Материалдар / «Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрақты даму жағдайында талап етілетін сапалы білім берудегі бір міндеттер ұлттық құныдылқтар, осының негізінде ФС оқушы тұлғасын қалыптастыруға өз тәжірибемнен мысалдар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2023
247
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабиханова Асель Каирбековна:

«Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру»


Қазіргі «21 цифрлық ғасырға» лайықты білім беруде педагог ұстанымы «өмір бойы өздігімен үйренуге» («Life long learning») өзгеруі тиіс. «Өмір бойы үйрену» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталған. Өмір бойы оқып-үйрену – жеке тұлғаның әлеуметтік, танымдық және эмоционалдық аймақтары бойынша өзін-өзі реттеу, болашақта өз білігі мен дағдыларын тиімді пайдаланатындай жетілдіру болып табылады. Оны жүзеге асыратын жетелеуші күштер - әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алатын педагогтер болып табылады. АҚШ-тың Бефель Ұлттық оқу зертханасының зерттеулері бойынша бала білімнің: 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдап-көру арқылы, 30%-ын көзбен көру арқылы, 50%-ын талқылау арқылы, 75%-ын тәжірибеде жасау және 90%-ын өзгелерді оқыту арқылы ақпаратты естерінде сақтайтынын дәлелдеген. Сондықтан тек оқытумен шектелмей алған білімдерін 90 пайызын есте сақтай алып, дағдылары, көзқарастары, зейіні мен қызығушылықтарын арттыратындай нәтижелі болуы үшін әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алу педагогтің шеберлілігін қажет етіледі.

Сондай-ақ «Тұрақты даму» тұжырымдамасының сапалы білім әдістемесінде сапаға бағытталған әрекеттің бірінде ұлттық деңгейде ұйымдастыру да қарастырылған. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға,жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді. Тәсіл – жалпы немесе жеке педагогикалық мәдениетте бекітілген тәрбиелік технологиясының салыстырмалы аяқталған элементі; белгілі бір жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттер әдісі; 2. әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам. Яғни сапалы білімге негізделген тұжырымдаманы жүзеге асыруда кез-келген педагог «өмір бойы өздігімен үйренуге» қағидасында бола отырып ұлттық құндылықтарды тиімді кіріктіре алу шеберлігі қажет!

1. «Жұмбақ» әдісі. Жұмбақ жанры дүниежүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель: «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора» деген анықтама берген. Тыңдаушылардың ой-өрісін, алғырлығын сынау және сындарлы ойлауларын қалыптастыру мақсатында мен көбіне-көп тақырыпты өздеріне ашқызып негіздетемін, яғни тақырыпты жұмбақ етіп беріп сындарлы ойлау дағдыларын кішкене болсын қалптастыру арқылы шешулеріне мүмкіндік беріп отырдым. Бұл әдістің тиімділігі мұғалімдер ой-өрісін кеңейте отырып өздерін реттейді және бір-бірінің жауаптарынан «ішкі бағалау» жүзеге асып «ішкі уәждері» ашылады. Бір мысал келтірсем, төмендегі жұбақты презентациядан жұмбақ қою арқылы тақырыпты ашуға бердім, тақырыпты аша алмаса да, мен өзім ойламаған жауаптарды ала алдым, олардың тың жауаптарынан менің де бір қырымнан ойлануыма үлкен мүмкіндік болды. Ал жұмбақ жауабы «қара жәшік»!



2. «Теңге салу, теңге алу» әдісі. Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды сабақ барысында үйлестірудегі мақсатым: бір сарынды сұрақ қою, жауап алумен шектелу емес, әлеуметтенулері арқылы жағымды эмоция құра отырып танымдық деңгейлерін арттыру болды. «Теңге (сақина) салу» (теңге/сақина орнына бүктелген стикер) арқылы стикерге жазылған сұрақтарды шеңберде отырған немес өз орындарында отырған мұғалімдерге жабулы алақандарына стикерді салып, кімде теңге дегенде қалғандары алақанында теңгесі бар әріптесін табулары қажет. Теңгесі бар мұғалім орнынан тез тұрып шеңберден шығып кетуі керек. Теңгедегі сұрақты оқып жауабы мен шешу жолдарын өзі жауап береді, егер теңге алған әріптес жауап бере алмаған уақытта Чиксентмихайидың алаңдаушылығы орын алмай өзі отырған шағын топ жауап береді. Осылайша өз қоржындарына теңге алып, өз топтарына теңге санын жинайды (2-фотолар). Бұл әдістің тиімділігі ұзақ уақытты тапсырмалар мен оқулардан бой жазу (сергіту сәті) арқылы эмоционалдық аймақтарының артуы орын алып, шағын топтар өз қоржынан теңге алу мақсатында дұрыс жауаптары арқылы әлеуметтік аймақтары артты, сондай-ақ бірлесіп жауап берулері арқылы өзі білмей тұрған сұрақты білуіне, есіне түсіруіне түрткі болды, ал танымдық деңгейлері бойынша бірін-бірі тыңдау арқылы жүзеге асып отырса, кімде теңге екенін бағдарлау арқылы сыртқы бақылау дағдылары қалыптасты.


2-фотолар. Теңге салудан стикердегі сұрақты оқу және стикерге жауабын жазу арқылы теңгені өз қоржына иеленген кездері.

3. Оқушылар әр пәннің академиялық тілінде мысалы география пәні болса география тілінде, математика пәні тілінде сөйлей алу дағдысын қалыптастыру жаңартылған білім беру бағдарламасында көзделінген. Соны қолжетімді етуде ең алдымен сөздік қоры мен ауыз екі сөйлей алу дағдысын қалыптастыру қажет. Осы орайда бағалау үдерісіне тек қазақ әріптерімен құрастырылған сөйлем жасау тапсырмасын ойлап қолдандым. Нәтижесі өте тамаша болды. Бұл әдісті мектеп директорларының курсында жоспарлап жасадым. Келесі фотода көріп отырғандарыңыздай тамаша эмоция, сындарлы ойлау, көркем сөйлем құрастыру орын алды. Бұндай әдіс оқушылардың тек тілдік дағдыларын ғана емес командада бірлесу, ақылдасу, шығармашылыққа бетбұрыс пен тілге құрметі арта түседі.



Сондай-ақ сабақтағы кері байланыста «Бата беру» әдісін де тиімді қолданудамын. Бұл ұлттық құндылығымдан тек сапа емес болмысымыз қалыптасатыны хақ! Сапалы білім бастауы - әр педагог өз әдісінің авторлығы мен шеберлігі, сындарлығы мен жауапкершілігі!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!