология),елес көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. 

Актив қиял-бұл қиялдың шарықтау шегі.Түрлері:Арман,шығармашыл,қайта жасау т.б.

Қызметі:

-қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!